Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ "Сөз таптары"

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ "Сөз таптары"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_dcd07b8.gifКүні:

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың бұрынғы сыныпта өткен сөз таптары туралы білімдерін кеңейту, бекіту, сөздердің неліктен әр түрлі сөз таптарынан бөлінетінін өздеріне пайымдату.

Дамытушылық: Сауатты жазу дағдысын дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, жеке балаға карточкалар, суреттер, сабаққа керек құрал-жабдықтар.

Сабақтың түрі: Өздік жұмыс.

Сабақтың әдісі: өз бетімен орындалатын тапсырмалар

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайынды:

II Өткенді қайталау: (суретпен жұмыс)

Заттың атын білдіретін сөздер: қонжық, құлыншақ, оқушы,

Заттың іс-әрекетін білдіретін сөз: ойнады, жүгірді, оқыды.

Заттың сынын білдіретін сөз: қара, ала, мейірімді. Сөз таптары

Заттың санын білдіретін сөз: екі, жеті, жүз.

III.Білімдерін тиянақтау:

Зат есім – мәтінмен жұмыс.

Жол қозғалысын кім басқарады?

Көшеде жүру тәртібін барша жаяу адамдар орындауы қажет. Адамдардың жол қауіпсіздігін сақтауы үшін көптеген шаралар жасалған. Жаяу адамдарға арнап жер асты өтпелері салынған. Көше қиылыстарында бағдаршамдар қойылған. Адамдар көшеден өткенде бағдаршамның белгілеріне мұқият қарағандары жөн. Мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері жол тәртібінің бұзылмауын бақылайды.

  • Мәтіннен негізгі және туынды зат есімдерді тап.

  • I қатар: Көше сөзін жекеше, көпше түрде тәуелде.

II қатар: Жол сөзін жекеше, көпше түрде тәуелде.

III қатар: Бағдаршам сөзін жекеше, көпше түрде тәуелде.

Етістік – суретпен жұмыс.

  • Сурет бойынша әңгіме құрастыр, ішінен етістіктерді тап.

  • Берілген сөздерден негізгі етістіктерді бір бөлек, туынды етістіктерді бір бөлек топтастырып жаз.

Оқы, жарла, жүрді, ақылдас, биле, көрген, ойла, сезді, ұсақта, күт, болды, керілме, тұзда, жүр.

  • Қалай ажыратқаныңды түсіндір.

  • Үлестірмемен жұмыс:

  • Берілген етістіктерден болымсыз етістік жаса.

Үлгі: Жүз – жүзбе Күл – күлме Төк – төкпе

Жаз – жазба Бар – барма Тақ – тақпа

Ал, аш, жап, сөйле, шақыр, тарт, үз, үрле, кес, кет, теп, ойна, керіл, оқы, құрметте, кірлет, же, кес, жырт, бүлдір.

Сын есім – «Ойлан тап» ойыны: Әуелі торкөздерде қай әріп қандай таңбамен өрнектелгеніне назар аудар. Содан соң төменде берілген таңбалар тізбегіне сәйкес келетін әріптерді орындарынақойып оқысаң, Н.Жанаевтың «Еңбек сүйсең» өлеңінің бір шумағы шығады. Соны тап.

hello_html_m53a161f7.png



  • Негізгі және туынды сын есім







  • Кестені толтыр.



Зат атауы

Түсі

Дәмі

Пішіні

Алмұрт




Доп




Пияз




Жапырақ




Қызғалдақ т.б.




Сан есім – Берілген сөздердің санын сөзбен жазып сөз құра.

1+қазан, 4+тік, 7+ген, к+2+лік, 5+тік, 8+көз, к+3+ік, 6+бақан, 9+құмалақ, тү+1, жел+90.

Бекіту: Тест алу.

Қорытынды: - Сөз таптары толығымен түсінікті ме? Біз бүгін олардың барлық түрлерімен жұмыс жасап, барлығын толығымен игердік деген ойдамын. Сөз таптары бойынша алдағы уақытта жұмыстар жасай аламыз, сендерге ешқандай қиыншылық соқтырмайды деген ойдамын!

  • Енді қазір мына жерден смайликтер алып бүгінгі сөз таптары сабағынан қандай әсер алдың, қазір қандай көңіл күйдесің? Соны бейнелейтінін таңдап, не үшін оны таңдағаныңды түсіндір.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 17.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров144
Номер материала ДВ-347327
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх