Инфоурок Начальные классы КонспектыҚазақ тілі пәні бойынша сабақ жоспары. Тақырыбы: "Етістік" (3 класс)

Қазақ тілі пәні бойынша сабақ жоспары. Тақырыбы: "Етістік" (3 класс)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға етістік туралы берілген білімді ойын,
дидактикалық материалдар бойынша еске түсіру, талдау,
тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын еркін, ашық жеткізе білу
дағдыларын, тілін, әр мәселеге сыни көз қарасын,
шығармашылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, жылдам ойлауға
тәрбиелеу. Сауатты, көркем жазуға үйрету.
Сабақтың типі: Білімді тиянақтау
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: 

талдау, салыстыра - ажырату, сұрақ - жауап, ойын, сәйкестендіру, топтастыру,

деңгейлік тапсырмалар, сөзжұмбақтар.
Сабақтың көрнекі құралдары: суреттер, карточкалар, белгілер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану                                                                                         

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

2.     Психологиялық дайындық.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену!
- деп қазақ тілі сабағын бастаймыз.
- Балалар, бүгін көңіл - күйлерің қандай?
- Сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақты шешіп, жасырынып тұрған сөзді ашайық .
- Ендеше бір - бірімізге сәттілік тілеп, сабағымызды жақсы көңіл - күйімен бастайық.

3.     Үй тапсырмасын тексеру: 161 бет, 56 – жаттығу. Жауабы: Шағала.

Жұмбақтың шешуіндегі сөзді үш жақта, жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз.

4.     Жаңа сабақ: Етістік. Сөзжұмбақ

1) Мың жыл тіршілік ететін ағаш  (Емен)

2) Уақыт бірлігі  (сағат)

3)Сүттен жасалатын тағам (ірімшік)

4) Тіршілік көзі (Су)

5) Әкеңнің әкесі (Ата)

6) Жыртқыш құс.  (Бүркіт)

7) Қабат – қабат қаптама,

Ақылың болса аттама!  (кітап)

Мұғалім: Бұл қай сөз табы?
Заттың атын білдіретін сөз табын зат есім деп атаймыз. Ал осы зат есімдер қандай сөз табы арқылы жасалып тұр?
О: Етістік. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіріп, не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді. Олай болатын болса балалар бүгін біздер осы етістік тақырыбын одан әрі жалғастырамыз. Бүгінгі біздің сабағымыздың ұраны:
Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз,
Бәрін білуге ұмтыламыз! Ендеше осы ұранды ұстана отырып,

сабағымызды жалғастырамыз

«Тез ойла, сөз ойла» ойыны
Дәрігер емдейді.                     Ит үреді.
Мұғалім оқытады.                  Мысық мияулайды.   
Тігінші тігеді.

5.     Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Әңгімеге ат қой.

6.     Дәптермен жұмыс. Көркем жазу минуты. Сөздік диктант.

Қамшы, жер, аспан, жүрді, қозы, келді, қалың, секірді, борсық, бұлт.

Еркін жазу стратегиясы бойынша өлең құрастыру «Ұйқасын тап»
Сабақтан мен______________
Жаман бала_______________
Жақсылармен_____________
Айтқан серттен_____________
Үлкендерді________________
Айтқандарын______________
Көмектесем_______________
Көріңдер, мен_____________
Осы өлеңнен көкейлеріңе не түйдіңдер?
(Үлкенге көмектесу, әдепті болу)
2 - жаттығу. Терме жұмыс. Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Көл бетінде қалқиды,

Мақта сынды үйілген.

Үні әсем сан қилы,

Мойны да әсем иілген.

Мамығын ол тарайды,

Маңғаздана қарайды.                                                      (аққу)

7.     Сергіту сәті

8.     Тақтамен жұмыс. 3 - жаттығу. Сөздерді оқы. Сөздерді сипатына қарай бөліп жаз.

Ата, ойнады, іні, балық, жинады, қуды, түйе, жарысты, шортан, айтты.

«Сөз табын табу» ойыны.
Зат есімге – жасыл , сын есімге - қызыл, етістікке -  сары түсті көтереді. (Оқушылардың шапшаңдылығын дамытады.)
1. Өзен, тау, қалам, ән, бала, киім
2. Тұрды, жазды, сызды, күлді, жауды
3. Биік, әдемі, үлкен, ақылды, таза
4. Ойланып отыр, ұшып келе бастады, сайрап отыр

4 – жаттығу. Берілген етістіктерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.

Қонды, ұшты, жауды, секірді, тасыды.

5 – жаттығу. Малдардың қайсысы қалай төлдейтінін жазу.

Жылқы......, сиыр......,  түйе..........., қой......, ешкі.......

Етістіктердің астын сыз.Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

9.     Бекіту
Оқушылардың білімін бекіту мақсатында қиықшалармен жұмыс орындату:

1. Етістіктердің астын сыз:
- Доп, жазды, алды, дәптер, таза, әдемі, жуды, ұшты, барды.
2. Етістікке сұрақ қой?
Аспан, ту, пісірді, қар, жазды, білгір, бірінші, апарды
3. Зат есімнің астын бір сызықпен, етістіктің астын екі сызықпен  сыз:
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
4.  Сөйлемдерден етістікті  тап

Менің сағатым үйде қалды. Мен мектепке  бардым.

10. Қорытындылау
Етістік дегеніміз не?
Қандай сұрақтарға жауап береді?
Сөйлемде етістік қандай сөйлем мүшесін атқарады?

11. Үйге тапсырма: 6 - жаттығу, 163 бет. Дұрысын тап.

12. Бағалау

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі пәні бойынша сабақ жоспары. Тақырыбы: "Етістік" (3 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 828 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.11.2015 1154
    • DOCX 19.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рисжанова Эльмира Амангельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1228
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 686 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 351 человек

Мини-курс

Переходные моменты в карьере

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек
Сейчас в эфире

Арт-педагогика как метод профилактики детских неврозов

Перейти к трансляции