Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыҚазақ тілі пәніне арналған сабақ жоспары

Қазақ тілі пәніне арналған сабақ жоспары

Скачать материал

Бибінұр Ділкашева

Тараз қаласы №42 орта

 мектебінің мұғалімі

Санаты:жоғары

Еңбек өтілі:35 жыл

                                       Қазақ тілінің алғыры

   Бүгін біз байқау  ашып ән саламыз,

Әніне әрбір жастың зер саламыз.

Шыққанда алғырларың көз алдыңа

Қол соғып ,қолдап біздер қарсы аламыз.

 

Іріктеп алғырларды әділ шешер,

Байқаудың тұсауын да солар кесер.

Ән айтып арнап сізге ұнай ма деп

Алғырлар мүмкін әлі өрге өсер.

Алғырлардың әні,

Өнерінің бары,

Қолдаңыздар бізді достар –ау.

Көңілімнің сазын,

Өмірімнің жазын,

Тыңдаңыздар достар-ау.

 

1-жүргізуші: -Құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Қазақ тілінің алғырлары» байқауын көріп тамашалауға шақырамыз.Байқауға қатысушылар саны жетеу.Байқауға қатысушы бірінші –ән,екінші –тақпақ,үшінші мәнерлеп айтып беру өнерлерін көрсетеді.

  Әділқазылар алқасы төрт адамнан тұрады.

1.Мектеп директоры-Бақыт Нысамбекова.

2.Мектеп директорының орынбасары-Бибігүл Кучибекова.

3.Қазақ сыныптарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері-Қаракөз Рахманбердіқызы,Гүлнар Әбзелбекқызы.

 

     Байқауға қатысушылардан басқа қазақ сыныптарының әншілері өнерлерін көрсетеді.

 Медеубаев Шоқан,Әуелбеков Әнуар, Төлембаев Жандос  «Айналдым сенен елім». Алғашқы өнер көрсететін 10 сынып оқушысы –Маравина Юля.Юляның демеушісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі - Күлдара Тұрсымбекқызы. Қол соғып қарсы алайық.

1.     «Тамшылар»

2.      «Күн»

3.      «Көңілді көжек»

-Рахмет,қазылар алқасы ұпайларыңызды көрсетіңіздер.

Бірінші –ән,екінші –тақпақ,үшінші-мәнерлеп оқу.

Ортаға 4 сынып оқушысы Пронин Максимді шақырамыз,демеушісі Гүлнар Бисәліқызы.

1.                             «Ананың тілі»

2.                              «Жауқазын»

3.                              «Түлкі мен құмыра»ертегі.

        Ділжанова Әсемгүл ,Жұмаділова Гүлназ-сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтап, «Жаңа жыл»әнін орындайды.Қол соғып қарсы алыңыздар.Рахмет сіздерге.

     Ортаға Горбачева Катяны шақырамыз,демеушісі Гүлжан Сатбайқызы.Қарсы алайық.

1.     «Түркістан»

2.      «Сүйемін»

3.      «Бауырсақ»

 -Рахмет,қазылар алқасы ұпайларыңызды көрсетіңіздер.

Ортаға Большаков Мишаны шақырамыз,демеушісі Махамбет Аманжолұлы.Қарсы алайық.

4.     «Мерекеңмен»

5.      «Наурыз»

6.      «Еркен»

 -Рахмет,қазылар алқасы ұпайларыңызды көрсетіңіздер.

Нұрбаева Назира  «Ата дәстүр»

 Ортаға Олейник Аля,демеушісі Бибігүл Тұрақбайқызымен шығады.Қарсы алайық.

1 «Айгөлек»

2. «Көктем»

3. Ертегі «Қожанасыр мен оқытушы»

 Рахмет.Әділқазылар алқасы ұпайларыңызды көрсетіңіздер.

Ортаға Козлова Аня,демеушісі Бибінұр Ділкашқызымен шығады.Қарсы алайық.

1.     «Іңкәр сезім»

2.      «Туған жер»

3.     Ертегі «Түлкі мен қасқыр»

Рахмет.Қазылар ұпайларыңызды көрсетсеңіздер.

Ортаға жетінші соңғы қатысушымыз Мануленко Лида,демеушісі Гүлдара Тұрсынбекқызымен шығады.Қарсы алайық.

1.     «Шөжелерім»

2.      «Желтоқсан таңы»

3.      «Қоңыр аю» ертегі

-Рахмет ,қазылар алқасы ұпайларыңызды көрсетсеңіздер.

Қазылар алқасы жалпы ұпайын шығарғанша ән тыңдайық.

«Сарыарқа төрінде»

«Астана»

            Қазылар алқасына сөз береміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бибінұр Ділкашева

Тараз қаласы №42 орта

 мектебінің мұғалімі

 

Тілім менің –тұтастығым  елдігім

 

Сабақтың мақсаты:        тіл құдіретін ,болашақта өркендеуінің ,

                                        тілді көтерер ұрпақ біздер екенін ұғындыру.

                                        бірлік ,ынтымақтастықтың ауызбірлікке баулу,

                                        еліне ,жеріне,тіліне мақтанышпен қарау,

                                        сүйіспеншілік қасиеттерін өрбіту.

Көрнекілік:1. Тілім менің –тұтастығым  елдігім

2.Сахна төріне:

Қазақ тілінде ерекше дыбысталатын.ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,һ,ө әріптерін қою.

3.Бірлік,ынтымақтастық белгісі :қазақ,орыс,өзбек балаларының ұлттық киімдегі суреттерін ілу.

Сахна төріне оқушылар шығып : ( «Әнші балапан» әнімен)  ән салады.

Қазақстан елінің,

Апта күнін,тіл күнін.

Тұтастығын ,елдігін,

Тойлау үшін келді кім?

 

Неше тілде ,сөйлей аласың?

Көрсет бүгін қапы қаласың.

Ән сал биле,өнер көрсет сен,

Көп тіл білген намыс емес тек.

Қазақшалап қосылып,

Айтайық біз білгенді.

Ұялып не тосылып,

Қалмаңыздар сіздер де.

Таза қалай сөйлей аласың?

Көрсет бүгін қапы қаласың.

Ән сал,биле,өнер көрсет сен,

Көп тіл білген намыс емес тек.

Орыс,қазақ ,түрік,өзбек ұлт өкілдерінің шеруі:

Мен қазақпын,иесімін кең даланың,

Талай жаудан бұл даланы қорғағанмын.

Өзгелердің басына күн туғанда,

Жат көрместен құшақ жайып,

Мен оларды қарсы алғанмын.

 

Мен өзбекпін сүйемін қазақ жерін,

Қазақ жері ол меніңтуған жерім,

«Жолдас болсаң қазақпен адаспассың»

Деген өзбек мақалын жаттап өстім.

 

Мен орыспын сыйлаймын қазақ ұлтын,

Қастерлеймін тарихын,салт –дәстүрін.

Өйткені мен өркендеп осы жерде,

Топырағын қазақтың басып өстім!

 

Мен түрікпін сүйемін қазақ тілін,

Туылдым да ,өстім де алдым білім.

Әніне де жырына қанып өстім

Осы елде оттай болып, жанып өстім.

Қазақ: Бөтен елде жүргенде,

            Қарсы келіп көшеден

Түрік: «Қайдан келдің ?» - десе егер

Қазақ: Кідірместен,

            Мүдірместен айтарым,қазақпын мен!

Бірге: Қазақстан –туған елім ,байтағым!

 

Ұлттық киімдегі қыздар тобы:  «Домбыра »биін билейді.

Бастауыш сынып оқушылары:

Әріптердің қасына тұрып:

Ә-Әрекет болиай берекет болмас әр нәрсеге бір себеп.

Ө-Өзім десем өгіз қара күшім бар

Ұ-Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің.

Ғ-Ағасы бардың жағасы бар.

Қ-Қас –қағым сәтте.

Ң-Аң таң қалдым.

І-Тіл –тірлігім,елдігім.

Бәрі хормен:Мен қазақша білемін,

                     Біз қазақша үйренеміз.

                     Мен қазақстан азаматымын!

 

Мәнерлеп оқу: «Үш бақытым».

 

  Ең бірінші бақытым-халқым менің.

  Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса ,мен бармын ,қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

                     Ал екінші бақытым –тілім менің

                     Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

                     Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

                     Қасиетті тілімнен түңілмедім.

 

Ән: «Ұландар маршы»  (үштіктің орындауында)

Ел ерінен,ер елінен күш алып,дүниені таңқалдырған үш алып.

Абай: Ақыл-ой,ақындықтың киесі –Абай,

 Түгел сөздің түбі бір,жүйесі Абай,

«Өлең –сөздің патшасы»- десе Абай,

              Патша мүлде тағымен,төңкерілген,

              Өлеңнің құдіретті иесі –Абай!

Мұхтар:Алатаудың қарай қалса төріне ел,

            Көк тіреген мұхтар шыңы көрінер.

            Көк тіреген көркіне оның тәнті боп,

            Омырауыңнан ыстық жасың көрінер.

 

Жамбыл:Есіттің бе ақынды сен Жамбылдай?

            Бата берген Сүйінбай,

            Жырдың тіккен туындай,

            Айтқан маған ақылды,

            Жырла деген халқың да.

            Ақындардың ақыны,

            Айдын көлдей ақылды.

Ән:  «Туғанел»

 

Тіл тағдыры:

-Кешіріңіз, сіз аялдамадан түсесіз бе?

-Я вас не понимаю.

-Өз тіліңді білмегенің ұят-ақ.

-Я же сказал не понимаю.

 

Тіл –адам қатынасының құралы.

 

Ана тіліміздің болашағы өз қолымызда!

 

!!! Балаңыздың тіл үйренуіне көңіл бөлесіз бе?

 

Қазақ тілі С.Мәуленов.

 

Орта жолда бүріп тастап оқ құзғын,

Құлап жаттым құшағында көк мұздың.

Қасіретімді қазақ тілін қанат қып.

Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.

Сол тіліммен дүниені аттадым,

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Жатты онда аманаты ананың.

Сол тіліммен талай гүлді жырлаттым.

Сол тіліммен дүниеден кетемін,

Сол тіліммен дүниеге мен келдім.

Ағылшын тілінде және басқа ұлттар тілінде тақпақтар:

1.      «Work city» - poemby Ceci !

Spring Rice,recite 8 a

2.     “Bridges” by Edith Sigal .Recit 7 a

3.     “You  are my sun-shine” song. Sing u group of pupils from 8a

 

Ән  «Ананың тілі»

Әр адамда өз анасынан басқа

Болу керек құдіретті төрт ана

Туған жері –түп қазығы ,айбыны,

Туған тілі –сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр,салт –санасы-тірегі,

Тағдырына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы,

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасиетті болса да...

Кәрісше ән,өлең орындалады.

 

Ән «Егемен Қазақстан»  (үштік орындайды)

 

Салтанатқа қатысқан оқушылар түгел шығады:

 

Неше тілде ,сөйлей  аласың?

Көрсет бүгін қапы қаласың

Ән сал ,биле ,өнер көрсет сен

Көп тіл білген намыс емес тек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бибінұр Ділкашева

Тараз қаласы №42 орта

 мектебінің мұғалімі

 

 

Өнер алды –қызыл тіл

Сабақтың мақсаты:    оқушылармен ана тілі туралы,сөзөнері,шешендік

                                     дұрыс сөйлей ,ойлай білуге,сөзге тоқтай білу

қасиеттері жайлы талдап,талқылау.

Сабақтың түрі:          Ұжымдық оқыту технологиясы.  (ынтымақтастықта)

Әдісі:                         Жазба жұмысы,ауызша,сұраққа жауап беру.

Көрнекілігі:              Компьютер,магнитофон,видеотаспа.

 

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1)     Сабаққа зейіндерін аудару.

2)    Дайындықтарын тексеру.

II.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

1)Ана тілі - дана тіл.

1.Ана сүті бой өсіреді

Ана тілі ой өсіреді.

2. Білім кілті –тіл.

3.Сөйлесе білген үйлесе біледі.

(кто умеет говорить,тот находит общий язык)

4.Сөздің көркі –мақал.

Атасы ақыл

Анасы тіл

5.Сөз де ара сияқты

Балы да бар

Зәрі де бар.

6.Арқанның ұзыны ,сөздің қызқасы жақсы.

7.Ана тлің –өскен өркенің,

Ананың берген ақ сүті.

Мақтаның ұлттық ол сенің.

1.Мақалды деп түсінемін...

2.Жаттағандарын мәнерлеп айту.

 

Жұмыс дәптеріне жазбаша түрде енгізу.  (1 бет)

 

III.Жаңа сабақ.

Өнер алды – қызыл тіл.

Қазақ тіліне тән қасиет-мақалдап ,әрлеп сөйлей білу.Ауыз әдебиеті ерекше дамыған қазақ халқында:

1.Мәнерлеп сөйлей білу өнері:

Видеотаспадан мектеп мұғалімдері байқауы жүргізушінің сөздеріне сөздеріне көңіл бөліп ,мақалды пайдаланудың сөзге берер әрі туралы айту.

Мәтінді оқып мақалдарды талдау.

2.Әртістік өнер:көрсетілген бейнеден түсіне ,ұға білу өнерін қалыптастыру:

Мақалды оқып қатысты мақалды жеткізе білу.

2.Әртістік өнер:көрсетілген бейнеден түсіне ,ұға білу өнерін қалыптастыру:

Мақалды оқып қатысты мақалды жеткізе білу.

Ақындық өнер:Ішкі сезімді сөзбен,ұйқасын тауып жеткізе білу.

3.Мәтінде ақыл,мәнерлі айта білу,сөз қадіріне жетуге арналған мақалдарға назар аудару.

Жазба жұмысы. Мақалдарды теріліп тасталған сөз тіркестеріне ұқсас сөзбен ауыстыру.

Жоғары деңгей- 2 бет,сөз тіркестерін ұқсас сөзбен ауыстыру.

Орта- 3 бет ,мақалды түсіндіріп жазу.

Төмен-5 бет,мәтінмен жұмыс.

Жұмыстары бақылаушы мұғалімге өткізіледі.

Қазақ халқы шешен мен ақылды сөздерге тоқтай білген.

Әдебиетші:Үш би кеңесі.

Мұғалім.Тақтаға ілінген плакат бойынша жұмыс.

Бұхар Қалқаманұлы.: «Басына мұнша көтерген,халқына жаулық сағында.»

Төле би:  «Алар ма еді мына көлдің қуын атып.» Елшіні өлтірсек..

Әйтеке би: «Оғың шығын болмасын суын атып!»  Соғып бастап алмайық...

Қазыбек би:  «Құтылмастай бәлеге қап жүрмейік,құс екен деп перінің қызын атып»

Бізден күші көп болып ,қиналып жүрмейік.

Тоқтам:Елшіні еліне қайтарайық.

Ақындық пен шешендік егіз өнер

Мәтінді мәнерлеп оқу:

Бұхар жырау кім?

Абай ұлы ақын.

Оқушы: «Өткірдің жүзі»

Компьютерден О.Сүлейменовтың  «Махамбет...» Оқып ,тыңдалады.

Кім жайлы тыңдадық?

Қандай ақын.

Махамбет кім?

IV.Жазба жұмысы  : (сабақты қорыту)

Жоғары деңгей.5 тапсырма

Орта деңгей: 4 тапсырма

Төмен деңгей 6 тапсырма

 Жұмыстарын ауызша жауаптармен бекіту.

Тақтаға жазылған:

Сөз туралы,Ақыл жайлы.Жүйелі сөйлеу.

Мақалдарды аяқтау.

Сөз сүйектен... Ақыл  азбайды....Сөйлей білмеген...

Жақсы сөз...Ақылды адам батпан-ақ.... Аңдамай сөйлеген.....

 

Оқушылар білімін,біліктілігін бағалау парағы бойынша деңгейге бөлу.

(қосымша парақ)

V.Үйге тапсырма: Өнер алды қызыл тіл

1.Жұмыс дәәптерін толтырып өткізу.

2.Сөздер, мақалдар жаттау.

3.Тaратылған парақ бойынша сұраққа жауап.

 

 

 

 

 

 

 

 

--------------------------------------------оқушылардың қазақ тілі пәні бойынша білімі мен біліктілігін бағалау.

 

Оқушы есімі

Деңгейі

Не бағаланады

және

Не бақылайды?

 

Мәтінмен жұмыс сөздік қоры

Оқу үрдісіндегі іс-әрекеті

Білімі мен біліктілігі.

Мәтінді жеткізе білуі.

 

 

 

1

Мәтінді түсінеді,қабылдайды,өз сөзімен жеткізе алады,сөздік қоры тамаша

Жұмысқа қатысады,тұжырым жасай алады.

Мазмұнын түсінеді,өз сөзімен айта алады,қорытынды жасайды.

 

2

Сөздерді түсінеді ,сөздік қоры орташа.

Біріккен жұмысқа белсенді қатыса алады.

Мазмұнын түсінеді,айтқанды қайталайды,қорытынды жасай алмайды.

 

3

Мәтінді түсінбейді,сөздік қоры төмен (әдеби тілдегі терминдерді түсінуі төмен)

Жұмысқа бірнеше трет қайталаған соң мұғалім итермесімен қатысады.

Мазмұнын түсінеді,жеткізе алмайды,сөздердің орын тәртібін білмейді.

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

I деңгей:Бақылаушы,тексеруші ретінде сабаққа қатыстыру  (мәліметтер дайындау)

II  деңгей:  Қосымша тапсырмалар беру.Үнемі дайындықта болуға,сөздік қорын молайтуға баулу.

III деңгей: Жеке тапсырма,білімдеріндегі олқылықтарды толық анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бибінұр Ділкашева

Тараз қаласы №42 орта

 мектебінің мұғалімі

Санаты:Жоғары

Еңбек өтілі :35 жыл

 

Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік.Оқушылардың сын есім туралы түсініктерін кеңейту,ауызекі сөйлеу тілінде сын есімдерді дұрыс қолдана білуге үйрету;

Дамытушылық:Танымдық ,есте сақтау,ойлау қабілеттерін,ауызекі сөйлеу тілін дамыту;

Тәрбиелік.Ұқыптылыққа,парасаттылыққа,бір-бірін сыйлауға,жауапты ,мәдениетті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Жаңа сабақ

Сабақтың түрі:Дәстүрлі емес

Сабақтың құрал-жабдығы:интерактивті тақта

Болжамданған нәтижесі:Сын есімді меңгерту,оларды ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс қолдана білу.

 

                            Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу;

2.Кезекшімен сұхбат;

3.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

II.Үй тапсырмасын сұрау

 

I деңгей

Жаңа сөздерді жаттау

Мақал-мәтелдерді жаттау

II деңгей

Жаңа сөздерді жаттау

«Достастыру» мәтінін мазмұндау

III деңгей

Жаңа сөздерді жаттау

«Мен және менің достарым ізеттіміз» ой-толғаныс жазу.

III.Жаңа сабақ

-Жақсы.Сонымен өткен сабағымыздың тақырыбы қандай еді?

-Өткен сабақтың тақырыбы «Ізетті бала»

-Енді осында  «бала» сөзі қай сөз табы болады?

- «Бала» сөзі зат есім болады.

-Ал  «ізетті» деген сөзге қандай сұрақ қоюға болады?

- «Ізетті»сөзіне қандай сұрақ қойылады.

-Дұрыс.Ал осы  «қандай»деген сұраққа жауап беретін сөз табы сын есім деп аталады.Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сын есім»

   Заттың түр-түсін,сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз.Сын есім қандай?қай? сұрақтарына жауап береді.

Дара сын есім –бір сөзден тұрады.Мысалы:қызыл,ақ,тәтті.

Күрделі сын есім-екі не одан көп сөзден тұрады.Мысалы:қызыл сары,.

Түбір сөзден болған сын есімді негізгі сын есім дейміз.Мысалы:таза,әдемі.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз. Мысалы:білімді,өнерлі.

Сергіту сәті

Жұмбақтарды шешіңдер

1.Тек өзі көрінбейді,

Адамды тоңдырады.

Ызары дірілдетіп,

Есіңнен тандырады.

2.Таудан түссем,тоқтауды білмейді,

Тауға қарай тартсам да жүрмейді.

3.Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.

Бейнебаянмен жұмыс.

(Жыл мезгілдері жайлы бейнебаян қойылады)

-Қазір бейнебаян қойылады.Бейнебаянға назар аударып көреміз,

Ат қоямыз.Әңгіме құрастырамыз.Сөйлемдерден сын есімдерді тауып түрлерін анықтаймыз.

Грамматикалық тапсырмалар

I деңгей

Мәтінді оқып,сын есімдерді теріп жазыңдар.

  Күз келді.Күзде айнала сап-сары.Адамдар жылы киінеді.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Күндер салқын болады.Жеміс-жидектер піседі.

II деңгей

Мәтінді оқып,дара сын есімдерді бір бағанға,күрделі сын есімдерді бір бағанға теріп жазыңдар.

   Бүгін күн өте тамаша.Қар жауып тұр.Қыста айнала аппақ.Балалар үлкен аққала жасап жатыр.Адамдар жылы киінген.Үлкен балалар мұз айдынын дайындап жүр.Шелекпен суық су тасып жүр.

III деңгей

Мәтінді оқып,негізгі және туынды сын есімдерді екі бағанға теріп жазыңдар.

     Қыстыгүні қатты аязда таудан аққан өзеннен бу шығып жатады.Екі жағаға көкпеңбек жалтыр мұз қатады.Өзеннің тек ортасы ғана мұзсыз.Осындай кезде шыр-шыр етіп мұз үстінде жорғалап торғай жүреді.Ол қайқы құйрық,кішкентай қараторғай.Торғай шолп етіп ағынды суға сүңгіп кетеді.Оның мөлдір судың түбінде жорғалап ,тастардың ара-арасын шұқылап жүргенін анық көруге болады.Бұл қандай ғажап құс!Бұл құсты су торғайы дейді.Ол қысы –жазы бірдей жемін су түбінен табады.

 

Келесі зат есімдерге сын есімдерді тіркестіріп сөйлем құрастырыңдар.

     Бала,оқушы,мұғалім,сынып,қыз,дәптер,кітап,дос,ата-ана.

 

IV.Бекіту кезеңі.

 

Өз-өздеріңді тексеріңдер.

1.Бір сөзден тұратын сын есімді  .....   дейді.

А)күрделі сын есім

Ә)жай сын есім

Б)дара сын есім

2.Дара сын есімді көрсетіңдер

А)сары ала

Ә)көкшіл

Б)ақ сары

3.Екі не одан да көп сөзден тұратын сын есімді ....  дейді.

А)жай сын есім

Ә)күрделі сын есім

Б)дара сын есім

4.Дара сын есімді көрсетіңдер

А)қызғылтым

Ә)қызыл сары

Б)ақшыл қызыл

5.Күрделі сын есімді көрсетіңдер

А)сарғыш

Ә)сап-сары

Б)ақ сары

6.Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазыңдар.   ....көк

А)ақ

Ә)боз

Б)қара

7.Сын  есім   .... және  ....   болып бөлінеді.

А)негізгі,туынды

Ә)дара,туынды

Б)негізгі,күрделі

8.Негізгі сын есім деп  .....  болған сын есім деп айтамыз.

А)жалғау сөзден

Ә)түбір сөзден

Б)түбір сөз бен жұрнақтан

9.Туынды сын есім  ...   жасалады.

А)түбір сөзден

Ә)түбір сөз бен жұрнақтан

Б)Жалғау мен жұрнақтан

10.Туынды сын есімді табыңдар.

А)көк

Ә)әдемі

Б)өнерлі

11.Негізгі сын есімді көрсетіңдер

А)көк

Ә)алды

Б)ақылды

12.Туынды сын есім қатарын белгілеңдер

А)көк,ақыл,жасыл

Ә)тәртіп,аппақ,қызғылт.

Б)өнерлі ,сапалы,таулы.

ТЕСТ    жауаптары


1. Б             7.А   

2.Ә             8.Ә

3.Ә             9.Ә

4.А             10.Б

5.Б              11.А

6.Б              12.Б

V.Үй тапсырмасы

I  деңгей

1.Ереже жаттау

2.Сын есімі бар  5 сөйлем     құрастыру

II деңгей

1.Ереже жаттау

2.Дара сын есімі бар 3 сөйлем,күрделі сын есімі бар 2 сөйлем құрастыру.

 

III деңгей

1.Ереже жаттау

2.Еркін тақырыпты сын есімдерді қатыстыра отырып әңгіме құрау.

Бағалау

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі пәніне арналған сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 176 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.01.2016 865
    • DOCX 38.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дилкашева Бибинур Дилкашевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дилкашева Бибинур Дилкашевна
    Дилкашева Бибинур Дилкашевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8592
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 159 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе