Қазақ
тілі пәнінен бастауыш сынып оқушыларына арналған қосымшалық тест
Қосымшалық тест-қазақ
тілінің жалғамалы ерекшелігін оқушы меңгерді ме,әлде,жоқ па деген сұраққа жауап
іздегенде қолданылатын тест түрі.
1.Көп нүктенің орнына көптік жалғауын
қой.
1. терезе .... 1) –лар
2.оқулық...... 2)-лер
3. бала......... 3)-дар
4. есік......... 4)-дер
5. сәбіз....... 5)-тар
6. қалам....... 6)-тер
2. Сұраулық шылауларды дұрыс қой.
1.кітап..... 1)ме
2. дәптер.... 2)па
3.қағаз...... 3)бе
4. сәбіз..... 4)ба
5. бала...... 5)пе
6. етік....... 6)ма
3. Көп нүктенің орнына тәуелдік
жалғауларын қой.
1. Менің кітаб.... 1)-ы
2. Сенің кітаб..... 2)-ыңыз
3.Сіздің кітаб ...... 3)-ың
4. Оның кітаб...... 4) –ым
4. Реттік сан есімнің жұрнақтарын жалға.
1. Бір.... 1)-ыншы
2. Алты..... 2)-інші
3. Жеті..... 3)-нші
4. Он...... 4)-ншы
5.Көп нүктенің орнына қойылатын тәуелдік
жалғауын тап.
1. Оның терезе...... 1) -ым
2. Менің мысығ..... 2)-сі
3. Оның кітаб....... 3)-ы
4. Сенің мысығ..... 4)-ың
6.Тиісті шығыс септік жалғауын жалға.
1. Бала........ 1)-тен
2.Кітап....... 2)-ден
3.Үй......... 3)-дан
4.Көлік...... 4)-тан
7. Көп нүктенің орнына жіктік жалғауын
қой.
1. Мен бала.... 1) 0
2. Сен дәрігер...... 2)-мын
3. Сіз аға...... 3)-сің
4. Ол оқушы.... 4)-сыз
8. Тиісті жалғауды жалға.
1.Асан...... 1)-нікі
2. Болат..... 2)-дікі
3.Мадина.... 3)-тікі
9.Ілік септік жалғауын дұрыс жалға.
1.Алмас..... 1)-нің
2.Дастан..... 2)-дың
3.Гүлнұр.... 3)-тың
4.Сәуле..... 4)-ның
10. Көп нүктенің орнына қойылатын
тәуелдік жалғауын тап.
1. Біздің
үй...... 1)-тары
2. Сендердің қалам.....
2)-дарың
3. Сіздердің ауыл..... 3)-дарыңыз
4.Олардың кітап..... 4)
–іміз
11. Тиісті жалғауды жалға.
1.Бала... 1)-ны
2.Кітап... 2)-ді
3.Үй.... 3)-ты
4.Кілт.... 4)-ті
12. Барыс септік жалғауын жалға.
1. Асан үй.... келді. 1)-ке
2. Аружан қала...
кетті. 2)-қа
3. Анам қонақ.... барды. 3)-ге
4. Самат көлік... отырды. 4)-ға
13. Реттік сан есімнің жұрнақтарын жалға.
1. Он бір... 1)-ыншы
2. Екі..... 2)-інші
3. Тоғыз..... 3)-нші
4. Он алты...... 4)-ншы
14.Тиісті жалғауларды жалға.
1. Мен сурет сала..... 1)-ды
2.Сен сурет сала..... 2)-сың
3. Сіз сурет
сала...... 3)-мын
4.Ол сурет сала....
4)-сыз
15. Көп нүктенің орнына көптік
жалғауын қой.
1. теледидар .... 1) –лар
2. журнал...... 2)-лер
3. жүзім ......... 3)-дар
4. ешкі......... 4)-дер
16. Тиісті жалғауды жалға.
1.Атам...... 1)-нікі
2. Оқушы..... 2)-дікі
3.Есет.... 3)-тікі
17. Сұраулық шылауларды дұрыс қой.
1.қалам..... 1)пе
2. кітап.... 2)па
3.сен...... 3)бе
4. өрік..... 4)ба
18.Тиісті қосымшаны жалға.
1. Ауыл... 1)-да
2.Сөресі 2)-де
3. Ел... 3)-нда
4. Алаңы.... 4)-нде
19. Көп нүктенің орнына жіктік жалғауын
қой.
1. Мен ақылды.... 1) 0
2. Сен ақылды...... 2)-мын
3. Сіз ақылды...... 3)-сың
4. Ол ақылды.... 4)-сыз
20. Көп нүктенің орнына көптік
жалғауын қой.
1. Өрік.... 1)-тар
2. Алмұрт.... 2)-тер
3.Банан ......... 3)-дар
4. Гүл......... 4)-дер
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.