Инфоурок Другое КонспектыҚазақ тілі пәнінен ашық сабағының қысқа мерзімді жоспары. Тақырыбы: Қазақстан мемлекеті. Оның құрылымы. Етістік. 10 сынып.

Қазақ тілі пәнінен ашық сабағының қысқа мерзімді жоспары

Скачать материал

Сабақ

Сынып: «10»Күні: 12.12.16.

Сыныптағы оқушы саны: 11

Қатысқаны:10

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, Қазақ тілі, Алматы: Атамұра, 2011, ҚР жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.

Тақырып

Қазақстан мемлекеті. Оның құрылымы. Етістік (қорытынды бөлім)

Жалпы мақсаты:

Қазақстан құрылымы модулі бойынша алған білімдерін шыңдау, жүйелеу; ауызекі сөйлесуде, жазуда қолдануға тырысу; етістіктерді қолдана отырып сөйлем құрастыру; негізгі түйінді ойды таба алуға, оны қысқаша әңгімелей алуға тырысу; өмірдегі қолданысын түсіну.

Ресурстары:

Оқулық, интерактивті тақта, плакат, түрлі-түсті маркерлер.

Әдіс-тәсілдері:

Тәсілі: жекелей, жұптық, топтық, сыныптық жұмыс.

Әдісі: сұрақ-жауап, саралау, болжау, СТО элементтері, әңгімелеу

Оқу нәтижелері:

Қазақстан мемлекетінің құрылымы туралы білетін сөздері мен жаңа сөздермен толықтыра отырып сөйлесуге дағдыланады; Мәтін құрауға, мазмұнын әңгімелеуге дағдыланады.

Топпен жұмыс жасап үйренеді.

Түйінді идеялар:

Қазақстан егеменді, құқылы, унитарлы, президенттік билеу формасымен, тәуелсіз мемлекет.

Дереккөздер:

Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі:5 минут

 

 

Топқа бөлу

Психологиялық ахуал

 

Психологиялық ахуал тудыру, жұпқа бөлу(1991,1992,1993жылдардағы Қазақстандағы өткен өзгерістер бойынша жұпқа бөлінеді.)

 «Тілек айту!»

Таңды тілек айтумен бастауға болады. Әр оқушы өзінің оң не сол жағындағы көршісіне тілек айтады. Оқушылар шеңбер құрып тұрады, сонан соң көзбен контакт жасап, тілек айтады.

Өзі таңдап алған парақшадан қай жылғы оқиға екенін анықтап, сол жұпқа барып отырады 

Тілек айтады.

Тұсаукесер

Өткенді қайталауды постер арқылы сұраймын

Тақырыбы Етістік. Ас, Дастарқан.

Оқушыларға бейнеролик көрсетіледі

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?

Мақсаттарымен таныстыру

Жаңа мәтінмен жұмыс

Әр жұпқа бөлек мәтін беріледі, уақыт  өткеннен кейін әр жұп өз мәтіннің мазмұнын айтады

Мәтін бойынша тапсырмаларды орындау

Хронологиялық кестені жасайды

Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру

Дұрыс-бұрыстығын анықтайды

Етістіктерді теріп жазу, түрін анықтау

Миға шабуыл

  1. Қазақстан қандай ел? (Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет)
  2. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті қашан сайланды? (ҚР Тұңғыш Президент 1991 жылы сайланды)
  3. Астананы қалай атайды? (Астананы «Бейбітшілік қаласы» деп атаған)
  4. Етістік деген не? (Заттың қимылын, іс әрекетін білдіретін сөздер)
  5. Етістіктің шақтары мен райларын ата! (Етістіктің шақтары: осы, келер, өткен шақтар, Райлары: ашық, бұйрық, шартты, қалау)
  6. Етістік құрамына қарай қандай болып бөлінеді? (Етістік құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді)
  7. Қазақстанда 1995 жылы 30 тамызда не қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда ҚР Ата Заңы қабылданды)
  8. 4 маусым қандай мейрам? (4 маусым мемлекеттік рәміздер күні)
  9. Әнұранның әнін жазған кім? (Әнұранның әнін жазған Шәмші Қалдаяқов)

«Түйіндеу» Әр топқа берілген сөздер қатарын бір сөзбен түйіндеу керек.

Ту, Елтаңба, Әнұран –

Қарағанды, Алматы, ШҚО –

Мәскеу, Лондон, Астана –

Құқық, міндет, бап –

Н.Назарбаев, В.Путин, И.Каримов –

Бала, ата, ана –

«Қазақстан барысы», «Мәңгілік ел» –

Тыңдайды, өздерінің көңілдерін сабаққа аударады

Өткен тақырыптар бойынша постер қорғайды

Көргеннен кейін оқушылар не туралы екенін айтады

Қазақстан туралы

 

Әр жұп өз мәтіннің мазмұнын айтады

Хронологиялық кестені жасайды

 

 

Оқушылар сұрақ құрастырады

Дұрыс-бұрыстығын анықтайды

Етістіктерді теріп жазады, түрін анықтайды

 

 

 

 

Берілген сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қарағанды, Алматы, ШҚО – облыстар

Сенат, Мажилис – парламент

Орынбор, Алматы, Астана – астаналар

Құқық, міндет, бап – Ата заңы

Н.Назарбаев  – Елбасы

Бала, ата, ана – халық

«Қазақстан барысы», «Мәңгілік ел» – Жолдау

Ту, Елтаңба, Әнұран – рәміздер

 

 

Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

+\-\?

+ сабақтан алғаның

– сабақта ұнамады

? қызықты болды

Оқуға арналған тапсырмалар

Үйге тапсырма: «ҚР рәміздері»; «Тұңғыш Елбасы»; «ҚР Ата заңы» тақырыбында презентация жасау

Күнделікке жазады (сұрақтары болса қояды)

Қорытынды кері байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Хронологиялық кестені жасаңыз.

Етістіктерді теріп жазыңыз.

 

Қазақстан

Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Республикамызда мемлекеттік билік біртұтас. Қазақстан мемлекеті- демократиялық, тәуелсіз мемлекет. Қазақстанның жер көлемі 2,7(екі бүтін оннан жеті) шаршы шақырым. Қазір елдің астанасы - Астана қаласы.Астанаға дейін Орынбор, Қызылорда, Алматы қалалары астана болды. Астана 1997 жылдың 10 желтоқсаннан бастап астана болды. Қазақстан бес мемлекетпен солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Түрікменстан, Өзбекстан  және Қырғызстан, ал шығысында  Қытаймен  шектеседі. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Елімізде 14 облыс бар. Ұлттық валютасы - теңге, 1993 жылы 15 қарашада енгiзiлген. Мемлекеттік тіл- қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін 1989 жылы алды. ҚР «Тілдер туралы Заңы» 1989 жылы  22 кыркүйекте, екінші рет 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды.

1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш конституциясы қабылданды. Ал, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа  Конституция қабылданды. Қонституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

Мемлекетіміздің тәуелсіздігін білдіретін нышандар: ту, елтаңба, әнұран.1992 жылы 4 маусымда Қ.Р мемлекеттік  туы қабылданды.Мемлекеттік тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік ту- көгілдір түсті. Туда ою, күн, қыран бейнеленген. Көгілдір түс- бейбітшіліктің белгісі. Алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Қыран құс- еркіндіктің бейнесі. Ал, Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шота Аман Уалиханов. Елтаңбада шаңырақ, уықтар, пырақтар, жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның түсі - алтын және көгілдір түсті.

2006 жылы 7 қаңтарда Қ.Р жаңа мемлекеттік Әнұраны қабылданды. Әнұранның авторлары: Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқов, Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, 5 сұрақ құрастырыңыз. «Қазақстан» сөзді септеңіз.

 

Қазақстан

Қазақстан – көп ұлтты егеменді мемлекет. Қазіргі Қазақстанда 131 ұлт өкілі тұрады. Археологтардың айтуы бойынша Қазақстан жерін алғашқы адамдар бұдан он мың жыл бұрын мекендеген.

Республиканың оңтүстік аудандарында күріш, қант қызылшасы, мақта, жүзім, алма, қарбыз, қауын, әртүрлі дәрілік шөптер мен толып жатқан өсімдіктер өсіріледі. Бұл аймақта жаңбыр өте аз жауады, жазы ыстық және құрғақ болады.

Республиканың солтүстігінде астық пен көкөністер жақсы өседі. Бұл өсімдіктерге су онша көп қажет емес, мұнда күн ыстық емес, жаңбыр да жиі жауып тұрады.

Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай, жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз, мазмұнын тірек-сызба арқылы айтыңыз.

Қазақстан жері

Қазақстан жері Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік болып бірнеше экономикалық аймақтарға бөлінеді. Соның ішінде Батыс аймаққа Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары жатады.

Атырау – мұнай қоры мол аймақ. Ол Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан. Каспий теңізі, Жайық өзені, Маңғыстау шығанағы осы аймақта. Бұл аймақта Әйтеке би, Сырым батыр, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұлы, Құрманғазы мен Дина дүниеге келген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Сан есімдерді теріп жазыңыз. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз.

Тәуелсіз Қазақ елі

Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығындағы тәуелсіз мемлекет. Ол құрлықтың нақ ортасында орналасқан. Қазақ елінің шекарасы 15 мың шақырымнан асады. Оның жартысынан көбі құрлықта болса, ал қалған бөлігі Каспий және Арал теңізінің бойында жатыр.

Қазақстан – батысында Жайық өзені, шығысында Алтай таулары, солтүстігінде Батыс Сібір ойпаты, оңтүстігінде Алатауға дейін созылып жатқан кең байтақ жер. Қазақстанның жалпы аумағы 2717, 3 мың шаршы шақырым.

Еуразия құрлығының ортасына орналасқан Қазақстан – Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстанмен шекаралас ел. Осы көрші елдермен ежелден мәдени-рухани достықта, ынтымақ-бірлікте қарым-қатынастар құрып, экономикалық байланыстар орнатқан. Жерінің кеңдігімен әлемде Ресей, Қытай, АҚШ, Үндістан, Австралия тағы басқа мемлекеттерден кейінгі тоғызыншы орынды алады. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы –Астана.

Елімізде 14 облыс және республикалық маңызы бар екі ірі қала бар. Сонымен бірге Қазақстан 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 7719 ауылдық мекендерден тұрады. Аталған ауылдар мен қалаларда 16 млн-нан астам халық өмір сүреді.

Қазақстан жерінде жазық далалар, шөлдер, шөлейтті жерлер бар. Олардың арасында Сарыарқа мен Үстірт, Батыс Сібір ойпаты, Бетпақдала ұлан байтақ жерлерді алып жатыр. Алтай, Тянь-Шань таулары және ірі өзендер – Есіл, Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария кең далаға көрік беріп тұр. Бүгінде Жайық өзені арқылы салынған көпір Еуропа мен Азия құрлығын жалғастырып тұрғандай.

Ұлы даланың жер асты байлығы – мұнайы мен газы, алтыны, мысы, темірі және жер бетінің байлығы – астығы, еті, мақтасы ел экономикасын дамытуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Тапсырма. Берілген мәтінді түсініп оқыңыз, етістіктерді теріп жазыңыз. Дұрыс-бұрыстығын анықтаңыз.

Менің Отаным

1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні деп аталды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –

Н.Ә. Назарбаев. Тәуелсіз еліміздің өз мемлекеттік рәміздері – Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.

Қазақстанның аумағы өте үлкен. Қазақ елі Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан мемлекеттерімен шектеседі. Қазақстанның шекарасы батыстан шығысқа дейін 2800 шақырымды алып жатыр.

Батысында Каспий теңізі орналасқан. Каспий теңізінде мұнай және газ кеніштері бар. Қазақстанның оңтүстігінде көкөніс, жеміс-жидек көп өседі. Солтүстігінде егін жақсы өседі. Ал шығыс аймағы түрлі түсті металға бай. Орталық Қазақстанда көмір шығарылады.

Астана – Қазақстанның астанасы. Қазақстан халқының саны 17 миллион.

 

Дұрыс

Бұрыс

1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.

 

 

Қазақстанның шекарасы батыстан шығысқа дейін 3200 шақырымды алып жатыр.

 

 

Қазақстан халқының саны 18 миллион.

 

 

Қазақ елі Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан мемлекеттерімен шектеседі.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі пәнінен ашық сабағының қысқа мерзімді жоспары. Тақырыбы: Қазақстан мемлекеті. Оның құрылымы. Етістік. 10 сынып."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 546 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2017 1186
    • DOCX 69.5 кбайт
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калиева Сауле Хожаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калиева Сауле Хожаевна
    Калиева Сауле Хожаевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 13995
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой