Инфоурок Иностранные языки КонспектыҚазақ тілі пәнінен ашық сабақ

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ

Скачать материал

Сынып: 4 «А»

Пәні: Қазақ тілі

Өткізілетін күні: 13.10.2016 ж

Пән мұғалімі: Байсарина Н.С.

 

Сілтеме

Қазақ тілі Ермекова, Сәтбекова 2011 ж. әдістемелік құрал, орта мерзімді жоспар

 

Сабақтың тақырыбы

 Үй жануарлары

 

Жалпы мақсаттар

  Үй жануарлары туралы білімдерін толықтырады, тіл дамытып, сөздік қорларын байытады, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, қатысымдық біліктіліктерін арттырып, үй жануарларына  қамқорлықпен қарауға, малды бағалай білуге тәрбиеленеді.

 

Түйінді идеялар

 - Өз ойын еркін айтуға, суретпен, кестемен  жұмыс жасауға, үй жануарлары мен жабайы жануарлардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын ажырата білуге үйренеді.

- Оқушыларды сыни ойлау, есте сақтау қабілеттерінің, топта және жұпта жұмыс істеу дағдыларын дамытады. - Өзара бағалауға дағдыланады.

 

Оқыту нәтижелері

- Оқушылардың табиғатқа аялы көзқарасы қалптасады.

- Оқушылардың өз бетімен іздену, жұпта, топта жұмыс жасау дағдылары жетіледі, ойларын еркін жеткізе отырып, сыни ойлай алады. Білімді өз беттерімен меңгереді.

 

Көрнекіліктер

 Интерактивті тақта, оқулық, флипчпчарттар, слайдтар, таратпа материалдар, төрт түлік малдың суреттері, сөзжұмбақ,  бағдаршамның макеті.

 

Дереккөздер

Глоссарий

 Мақал-мәтелдер жинағы, ғаламтор материалдары.

 Қызмет етеді-служат                                төрт түлік- четыре вида домашнего скота      

 шұбат – напиток из верблюжьего молока               үркегі - пугливый

 қымыз-напиток из кобыльего молока                       құттысы – приносящий благо

 

Өту барысы:

 

Сабақ кезеңі

Жұмыс түрі, әдістер

Мұғалім әрекеті

 

Оқушы әрекеті

 

1) Ұйымдастыру       

 /4 мин/

а) Сабаққа даярлықтарын білу.

ә) Психологиялық жағымды ахуал орнату.

б) топқа бөліну

 

 

 

 

 

 

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

   Көңіл-күйлерің қалай?

- Сабақты бастауға дайынбыз ба?

-Балалар, барлығымыз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бір-бірімізбен, табиғат анамен амандасып, бір-бірімізге, сабағымызға сәттілік тілейік!

Армысың ба, ару күн!

Армысың ба, көк аспан!

Армысың ба, жер - ана!

Армысың ба, достарым!

Сәтті болсын сабағым!

- Орнымызға жайғасайық. Ал енді әрбір топ келіп үстелде жатқан  әр түрлі түсті қиықшалардың ұнағанын таңдап алсын.

- Балалар, қызыл түстілер бірінші топқа, жасылдар екінші үстелге, қызылдар үшінші үстелге жайғассың. Орнымызда осы қиықшалардан сурет құрастырасыңдар. Балалар, ненің суретін құрастырдыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар. Бұлар үй жануарларының төлдері. Қазақ өздерінің балаларын еркелетсе «Қошақаным», «құлыншағым», «ботақаным» деп атайтын болған. Сендерді де аналарың осылайша еркелетін болар. Топтарға бөлініп алсақ, топтың ережесімен танысайық. / Бір-бірімізді тыңдаймыз. Уақытты ұтымды пайдаланамыз. Бір-бірімізді қайталамай, тек толықтырамыз. Бірлесе отырып жұмыс жасап, ортақ пікірге келуге тырысамыз./Әрбір топтың топ басшысын анықтап алады. Бағалау парақтарын таратады.

Оқушылар жағымды орта қалыптастырады, сергиді.

Оқушылар қиықтардан таңдап алып, бүтін құрастырады, сол бойынша топ құрайды. 1-топ «Қошақан», 2-топ «Құлыншақ», 3-топ «Ақбота». Осылайша топқа бөлінудің жаңа түрімен танысады. Топ ережесімен танысады. Топ басшыларын сайлайды. Олар бағалау парағымен танысып, толтырады.

 

 

2) Үй тапсырмасын пысықтау

106-бет, 1-жаттығу оқу, «Жануарлар әлемі» тақ.сурет салу, сөйлемдер құру.  /7 мин/

Қ/ты ояту

Топпен жұмыс

Өзара бағалау

Постерді қорғау

 

 

 

 Үй тапсырмасын тексеру мақсатында мақсатында топтық жұмысты ұйымдастырады. - Балалар, топта бір-бірлеріннің жұмыстарыңмен танысып, ұнаған суретке алдарыңда жатқан смайликтерді жабыстырыңдар. Осылайша әрбір суретке өз бағаларыңды бересіңдер. Ең көп смайлигі бар сурет үздік болып саналады. «Үздік суретті» анықтауға 2 минут уақыт беріледі. -Ал енді «Үздік сурет» анықталса, әрбір топтан спикер шығып, сурет бойынша өз ойымен бөліссің. 

Оқушылар өзара бағалауға машықтанады. Топ алдында ой бөлісуге мүмкіндік  алады. 

 


3) Жаңа сабақ

/16 мин/

 

 

 

 

«Мағынаны ажырату»

 

Диалогтық оқыту

мұғалім-оқушы

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

 

 

 

Жұптық жұмыс

 

 

 

- Балалар, жануарлар әлемі туралы тағы да білгілерің келе ме?  Ендеше бүгінгі сабағымызда үй жануарларымен жақынырақ танысамыз.  Ал енді бірлесе отырып, сабағымызға мақсат қояйықшы. (Оқушылардың ойын тыңдайды, бағыттайды, толықтырады)

- Бүгінгі сабағымызда біз төрт түлік мал иелерімен танысамыз, бізге қандай пайдасы бар екенін білеміз. 

б) Алдымен жаңа сөздермен танысайық. (сөздіктің көмегімен меңгерілетін сөздермен таныстырады. Қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуына мән береді)

в) Мәтінмен жұмысты ұйымдастырады. 

- Балалар, қазір топта  жұмыс жасаймыз. Әрбір топ жұпқа бөлінеді. Мәтінді оқып, бірлесе отырып аударасыңдар. 1-топ бірінші бөлікті оқиды. Өзара аударады. 2-топ екінші бөлікті оқиды, аударады. 3-топ оқиды, сұрақтарға жауап беру арқылы өзара сұхбаттасады. Бұл тапсырманы орындауға 4 минут уақыт беріледі. Ал енді дайын болсақ, 1-топ бастасын. 

- Сонымен мәтін не туралы?

(- Үй жануарлары туралы.)  Дұрыс айтасыңдар.

г) - Ал енді осы үй жануарларының төлдерін еске түсірейікші. Ол үшін сөзжұмбақ шешу арқылы «Мені танисың ба?» ойынын ойнаймыз.

  

а) Оқушылар топта ақылдаса отырып, тақырып бойынша пікір алысып, топ алдында ойларын ортаға салады.

ә) Бірлесе отырып, сабаққа мақсат қойып үйренеді. (Үй жануарлары жайлы жаңа сөздермен,  мәтінмен танысамыз)  

б) Жекелеген сөздермен сөз тіркесі, сөйлем құрастырады. (дәмді шұбат, қымыз пайдалы, төрт түлік мал т.б.)

в) Аударма жасау қабілеттерін дамытады. Жұпта жұмыс жасап дағдыланады.

г) Суретпен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. Алғырлыққа, жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиеленеді.

 

 

Сергіту сәті.

/2 мин/

«Две половинки» ролигі

Ал енді орнымыздан тұрып бір сәт сергіп алайық! Мұғалім АКТ-ның көмегімен жаттығу жасатады.

Оқушылар мұғаліммен бірлесіп жаттығу жасайды, көңілдерін көтереді, сергиді.

5 минут

Концептуалды кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 Деңгейлік тапсырмалар

 

ғ) - Ал енді үй жануарлары туралы білімімізді кеңейту үшін тағы бір шағын мәтін таратамын. Мәтін «Төрт түлік» деп аталады. Мәтінді әрбір топ оқиды. Екі мәтінді салыстырасыңдар.1-топ «Қой туралы не айтылған?», 2-топ «Жылқы» туралы не айтылған?», 3-топ «Сиыр туралы не айтылған?» сауалдары төңірегінде ой қозғап, алдарыңда жатқан стикерлерге жауаптарыңды жазыңдар. Бұл тапсырмаға 5 минут уақыт беріледі.

д) 2-жаттығуды орындаймыз. Жекелеген оқушыларға тапсырма береді.  2-жаттығудың негізінде жекелеген тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырмаға 3 минут уақыт беріледі.   

ғ) Екі мәтінді салыстырады, өздеріне бөлінген жануарды жан-жағынан сипаттап үйренеді.

д) Сұрақ қойып үйренеді.  Буындар мен дыбыстардың жіктелуін еске түсіреді. (С деңгей  қарамен жазылған сөздерді буынға бөледі, В-деңгей қарамен жазылған сөздерге сұрақтар қой. буынға бөледі. А-деңгей қарамен жазылған сөзге фонетикалық талдау жасайды) 

 

 

 

 

 

«Ой-толғаныс»

/7  мин/

Венн диаграммасы.

Үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау үшін мұғалім әрбір топқа жекелеген шығармашылық тапсырма береді.

Оқушылар топта ақылдаса отырып, ой бөліседі. Үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табуға тырысады. Шығармашылықтарын ұштауға мүмкіндік алады.

Үйге тапсырмасы

1 м.

108-бет,

1-жаттығу.

Өлеңді жаттау.

 

 Түсіндіру

Мұғалім тапсырмасын орындау тәртібін түсіндіреді.

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

/3 мин/

Бағалау парағы

Мұғалім топ басшыларының қойған бағаларын талдап, соңынан өз бағасын қояды.

Оқушылар әділетті түрде бағалауға машықтанады. Топ басшылары топтың жұмысын бақылап, саралап, қорытып үйренеді.

Рефлексия

/2 мин/

Кері байланыс. Ой қорыту.

 Сабақты қаншалықты түсіндім?  сауалы төңірегінде жауап жазуды ұйғарады. (-Алдарыңда жатқан стикерлерге өз аттарыңды жазып, тақтадағы бағдаршамға іліңдер. 

Бәрі түсінікті болса, бағдаршамның жасыл көзіне, жартылай түсінікті болса, сары түске, түсініксіз болса, қызыл көзіне жабыстырыңдар) 

 

Оқушылар таратылған стикерлерге өз есімдерін жазып, , «Бағдаршамға» жабыстырып, өз ойларын білдіреді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 802 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.11.2016 466
    • DOCX 41.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байсарина Нургуль Сайлауовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байсарина Нургуль Сайлауовна
    Байсарина Нургуль Сайлауовна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 689
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Дистанционное обучение иностранным языкам как современный формат преподавания

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 263 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (английский язык)

Учитель английского языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс профессиональной переподготовки

Французский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель французского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 161 человек

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 156 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе