Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ. "Сын есім"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ. "Сын есім"

библиотека
материалов

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifСабақтың тақырыбы: Сын есім.

Мақсаты:

Білімділігі: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру,кеңейту.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой өрістерін, танымдық қабілеттерін,сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелігі: Тиянақтылыққа,тілді құрметтеуге, достарын сыйлауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Дәстүрлі сабақ.

Әдісі: Түсіндіру,сөзжұмбақ шешу,ой түйіндеу,жаттығулар орындау.

Көрнекілігі: Әр түрлі суреттер,сызбалар, сөзжұмбақ,алма, құрт.


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын, сабаққа қатысуын тексеру.

Психологиялық даярлық.

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім.- дей келе

Кемеңгер, ғұлама ақын-жазушыларымыздың тілі қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

-Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

-Біздің білетініміз нешеу?

-Зат есім дегеніміз не?

-Сан есім дегеніміз не?

-Сын есім дегеніміз не?

-Етістік дегеніміз не?

-Етістіктің қандай шақтарын білесіңдер?


-Үйге берілген 53- жаттығуды жатқа айтқызу. «Туған тілім» тақырыбына жазып келген әңгімелерін оқыту.


ІІІ.Жаңа тақырыпқа көшуді «сөзжұмбақ» шешуден бастаймыз.

-Қандай сөз шықты? /сын есім/


Бүгінгі тоқталатын тақырыбымыз «Сын есім».


ІҮ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Балалар зат есім заттың, құбылыстың атын білдірсе, сын есім сол заттың, құбылыстың сын –сипатын, көлемін, түр-түсін ,сапасын білдіреді.


Сын есімнің мынадай маңызды белгілері болады.

1.Заттың түрін, түсін білдіреді (ақ қағаз, қызыл алма).

2.Заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін білдіреді (биік үй, ұзын ағаш).

3.Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді (жақсы оқушы, тентек бала).

4.Заттың дәміне, иісіне, сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді(ащы құрт, тәтті кәмпит).

Сын есім Қандай? Қай? Деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы:

Желсіз түнде жарық ай.

Қандай түн? – желсіз түн. Қандай ай? – жарық ай.


V. Жаңа сабақты бекіту.

- Балалар бір жылда неше мезгіл бар? (4)

- Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)

- Қыс қандай болады? (суық)

- Қыс туралы қандай тақпақ білесіңдер?


Қысқа сипаттама беру.


Сергіту сәті.


VI. Оқулықпен жұмыс.

2-жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жазу. Сын есімдерді табу. (Тақтаға жазғызу).


«Менің бағытым» ойыны.

1.Тәтті жар

2.Тік адам

3.Тегіс қант

4.Суық қоян

5.Сұр су

6.Ақылды жер


4-жаттығу.Берілген сын есімдерге сай келетін затты тап.

қалың бұйра

ұзын ? қысқа


кең

жарық ?

биік


«Сиқырлы сандар» ойыны.


5-жаттығу(ауызша). Түсіп қалған сөздерді төменнен тауып, өз орнына қой.


«Бұл не? Бұл кім?» ойыны.

Сипатталған заттарды тап.

1.Ақ, тәтті, қатты, ұсақ – бұл не?

2.Домалақ, жұмсақ, үрленген – бұл не?

(Оқушыларға жұмбақ құрастырту).


VII.Қорытынды. Тестік сұрақтарға жауап беру арқылы алған білімдерін тиянақтау.

1.Көп нүктенің орнына керекті сын есімді жазыңдар:

... адам –елдің ырысы

... жер – жанның тынысы.

а) жақсы, бай

ә) оқыған, таулы

б) жақсы, жаман


2.Заттың түрін, сапасын, түсін білдіретін сөздерді ....

а) сын есім

ә) есімше

б) зат есім


3.Артық сөзді көрсетіңдер.

а) адал

ә) ақиқат

б) ақкөңіл


4. Төмендегі сөздерден Қандай? Сұрағына жауап беретін сөзді табыңдар.

а) ардақ

ә) әсем

б) қой


5. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?

а) қай? қашан?

ә) қандай? Қай?

б) қандай? қайтті?


VIII. Үйге тапсырма. 136 бет . 6-жаттығу.


IX. Бағалау.






Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп












Ашық сабақ


Тақырыбы:


Сын есім




4-сынып






Мұғалім: Карменбаева Ш.Н.















2012-2013 оқу жылы


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров136
Номер материала ДВ-286815
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх