Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ жоспары "Түбір және туынды сөз" 3 сынып

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ жоспары "Түбір және туынды сөз" 3 сынып


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m3fe13b4c.gifhello_html_21be782b.gifhello_html_21be782b.gifhello_html_m37ff3552.gifhello_html_eb30da4.gifhello_html_m64761546.gifhello_html_m6a1a57f9.gifhello_html_m2828b06c.gifhello_html_m99ca471.gifhello_html_21be782b.gifhello_html_2bcbc31c.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m3e59549e.gifhello_html_m7b0cc014.gifhello_html_2bcbc31c.gifhello_html_2bcbc31c.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gif

Сабақтың тақырыбы: Түбір және туынды сөз.

Сабақтың мақсаты:сөз құрамы туралы алған білімдерін кеңейтіп,түбір мен туынды сөз туралы білімдерін қалыптастыру.

Пәндік нәтиже:сөздерге жұрнақты дұрыс жалғай білуге үйрету; сөз құрамына талдау дағдыларын арттыру.

Тұлғалық нәтиже:еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; тапсырманы соңына дейін тыңғылықты орындауға үйрету

Жүйелі-әрекеттік нәтиже:сөздің түбіріне жұрнақ жалғау арқылы жаңа сөз жасау тәсілін меңгерту.



Сабақтың барысы:

І. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІ. Өтілген сабақты пысықтап,қайталау.

ІІІ. «Сөзтізбек» ойыны арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Паонанненеш.









ІҮ .Түбір сөз бен туынды сөз туралы түсінік беру.

А) Өсімдіктер тамырсыз бұтақ пен жапырақ жая алмайтынын мысалға отырып, жер бетіндегі кез келген нәрсенің бастамасы,тамыры,түбірі болатындығын,сол сияқты сөздің де түбірі болатынын түсіндіру.

Ә) Оқушыларға түсінікті болу үшін кеспе буындар мен кітап,кітапхана,кітапханашының суреттерін пайдалануға болады .

Б) Кеспе буындардан «кітапханашы» деген сөз шығады.Осы сөздің түбірін табу үшін оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады.

-Кітапханашы кім? Оның міндеті қандай? деген сияқты сұрақтар қою арқылы «кітапханашы» сөзі кім?деген сұраққа жауап беретінін анықтап алып.осы сөзден «шы» жұрнағын алып тастап. «кітапхана»сөзін шығару.

-Кітапхана деген не?Ол қандай сұраққа жауап береді? «Кітапхана»сөзі де өз алдына бір мағына беретін сөз екендігін түсіндіру.

-Енді «хана»қосымшасын алып тастап,қалған сөзді оқыту.

-«Кітап»дегеніміз не?Ол қандай сұраққа жауап береді?Кітап сөзін ары қарай бөлшектей аламыз ба?

-Әрине бөлшектей алмаймыз. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігін түбір деп аталатынын ұғындыру.

- «Кітапханашы»сөзі қай сөзден шығып тұр?

-Кітап

-Яғни «кітапханашы»сөзінің түбірі кітап екен.Сол кітап сөзіне жұрнақтар жалғана келе жаңа сөз пайда болып отырды.Сонда «Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз.»

Ү. Суреттермен жұмыс.

Биші,дәрігер,әнші,малшы,асхана сияқты суреттерді пайдалана отырып,бұлар қандай сөздерден шыққанын,жұрнақтар жалғанған соң туынды сөз пайда болғанын балалар дәлелдеп береді.

ҮІ. Сергіту сәті.

ҮІІ. Жаттығулармен жұмыс.

1-жаттығуда мәтінді оқып,қарамен жазылған сөздердің түбірі мен жұрнағын тауып белгілеуді үйренеді.

2-жаттығуда сурет бойынша әңгіме құрастырып,сөйлемдеріндегі туынды сөздерді табады.

3-жаттығуда өлеңді мәнерлеп оқыту,туынды сөздерді теріп жазу.

ҮІІІ. «Кім жылдам?» ойыны.

Сызбалар бойынша жылдам сөз табу.

hello_html_m2d4e75a9.pnghello_html_77243911.png; hello_html_m2d4e75a9.png hello_html_77243911.pnghello_html_m70f9f06a.png ;hello_html_m2d4e75a9.png hello_html_m70f9f06a.png ;hello_html_m2d4e75a9.pnghello_html_77243911.pnghello_html_77243911.png ;

ХІ. Сабақты қорытындылау.

Түбір сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды сөздер жасау тапсырылады.

Х. Үйге тапсырма беру.

6-жаттығу.Мәтінді оқу.Туынды сөздерді тауып,талдау жасау.




Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров958
Номер материала ДВ-469185
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх