Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақ тілі пәнінен факультатив бағдарламасы.

Қазақ тілі пәнінен факультатив бағдарламасы.

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Қазақ тілі сабақтарында тиімді

технологияларын қолдану арқылы

оқушылардың сөйлеу

 қабілеттерін арттыру "

 

 

Факультатив  бағдарламасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

    Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер-білімнің ұлы қаруы, алтын  тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді. Қазақ тілінен жүргізілетін практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Практикалық сабақта әр оқушының белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі. Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар  оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызметі зор. Негізгі мақсаты - оқушылардың материалды жүйелі түрде меңгеруіне жағдай жасау,  қазақ тілі ғылымының теориялық негіздерін меңгерту.

 

       "Практикалық қазақ тілі" факультативінің мақсаты - ана тілінің қызметін жүйелі меңгерген, оның қыр-сыры мен тарихын жетік білетін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, ұлттық санасы оянған дара тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.

        Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер:

- оқушылардың фонетикалық,  морфологиялық, лексикалық және синтаксистік машықтары мен дағдыларын дамыту;

- тіл дыбыстары, сөз таптары мен қосымшалар туралы  теориялық білімдерін жүйелеу;

- теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;

- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыру;

 

    Бағдарлама 34 сағатқа құрылған. Оның 4 сағаты  тест жұмысына ,1 сағаты кіріспеге, 1 сағаты қорытындыға арналған.

     Бағдарламадағы практикалық жұмыстарға теориялық негіз ретінде С. Кеңесбаевтың , Ғ. Мұсабаевтың "Қазіргі қазақ тілі" /лексика, фонетика/, С. Мырзабековтың "Қазақ тілінің дыбыс жүйесі", А. Ысқақовтың "Қазіргі қазақ тілі" /морфология/, М.Балақаев пен

Т. Қордабаевтың "Қазіргі қазақ тілі" /синтаксис/  атты еңбектері пайдаланылды.

    Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

    Факультативтің  жүргізетін жұмыс түрлері мынандай:

1. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өздерінің ауызша, жазбаша жұмыстарында дұрыс сауатты қолдану;

2. Өтілген грамматикалық ережелердің негізінде мәтінмен жұмыс істеу;

3. Фонетикалық ерекшеліктер, орфографиялық заңдылықтарды дұрыс танып, ұқсас формаларды бірден ажырату үшін салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізу;

4. Жай талдау үлгісімен қатар талдаудың жаңа әдісі сатылай кешенді талдау үлгілерін жүргізу;

5. Деңгейлік тапсырмалар орындау;

 Қорытындылау: оқушылардың білімі  әр тақырыпты өткен сайын тест жұмыстары арқылы бағаланады.

Оқушының білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:

Оқушылар нені білу керек:

- қазақ тіл білімінің салалары бойынша барлық ережелерді ;

- білгенін практика жүзінде іске асыра алуды;

- талдау машығының жоғары болуы;

- орфографиялық заңдылықтарды терең меңгеру;

- салыстыра алу қабілетінің басым болуы;

Оқушылар нені үйрену керек:

- тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өз жұмыстарында сауатты қолдану;

- грамматикалық ережелер негізінде мәтінмен жұмыс істеу;

- сатылай кешенді талдау үлгілерін меңгеру;

- деңгейлік тапсырмаларды орындай алу;

ББД деңгейін тексеру:

1. Өзіндік жұмыс

2. Тест жұмыстары

3. Талдау жұмыстары

Оқу-әдәстемелік кешендер:

1. Дидактикалық материалдар

2. ҰБТ жинағы

3. Электронды оқулықтар

Факултатив бағдарламасын меңгергеннен кейін оқушылардан күтілетін нәтиже:

- салыстыра, дәлелдей, талдай, қорытындылай білу дағдыларын меңгеру, тілдік және әдеби білімдерінің толығуы;

- практикалық, танымдық, шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алу;

- сауатты жазу, сауатты сөйлеу, өзіндік ой дербестігінің болуы;

                                                          Барлығы - 34 сағат

                                                                         Апталық сағат саны - 1 сағат

1- тақырып.  Кіріспе сабақ. Тіл білімінің салалары.Фонетика, лексика, морфология, синтаксис, пунктуация туралы түсініктерін кеңейту.

2 - 3- тақырып. Фонетика. Дауысты дыбыстар.

Дауысты дыбыстардың ерекшеліктері, дыбыстардың сөйлеу негізіндегі өзгерістері мен заңдылықтары.

4 - 5- тақырып. Дауыссыз дыбыстар, емлесі.

6 - тақырып. Орфография мен орфоэпия.  Орфографияның қарастыратын мәселелері, негізгі принциптері.

7-8 - тақырып. Үндестік заңы.Дыбыстардың бір-біріне ықпалы, ықпалдың түрлері. Сингармонизм заңы.

9 - тақырып.  Буын. Тасымал. Екпін.Буынның түрлері. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар. Екпін түспейтін буындар.

10 - тақырып. Тест жұмысы. Фонетика бөлімі бойынша алған білімдерін қорытындылау.

11 - тақырып.  Лексиканың салалары туралы.

12-13 - тақырып. Қолдану аясы шектеулі сөздер Бір-бірінен ажырата білу.

14 - тақырып. Тұрақты сөз тіркесі. Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесі.

15-16 - тақырып. Сөз мағынасы. Антоним. Синоним. Омоним.

17 - тақырып. Тест жұмысы. Лексика бөлімін қорытындылау.

18 - тақырып. Сөзжасам. Сөз құрамы.

19 - тақырып. Қосымшалар. Жұрнақ пен жалғау. Жұрнақтар, олардың құрамы. Жалғаулардың түрлері.

20 - тақырып. Морфология. Сөз таптары. Зат есім.

21- тақырып. Сын есім. Түрлері.Қызметі.

22 - тақырып. Сан есім. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.Емлесі.

23- тақырып. Есімдік. Есімдіктің түрлері.

24 - тақырып. Етістік. Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы туралы.

25 - тақырып. Үстеу. Түрлері.

26 - тақырып.Одағай. Түрлері.

27 - тақырып. Шылау. Атқаратын қызметі.

28 - тақырып. Тест жұмысы. Морфология саласы бойынша білімдерін  қорытындылау.

29 - тақырып.  Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің құрамы. Сөз тіркесінің басты грамматикалық қасиеті.

30 - тақырып. Сөйлем. Түрлері.

31 - тақырып. Сөйлем мүшелері.

32 - тақырып. Бірыңғай мүшелер.Ерекшелігі.

33 - тақырып. Тест жұмысы. Оқушылардың білімдерін қорытындылау.

34 - тақырып. Қорытынды сабақ. Жыл бойы өткенді қайталау.

 

 

 

Мұғалім пайдаланатын әдебиеттер:

 

1. Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі»  «Атамұра» 2006

2. Қ.Ибрагимов «Қазақ тілі әдістемесі»    «Шың-кітап»  2007

3. «Қазақ тіліне арналған дидактикалық тапсырмалар»

4. Ж.Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы»  Алматы «Кітап» 2007

5. Р.Сыздықова «Емле және тыныс белгілері»

6. «Қазақ тілі мен әдебиеті»  журналдары

7. «Жайық ұстазы» газеті

8. А. Байтұрсынов: «Әдебиет танытқыш»

9. М. Томанов: "Қазақ тілінің тарихи грамматикасы" А-1988 ж.

10. М.Әуезов: "Абай жолы"

 

 

Оқушыларға пайдалануға ұсынылатын  әдебиеттер:

 

1. Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі»  «Атамұра» 2006

2. Қ.Ибрагимов «Қазақ тілі әдістемесі»    «Шың-кітап»  2007

3. Ж.Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы»  Алматы «Кітап» 2007

4. Ақын-жазушылар шығармаларының жинағы

5. Б.Тоғысбаев, А.Сужикова  «Тарихи тұлғалар»  Алматы,2006

6. Энциклопедиялық анықтамалық.  Алматы,2005

7. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.  Алматы, 2008

8. Қазақтың би-шешендері

9.  Газет, журнал материалдары

10. А. Байтұрсынов: «Әдебиет танытқыш»

11. Мақал – мәтелдер жинағы

12. Диалектологиялық сөздік

13. 5- сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

Тақырыбы

Сабақтың мазмұны

Көрнекі құрал

Оқушының іс-әрекеті

Пәнаралық байланыс

Сабақтың түрі

Бақылау түрі

Күтілетін нәтиже

Сағат саны

Мерзімі

1.

Кіріспе сабақ.

Қазақ тіл білімі

-Мұғалім баяндамасы.

-Сұрақтар беру.

-Сызбалармен жұмыс.

- Қазақ тілі білімінің салаларын саралау.

Кесте, электронды оқулық

Тіл білімінің салаларын зерделейді.

Әр саласын жіктеп,  талдау жасайды.

Қазақ әдебиеті

Жинақтау сабағы

Өзіндік жұмыс

Оқушылар өз білгенін еске түсіріп, қойылған сұрақтарға нақты жауап бере алады.

1

 

2-3

Фонетика.  Дауысты дыбыстар.

- Оқушыларды үш  топқа бөлу.

 -Әр топ тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай бөлінуін  зерделейді.

-"Ұтымды жауап" ойыны

-Сұрақ-жауап

- Сатылай кешенді талдау жасау

- Формативті бағалау

Үлестірмелі парақша

оқулықтар

Оқушы сұрақтарға жауап береді, ойынға араласады, талдау жасайды, бір-бірін бағалайды.

Қазақ әдебиеті

Аралас  сабақ

Өзіндік жұмыс

Сабақта белсенділік танытады, тақырыпты жан-жақты меңгереді, сатылай кешенді талдау үлгісін толықтырады.

2

 

4-5

Дауыссыз дыбыстар, емлесі

- Топқа бөлу

- Дауыссыз дыбыстарды кестеге жіктеу.

- Емлесін түсіндіру

- Талдау жасау

-  Венн диаграммасы

- Бағалау

Электронды оқулық.

Кесте.

Дыбыстарды жіктеп, емлесін үлестірмелі қағаз арқылы пысықтайды.

Фонетикалық талдау жасайды.

Орыс тілі

Жинақтау сабағы

Өзіндік жұмыс

Білгенін толықтырады. Талдайды.

Ойланады.

Бақылайды.

Салыстырады.

2

 

6

Орфография мен орфоэпия

-Оқушы таныстырылымы

Орфографиялық заңдылық бойынша мысалдар беру.

-Жаттығулармен жұмыс.

Шығармалармен жұмыстану.

-Бағалау.

Интербелсенді тақта.

Таныстырылым дайындайды.

Жаттығулармен жұмыстанып, шығармалардан орфографиялық заңдылықты табады.

Қазақ әдебиеті

Аралас сабақ

Өзіндік жұмыс

Өз бетімен жұмыстанады. Сыни тұрғыдан ойланады.

Оқушы зеректігі артады.

1

 

7-8

Үндестік заңы

- Кестемен жұмыс

- Кесте арқылы тақырыпты ашу.

-Буын үндестігіне бағынбайтын жағдайларды табу.

-Мысалдардан ілгерінді, кейінді ықпалды табу.

- Жұппен жұмыстану.

- "Есте сақтау" минуты арқылы қорытындылау.

Электоронды оқулық

Тақырыпты жаңа қырынан ашады.

Мысалдардан ереже  жинақтайды. Жұппен жұмыстанады.

Қазақ әдебиеті

Аралас сабақ

Өзіндік жұмыс

Өз бетімен ізденеді.

Оқушы ынтымақтастығы артады. Ойлау дағдысы жетіледі.

2

 

9

Буын. Тасымал. Екпін.

- Топқа бөлу

- Әр топ өз атауы бойынша шолу жасау.

- "Көксерек" шығармасынан үзіндіні буын түрлеріне талдау.

- Тасымалдауға болмайтын жағдайларға әр топтан 5  мысал.

-Екпіннің түрлеріне  мысалдар жазу.

- Критериалды бағалау.

Интербелсенді тақта

Топты тыңдайды.

Тексереді.

Тақырып бойынша жұмыстанады, талдау жасайды. Мысалдар ойластырады. Бағалануға тырысады.

Қазақ әдебиеті

Жинақтау сабағы

Өз бетімен жұмыс

Бір-бірін тыңдауға дағдыланады. Дұрыс-бұрыстығына талдау жасайды.

Ойланып, пікірін талқыға салады.

1

 

10

Тест жұмысы

-Тарауды қорытындылау

- Тест жұмысын беру

-Суммативті бағалау

 

Тест жұмысын орындайды.

 

Жинақтау сабағы

тест

Оқушы тарау бойынша жинақтаған білімін іске асыра алады.

1

 

11

Лексика, зерттейтін салалары

-Мағынаны тану кезеңі /жеке жұмыс/

-Семантикалық кестемен жұмыс

/жұптық жұмыс/

-Мысал жазу/жеке жұмыс/

-Сұрақтармен бекіту

Үлестірмелі қағаз, кесте

Білгенін сарапқа салады. Жұппен және жеке жұмыстанады. Бір-біріне сауалдар қою арқылы білгендерін толықтырады.

Қазақ әдебиеті

Жинақтау сабағы

Өзіндік жұмыс

Лексика тарауы бойынша алған білімін еске түсіре алады.

1

 

12-13

Қолдану аясы шектеулі сөздер

-"Топтастыру " стратегиясы

- Анықтамасын пысықтау

-Семантикалық кестемен жұмыс

- Зерттеу /сөздерге сипаттама/

- Шығарма жазу

-Өзіндік бағалау

Интербелсенді тақта

Анықтамасын еске түсіреді. Кесте арқылы білгенін пысықтайды. Сөздерге сипаттама жасау арқылы  естеріне сақтайды.

Қазақ әдебиеті

Жинақтау сабағы

Өзіндік жұмыс

Топтастырады. Жұппен жұмыстанады. Зерттейді.

Шығармашылық қабілеті шыңдалады.

2

 

14

Тұрақты сөз тіркесі.

-Топқа бөлу

- Оқушы түсініктемесі

- Ажырату

- "Суретті сөз"

- Кубизм стратегиясы

-"Бейнелеп айту"

- Бағалау

Үлестірмелі, суретті парақша

Тақырыпты ашады. Түсіндіреді. Еркін сөз тіркесі мен т.с.тіркесін ажыратады. Суретті сөйлетеді, пікірін айтады.

сурет

Сайыс сабақ

Өзіндік жұмыс

Суреттейді. Салыстырады. Зерттейді.

Қолданады.

1

 

15-16

Сөз мағынасы. Антоним. Омоним. Синоним.

- Оқушы таныстырылымы

- Сөздердің тура, ауыспалы мағынасын табу

- Жұптық жұмыс /омоним/

-Синонимдік қатар жазу.

- Антонимге мысал жазу.

Шығармашылық жұмыс

-Венн диаграммасы

-Бағалау

Интербелсенді тақта, кесте

Таныстырылымды тыңдайды, бағалайды.

Жұптық жұмыс жасайды.

Тақырыпқа талдау жасайды. Мысалдар келтіреді.

Қазақ әдебиеті

Аралас сабақ

Өзіндік жұмыс

Тақырыпты жүйелі меңгереді. Жұптық жұмысқа төселеді.  Шығармашылықпен жұмыстанады. Бір-бірін бағалайды.

2

 

17.

Тест жұмысы

-Тарауды қорытындылау

- Тест жұмысын беру

-Суммативті бағалау

 

Тест жұмысын орындайды.

 

Жинақтау сабағы

тест

Оқушы тарау бойынша жинақтаған білімін іске асыра алады.

1

 

18.

Сөз құрамы

-Сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашу

-  Сөз құрамына талдау жасау.

-Мысалдар келтіру

Шығармалармен жұмыс

Кеспе қағаздар, мәтіндер жазылған топшама

Сұрақтарға жауап беріп, сөздерге құрамына қарай талдау жасайды.

Қазақ әдебиеті

Қайталау сабағы

Өзіндік жұмыс

Тақырыпты ашады. Шығармашылығы шыңдалады.

1

 

19.

Қосымша. жұрнақ пен жалғау.

-Сұрақтар беру

-Тәуелдеу, септеу.

-Жіктеу

-Сөз тұлғасына талдау.

- Сатылай кешенді талдау

Электронды оқулық

Жауап береді. Талдау жасайды.

Талдау түрін меңгереді.

Қазақ әдебиеті

Қайталау сабағы

Өзіндік жұмыс

Сөз тұлғасын толық талдай алады.

1

 

20.

Сөз таптары. Зат есім.

-Топқа бөлу

-Сұрақтар беру

- Зат есімге толық талдау жасау

- Зат есімнің сөйлемдегі қызметіне мысалдар келтіру

Шығармашылық жұмыс

-Критериалды бағалау

 

Үлестірмелі қағаздар, кесте

Сұрақтарға жауап береді. Зат есімге талдау жасайды. Сөйлем мүшесіне талдайды.

Әңгіме жазады.

Қазақ әдебиеті

Жинақтау сабағы

Өзіндік жұмыс

Зат есімге талдау жасай алады.

1

 

21.

Сын есім, түрлері

-"Зымыран сұрақ" ойыны

Таныстырылыммен жұмыс

-Мағынаны тани білу/жаттығулармен жұмыс/

-Семантикалық кестемен жұмыс

-Бес жолды өлең

-Өз-өзін бағалау

Таныстырылым, үлестірмелі қағаздар

Таныстырылыммен жұмыстанады. Сын есім туралы білігендерін жүйелейді.

Өз-өзін бағалауға талпынады.

Қазақ әдебиеті

Жинақтау сабағы

Өзіндік жұмыс

Өз-өзін бағалайды. Сын есім туралы толық мағлұмат алады.

1

 

22.

Сан есім, емлесі

-Топқа бөлу

-Кластер бойынша топтастыру

-Сан есімнің түрлеріне талдау жасау

-Жаттығулармен жұмыс

-ББҮ стратегиясымен қорытындылау

Сызбалар, мәтіндер

Жаттығулармен жұмыстанады. Талдау жасайды. Қорытынды жасайды.

Қазақ әдебиеті

Жинақтау сабағы

Өзіндік жұмыс

Қорытынды жасай алады. Сан есімнің мағыналық түрін меңгереді.

1

 

23.

Есімдік, мағыналық түрлері

-Топқа бөлу

-Ой қозғау

-Сұрақтар беру

- Тапсырмалар орындау

-Әдебиетпен байланыстыру

-Мәтін құрау

- Ойталқы

Жетондар,үлестірмелі қағаздар

Ойланады. Тапсырмалар орындайды. Мәтін құрап, пікір алмасады.

Орыс тілі, ағылшын, әдебиет

Сайыс сабақ

Өзіндік жұмыс

Ептілікке үйренеді.

Ойлау дағдысы артады. Күрделі тапсырмаларға жаттығады.

1

 

24.

Етістік, шақтары

-Кім жылдам?

-Сызбамен жұмыс

-Талдау

-Венн диаграммасы

-Тест

-Зерделі сұрақ

 

Интербелсенді тақта

Өлең жолдарын табады. Сызбаны сөйлетеді. Талдау жасап, салыстырады. 

Қазақ әдебиеті, математика

Сайыс сабақ

тест

Бір-бірін тыңдап, ұтымды жауап жауап айтуға дағдыланады.

1

 

25.

Үстеу, түрлері

- Сұрақтар беру

-Сызбамен жұмыс

- Мәтінмен жұмыс

-Семантикалық кестемен жұмыс

- СКТ

-Өз-өзін бағалау

Сызба,үлестірмелі қағаздар

 Сызба бойынша жұмыстанады. Үстеудің мағыналық түрлерін табады.

Өз-өзін бағалауға мән береді.

Қазақ әдебиеті

Жинақтау сабағы

Өзіндік жұмыс

Өз-өзін бағалайды. Үстеудің мағыналық түрін ажырата алады.

1

 

26.

Одағай.

-Сұрақтар беру

-Сызба жасау

- Мақал-мәтелмен жұмыс

- Мәтін құрау

-Ұшқыр жауап

-СКТ

-Тест

Шығармалар жинағы

Сызбаны сөйлетеді.

Сатылай кешенді талдау жасайды.

Қазақ әдебиеті

Жинақтау сабағы

Тест

Одағай  туралы білгендерін практикада қолдана алады.

1

 

27.

Шылау.

-Сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашу

-  Мәтіндерге талдау жасау.

-Мысалдар келтіру

Шығармалармен жұмыс

Кеспе қағаздар, мәтіндер жазылған топшама

Сұрақтарға жауап беріп,  талдау жасайды.

Қазақ әдебиеті

Қайталау сабағы

Өзіндік жұмыс

Тақырыпты ашады. Шығармашылығы шыңдалады.

1

 

28.

Тест жұмысы

-Тарауды қорытындылау

- Тест жұмысын беру

-Суммативті бағалау

 

Тест жұмысын орындайды.

 

Жинақтау сабағы

тест

Оқушы тарау бойынша жинақтаған білімін іске асыра алады.

1

 

29.

Сөз тіркесі

-Оқушы түсініктемесі

- Венн диаграммасы

Тапсырмалармен жұмыс

- Семантикалық кесте

- Сұрақтар беру

- Тест

Кесте, шығармалар жинағы

Оқушы өзі ізденеді. Салыстырады. Тапсырмаларды орындайды.

Тест жұмысымен қорытындылайды.

Қазақ әдебиеті

Білімді жинақтау сабағы

тест

Сөз тіркесінің бағыныңқы, басыңқы сыңарларын толық меңгереді.

1

 

30.

Сөйлем.  Түрлері.

-"Ой қозғау" стратегиясы

-Сызбамен жұмыс

-Талдау

-Мақал-мәтелмен жұмыс

- Салыстыру

 

Интербелсенді тақта

Ойланады.

Сызбаны толықтырады. Сөйлем түрлеріне талдау жасайды. Мақал-мәтелдердің мәнін ашады.

Ауыз әдебиеті

Білімді жинақтау сабағы

Өзіндік жұмыс

Сөйлем мүшелерін, жай сөйлемнің түрлерін мысалдар арқылы толық меңгереді.

1

 

31.

Сөйлем мүшелері

-Сұрақтармен пысықтау

- Әдеби шығармалардан үзінділер талдау

-Тұрлаулы мүшелерді табу

-Сөйлемді аяқтау

-Тест

Шығармалар жинағы

Әдеби шығарманың авторын тауып,  талдайды. Сөйлем мүшелеріне талдау жасап, тест жұмысын орындайды.

Қазақ әдебиеті

Жинақтау сабағы

Тест

Өткен шығармаларды еске түсіріп, сөйлем мүшелерін меңгереді.

1

 

32.

Бірыңғай мүшелер

- Мысалдар арқылы ереже шығару

- Кестемен жұмыс

-Талдау

-Бекіту

Кесте

Мысалдардан ереже шығарады.

Сөйлемдерді талдайды.

Мысалдарды аяқтап, түсіндіреді.

Қазақ әдебиеті

Жинақтау сабағы

Өзіндік жұмыс

Бірыңғай мүшелерді меңгереді.

1

 

33.

Тест жұмысы.

-Тарауды қорытындылау

- Тест жұмысын беру

-Суммативті бағалау

 

Тест жұмысын орындайды.

 

Жинақтау сабағы

тест

Оқушы тарау бойынша жинақтаған білімін іске асыра алады.

1

 

34.

Қорытынды сабақ.

- Барлық  өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар беру

- Тапсырмалармен жұмыстану

Кесте,интербелсенді тақта

Өтілген тақырыптар бойынша тыңғылықты дайындалып, жауап береді. 

Қазақ әдебиеті

Бекіту сабағы

Өзіндік жұмыс

Сауалдарға жауап бере алады. Тақырыпты меңгергендігін байқатады.

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ТАҚЫРЫПТЫҚ МАТЕРИАЛДАР

 

ҚАЗАҚ  ТІЛ  БІЛІМІ

Қазақ тіл білімінің зерттейтін үлкен 3 саласы бар. Олар: фонетика,  лексика,  грамматика

Олардың зерттейтін тақырыптары:

 ФОНЕТИКА

1. Дыбыс

1. дауысты дыбыс

2. дауыссыз дыбыс

2. Буын

1. ашық буын

2. тұйық буын

3. бітеу буын

3. Үндестік заңы

1. буын үндестігі

2. дыбыс үндестігі

4. Тасымал

5. Екпін

6. Орфоэпия

 

7. Орфография

1. фонетикалық принцип

2. морфологиялық принцип

3. дәстүрлі принцип

 

ЛЕКСИКА

1. Сөз мағынасы

1. тура мағына

2.ауыспалы мағына

3.көп мағына

4. синоним

5. омоним

6. антоним

2. Жалпы қолданыстағы сөз

3. Қолдану аясы шектеулі сөздер

1. кәсіби сөз

2. термин сөз

3. көнерген сөз

4. диалект сөз

5. тұрақты тіркес

6. табу сөз

7. кірме сөз

8. неологизм

9. нақыл сөз

10. мақал

 

 

 

ГРАММАТИКА

МОРФОЛОГИЯ

1. Сөз құрамы

 

1. дара сөз

 

1. түбір сөз

2. туынды сөз

 

2. күрделі сөз

1. қос сөз

2. біріккен сөз

3. қысқарған сөз

4. тіркескен сөз

2. Қосымша

1. жалғау

 

1.Көптік

2. Септік

3. Жіктік

4. Тәуелдік

 

2. жұрнақ

1. сөз тудырушы

2. сөз түрлендіруші

3. Сөз  табы

1. зат есім        6. үстеу

2. сын есім       7. шылау

3. сан есім        8. еліктеу сөз

4. есімдік          9. одағай

5. етістік

СИНТАКСИС

1. Сөз тіркесі

1. есімді

2. етістікті

2. Жай сөйлем

1. жақты (жақсыз)

2. жалаң (жайылма)

3. толымды (толымсыз)

4. атаулы

3. Құрмалас сөйлем

1. салалас

2. сабақтас

3. аралас

4. Сөйлем мүшелері

1. тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш)

2. тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш)

5. Пунктуация

6. Стилистика

 

 

ФОНЕТИКА (дыбыс – грек сөзі)

Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы.

ДЫБЫС  ЖӘНЕ  ӘРІП

Дыбыс – сөздің ең кішкене бөлігі. Дыбысты айтады және естиді.

Әріп – дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады және көреді.

   Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынын алфавит (әліпби) дейді.

Алфавит – грек сөзі

Әліпби – араб сөзі

Қазақ тіліндегі дыбыстар: а,ә,б,в,г,ғ,д,е,ж,з,и,й,к,қ,л,м,н,ң,о,ө,п,р,с,т,у,ұ,ү,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,ы,і,э  - 37

Қазақ  әліпбиіндегі  әріптер: а,ә,б,в,г,ғ,д,е,ё,ж,з,и,й,к,қ,л,м,н,ң,о,ө,п,р,с,т,у,ұ,ү,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,ь,ы,і,ъ,э,ю,я – 42

Қазақ тіліне тән дыбыстар:   ә, ө, і, ұ, ү, қ, ғ, ң, һ, (ы) – 10 (9)

 

ДАУЫСТЫ   ДЫБЫСТАР

      Сөйлегенде ауаның дауыс шымылдығынан кедергісіз, еркін шығуынан пайда болған дыбыстар дауысты дыбыстар  деп аталады.

(При образовании гласных звуков воздух проходит свободно, не встречая преграды в виде органов речевого аппарата.)

 

Қазақ тіліне тән дауыстылар:  ә, ө, ү, ұ, і

 

Дауысты дыбыстардың жіктелуі (классификация)

І.

Тілдің қатысына қарай

(по положению языка)

жуан

а, о, ұ, ы

жіңішке

ә, ө, ү, і, е

ІІ.

Еріннің қатысына қарай

(по участию губ)

еріндік

о, ө, ү, ұ, у

езулік

а, ә, ы, і, е, и

ІІІ.

Жақтың қатысына қарай (по степени раскрытия рта)

ашық

а, ә, о, ө, е

қысаң

ы, і, ү, ұ, у, и

Сөздік:

тіл білімі – языкознание                                       кедергісіз – без преграды

зерттейтін – изучающий (исследующий)          еркін – свободно, вольно

сала – раздел, отрасль                                          пайда болған – образовавший

бөлік – часть                                                           жуан – твердый

таңба – символ, знак                                             жіңішке - мягкий

ДАУЫССЫЗ  ДЫБЫСТАР

Сөйлегенде ауа кедергімен шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады.

(Согласные образуются при преодолении различного рода преград в разных участках речевог аппарата.)

Қазақ тіліне тән дауыссыздар: қ, ғ, ң, һ

 

Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі

І. Дауыстың (салдырдың) қатысына қарай

(по участию шума и голоса)

1. Қатаң – 12

п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ

2. Ұяң – 7

б, в, г, ғ, д, ж, з

3. Үнді – 7

1. мұрын жолды

м, н, ң

2. ауыз жолды

л, р, й, у

 

ІІ. Жасалу орнына қарай

(по месту образования)

1. Еріндік

1. еріндік

п, б, м, у

2. ерін мен тіс

Ф, в

2. Тіл

1. тіл алды

т, д, с, з, ш, щ, ж,

ц, ч, н, р, л

2. тіл ортасы

й, к, г

3. тіл арты

қ, ғ, ң, х

3. Көмейлік

һ

 

ІІІ. Айтылу жолына қарай

(по способу образования)

1. Шұғыл

п, б, т, д, к, г, қ, ц, ч, м, н, ң

2. Ызың

ф, в, з, с, ж, ш, щ, х, ғ, һ, л, й

3. Діріл

р

тән – специфический                                             еріндік - губные

дауыс – голос                                                           езулік - негубные

дауыс шымылдығы – речевой аппарат             ашық – открытый,  широкий

кедергі – преграда                                                  қысаң - узкие

салдыр – шум                                                          ауыз жолды - плавные

қатаң – глухие                                                         ерін мен тіс – губно-зубные

ұяң – звонкие                                                           тіл алды - переднеязычные

үнді – сонорные                                                       тіл ортасы - среднеязычные 

мұрын жолды – носовые                                        тіл арты – заднеязычные

көмейлік – гортанные                                             шұғыл – смычные

ызың – щелевые                                                       діріл - вибрант

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7. Үндестік заңы

Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен-бірі үйлесіп, ыңғайласып келіп отырады. Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып айтылып тұрады. Мысалы: балалар (балалер емес), үйлер (үйлар емес), ауылға (ауылге емес), көшеде (көшеда емес), т.б.

Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңғы дыбысының сипатына қарай бейімделіп жалғанады: мектепте (мектепде емес), үйге (үйке емес), жазда (жазта емес), т.б.

Сөйтіп, сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.

Үндестік заңы екі түрлі: а) буын үндестігі; ә) дыбыс үндестігі.

Буын үндестігі

Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингармонизм) деп атаймыз.

Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы: ата, ана, бақыт, баға, сана, намыс, егіз, өріс, төсек, кереге, кілем, т.б.

Дыбыс үндестігі

Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы: қаздар (қазтар емес), есептер (есепдер емес), әкеге (әкеке емес), мектебі (мектепі емес), қасығы (қасықы емес).

9. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

В) Үндестік заңына бағынатын сөздерді бір бағанға, бағынбайтын сөздерді екінші бағанға бөліп жазыңыз.

ұшқыш, көше, бүгін, бөлшек, дәріхана, елорда, өнерпаз, елші, пайдакүнем, сәнқой, баланікі, рольдер, депутат, қазметші.

Г) Жоғарыдағы үндестік зағына бағынбайтын сөздердің бағынбау заңдылығын түсіндіріңіз.Үлгі: депутат – үндестік заңына бағынбайды, кірме сөз.

Коммуникативті компетенциябойынша

Ғ)Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап ала алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.

Д) Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша

Ж) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Аурулар режімін, зиян келтіру мен қиянаттан бойымды аулақ ұстай отырып,

есіткенімді құпия есептеп, жан баласына айтпаймын.

Емдеу езінде, сондай-ақ емдемеген кезде де, адам өмірінің ішіндегі мүлдем жариялауға болмайтын жайларды көргенімді немесе

әдейі қиянат пен қастандық жасаудан, әсіресе әйелдер мен еркектер азат адамдар мен құлдар арасындағы махаббаттан аулақпын.

Қайсы үйге кірсем де аурудың қамын ойлаймын,

ең алдымен аурудың қамын ойлаймын.

Кез-келген адамға дәрігерлік көмегім қажет болғанда бас тартпай орындаймын,

адамгершілік атты ардан өзімді жоғары ұстаймын деп ант етемін.

Медицина жетістіктерімен үнемі танысып, дәрігерлік шеберлігімді үздіксіз дамытып,

шама-шарқымның барынша оларға пайдасы тиетіндей етіп жасаймын.

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

И) Төменде Мұқағали Мақатаевтың «Болашақ дәрігерге» өлеңі көзқарасыңызды білдіріңіз.

Тоқта-тоқта, ей, жігіт, аялдағын,

Қане, қалай жағдайын, баяндағын.

... Тәжирибе мектебін өтіп жүрсең,

Дәрігерлік кәсіпке таянғаның.

Енді алдыңда тұрады тірі жандар

Бірі сүйіп, кім білсін, бірі қарғар ...

Қимылдамай кірпігі жатса-дағы,

Байқағайсың, шықпаған тірі жан бар.

Кәсібіңнен кетпегей жеріп мүлде,

(Ақыл айтып кеттім-ау, желіктім бе)

Өлгендерді тірілтем деп ойлағай

Денесінен жан ізде өліктің де.

Жолың болсын, бара ғой, айналайын,

Айналайын, қорғаушым, қарағадайым!

Кәсібіңе мен сенің басымды ием,

Басымды ием, несіне арланайын...

 

9. Буын, бунақ, екпін

Буынның жасалуы. Буынға тән белгілер. Буынның түрлері. Буын жігі және тасымал. Буынның дыбыстық құрамы, сөздің буын құрамы. Қазақ тілінде буынның маңызы. Дыбыс жылысуы. Дыбыс жылысуы туралы түсінік. Дыбыс жылысуының себебі. Жылысатын дыбыс. Дыбыс жылысуынан пайда болатын заңға қайшы буындар. Дыбыс жылысуының орфоэпияға қатысы. Бунақ туралы түсінік. Бунақтың маңызы. Бунақтың құрамы. Қара сөз бен өлең бунақтарының ерекшеліктері. Бунақтың сөйлеудегі (орфоэпия) маңызы. Бунақтар жапсарын жаба, аша сөйлеудің туындайтын ерекшеліктер. Екпін туралы түсінік, екпінге көзқарас. Бунақ екпіні. Екпін және ырғақ. Ырғақтың маңызы. Екпін, ырғақтың сөз, бунақ мағынасын саралау қызметі.

Дыбыстардың үндестігі

Үндестік заңы. Дыбыстар мен буындардың үндесуі туралы түсінік. Үндестік – тілдің болмысынан туатын заң. Негізгі үндестік заңдардың түрлері, оның сыры. Сөздің құрамындағы буындардың бірыңғай жуан немесе жіңішке, еріндік болып үндесуінің себебі. Қатаң мен ұяң дауыссыздардың үйлесімсіздігі. Көрші дыбыстардың тіл табысуына әсер ететін факторлар. Үндестік заңның түрлері. Буын (тіл, ерін) үндесімі. Дыбыс (үйлестік, бейімдестік, бейүндестік) үндесімі. Дыбыстардың алмасуы – үндестіктің табиғатынан туатыны. Алмасу – дыбыс, буынның бірін-бірі игеруінің нәтижесі. Дыбыстық сәйкестік тіл заңынан тыс болатыны. Ықпал туралы түсінік. Ықпалдың түрі. Ықпалдың бағыты. Көрші буындар мен дыбыстардың үнемі ықпалдасып, бірін-бірі игеріп тұратыны. Игеру – ықпалдың нәтижесі. Толық және жартылай игеру. Артикуляциялық және акустикалық игеру. Акустикалық игерудің күшті болатыны. Игеру нәтижесінде акустика-артикуляциялық жақтан әр басқа дыбыстар алмасуға ұшырап барып тіл табысатыны.

Буын үндестігі

Тіл үндестігі –тілдің үнемді жұмысына негізделетіні. Буындардың бірыңғай жуан, жіңішке болып қиындасып  тұратыны. Бұл көнеден келе жатқан заң, қазіргі қазақ тілінде әсіресе байырғы сөздерде жақсы сақталған. Бунақ  ішіндегі аралас буынды сөздердің қайсыбірі бірыңғайланып кету себебі. Тілдегі аралас буынды сөздің негізінен кірме сөздер болып келетіні, олардың игерілмей қалуына «оқығандардың» (Халел), жазудың ықпалы. Орыс сөздерінің тіл үндестігіне қатысы. Қазіргі қазақтың аты-жөнінің айтылуы, жазылуындағы заңсыздықтар. Орыстың «-ов», «-ова», «-ич», «-овна»  — тіл үндестігіне қастандық екендігі. Осы заңға илікпейтін қосымшалар, оның себебі, кері ықпал. Ерін үндестігі – еріннің үнемді жұмысының нәтижесі. Ерін үнедстігі туралы түсінік. Ерін үндестігіне көзқарас. Еріндіктерді бас буында ғана жазу ережесінің авторы. Оның себебі, салдары. Қазақ тілінде де ерін үндестігінің күшті болғанына дәлелдер. Н.Ильминский, В.Радлов, П.Мелииоранский т.б. зерттеушілер еңбегіндегі ерін үндестігінің жайы. Ерін үндестігінің тілдік табиғатына қатысы. Еріндік, езуліктердің тіркесу ерекшіліктері – ерін үндестігінің көрсеткіші. Үнді у дауыссызының өзінен кейінгі қысаң дауыстылардың еріндік болуына ықпал жасауының себебі. Ерін үндестігінің дауыссыздарға етер әсері. Еріндіктердің езулікке айналуы.

Дыбыс үндестігі 

Бейімдестік (аккомодация) –дауысты дыбыстардың өзара тіл табысуы, үндесуі. Дауыстылардың әркез дауыссыздардың игеріп тұратыны. Дауыссыздардың да ықпалы болатыны. Сөз соңында, сөз басында келетін (қ, к, п) қатаңдарының алмасуға бейімділігі. Бұл қасиеттің т,с,ш ерме қатаңдарында жоқтығы, оның себебі. Бейімдестік кезінде қысаңдардың түсіп қалу құбылысы. Кейбір етістіктердің соңындағы езулік ы, і қысаңдарының у жұрнағының еріндікке айналуы. Кейбір п-ға аяқталатын етістіктерге көсемшенің -ып, -іп жұрнағы жалғанғанда у-ға айналу себебі. Сөз соңындағы қатаң қ,к,п-ның дауысты ықпалына илікпейтін тұстары, себебі. Үйлестік (ассимиляция) –дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жақтан үндесіп, тіл табысуы. Ілгерінді ықпал кезіндегі алмасулар, олардың сыры. Қатаңнан соң қатаң, ұяңнан соң ұяңның келу себебі. Қатаңдардың өзара үйлесімі кезінде болатын дыбыстық өзгерістер: кқ, сш, шс, тш, тс тіркестерінің фонологиялық табиғаты. Айтуда ұшырайтын өзгерістердің акустика-артикуляциялық сыры. Қатаңдар мен үнділердің, қатаңдар мен ұяңдардың және керісінше тіркесіп айтылуына ұшырайтын алмасулар, олардың сыры. Кейінді ықпал кезінде пайда болатын алмасулар. Кейінді ықпалда жасалымның, ілгері ықпалда айтылымның алға шығатыны, оның себептері. Бейүндестік (диссимляция), оның себебі. Оған көзқарас, түрлері.

Орфоэпия

Орфоэпия туралы түсінік Офоэпияның әдеби тілдегі орны, маңызы. Орфоэпияның зерттелуі. Орфоэпиялық норманың негізгі критерийлері. Оған көзқарас. Орфоэпияның халықтың ғасырлар бойғы сөйлеу практикасына негізділетіні. Қазақ орфоэпиясының қазіргі жай-күйі. Дауысты-дауыссыз дыбыстардың және кейбір сөздер мен қосымшалардың айтылуындағы ауытқулар. Дыбыстар үндесімі және орфоэпия. Дыбыстар тіркесі және  орфоэпия. Орфоэпия пен орфографияның арақатысы. Орфографиялық норма және орфоэпиялық норма критерийлері.  Тіліміздегі кірме сөздердің орфограммасы мен орфоэпиясы. Орфоэпиялық сөздіктер, олардың ұстанған принциптері. Дыбыстық үнедестіктердің, дыбыстық заңдардың сөздіктерде басшылыққа алыну дәрежесі. Сөздіктердің арасындағы алшақтықтар.

Графика

Графика туралы түсінік. Әріп – дыбыстың шартты таңбасы. Графика мен орфографияның арақатысы. Графика мен алфавит. Графиканың мақсаты – дыбыстарды дәл беру. Графема, фонема. Қазақ жазуының тарихы. Қазақ әріптерінің тарихы. Қазақ жазуы – фонемалық жазу. Әріптердің негізгі және қосалқы мәні. Бір мәнді, көп мәнді әріптер. Әріптердің аттары – әріп аттарының буын түрінде келу себебі. Әріптердің дыбыстық мәні. Жеке дыбысқа сай келетін әріптер, қосынды дыбыстарды таңбалайтын әріптер. Жеке дыбысқа сай келетін әріптер, қосынды дыбыстарды таңбалайтын әріптер. И, у, ю, я әріптерінің дыбыстық мәні.

Орфография

Орфография туралы түсінік. Қазақ орфографиясының тарихы. Қазақ орфографиясын қалыптастырудағы А.Байтұрсынұлының қызметі. Орфографияның негізгі принциптері. Морфологиялық принциптің артықшылықтары мен кемшіліктері. Фонетикалық принциптердің артықшылғы мен қиындықтары. Дәстүрлі принцип, оның қайшылықтары. Дифференциялаушы принцип. Қазақ тіліндегі дифференциялаушы принциптердің көріністері (үкімет-өкімет, ауа-әуе, уақиға-оқиға, ғылым-ілім, қазір-әзір т.б). қазақ орфографиясының негізгі принципі. Орфографиялық сөздіктер. Олардағы азын-аулақ ауытқудың түрлері, себептері. «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері». Оның құрылымы, мәні. Фонетикалық қиыншылықтар. Орфографияны жетілдіру жолдары. Фонетикалық талдау, оның мақсаты, мәні, мазмұны.

 

 

 

 

 

 

11. ЛЕКСИКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН САЛАЛАРЫ

Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы — тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикалык единицалардың (сөздердің) жиынтығынан тілдің сөздік кұрамы /лексикасы) кұралады. Әрбір тілдің сөздік кұрамындағы сөз-қаншама көп және алуан түрлі болғанмен, олар бір-бірімен байланысты, өз ара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және дамиды. Осыған орай, лексикологияда тілдің сөз-құрамы лексикалық жүйе ретінде құралады да, сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады.

Қатынас құралы ретіндегі тілдің сөздік құрамына және лексикалық единица ретіндегі сөздің табиғатына қатысты жалпы лингвистикалық проблемалар бар. Олардың қатарына тілдің лексика-семантикалық жүйесі туралы мәселе, тілдік единицалардың, ішінде сөздің алатын орны, сөзге тән басты белгілер, сөз бен ұғымының ара қатысы, сөздің лексикалық мағыналарының түрлері, сөздің лексикалық және грамматикалық мағына-ларының ара қатысы мен байланысы және т. б. мәселелер өнеді.
Бұлар лексикология теориясының жалпы проблемалары ретінде лексикологияда (общая лексикология) қарастырылады. Ал нақты бір тілдің лексикасы және оның ерекшеліктері жеке лексикологияда (частная лексикология) қарастырылады. Жалпы лексикология мен жалқы (жеке) лексикология бір-бірімен байланыста болады. Бұлай болатындығы мынадан: коғамдық құбылыс ретіндегі жалпы адам баласының тілін сипаттайтын жалпы заңдылықтар жеке, нақтылы тілге де тән болады. Мысалы қоғам дамуының барысында жаңа сөздердің жасалып, тілдің толығуы, дамуы, кейбір ескірген сөздердің одан шығып қалуы немесе өте сирек қолданылатын сөздерге айналуы — тіл атаулыға тән жалпы заңдылық. Сондай-ак, тілдің сөз мағынасының өзгеруі, көп мағыналы сөздердің жасалуы және синонимдік қатарлардын. пайда болуы — осылардың бәрі тілдердің барлығында да бар. Қатынас құралы, қоғамдық кұбылыс ретіндегі тіл атаулыға тән жалпы кұбылыстар мен заңдылықтар дүние жүзіндегі тілдердің арқайсысында (нақты, жеке тілдерде) түрліше (өзіндік ерекшелігімен) көрінуі мүмкін. Мысалы, дүние жүзіндегі тілдердін бәрі де туынды сөздер сөз тудырудың белгілі бір тәсілдері бойынша жасалады. Сөз тудырудың бір тәсілі — сөздерді біріктіру тәсілі. Сөз тудырудың біріктіру тәсілі әр түрлі тәсілдерде түрліше дәрежеде көрінуі және әрекет етуі мүмкін. Бұл тәсіл, мысалы, басқа тілдерге қарағанда, көбінесе неміс тіліне тән және неміс тілі үшін ең өнімді тәсіл болып саналады. Осыған орай, неміс тілінде біріккен сөздер өте жиі ұшырасады. Сөздердің қосарлану тәсілі түрлі тілдерде бар, әсіресе ол түркі тілдеріне өте-мөте тән. Осыған орай, басқа тілдерге қарағанда, қос сөздер түркі тілдерінің лексикасында анағұрлым мол. Омонимдер және олардың фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде, түбірге омонимдес аффикстердің жалғануы немесе сөздің семантикалық дамуы нәтижесінде жасалуы түрлі тілдерде кездесе береді. Аталған тәсілдердің ішінде аффикстердің жалғануы арқылы туынды омонимдердін жасалуы әсіресе орыс тіліне өте-мөте тән болып саналады. Орыс тілінде, осыған орай, түбір омонимдерге қарағанда, туынды омонимдер анағұрлым жиі ұшырасады. Бұл айтылғандар тілдің лексикасын сипаттайтын құбылыстар мен жалпы зандылықтар түрлі тілдерге тән екендігін және ол құбылыстар мен заңдылықтар нақтылы, жеке тілдерде олардың (тілдердің) өзіндік ерекшеліктеріне орайласып, түрліше көрініс табатындығын аңғартады.
Жалпы қатынас құралы ретіндегі тіл атаулының лексикалық жағына тән құбылыстар мен жалпылама заңдылыктар мен ұғымдар жалпы лсксикологияда қарастырылса, лексикалық құбылыстар мен жалпы зандылықтардың жеке, нақтылы тілдердің лексикасына икемделіп көрініс табуы және әрбір тілдің сөздік құрамы мен оның дамуы, өзіндік ерекшеліктері жалқы лексикологияда (жеке, нақтылы тілдің лексикологиясында) қарастырылады. Әрбір тілдің лексикологиясы (жеке лексикология) жалпы лексикологияның жалпы теориялық кағидаларына негізделеді де, нақты бір тілдің лексикасын зерттейді.
Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан «немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі тұрғысынан қарауы мүмкін. Осыған орай, лексикология тарихы (диахрониялық) лексикология және сипаттама (синхрониялык) лексикология болып бөлінеді. Тарихи лексикологияда тілдің сөздік құрамы шығуы, замандар бойында қалыптасуы және дамуы, лексиканы құрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттелінеді. Ал сипаттама немесе синхрониялық лексикологияда, мысалы «Қазіргі орыс тілі», «Қазіргі ағылшын тілі», «Қазіргі қазак тілі» атты пәндердің лексикология білімдерінде, аталған тілдердің (орыс, ағылшын, қазақ тілдерінің) лексикасының осы заманғы қалпы, сөздің мағыналық кұрылымы, лексиканы құрастырушы арналар мен қаткабаттар, сөздердің активті және пассивті топтары, сөздік құрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалық жақтан дифференциалануы, сөздердің қолданылу аясы, мағыналардың қарым- қатынасына қарай сөздердің топтасуы (синонимдер, чомонимдер, антонимдер) және т. б. мәселелер қарастырылады.
Қазіргі тілдің сөздік кұрамы бір-бірімен байланысты өзара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және уақыт бойында толығу, даму күйінде болады. Демек, синхрониялық лексикологияда тілдің сөздік құрамы өзара байланысты элементтердін лексикалық жүйесі тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге дамуы тұрғысынан да қаралуы керек. Осыған орай, сипаттама (синхрониялық) лексикологияда, қажет болған жағдайда тарихи мәліметтер мен түсініктер де беріледі. Мұндай тарихи мәліметтер мен түсініктер қазіргі тілдегі лексикалық құбылыстардың табиғатын жете түсінуге көмектеседі. История' принципі диахрониялық лингвистика үшін ғана емес (бұл түсінікті аксиома), синхрониялық лингвистика және барлық салалары, сонын, ішінде сипаттама (синхрониялық лексикология үшін де өте-мөте қажет. Сипаттама лекситарихи лексикологияны, әрине, ауыстыра алмайды . Бұл жерде әңгіме сипаттама лексикологияда тілдік сөздік кұрамының қазіргі қалпын және даму сипатын ғылыми тұрғыдан ашып айқындауда кажетінше деректерге сүйенудің маңызы жайында болып отыр. Тарихи лексикологияның бір саласы — этимология. Этимологиялық сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашкы мағынасын қандай болғандығын айқындайды. Этимология зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы өте күшті.
Тілдің тарихы мен ондағы сөздердің тарихы халықтың тарихымен тығыз байланысты болады. Осыған орай, сөздердің шығудағы этимологиялық зерттеулер тарихи және этногенетикалық мәселелерді қарастырып шешуде айрықша маңызға ие болады. Сөздер бір тілден басқа бір тілге ауысып этимологиялық зерттеулер белгілі бір тілдің ерте замандарда енген кірме сөздердің ену жолдарын да қарастырады. Көне замандарда бір тілге еніп, әбден қалыптасып кеткен кірме сөздер.

 

12. Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.

Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).

Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру,

16. Омонимдер(гр. homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.

Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.

1.     Ат — жұмыс көлігі;

2.     Ат — есім, атау;

3.     Ат — етістік (бұйрық рай).

Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.

Қас деген төрт сөз бар:

1.     қас — адамның қабағындағы қас;

2.     қас — дұшпан, жау;

3.     қас — бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы);

4.     қас — ердің қасы

Бұлар да — бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке cөздер.

Кейде сөздердің ауызша айтылуында бірнеше сөздердің айтылу, естілу ұқсастығы болады. Мысалы: осы жер деген сөздерді айтқанымызда, ош шер болып айтылады, сол сияқты, тұзшы мен тұщы және асшы мен ащы сияқты сөздер де кездейсоқ деп саналады.

Омонимдердің семантикалық айырмашылықтары контексттен көрінеді.

1.Синоним- мағынасы жағынан бір-біріне жақын сөздер. Мысалы: Қысқа-келте-шолақ; мықты - берік-күшті; сыйлау-қадірлеу-құрметтеу.
2.Антоним-тіліміздегі кейбір сөздердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. М: ұзын-қысқа, жеңіл-қиын, қара-ақ, ыстық-жылы.
3.Омоним-тіліміздегі кейбір сөздердің дыбысталуы бірдей болғанымен, мағыналары бөлек сөздер. М: Ай- түнде жарық сәуле беріп тұратын планета. Ай- жылдың 12-ден бір бөлігін қамтитын мезгіл.
Ара-жәндік, ара-құрал.

18. Сөзжасам орыс. словообразованиетіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына - атаудың кешенді бірлігін қарастырады.

Сөзжасамның тәсілдері:

Семантика-фонетика – кей дыбыстардың сәйкесуі нәтижесінде жаңа сөз жасау мүмкіндігі;

1.     Семантикалық сөзжасамдық – сөз тұлғасы өзгермей-ақ, жаңа мағыналы туынды сөздің жасалуы;

2.     Семантика-синтетикалық сөзжасамдық – негізге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы екіншілік мағынаның туындауы;

3.     Семантика-аналитикалықнегіздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті.

Бір-екі буынды сөздермен салыстырғанда, аналитикалық жолмен жасалған туынды атауларда (тұрақты тіркестерде) ұлттық танымның сипаты айқын көрінеді. Жалпы мағынаның жіктелуінен жеке мағына туындағанда, жалпының негізгі белгілік мәні жекеге көшеді де, атаудың номинативтік мағынасында сақталады. Атау заттың қасиет-белгісінің бар мәнін ашпайды, ерекше белгісін айқындайды. Жеке мағыналы атаулар өздерінің негізгі, өзек мағыналары арқылы жүйеленіп, бір семантикалық өрісті құрайды. Сөзжасамның жүйелілігі оның кешенді бірліктерінің болуымен байланысты. Сөзжасамның кешенді бірліктері мыналар: Сөзжасамдық тұлға, Сөзжасамдық ұя, Сөзжасамдық мағына, Сөзжасамдық үлгі, Сөзжасамдық қалып, Сөзжасамдық тізбек, Сөзжасамдық жұп, Сөзжасамдық саты, Сөзжасамдық тарам, Сөзжасамдық байланыс. Сөзжасамдық тұлғалардың бір-бірімен түрлі тәсілдер негізінде бірігуі, қосарлануы, жалғануының өзіндік ішкі заңдылығы болады, ол сөздердің синтагматикалық байланысу жүйесі негізінде іске асады. Әрбір Сөзжасамдық тұлға кез келген Сөзжасамдық тұлғамен жалғанып не қосарланып кете алмайды. Сөзжасамдық тұлғалардың жаңа мағына жасауы – күрделі процесс.

Туынды сөздің екінші мағынасы құрамындағы негіз сөздердің мағынасы арқылы жасалғанымен, оның мағынасы толық қамтылмайды, тек өзі таңбалайтын денотат не сигнификаттың белгісі мен қасиетіне қатысты семаны алып, метафоралану немесе ауыспалылық яки фразеология мән алу арқылы өзінің ерекше семасын қалыптастырады. Туынды сөздің екіншілік мағынасы негіз сөздердің тура мағынасы не ауыспалы мағынасы арқылы метафоралануы мүмкін. Мысалы, ақ алмас, ақ бата, ақ пейіл, ақберен, аққұлақ, аққұман, ақорда, ақөлең, ақсауыт, ақ сүтін кешті, ақтабан шұбырынды, ақтұйғын, ақ тілек, т.б. туынды сөздердің мағыналары ақ сөзінің өзек семасы арқылы негізделіп, ауыспалы мәнге ие болған. Туынды сөздердің құрамындағы мағыналық реңді айқындау үшін оларды денотаттық(заттық), сигнификаттық (ұғымдық), коннатациялық (бейнелік) ұғымды білдіретін атаулар деп бөледі. Фразеологизмдердің қалыптасуында ұлттық негіз басым, сөз тіркесінің жасалуында семантикалық негіз бар.

19. Жұрнақжалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша. Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:

1.     сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы-шы”, “біл-ім”, “жасы-қ”, “таға-ла”;

2.     сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г)-ірек”, “сары-лау”, “сары-рақ”, “жаз-ып”, “жаз-ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет-ретімен жалғанады.

Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды сөзге де жалғанады (“бас-шы”, “басшы-лық”, “ұйы-м”, “ұйым-дас-тыр-у-шы”). Жұрнақ құрамы мен қолданылу ерекшеліктеріне қарай да бірнеше топқа жіктеледі. Мысалы, жалаң, құранды, көп мағыналы, дара мағыналы, омонимдес, синонимдес, көне, жаңа, т.б. жұрнақтар. Шығу тарихы жағынан кейбір жұрнақтар жеке сөздердің көмекші морфемаға айналуынан пайда болған. Мысалы, “баратын”, “келетін” деген сөздердің құрамындағы “-тын/-тін” жұрнақғы “тұрған” деген сөздің өзгеріске ұшырап, ықшамдалуынан (“бара тұрған – баратын, “келе тұрған – келетін”) жасалған. Жұрнақтардың бір тобы өзі жалғанған сөздердің мағынасын, түбірдің грамматикалық сипатын өзгертуі жағынан сөзжасам қосымшаларына жақын да, бір тобы жалғауларға жақын. Сондықтан олардың бір түрі модификациялық жұрнақтар, екінші түрі таза грамматикалық жұрнақтар деп қарастырылып жүр. Модификациялық жұрнақ жаңа мағыналы сөз тудырмағанмен, түбірге қосымша грамматикалық мағына үстеумен бірге түбір сөздің лексикалық мағынасына семантикалық реңк қосады. Қазақ тілінде модификациялық жұрнақтарға зат есімнің реңдік мәнді жұрнақтары, сын есімнің шырай жұрнақтары, реттік сан есім жұрнақтары, етістіктің етіс, күшейтпелі етістік, болымсыз етістік жұрнақтары жатады. Ал грамматикалық немесе категориялық жұрнақтар өзі жалғанған түбірге таза грамматикалық мағына үстеп, белгілі бір сөз табындағы түрленуінің көрсеткіші болады. Мысалы, есімше, көсемше, рай, шақ тұлғалары етістіктің түрлену көрсеткіштері болып табылады.[2]

Қосымша[1] – түбірге жалғанып, оның лексикалық немесе грамматикалық мағынасын өзгертетін, сөздерді өзара байланысқа түсіретін морфема. Мағыналық, тұлғалық дербестігі, арнаулы лексикалық мағынасы жоқ. Сөздерден бөлек, жеке қолданыста болмайды, түбір сөзге тіркесіп қана қолданылады. Қосымшалар түбірге белгілі бір грамматикалық категорияларға тән заңдылықтар бойынша жалғанады. Түбір сөзбен дыбыстық, әуездік жағынан үйлесіп тұрады. Бір қосымша әр түрлі түбірге жалғанғанмен, түрлі мағына бермейді. Мысалы, кел-ді, тұр-ды, айт-ты, кет-ті; ауыл-ға, жер-ге, ат-қа, т.б. Қазақ тілінде мағыналық және қолданыс ерекшеліктеріне қарай жұрнақ және жалғау болып бөлінеді

Жалғау – өзі жалғанған сөзін екінші сөзбен қарым-қатынасқа түсіріп, сөз бен сөзді байланыстырып, жалғастырып тұратын грамматикалық тұлға. Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар: 1) көптік жалғау; 2) тәуелдік жалғауы; 3) септік жалғауы; 4) жіктік жалғауы.

Көптік жалғаулары: -лар/лер, -дар/дер, -тар/тер өзі жалғанған сөздерге көптік мағына береді. Көптік жалғаулары буын үндестігі бойынша жалғанады.

Көптік жалғауының буын үндестігі бойынша жалғануын төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады.

С Ө З Д Е Р

Ж А Л Ғ А У Л А Р

Дауысты дыбыстарға;

үнді р, й, у дыбыстарына аяқталса

-лар, -лер

Ұяң дыбыстарға;

үнді м, л, н, ң дыбыстарына аяқталса

-дар, дер

Қатаң дыбыстарға;

Орыс тілінен енген б, в, г, д дыбыстарына аяқталса

-тар, -тер

Көптік жалғауы мынандай жағдайда жалғанбайды:

1. Жеке даралап санауға келмейтін заттардың аттарына: қант, су, шаш, тұз, май, бидай, күріш, мақта, т.б.

2. Халық, ру, ел аттарына: найман, қазақ, арғын, өзбек, татар т.б.

3. Адамның ішкі сезімін білдіретін дерексіз зат есімдерге: қуаныш, тілек, ақыл, парасат, жақсылық, мейірім, ізеттілік, көмек, жолдастық т.б.

4. Алдынан сан есім келген зат есімдерге: жеті нан, жиырма оқушы, алпыс балуан, тоқсан жылқы, мың қой, сексен түйе т.б.

5. Алдынан көп, аз, бірталай, қыруар сияқты сөздер тіркесіп келген зат есімдерге көптік жалғауы жалғанбайды: көп адам, қыруар қаржы, бірталай уақыт, аз жұмыс, әлденеше оқушы, бірнеше кітап т.б.

Тәуелдік жалғау – үш жақтың біріне меншіктілікті білдіретін грамматикалық категория. Сөздердің тәуелдік жалғауын қабылдауы тәуелдену деп аталады.

Тәуелдіктің екі түрі бар: 1) Оңаша тәуелдеу бір не бірнеше заттың бір адамға ғана меншікті екенін білдіреді. Мысалы: менің арманым, сенің мақсатың, оның пікірі, сіздің ойыңыз.

2) Ортақ тәуелдеу бір не бірнеше заттың бірнеше адамға меншікті екенін білдіреді. Мысалы: Біздің досымыз, олардың заттары, сендердің кітаптарың, сіздердің інілеріңіз.

3)

ОҢАША ТӘУЕЛДЕУ

ОРТАҚ ТӘУЕЛДЕУ

Менің анам, кітаптарым

Сенің анаң, кітаптарың

Сіздің анаңыз, кітаптарыңыз

Оның анасы, кітаптары

Біздің ініміз, кітаптарымыз

Сендердің інің, кітаптарың

Сіздердің ініңіз, кітаптарыңыз

Олардың інісі, кітаптары

Тәуелдік жалғауы негізінен зат есімге жалғанады, сондай-ақ заттанған басқа сөз табына да жалғанады. Мысалы, біз бесеуміз, көзінің ағы мен қарасы, т.б.

Тәуелдік жалғауы -нікі, -дікі, -тікі түрінде де кездеседі. Мысалы, Семейдікі, кітапхананікі, Тілектікі, т.б.

Септік жалғау – сөздерді бір-бірімен байланыстырып, жалғастырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіріп тұратын қосымшаның түрі. Сөздердің жалғауларды қабылдап, өзгеру жүйесі септеу немесе сөздердің септелуі деп аталады. Қазақ тілінде жеті септік бар. Олар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.

Септік деген термин – сеп, жәрдем, көмек, дәнекер деген ұғымды білдіретін сөздер.

Әрбір септіктегі сөз белгілі бір сұрақтарға жауап береді. Сұраққа сәйкес әр септіктің арнаулы қосымшалары болады, олар септік жалғаулары деп аталады. Септік жалғаулары әр сөзге буын және дыбыс үндестігіне байланысты әртүрлі нұсқада жалғанады.

СЕПТІКТЕР

СҰРАҚТАРЫ

СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫ

Атау септік

Ілік септік

Барыс септік

Табыс септік

Жатыс септік

Шығыс септік

Көмектес септік

Кім? Не?

Кімнің? Ненің?

Кімге? Неге?

Кімді? Нені?

Кімде? Неде? Қайда?

Кімнен? Неден? Қайдан

Кіммен? Немен?

жалғауы жоқ

-ның/нің, -дың/дің, -тың/тің

-ға/ге, -қа/ке, -на/не, -а/е

-ны/ні, -ды/ді, -ты/ті, -н

-да/де, -та/те,-нда/нде

-нан/нен, -дан/ден, -тан/тен

-мен, -бен, -пен, -менен,

-пенен, бенен

Септеудің екі түрі бар: 1) жай септеу; 2) тәуелді септеу.

1) Жай септеу – септік жалғауының түбір сөзге бірден жалғануы.

Жай септеу үлгісі:

Атау септік – кім? не? Дос, әке, гүл

Ілік септік – кімнің? ненің? Достың, әкенің, гүлдің

Барыс септік – кімге? неге? Досқа, әкеге, гүлге

Табыс септік – кімді? нені? Досты, әкені, гүлді

Жатыс септік – кімде? неде? Доста, әкеде, гүлде

Шығыс септік – кімнен? неден? Достан, әкеден, гүлден

Көмектес септік – кіммен? немен? Доспен, әкемен, гүлмен

2) Тәуелді септеу – септік жалғауының тәуелденген сөзге жалғануы.

Тәуелді септеу үлгісі:

Атау – Кімім? Кімі? Нем? Досым, әкесі, гүлім

Ілік – Кімімнің? Кімінің? Немнің? Досымның, әкесінің, гүлімнің

Барыс – Кіміме? Кіміне? Неме? Досыма, әкесіне, гүліме

Табыс – Кімімді? Кімін? Немді? Досымды, әкесін, гүлімді,

Жатыс – Кімімде? Кімінде? Немде? Досымда, әкесінде, гүлімде

Шығыс – Кімімнен? Кімінен? Немнен? Досымнан, әкесінен. гүлімнен

Көмектес – Кіміммен? Кімімен? Неммен? Досыммен, гүліммен, әкесімен

Жіктік жалғау бастауыш пен баяндауышты жақ және шақ жағынан қиыстыра байланыстырады. Сөздерге жіктік жалғаудың жалғануы сөздің жіктелуі деп аталады. Жіктік жалғауы жалғанған сөз сөйлемде негізінен баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы, Мен гимназия мектебінің оқушысымын.

Қазақ тілінде есім сөздер де, етістік те жекеше және көпше түрде жіктеледі.

ЖЕКЕШЕ ТҮРДЕ ЖІКТЕУ

КӨПШЕ ТҮРДЕ ЖІКТЕУ

Мен азаматпын, отырмын

Сен азаматсың, отырсың

Сіз азаматсыз, отырсыз

Ол азамат, отыр

Біз азаматпыз, отырмыз

Сендер азаматсыңдар, отырсыңдар

Сіздер азаматсыздар, отырсыздар

Олар азамат, отыр

Сөзге қосымшалардың жалғануының орын тәртібі болады. Жұрнақ сөз тудыратын және оны түрлендіретін бөлшек болғандықтан, үнемі түбірден кейін, жалғаулардан бұрын жалғанады. Жалғау сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша түрі болғандықтан, сөздің соңында келеді. Мысалы, үгіт+ші+лер+іміз+дің, кітап+хана+шы+лар+ымыз+бен, жапырақ+ша+лар+ы+ның, көл+шік+тер+де, т.б.

21. Сын есім заттың сындық, сапалық қасиеттерін білдіретін, сындық ұғым атауы болатын сөздер. Сұрағы – қандай? қай?

Сын есімнің негізгі белгілері

Белгілері

Мысалдар

Сұрағы

Түрі

Түсі

Дәмі

Салмағы

Сапасы

Көлемі

Күйі

Затқа қатысы

дөңгелек (шар)

көгілдір (тау)

қышқыл (алма)

ауыр (жүк)

жұмсақ (нан)

үлкен (тас)

құрғақ (ауа)

шеткі (үй)

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қай?

Сын есім құрамына қарай: 1) дара; 2) күрделі болып екіге бөлінеді.

Дара сын есім бір ғана негізгі немесе туынды түбірден тұрады. Мысалы, терең, шыдамды, удай, тәтті, тебеген, білімді, бойшаң, әдеби, т.б.

Күрделі сын есім: төмендегідей жолмен жасалады.

1) сөздердің қосарлануы: апалы-жезделі, мая-мая, жап-жасыл, аппақ, көкпеңбек, тәп-тәтті, тап-таяз, жұп-жуас, т.б.

2) сөздердің тіркесуі: қоңыр ала, бидай өңді, торы төбел, тым ұзақ, қою қалың қара, ақ шулан, ақ шабдар, т.б.

Сын есім жасалуына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі сын есім; 2) туынды сын есім.

Негізгі сын есім ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде болады. Мысалы, көк, сыпайы, кермек, жабайы, таза, шабан, асау, жеңіл, т.б.

Туынды сын есім екі түрлі жолмен жасалады: 1) есім сөздерге жұрнақ жалғану арқылы; 2) етістікке жұрнақ жалғану арқылы.

Туынды сын есімнің жасалуы

Есім сөзден сын есім жасайтын жұрнақтар

Мысалдар

-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті

-сыз, -сіз

-ғы, -гі, -қы, -кі

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік

-шыл, -шіл

-шаң, -шең

-дай, -дей, -тай, -тей

-кер, -гер

-қой, -қор

-паз, -імпаз

-и, -ы, -і

Таулы, өнерлі, орманды, көрікті

Ормансыз, еңбексіз, ағашсыз

Қысқы, төменгі, ішкі, жазғы

Балалық, адамдық, жігіттік, жолдастық

Ойшыл, еңбекшіл.

Ашушаң, көйлекшең, сөзшең

Үкідей, жолбарыстай, баладай.

Найзагер, табыскер, әдіскер.

Әзілқой, еңбекқор, әуесқой.

Өнерпаз, жеңімпаз

Әдеби, алтайы, түркі.

 

Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар

Мысалдар

-ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек

-ық, -ік, -қ, -к

-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш

-ғыр, -гір, -қыр, -кір

-шақ, -шек

-ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі.

-ынды, -інді, -нды, -нді

-малы, -мелі, -палы, -пелі, -балы, -белі

-ымды,- імді, -мды, -мді

-аған, -еген

-улы, -улі

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе

Жабысқақ, тайғақ, бөлек,

Тұнық, бітік, сирек, ақсақ

Жүзгіш, айтқыш, жазғыш.

Алғыр, білгір, өткір, тапқыр.

Тартыншақ, сүріншек.

Басыңқы, салбыраңқы.

Жуынды, үйінді, жасанды.

Асырмалы, жаппалы, үрмелі, көшпелі.

Төзімді, қонымды, келісімді.

қап(б)аған, теп(б)еген.

Байлаулы, ілулі.

Бояма, қызба, еспе, бұрма

Сын есім мағынасына қарай екіге бөлінеді: 1) сапалық сын есім; 2) қатыстық сын есім.

Сапалық сын есім сын есімнің тікелей өзі, яғни заттың түр-түсін, сын-сапасын анықтайды. Мысалы, жасыл (алқап), сарғыш (гүл), тәп-тәтті (алма), жаман (әдет), жақсы (қасиет), ұзын (көше), биік (тау), терең (өзен), жуас (жылқы), асау (тай), т.б.

Қатыстық сын есім заттың сын-сипатын басқа сөз табының қатысы арқылы білдіреді. Мысалы, орманды алқап, гүлді өңір, алмалы бақ, әдепті қыз, қасиетті адам, құдіретті сөз, ақылды бала, дәмді тағам, өнерлі оқушы, салмақты мінез, шөлейт дала, шексіз аспан, т.б.

Сын есімнің түрленуі – оның шырай формасына енуі.

Шырай – тек сын есімге тән форма. Бір тектес заттардың сапалық белгісінің не артық, не кемдігін, сапа белгісінің әртүрлі дәрежеде болу қасиетін білдіреді.

Сын есімнің екі түрлі шырайы бар:

1. Салыстырмалы шырай біркелкі сындық белгінің бірінен екіншісінің артық немесе кемдігін салыстыру арқылы көрсетеді. Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақ түрлері:

2. Күшейтпелі шырай біркелкі сындық белгінің бір-бірінен не өте артық, не өте кем екенін көрсетеді.

Күшейтпелі шырайдың жасалуы:

1) Сапалық сын есімнің алдына күшейтпелі буындардың үстелуінен жасалады: әп-әдемі, жып-жылы, сеп-семіз, тап-таза, үп-үлкен, көкпеңбек, аппақ, т.б.

Күшейтпелі шырай жасаушы буындар дефис (-) арқылы жазылады, тек аппақ, көкпеңбек сөздері бірге жазылады.

2) Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, орасан, өңшең, кіл, кілең күшейткіш үстеулерінің тіркесуі арқылы жасалады. Бұл күшейткіш үстеулер сапалық сын есімнің алдынан бөлек жазылады. Өте әдемі, тым биік, аса терең, ең мықты, тіпті ұзақ, нағыз шешен, орасан шыдамды, өңшең жүйрік, кілең күшті, т.б.

Шырай жасауға негіз болатын – сапалық сын есімдер.

1. Қосарлану, қайталану негізінде жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады: жақсылы-жаманды, биік-биік, үлкен-кіші.

2. Күшейткіш буын арқылы жасалған күрделі сын есімдер де дефиспен (-) жазылады: жап-жақын, үп-үлкен, сұп-суық. Тек ақ, көк сөздерінен жасалған күрделі сын есімдер бірге жазылады: аппақ, көкпеңбек.

3. Тіркесу арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлек жазылады: қара көк, сары ала, қызыл шырайлы, ат жақты, қою қара сақалды, ұзын бойлы, т.б.

4. Күшейткіш үстеу арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлек жазылады: ең әдемі, шымқай қара, тым аласа, кілең жүйрік, орасан зор, өте ақылды, т.б.

1. Сын есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – анықтауыш.

Біп-биік тау шыңы көгілдір аспанмен тілдесіп тұрғандай.

Қандай тау? Біп-биік тау. Қандай аспанмен? – Көгілдір аспанмен.

Сын есім ілік септікте тұрып, заттанып келіп те анықтауыш болады. Жақсының (кімнің?) сөзі балдай, Жаманның (кімнің?) сөзі удай (мақал).

2. Жіктік жалғауын меңгерген сын есім сөйлемнің баяндауышы болады. Туған жер, сен неткен көріктісің. Сіз осы әулеттің үлкенісіз.

3. Сын есім етістіктің алдында тұрып, қалай? деген сұраққа жауап берсе, пысықтауыш болады. Үйдің ауласындағы заттар ұқыпты жиналыпты. Сөйлеушің судай есілген, тыңдаушың бордай езілген.

4. Сын есім көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді. Бұл жалғауларды жалғаған жағдайда сын есім зат есімнің орнына жүреді. Сын есімнің зат есім орнына жұмсалуын сын есімнің заттануы – субстантивтенуі дейді. Ақылды (кім?) байқап сөйлейді, ақымақ (кім?) шайқап сөйлейді. Ақылды, ақымақ (адам) – бастауыш. Еріншектің (кімнің?) ертеңі бітпес. Еріншектің (адамның?) – анықтауыш.

5. Сын есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің жалғауын меңгеріп, заттанып, толықтауыш қызметін атқарады. Жақсымен (кіммен?) жолдас болсаң, жетерсің мұратқа. Жаманмен (кіммен?) жолдас болсаң қаларсың ұятқа. Білімдіден (кімнен?) үйрен. Үлкенге (кімге?) құрмет, кішіге (кімге?) ізет. Жасы кіші болса да, ақылдыны (кімді?) аға тұт. Жақсыда (кімде?) жаттық жоқ.

22. Сан есім – заттың санын, саналу ретін, мөлшерін білдіретін сөз табының бірі. Сұрақтары: қанша? неше? нешеу? нешінші? Жамбыл жүз жас жасаған. (Неше жас? Жүз жас). Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді. (Нешеу? – төртеу, алтау).

Сан есім құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара сан есім; 2) күрделі сан есім.

1. Дара сан есім – бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер. Мысалы, үш, оныншы, елудей, ондаған, жүз, алтау, мыңдаған, оннан, миллионыншы, алпыстап, жүздеп, т.б.

2. Күрделі сан есім:

а) екі немесе одан да көп түбірдің тіркесуінен: жиырма бес, қырық шақты, сексен алты, тоғыз бүтін алтыдан үш, үш ширек, жүз мыңдай, т.б.

ә) сөздердің қосарлануы мен қайталануынан: екі-екіден, жеті-сегіз, бес-алты, тоғыз-тоғыздан, жиырма-отыздай, бір-бірден жасалады.

б) сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі сан есімдер: сексен – сегіз он, тоқсан – тоғыз он

Сан есімдер мағынасына қарай алты түрге бөлінеді:

1. Есептік сан есім заттың нақты санын, есебін білдіреді. Сұрағы: қанша? неше? Есептік сан есім дара: төрт, жетпіс, мың, сегіз, бес, тоғыз; күрделі: алпыс үш, жетпіс тоғыз, он бес, отыз жеті, қырық тоғыз болып келеді. Есептік сан есім сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.

2. Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді.

Есептік сан есімге төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы реттік сан есім жасалады:

-ыншы –қырық тоғызыншы, алпысыншы, оныншы, т.б.

-інші – отыз бесінші, үшінші, елуінші, жүзінші, т.б.

-ншы – алпыс алтыншы, алтыншы, т.б.

-нші қырық екінші, жетінші, т.б.​​​​​​​

3. Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын көрсетеді. Сұрағы: нешеу? Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі сан есімге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа аяқталған екі, алты, жеті сан есімдеріне -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдегі соңғы дауысты дыбыс түсіп қалады: екі+еу→екеу, алты+ау→алтау, жеті+еу→жетеу.

4. Болжалдық сан есім заттың санын дәл білдірмейді, шамамен болжап көрсетеді. Сұрағы: қанша? неше? қай шамалы? қаншадан?

Болжалдық сан есімнің жасалу жолдары:

а) жұрнақ арқылы: -лаған – жиырмалаған, -леген – елулеген, -даған – мыңдаған, -деген – жүздеген, -таған – қырықтаған, -теген – жетпістеген;

-лап – жиырмалап, -леп – елулеп, бір-бірлеп, екеулеп, -дап – отыздап,

-деп – жүздеп, -тап – алпыстап, -теп – жетпістеп;

-дай – тоқсандай, мыңдай, -дей – екі жүздей, -тай – қырықтай, -тей – жетпіс бестей, т.б.​​​​​​​

ә) Есептік сан есімдерге көптік жалғауы мен барыс, жатыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Жасы қырық+тар-да, сағат алты+лар-ға шақырды, т.б.​​​​​​​

б) Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Отыз-отыз бес, екі-үш, елу-алпыстай, жүз-жүзден, т.б.​​​​​​​

в) Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады: елу шамалы, он шақты, мың қаралы, жетіге таман, алпысқа тарта, отызға жуық, сексенге жақын, т.б.​​​​​​​

5. Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді де, нешеден? қаншадан? сұрақтарына жауап береді.

Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, дара түрде: үштен, қырықтан, жүзден, тоқсаннан, алтыдан, сексеннен, үшеуден; күрделі түрде: он екіден, жиырма алтыдан, қырық бестен, екі жүз оннан, т.б.​​​​​​​ Қосарланған түрде: бес-бестен, бес-алтыдан, жиырма-жиырмадан, екеу-екеуден, т.б.​​​​​​​

6. Бөлшектік сан есім заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер екі түрде қолданылады:

а) жай бөлшек: оннан бес, тоғыздан үш, үштің бірі, т.б.​​​​​​​

ә) ондық бөлшек: үш бүтін оннан бір, жеті бүтін төрт ондық, (7,04), он бүтін мыңнан екі жүз алпыс тоғыз (10, 269), т.б.​​​​​​​

1. Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады: жетпіс жеті, он екінші, мың тоғыз жүз сексен алты, он алтыдан, т. б.

2. Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғау дефис арқылы жалғанады: 13-ке, 7-ден, 63-ке.

3. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, --ншы, -нші жұрнағының орнына дефис қойылады: 11-сынып, 2-қатар, 16-орын, 51-тапсырма, 7-бөлме, т.б. ал рим цифрымен берілсе дефис қойылмайды. Мысалы, ХІ сынып, ХХІ ғасыр, ІV том, т.б.​​​​​​​

4. Екі, алты, жеті сандарына жинақтық сан есімнің -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда түбірдің соңындағы ы, і дауысты дыбыстары түсіп қалады: екі – екеу, алты – алтау, жеті – жетеу.

5. Цифрмен жазылған сан есімдерге болжалдық сан есімнің қосымшалары дефис арқылы жалғанады: 100-деп, 5-те, 6-ларда, 1000-даған, 70-тей, т.б.​​​​​​​

6. Қосарлану арқылы жасалған болжалдық сан есімдер сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да арасына дефис қойылады: екі-үш бала (2–3 бала), 70-80 қой (жетпіс-сексен қой), 5-6 кітап (бес-алты кітап).

7. Бөлшектік және болжалдық сан есім жасайтын сөздерге өзі тіркескен сандар сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де бөлек жазылады: жүз қаралы – 100 қаралы, елу шақты – 50 шақты, 30-ға таман – отызға таман, он екі жарым – 12 жарым, бір ширек – 1 ширек.

8. Қосарланып айтылған топтау сан есімдері сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де дефис арқылы жазылады: 7-7-ден – жеті-жетіден, 30–30-дан – отыз-отыздан, бір-бірден – 1-1-ден.

9. Күн, жыл аттарымен тіркесіп келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де дефис қойылмайды: 1986 жыл, 16 желтоқсан, 8 наурыз, 1989 жыл, 1 мамыр.

Сан есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – анықтауыш. Мысалы, Сегіз қызым – бір төбе, Кенжекейім – бір төбе. Сегіз (қанша?) қызым. Сан есім ілік септікте заттанып тұрып та анықтауыш болады. Қазақ ұғымында жетінің өзіндік орны бар. Жетінің (нешенің?).

2. Сан есім жіктеліп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп баяндауыш болады. Келген адамдар алтау екен. Алтау екен (нешеу екен?). Біз бәріміз тоғызбыз. (нешеуміз?)

3. Сан есім атау тұлғада тұрып, бастауыш болады. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді. (Кім түгел болса? Кім ала болса?). Жетеуі де өнерлі екен (Кім өнерлі?).

4. Сан есімдер етістіктің алдынан келіп, пысықтауыш болады: Тоғызда басталады (қашан басталады?), бес-бестен бөліну керек (қалай бөліну керек?), алтыдан (қалай?) топтадық.

5. Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын меңгерсе, толықтауыш болады. Тоғызға (неге?) сегізді (нені?) қосу, оннан (неден?) бесті (нені?) алу, он үшпен (немен?) есептеледі.

6. Сан есім зат есіммен не қатыстық сын есіммен тіркесіп келіп, сөйлемнің күрделі мүшесі болады. Жарысушылар он түрлі тапсырма орындайды (қандай тапсырма – он түрлі тапсырма). Сағатына 70-80 км жылдамдықпен жүреді. (қанша жылдамдықпен? – 70-80 км жылдамдықпен).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23. Есімдік есім сөздердің: зат есім, сын есім, сан есімнің орнына қолданылып, соларды нұсқап, меңзеп, сілтеп көрсетеді. Есімдіктер орынбасар сөздер деп те аталады.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздық есімдігі; 7) белгісіздік есімдігі.

1. Жіктеу есімдігі заттық ұғыммен байланысты қолданылады. Олар: мен, сен, сіз, біз, сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері үш жақта, жекеше және көпше түрде қолданылады.

2. Сілтеу есімдігі нұсқау, мегзеу, көрсету мағыналарын білдіретін бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, әне, міне, мынау деген сөздер.

3. Сұрау есімдігіне жауап алу мақсатымен қойылған сұрау мәнді сөздер жатады. Олар: кім? не? қандай? қай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? т.б.

4. Өздік есімдігіне әр тұлғада түрленіп қолданылатын өз деген бір ғана сөз жатады. Өз есімдігі түрленіп тәуелденіп: сенің өзің; көптеліп: өздері, септеліп: өзімнің түрінде қолданылады.

5. Жалпылау есімдігіне жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады.

6. Болымсыздық есімдігіне ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайда, дәнеңе, дәнеме деген болымсыздық мағынаны білдіретін сөздер жатады.

Болымсыздық есімдіктері еш сөзімен бір, кім, қашан, қайдан, қандай деген есімдіктердің бірігуі арқылы жасалып, бірге жазылады: ешбір, ешқашан, ешқандай, ешкім, т.б. Ал еш сөзі басқа сөздермен (зат есімдермен) тіркесіп келгенде, бөлек жазылады: еш адам, еш оқиға, еш кітапта, еш жерде, еш уақытта, еш мүмкіндік, еш ата-ана, т.б.

Болымсыздық есімдіктерінің ерекшеліктері:

1. Ешкім, ештеңе, ештеме, дәнеңе, дәнеме, ешқайсысы деген болымсыздық есімдіктер сөйлемде зат есім орнына қолданылып кім, не? деген сұраққа жауап берсе – бастауыш қызметін атқарады.

2. Ешқашан, ешқайда, ешқайдан есімдіктері мезгілдік, мекендік мәнде жұмсалып, пысықтауыш болады.

3. Ешқандай есімдігі қандай? сұрағына жауап беріп, заттың сынын білдіріп, анықтауыш қызметін атқарады.

Мысалы, Іздегені ешқайда (қайда?) болмай шықты. Ешқайсысы (кім?) кешіккен жоқ. Ешқашан (қашан?) өтірік айтпа.

7. Белгісіздік есімдігі – затты, сындық белгіні, сан мөлшерді жорамалдап, тұспалдап көрсететін сөздер. Белгісіздік есімдіктері: бір, біреу, кейбір, кейбіреу, әрбір, әрбіреу, қайбір, қайбіреу, біраз, бірдеме, бірнеше;

әлде, әлдекім, әлдене, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдеқайда, әлдеқайдан, т.б.

Есімдіктің тәуелденуі

 

 

ол

Бұл

мынау

кім

өз

Менің

оным

бұным

мынауым

кімім

өзім

Сенің

оның

бұның

мынауың

кімің

өзің

Сіздің

оныңыз

бұныңыз

мынауыңыз

кіміңіз

өзіңіз

Оның

онысы

бұнысы

мынауы

кімі

өзі

Біздің

онымыз

бұнымыз

мынауымыз

кіміміз

өзіміз

Сендердің

оларың

бұларың

мынауларың

кімдерің

өздерің

Сіздердің

оларыңыз

бұларыңыз

мынауларыңыз

кімдеріңіз

өздеріңіз

Олардың

олары (онысы)

бұнысы

мынауы

кімдері

өздері

Жіктеу, сілтеу есімдіктері септелгенде, мынадай ерекшелік байқалады:

1) ілік, табыс, шығыс септіктерінде түбірдегі л, н дыбыстары түсіп қалады;

2) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н-ға айналады;

3) көмектес септікте түбір мен қосымшаның арасында -ы, -і дәнекері пайда болады;

4) барыс септік жуанданып, л, н, түсіп қалған түбірге жалғау -ған түрінде жалғанады.

Үлгі:

А.с.

І.с.

Б.с.

Т.с.

Ж.с.

Ш.с.

К.с.

мен

ме-нің

ма-ған

ме-ні

мен-де

ме-нен

мен-і-мен

Сен

се-нің

са-ған

се-ні

сен-де

се-нен

сен-і-мен

ол

о-ның

о-ған

о-ны

он-да

о-дан

он-ы-мен

бұл

бұ-ның (мұ-ның)

бұ-ған

бұ-ны (мұ-ны)

бұн-да (мұн-да)

бұ-дан (мұ-нан)

бұн-ы-мен

(мұ-ны-мен)

сол

со-ның

со-ған

со-ны

сон-да

со-дан

со-ны-мен

Есімдіктер әртүрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, барлық сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.

1. Есімдіктер зат есімнің орнына жұмсалып, атау тұлғада тұрып, бастауыш болады. Олар (кімдер?) үнсіз отырып қалды. Барлығы (кім?) келісті. Әркім (кім?) өзінше дайындалыпты. Өзі (кім?) айтып берді.

2. Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрып, толықтауыш болады. Бұл ешкімге (кімге?) айтпаған сыры болатын. Мынаны (нені?) апаңа берерсің. Ешқайсысында (кімде?) арнайы рұқсат жоқ. Тапсырма бәрінен (кімнен?) сұралады. Ол әркіммен (кіммен?) ақылдасуды жөн көрді.

3. Есімдіктер ілік септігінің жалғауын жалғап және сын есімнің, сан есімнің орнына қолданылып, анықтауыш болады. Барлығының (кімнің?) пікірі бір жерден шықты. Бұл (қай?) пікірді бәрі құптады. Бірнеше (қанша?) дауыс қатар шықты. Ешбір (қандай?) адам өзіне жамандық тілемейді.

4. Есімдіктер мезгіл, мекен үстеулерінің орнына қолданылып, пысықтауыш болады. Әңгіме әлдеқашан (қашан?) аяқталған. Ол ешқайда (қайда?) бармауға бел байлады.

5. Есімдіктер жіктеліп қолданылса, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Менің мақсатым – осы. Ата-анамыздың барлық тірегі – бізбіз.

Есімдіктер құрамына қарай екі түрге бөлінеді:

1. Дара есімдік бір сөзден тұрады: мен, олар, сендерсіңдер, дәнеңе, анау, бәрі, күллі, қашан, сол, өз, кей, т.б.​​​​​​​

2. Күрделі есімдік екі түбірден жасалады: қосарлану арқылы: кімде-кім, өз-өзіне; бірігу арқылы: әрқашан, кейбіреу, әрне, әрқалай, әлдебіреу, әлдеқайдан, ешкім, т.б.​​​​​​​

24. Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді. Сұрақтары: қайтті? Не істеді? Не қылды? Ертең ат шабады (қайтеді?), балуан күреседі (не істейді?).

Етістік құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара етістік; 2) күрделі етістік.

Дара етістік бір ғана сөзден тұрады. Мысалы, Жапырақтардың сыбдыры естіледі. Сөйлемдегі естіледі етістігі бір ғана сөзден тұрған дара етістік.

Күрделі етістік екі не одан да көп сөзден құралып, бір мағынаға ие болады, бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады. Мысалы, Бала күліп жіберді. Бала күліп жібере жаздады. Бала күліп жіберуге шақ қалды. Сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі етістіктер: апар – алып бар, әкел – алып кел, әкет – алып кет, әпер – алып бер, түрегел – тұрып кел. Сөздердің қосарлануынан жасалған күрделі етістіктер: бара-бара шаршады, айта-айта жалықты, күліп-күліп шығып кетті.

Күрделі етістік құрамындағы бірінші сөз негізгі етістік болады да, негізгі мағынаны білдіреді. Кейінгі сөздер көмекші етістік болады.

Етістік тұлғасына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі түбір етістік; 2) туынды түбір етістік.

Негізгі түбір етістік етістік сөздің өзінен болады: отыр, тұр, жүр, жатыр, оқы, кел, барды, жүгірді, жасаған, көрген.

Туынды етістік басқа сөз таптарына сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.

Туынды етістіктің жасалу жолдары:

ЕСІМ СӨЗДЕР

ТУЫНДЫ ЕТІСТІК

Балта

Би

Бас

Үтік

Дамыл

Сән

Рух

Әдет

Көмек

Сыр

Пікір

Жиын

Орын

Жаман

Көк

Екеу

Балтала

Биле

Баста

Үтікте

Дамылда

Сәнде

Рухтан

Әдеттен

Көмектес

Сырлас

Пікірлес

Жина

Орна

Жаманда

Көгер

Екеуле

БАСҚА СӨЗ ТАПТАРЫ

ТУЫНДЫ ЕТІСТІК

Бұрқ

Күрк

Жымың

Күлім

Тасыр

Ілгері

Жоғары

Ақырын

Аз

Көп

Ауһау

Құрау

Уһ

Бұрқыра

Күркіре

Жымыңда

Күлімде

Тасырлат

Ілгеріле

Жоғарыла

Ақырындат

Азсын

Көпсін

Ауһаула

Құраула

Уһле

Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай екіге бөлінеді:

1) болымды етістік; 2) болымсыз етістік.

Болымды етістік іс-әрекеттің орындалғанын, жүзеге асқанын білдіреді: оқы, жазды, айтқызды, орындады, сана, жүгір.

Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын көрсетеді.

Болымсыз етістік екі түрлі жолмен жасалады:1) Синтетикалық тәсіл: негізгі және туынды түбір етістікке: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жақындама, жүгірме, сұранба, күрсінбе, алыстатпа, тездетпе, т.б.

 

Түрі

Ереже

Жасалуы

мысалдар

Өздік етіс (орындаушы өзі)

Қимылды орындаушының

өзі істейді.

-ын, -ін, -н жұрнақтары

арқылы

Жуынды, киінді, боянды, таранды.

Өзгелік етіс (орындаушы өзге біреу).

Қимылды өзге біреуге орындатқызады.

-дыр, -дір, -тыр,

-тір, -ыр, -ір;

-қыз, -кіз, -ғыз,

-гіз;

жұрнақтары

арқылы

Жаздыр, бердір, айттыр, келтір, асыр, кетір, жасат, сөйлет.

Ырықсыз етіс (орындаушы белгісіз)

Орындаушы айтылмайды, іс-әрекет өздігінен жасалғандай.

-ыл, -іл, -л;

-ын, -ін, -н;

жұрнақтары арқылы

Айтылды, көтерілді, тасылды,

салынды, әкелінді, тазаланды.

Ортақ етіс (орындаушы көп)

Қимылды орындаушы біреу емес, бірнешеу болады.

-ыс, -іс. –с

жұрнақтары арқылы

Орысты,

тазаласты, көтерісті.

2) Аналитикалық тәсіл: -ған, -ген, -қан, -кен, формалы есімшеге жоқ, емес сөзінің тіркесуі арқылы: айтқан жоқ, келген жоқ, барған емес, көрген емес, т.б.

Етістік мағынасына қарай екіге бөлінеді: 1) сабақты етістік; 2) салт етістік. Сабақты етістік – мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп, кімді? нені? (не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс тұлғалы сөзбен байланысады. Мысалы, Отты (нені?) үрлеген жағады, шындықты (нені?) іздеген табады. Ата-анаңды (кімді?) құрметте, үлкенді (кімді?) сыйла. Шығарма(ны) - не(ні?) жаз. Ән(ді – -не(ні?) тыңда. Білім(ді) -не(ні?) үйрен.

Салт етістік тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етпейді. Салт етістік табыс септіктен басқа атау, ілік, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе береді. Мысалы, Ата-анаңа (кімге?) құрмет көрсет. Қиындықтан (неден?) қорықпа. Жолдастарыңмен (кімдермен?) тату бол. Тілек (кім?) биледі, т.б.

Етістер – іс-әрекеттің, қимылдың орындаушыға, яғни іс иесінің істелетін іске қатысын білдіретін етістіктің түрі. Етістің төрт түрі бар: 1) өздік етіс, 2) өзгелік етіс, 3) ырықсыз етіс, 4) ортақ етіс.

Етістер етістікке түрлі қосымшалар жалғану арқылы жасалады. Мысалы,

Өзгелік етістің -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір,

-р, -т және ортақ етістің -ыс, -іс, -с жұрнақтары салт етістікті сабақты етістікке айналдырады. Мысалы:

Ырықсыз етістің -ыл, -іл, -л; (-ын, -ін, -н) және өздік етістің -ын, -ін, -н жұрнақтары сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Мысалы:

 

25. Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың, сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді.Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейдіҮстеу құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2) күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгіжәне туынды үстеу жатады.

 Негізгі үстеулер түбір мен қосымшаға бөлшектенбейді. Мысалы: ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш.

 Туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы;

2) кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы.

1. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:

 -ша, -ше: құсша, ізінше, балаша, бүркітше, жаңаша, бұлбұлша, жекеше;

-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: осылай, жүрелей, жаздай, күндей, көктей, асықтай, жапырақтай, жұлдыздай, арыстандай, т. б.

 -дайын, -дейін, -тайын, -тейінбұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын, асықтайын, бүйректейін, тотыдайын, сұңқардайын, жорғадайын, балықтайын, т. б.

 -шама, -шалық: соншама-соншалық, мұншама-мұншалық, т.б.

 

-майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша,-пейінше: оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша, көмектеспейінше, жүгірмейінше, сөйлеспейінше, сыналмайынша, күреспейінше, т. б;

 2. Кейбір үстеулер түбірге септік жалғауының сіңісіп, көнеленуінен жасалады:

 Барыс септіктің көнеленуінен: бекерге (жүрме), ертеңге (дейін), зорға (жетті), босқа (отырма),текке (күлме), т. б.

 Жатыс септіктің көнеленуінен: өткенде (айтқан), байқаусызда (жығылды), қапыда (қалды), т .б.

 Шығыс септіктің көнеленуінен: төтесінен (айтты), шалқасынан (құлады), т. б.

 Көмектес септіктің көнеленуінен: кезекпен (сөйлеу), ретімен (айтты).

Күрделі үстеу сөздердің бірігуінен, тіркесуінен, қосарлануынан жасаладыСөздердіңбірігуінен жасалған күрделі үстеулер: қыстыгүні (қыстың+күні), ендігәрі (енді+гіден әрі), бүрсігүні (бұдан+арғы+күн), бүйтіп (бұлай етіп), бүгін (бұл+күн), былтыр (бұдан+арғы+жыл) т .б.

Сөздердің қосарлануы мен қайталануы арқылы жасалған күрделі үстеулер: ертелі-кеш, алды-артынан, бетпе-бет, анда-санда, некен-саяқ, ілгері-кейін, жоғары-төмен, әрі-бері, оқта-текте, т. б.

 Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үстеулер: таңертеңнен қара кешке дейін, күні бойы, таң атқанша, ала жаздай, қыс бойы, т. б.

Тілімізде тұрақты тіркестер арқылы жасалатын күрделі үстеулер де кездеседі: қас пен көздің арасында, аяқ астынан, томаға тұйық, құлан таза, т. б.

 Үстеу мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді:

 1. Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы:таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді,күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.

 2. Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?)өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.

 3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді.Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше?

Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?)отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол(қалай?) хабарласты, т. б.

 4. Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді.Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқынбілдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір(қалай?) өскен екенАл сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыснедәуір (қалай?) ұзақдегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.

 

5. Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетедіСұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмадыСонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең(биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.

 6. Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жортабілмегенсіді, әдейілеп шақырды.

 7. Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатадыБұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.

 

Үстеудің мағыналық түрлерінің кестесі

МЫСАЛДАРЫ

1.Мезгіл үстеуі

Қашан? Қашаннан? Қашаннан бері?

Бүгін, былтыр, биыл, таңертең, бүрсігүні, қыстан бері, ала жаздай, күні-түні, ендігәрі, күндіз, бағана, таң сәріге дейін, енді, қазір, әлгінде, ежелден, кеше.

2.Мекен үстеуі

Қайда? Қайдан? Қалай қарай?

Кейін, алдыға, артқа, әрі-бері, ілгері-кейін, әрмен қарай, тысқары, төменнен, жоғары-төмен, алдыдан.

3.Сын-қимыл (бейне) үстеуі

Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше?

Тез, жылдам, бетпе-бет, ақырын, бірден, әрең-әрең, жиі-жиі, бірте-бірте, бұрынғыдай, бұлбұлша, арыстандай, келе сала, емін-еркін, лезде, осылай.

4.Мөлшер үстеуі

Қанша? Қаншама? Қаншалық?

Қыруар, біршама, әжептәуір, неғұрлым, мұншама, соншалық, әжептәуір, мұнша, сонша, бірталай, көп.

5.Күшейткіш үстеуі

Қалай? Қандай?

Тым, өте, ең, тіпті, әбден, мүлдем, нағыз, керемет, аса, өңкей, кілең, орасан, ылғи, сәл, нақ, ерен, дәл.

6.Мақсат үстеуі

Қалай? Не мақсатпен?

Қасақана, әдейі, жорта, әдейілеп.

7.Себеп-салдар үстеуі

Не себепті? Неге?

Құр босқа, текке, амалсыздан, шарасыздан, лажсыздан, босқа, бекерден-бекер, бекер, босқа.

Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулер бірге жазылады. Мысалы: бұл жыл – биыл,бұл күн – бүгін, жаздың күні – жаздыгүні, ендігіден әрі – ендігәрі, қыстың күні – қыстыгүні ,күздің күні – күздігүні;

 

Сөздердің қосарлануынан, қайталануынан жасалған күрделі үстеулер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: анда-санда, бетпе-бет, арлы-берлі, жиі-жиі, ертелі-кеш, күні-түні, жоғары-төмен, т. б.

 

Тіркесу арқылы жасалған күрделі үстеулер бөлек жазылады. Мысалы: қыс бойы, таң сәріде, келе сала, төмен қарай, жоғары жаққа.

 

Үстеудің сөйлемдегі негізгі қызметі – пысықтауыш. Шыңғыстың сырты тез (қалай?)жылынбағандықтан, ерте (қашан?) көктемейтін. Ережені жаттамайынша (қайтпейінше?),тапсырманы орындай алмайсың.

 

Үстеулер түрленіп келіп, басқа сөйлем мүшелерінің де қызметін атқарады.

Үстеу атау септігінде тұрып бастауыш қызметінде жұмсалады. Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес.Күшейткіш үстеулер сапалық сын есіммен тіркесіп келіп, күрделі анықтауыш қызметін атқарады. Бәйгеге өңшең жүйрік, кілең сәйгүлік (қандай?) аттар қосылды.

 

26. Одағай толық мағынасы болмайтын, адамның түрлі көңіл күйін білдіретін және жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер.

Одағайға тән негізгі белгілер:

1. Лексикалық мағынасы болмайды;

2. Сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді;

3. Сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды.

Одағайдың үш түрі бар: 1) көңіл күй одағайлары; 2) жекіру одағайлары; 3) шақыру одағайлары.

1. Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, ренжу, өкіну, қуану мәнінде қолданылады: пәлі, алақай, пай-пай, уһ, әттеген-ай, қап.

2. Жекіру одағайлары тыйым салу, жекіру мәнінде айтылады: тәйт, тек, жә.

3. Шақыру одағайлары хайуанаттарды, жан-жануарларды қуу, шақыру мәнінде жұмсалады. Жылқыға қатысты құрау-құрау, моһ-моһ; сиырға қатысты ауһау-ауһау, әукім-әукім; қойға қатысты пұшайт-пұшайт; түйеге қатысты көс-көс; ешкіге қатысты шөре-шөре; итке қатысты кә-кә, айтақ-айтақ; мысыққа қатысты пырс, т.б. одағайлар қолданылады.

Одағай сөйлем басында да, ортасында да, соңында да кездеседі. Соған байланысты одағайға қойылатын тыныс белгілер төмендегідей:

1. Одағай сөйлем басында келсе, одағайдан кейін үтір қойылады. Мысалы, Пай-пай, туған жер қандай ыстық! Құрау-құрау, кер бесті!

2. Одағай сөйлемнің ортасында келсе, одағайдың екі жағынан да үтір қойылады. Мысалы, Далаға шықсам, ойпырай, батыс жақ от болып жанып жатқандай...

3. Одағай сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы, Осы алған бетіңнен танба, бәрекелді! Көз жасыңды көрсетпе, тәйт!

4. Кейбір жағдайда одағай қатысқан сөйлем соңына леп белгісі қойылады. Мысалы:

Қазақстан! Пай, пай, пай, ардағым-ай!

Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай.

5. Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады. Мысалы, Паһ-паһ! Сөз деп осыны айт!

27. Шылау. Шылау толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер. Мысалы, үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты, бірге, туралы, секілді, т.б.

Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтары:

1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды;

2. Шылау сөйлем мүшесі бола алмайды;

3. Шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады;

4. Шылау толық мағыналы сөздің жетегінде қолданылып, оған қосымша мән үстейді;

5. Шылаулар түрленбейді, яғни көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді, жіктелмейді.

Шылау сөздер білдіретін мәніне қарай үшке бөлінеді: 1) септеулік шылау; 2) жалғаулық шылау; 3) демеулік шылау.

Септеулік шылаулар белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық сияқты үстеме мән береді.

Септеулік шылаулар екі түрлі қызмет атқарады:

1. Өзі шылауында жұмсалған сөзге қосымша мән үстеп, оны екінші сөзбен байланыстырып, сөз тіркесін құрайды. Мысалы, ел үшін тер төгу; үйге қарай аяңдау; туған жер жайлы толғану, Бауыржан сынды батыр, жүз қаралы жылқы, сабақтан соң келу, т.б.

2. Екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады. Мысалы, Күн бұлттанған сайын, Тілек жас төлдерін ойлай бастады.

Септеуліктер мына сөздердің шылауында айтылады:

1. Түбір сөздермен немесе атау тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер: сайын, секілді, туралы, тәрізді, сияқты, сынды, жөнінде, жайлы, шамалы, қаралы. Мысалы, хат арқылы хабарлау, осы үшін келу, оқу жайында сөйлеу, көрген сайын қызығу, Әлия сынды батыр.

2. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: шейін, таман, тарта, салым, жуық, тақау, таяу, дейін. Мысалы, орманға дейін жүгіру, түске қарай келді, жүзге жуық жылқы, алтыға таяу оянды, кешке таман оралды.

3. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: соң, гөрі, бері, әрі, бұрын. Мысалы, сабақтан кейін дайындалу, таудан әрі асу, ағасынан бұрын көмектесу.

4. Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: бірге, қатар, қабат. Мысалы, сонымен бірге, досымен қатар, оқумен қабат.

Септеулік шылау түрлерінің кестесі

Атау септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар

Барыс септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар

Шығыс септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар

Көмектес септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар

Сайын, үшін, арқылы, секілді, сияқты, тәрізді, сықылды, туралы, жайында, жөнінде, жайлы, шақты, шамалы, қаралы.

Шейін, дейін, таман, тарта, жуық, қарай, салым, таяу.

Соң, әрі, кейін, бұрын, бері, гөрі

Қатар, бірге, қабат, қоса.

Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын төмендегі мағыналық қатынаста байланыстырады:

1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі.

2. Қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйткенмен, сонда да, әйтпесе.

3. Талғаулықты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, кейде, яки, бірде, я, не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса.

4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.

Жалғаулық шылау түрлерінің кестесі

Ыңғайластық қатынасты

білдіретін жалғаулықтар

Қарсылықты қатынасты

білдіретін жалғаулықтар

Талғаулықты

және кезектес қатынасты

білдіретін жалғаулықтар

Себеп-салдарлық қатынасты

білдіретін жалғаулықтар

Мен, бен, пен,

және, әрі, да, де,

та, те

бірақ, алайда, дегенмен,

әйтседе,

әйткенмен

я, яки, я (не) болмаса, не, немесе, әлде, болмаса, кейде,

бірде, біресе

Себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті

Демеулік шылаулар сөзге немесе сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән, нақтылау мәнін үстейді. Демеуліктер сөзге не сөйлемге үстейтін мағынасына қарай алты түрге бөлінеді:

1. Сұраулық демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе (мы, мі, бы, бі, пы, пі). Мысалы, барасың ба? – барамысың? келесің бе? – келемісің? көріп пе ең? – көріппісің? айтып па ең? – айтыппысың?

2. Күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, -да, -де, -та, -те. Мысалы, Осы-ақ, досым-ай, қарағым-ау, Тілек те келді.

3. Шектік (тежеу) демеуліктері: ғана (қана) тек. Мысалы, тек қана, сен ғана.

4. Болжалдық демеуліктер: -мыс, -міс. Мысалы, болыпты-мыс, өмір сүріпті-міс.

5. Болымсыздық немесе қарсы мәнді салыстыру демеуліктері: түгіл, тұрсын, тұрмақ. Мысалы, Ол түгіл, сен тұрмақ.

6. Нақтылау мәнді демеуліктер: қой (ғой), -ды, -ді, -ты, -ті. Мысалы, сол ғой, айтқан-ды, көрген-ді.

Сұраулық демеулік-тер

Күшейткіш демеуліктер

Шектік

(тежеу) демеулік-тері

Болжалдық демеулік-тері

Болымсыз-

дық немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктері

Нақтылау мәнді демеуліктер

ма, ме, ба, бе, па, пе, ше

-ақ, -ау,-ай, да, де, та, те

ғана, қана, тек, -ақ

-мыс, -міс

түгіл, тұрсын, тұрмақ, екеш

Қой, ғой,-ды, -ді

Және, мен, бен, пен шылаулары сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруда қолданылады да, ешқандай тыныс белгісі қойылмайды. Мысалы, Абай мен Мұхтар және Шәкәрім – қазақ әдебиетіндегі біртуар тұлғалар.

Мен, бен, пен жалғауы көмектес септік жалғауымен сырт тұлғасы жағынан ұқсас, алайда олардың бір-бірінен жазуда айырмашылығы бар. Көмектес септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. Мысалы, Жақсымен жолдас бол деген сөйлемді Жақсы жолдас бол деп айтуға болмайды. Ал шылауды түсіріп айта аламыз. Мысалы, Жақсы мен жаман дегенді жақсы, жаман немесе жақсы және жаман деп айтуға болады.

Да, де, та, те шылаулары сөзден бөлек жазылады. Да, де, та, те жалғаулығы сырт тұлғасы жағынан жатыс септік жалғауымен тұлғалас. Жатыс септік жалғауы сөзге жалғанып, бірге жазылады, оны түсіріп айтуға болмайды. Ал шылау бөлек жазылады және оны түсіріп немесе басқа жалғаулықпен алмастыруға болады. Мысалы, Жасымда ғылым бар деп ескермедім.Жасым ғылым бар деп ескермедім деп да жатыс септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. Ал Жас та, кәрі де риза дегенді Жас пен кәрі немесе жас, кәрі риза деп айта аламыз.

Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауы сөйлемге сұрау мәнін үстеп, сұраулы сөйлем жасайды да, өзі тіркескен сөзден бөлек жазылады. Бұл шылау сыртқы тұлғасы жағынан -ма, -ме, -ба, -бе, па, -пе болымсыз етістік жұрнағымен ұқсас келеді. Шылау бөлек жазылады да, болымсыз етістік жұрнағы түбірге қосылып бірге жазылады. Кейде бұл шылау -мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі түрінде өзгеріп, сөзге қосылып бірге жазылады. Мысалы,

Әкесісіз бе?

Әкесімісіз?

-ақ, -ау, -ай, -мыс, -міс, -ді, -ды демеуліктері дефис арқылы жазылады. Мысалы, Өзің-ақ бара бер. Күннің суығын-ай. Ертеде бір балықшы болыпты-мыс. Қарағым-ау, неге кешіктің? Бұл жерде бұрын да болған-ды, т.б.

29. Тіл білімінің грамматика саласының бірі – синтаксис (грекше «syntaxis»). Синтаксис сөз тіркесі, сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөйлем мүшелерін қарастырады. Яғни синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілім.

Толық мағыналы кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобы сөз тіркесі деп аталады. Сөз тіркесінің негізгі белгілері:

● сөздердің байланысуы сөйлем ішінде анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;

кем дегенде екі толық мағыналы сөзден тұрады;

● сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады;

● сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.

Сөйлем ішіндегі сөздердің әртүрлі байланысуына қарай сөз тіркесі еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесі болып бөлінеді. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді өзгертіп айтуға болады. Мысалы, көрікті деген сөзді бірнеше сөзбен тіркестіруге болады: көрікті адам, көрікті жігіт, көрікті қыз, көрікті табиғат, т.б. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бағыныңқы және басыңқы сыңарға бөлінеді.

Бағыныңқы сыңары Басыңқы сыңары

Жиырма оқушы

Тосыннан келген хабар

Кеше хабарласты

Саны он үш

Сөз тіркесі құрамына қарай екіге жіктеледі: 1) жай сөз тіркесі; 2) күрделі сөз тіркесі.

Синтаксистік жай тіркес

Синтаксистік күрделі тіркес

Үйде қалды, әдемі қыз, гүлді суару, үйдің есігі, қызыл түлкі, орындалған арман, ақ көйлек, гүрілдеген трактор, кенеттен тоқтау, сөйленген сөз, сарғыш гүл, өнерлі бала, қуанышты хабар, сыпайы мінез.

Телефон арқылы сөйлестім, ит өлген жерден келді, асығып-үсігіп шыға жөнелу, көпір арқылы өтті, сары ала қаз, үйден кетіп қалды, кешке қарай келді, жиырма екі үй, күлімсірей қараған баланың күлкісі

Жай сөз тіркесінің құрамы екі сөзден ғана құралады. Мысалы, орманды өлке, әдепті оқушы, асыққан жолаушы, екеуі кездесті, түсі қара, таулы өңір, тастақ жер, көпірден өту, әңгімелескен адам, т.б.

Күрделі сөз тіркесі үш немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы, әдепті оқушының мінезі, орманды өлкені аралау, асыққан жолаушыға жол көрсету, кездейсоқ кездескен екі достың әңгімесі, қара түсті ат мінген жолаушы, гүлге оранған өлке, тасыр-тұсыр шапқан ат, т.б.

Тұрақты сөз тіркесі – екі немесе одан да көп сөздің бастапқы мағынасы ескерілмей, бір ұғым ретінде қолданылып, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы.

Тұрақты сөз тіркесі

Білдіретін мағынасы

Ағаш атқа мінгізді (қайтті?) Ағаштан түйін түйген (қандай?)

Әліпті таяқ деп білмейді (қайтпейді?)

Басқан ізін білдірмеді (қайтпеді?)

Беті бүлк етпеді (қайтпеді?)

Гүлдей солды (қайтті?)

Дамыл таппады (қайтпеді?)

Екі аяғын бір етікке тықты (қайтті?)

Жаны ашыды (қайтті?)

Зәресі зәр түбіне кетті (қайтті?)

Иманын ұшырды (қайтті?)

Сөз қылды, келеке қылды.

Аса шебер, өте өнерлі

Хат танымайды, сауатсыз (қандай?)

Істегенін сездірмеді (не істеді?)

Ұялмады, қысылмады

Сары уайымға салынды

Тыныштық көрмеді, демалмады

Састырды

Аяды, есіркеді, мүсіркеді

Қатты қорықты, үрейі ұшты

Қорқытты, үрейін алды

Тұрақты тіркестер өз алдына сөз тіркесі бола алмайды, тек сөз тіркесінің бір сыңары болады Мысалы, әкесіне тіл тигізу – не істеу? деген бір сұраққа жауап береді, бір ғана ұғым атауы болады.

Сөз тіркесінің құрамындағы сөздің екінші басыңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік болса, ол есімді сөз тіркесі деп аталады, басыңқы сыңары етістік болса, етістікті сөз тіркесі болады.

Есімді сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркесі

Тұрғын үй, орындалған арман, балаға мейірімді, көп қабатты үй, жүгіріп келген бала, өнегелі өмір.

Үйге келу, жиналысқа қатысу, телефон арқылы сөйлесу, ерінбей еңбектену, ауланы тазалау, т.б.

Сөз тіркесі болу үшін сөздер белгілі заңдылықпен байланысады. Сөздер бір-бірімен төрт тәсіл арқылы байланысады: 1) жалғау арқылы;

2) шылау арқылы; 3) орын тәртібі арқылы; 4) интонация арқылы.

Сөздердің септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуы жалғау арқылы байланысу деп аталады. Мысалы, достардың кеңесі, мектепке келу, ата-ананы құрметтеу, кітапта жазылған, апасынан сұрау, үлкендермен ақылдасу, біз дайындаламыз.

Сөздер шылау арқылы да байланысады. Мысалы, досым үшін ұялдым, күн сайын жаттықты, ата-анасымен бірге барды, сабақтан кейін дайындалды, гүл мен жапырақ, қалам және қарындаш, т.б.

Сөздер бір-бірімен орын тәртібі арқылы байланысады. Мысалы, ашық мінез, жапырақты ағаш, өнегелі өмір, берілген тапсырма, жылы жаңбыр, биік мақсат, аталы сөз, кәсіби шеберлік, т.б.

Сөздер интонация арқылы да байланысады. Мысалы, Абай – ақын, Сәбит – жазушы, мектеп – кеме, білім – теңіз, т.б.

Қазақ тіліндегі сөздердің байланысуының бес түрі бар: 1) қиысу;

2) матасу; 3) меңгеру; 4) қабысу; 5) жанасу.

Қиысу – сөз бен сөздің жіктік жалғауы арқылы немесе жіктелу ретімен бастауыштық және баяндауыштық қатынаста жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі. Мысалы, Мен оқимын (І ж.), сен оқисың (ІІ ж.), олар келеді (ІІІ ж.), біз дайындаламыз (І ж.).

Матасу – сөз бен сөздің ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы. Мысалы, Алматтың үйі, ағаштың бұтағы, менің жолдасым, т.б.

Меңгеру – сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септік жалғаулары арқылы байланысқан түрі. Мысалы, балаға мейірімді, үзілісті күту, тауда жолығу, мектептен келу, еңбекпен табу, т.б.

Қабысу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, тек орын тәртібі арқылы іргелес байланысқан түрі. Мысалы, кең бөлме, орындалған арман, тоғызыншы сынып, үйдегі қызық оқиға, т.б.

Жанасу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, кейде алшақ кейде іргелес тұрып байланысуы. Мысалы, телефон арқылы сөйлесу, үйге дейін бару, әдейі келу.

Сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен қарым-қатынасқа түскенде, бір жағынан, сол тіркеске тән лексика-грамматикалық мағына да пайда болады. Сөз тіркесіндегі грамматикалық мағына бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздің арасындағы үш қатынастан пайда болады. Олар: анықтауыштық қатынас, толықтауыштық қатынас және пысықтауыштық қатынас.

1. Анықтауыштық қатынас матаса, қабыса байланысқан есімді тіркестерге тән. Бесінші сынып, алтын сақина, менің інім, біздің қала, орындалған арман. Анықтауыштық қатынас басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қандай? қай? кімнің? ненің? қандай? қанша? неше? нешінші? деген сұраулар қою арқылы анықталады.

Анықтауыштық қатынастағы лексика-грамматикалық мағына бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздің лексикалық ерекшеліктеріне сәйкес даралық, нақтылық сипат алады. Матасу байланысындағы сөз тіркесі мынадай лексика-грамматикалық мағыналарға ие. Менің киімім – затқа меншіктілік, Тілектің әпкесі – туыстық, үйдің терезесі – бүтіннің бөлшекке қатынасы.

Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің беретін лексика-грамматикалық мағыналары: салқын жел – табиғи күй, ақ қар, көк шөп, қызыл гүл – заттың түсі, тәтті тамақ, ащы сорпа – тамақтың дәмі.

Бұл тіркестегі сөздердің бәрі сын есім болып, заттың әртүрлі сынын білдіруі олардың грамматикалық мағынасы болса, әр сөздің өзіне тән мағынасы лексикалық мағына болады. Сол лексикалық мағыналары арқылы бағыныңқы сөз басыңқы сөздің белгілерін, қасиеттерін даралайды, нақты сипат береді.

2. Толықтауыштық қатынас меңгеру байланысындағы есімді және етістікті тіркестерге тән. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? деген сұрау қою арқылы анықталады, бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың тура я жанама объектісін, я сол объектіге қатысын білдіріп тұрады. Мысалы, тазалықты сүю, ойларын білдіру, жиналысты басқару, сөзге жауап қату.

3. Пысықтауыштық қатынас меңгеру, қабысу және жанасу байланысындағы етістікті тіркестерге тән. Сұрақтары: қайда? қайдан? қашан? қайтіп? қалай? не мақсатпен? не үшін?

Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері мынадай лексика-грамматикалық мағынада жұмсалады: істің мезгілі, мекені, қимыл-сыны, мақсаты, себебі. Мысалы, оқу үшін келді, әдейі барды, жалтақтап қарау, биыл ашылмақшы, жалп етіп құлау.

Синтаксистік қатынастың түрлері

Байланысу түрлері

Сұрақтары

Мысалдар

Анықтауыштық қатынас

Матасу,

қабысу

Кімнің? Ненің?

Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші?

Адамның өмірі, екінші мамандық, уылжыған жүзім, шеткі үй.

Толықтауыштық қатынас

Меңгеру

Кімге? Неге?

Кімді? Нені?

Кімде? Неде?

Кімнен? Неден?

Кіммен? Немен?

Балаға мейірімді, жұмысты жандандыру, үзілісті күту, адамды сыйлау, ата-анасымен ақылдасу.

Пысықтауыштық қатынас

Меңгеру, қабысу,

жанасу

Қашан? Қайдан? Қайда? Қалай? Не үшін? Не себепті? Не мақсатпен?

Кештете келді, бүгін келді, былтыр ғана жеңіп ем, қасақана кешікті, оқу үшін келді, т.б.

 

 

30. Сөйлем дегеніміз – әр алуан сөздердің өзара тіркесіп келіп, тиянақталған ойды білдіруі. Олардың құрамы да түрлі болады. Сөйлемді жеке сөз немесе сөз тіркестері құрайды.

Сөйлем болу үшін, оның грамматикалық негізі, яғни тұрлаулы мүшелері болу керек.

Сөйлем құрамына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып бөлінеді. Жай сөйлемде бастауыш та, баяндауыш та біреу болып, тиянақталған бір ғана ойды білдіреді. Мысалы, Тілек пен Әлішер аулада ойнап жүр. Ал құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді. Мысалы, Күз айы басталып, жер бетін сары ала жапырақ жапты. Сөйлем интонациясына, айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем болып төртке бөлінеді.

Белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-әрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады.

Хабарлы сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады; 2) белгілі бір шаққа қатысты болады (өткен шақ, осы шақ, келер шақ); 3) айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірін білдіреді; 4) хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, соңына қарай бәсеңдейді; 5) хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады.

Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем сұраулы сөйлем деп аталады.

Сұраулы сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады; 2) сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше (мы, мі, бы, бі, пы, пі, ші) сұраулық демеулік шылауларының қатысуымен жасалады; 3) сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен аяқталады; 4) сұраулы сөйлемнен соң сұрау белгісі қойылады.

Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты болып бөлінеді.

Негізгі сұрақты сұраулы сөйлем – бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты сөйлем. Мысалы: Бізбен бірге саяхатқа барасың ба? Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесің? Балаңыз мектепті қашан бітірген? Бұл сөзбен не айтпақсыз?

Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше шылауларының қатысуымен жасалады.

Жетек сұрақты сұраулы сөйлем негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сөйлем. Мысалы,

Іссапарға кімдер барады?

Жас қызметкерлер барады.

Біздер ше?

Жетек сұрақты сөйлем толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.

Анықтауыш сұрақты сөйлем екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты сөйлем. Мысалы,

Бұл ойды кім айтты?

Тілек айтты.

Тілек?

Иә, Тілек.

Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөйлем лепті сөйлем деп аталады.

Лепті сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылады: күйіну, таңдану, өкіну, сұқтану, сүйсіну, қорқу, қуану, қапалану, наразылық білдіргенде, т.б. 2) лепті сөйлем ерекше эмоциямен, сезіммен айтылады.

Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:

1) сөйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы, Көзі мұндай өткір болар ма!

2) сөйлем -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы, Балам, қонақтарға бір күй тартып бере ғой! Қарағым-ай, қатты тоңып қалыпсың-ау!

3) көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы, Пай-пай, дауыс деп осыны айт! Уһ, жеттім ғой ақыры!

4) Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.

Біреуге бұйыру не талап ету мақсатында айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады.

Бұйрықты сөйлемге тән негізгі белгілер:

1) біреуге бұйыру, талап ету мақсатында айтылады; 2) бұйрықты сөйлем етістіктің бұйрық райының 2, 3-жағында айтылады; 3) бұйрық не шартты райға -шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалады;

4) бұйрықты сөйлемнен соң нүкте немесе леп белгісі қойылады.

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.

СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ

ХАБАРЛЫ

СӨЙЛЕМ

СҰРАУЛЫ

СӨЙЛЕМ

ЛЕПТІ

СӨЙЛЕМ

БҰЙРЫҚТЫ

СӨЙЛЕМ

Тоғай да бұл кезде кемеліне келіп толықсып тұрады.

«Есіл тасып барады» деген әнді естіп пе едің?

Шіркін, қарақат, тәтті де сұлу жеміс қой!

Атаның баласы болма, адамның баласы бол.

 

31. Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Сөйлем мүшесінің белгілері: 1) толық мағыналы сөз болу керек; 2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұру керек; 3) сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беру керек. Мысалы, Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сөйлемде толық мағыналы бес сөз бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұраққа жауап беріп тұр. Жылы – қандай? – сындық ұғым атауы, желдің – ненің? – заттық ұғым атауы, әлсіз – қандай? – сындық ұғым атауы, ызыңы – несі? – заттық ұғым атауы, естіледі – қайтеді? – қимылдық ұғым атауы.

Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болып үшке бөлінеді.

Дара сөйлем мүшесі толық мағыналы бір сөзден болады. Мысалы, Аман жиналғандармен қысқа амандасты. Сөйлемдегі әрбір сөйлем мүшесі – бір ғана сөзден құралып тұрған дара мүшелер.

Күрделі сөйлем мүшесі күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады. Мысалы, Еңбек Ері Ыбырай Жақаев екі рет Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған еді. Сөйлемдегі Еңбек Ері Ыбырай Жақаев – күрделі бастауыш, екі рет – күрделі пысықтауыш, Алтын Жұлдыз медалімен – күрделі толықтауыш, марапатталған еді – күрделі баяндауыш.

Үйірлі мүше – кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады. Мысалы, Білімі көп адам жерде қалмайды. Білімі көп – қандай? адам – үйірлі анықтауыш. Сөйлемнің бес мүшесі де үйірлі бола алады.

Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға негіз болады, сондықтан тұрлаулы мүшелер деп аталады. Ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштар өздігінен сөйлем құрай алмайды, тек берілген ойдың шеңберін кеңейтеді, сондықтан бұлар тұрлаусыз мүшелер деп аталады.

Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы сөйлем мүшесі бастауыш деп аталады. Бастауыштың сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер?

Бастауыш баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады. Мысалы, Сен оқыдың, білім алдың, ұстаз көрдің

(ІІ жақ, жекеше). Біз надан өстік (І жақ, көпше).

Бастауыштың құрылысына қарай бөлінуі

Құрылысына

қарай бөлінуі

Мысалдар

Дара бастауыш

Балалар (кімдер?) саяхаттан көңілді оралды.

Күрделі бастауыш

Ел көру, жер тану (не?) – ер жігітке лайық қасиет.

Үйірлі бастауыш

Жұмысы жоқтық (не?) аздырар адам баласын.

Анамның айтқаны (не?) әлі есімде сақтаулы.

Бастауыш болатын сөз таптарының кестесі

Сөз табы

Мысалдар

Зат есім

Жетімкөлге биыл аққулар (нелер?) оралмады.

Сын есім

Үлкендер (кімдер?) төрге, кішілер (кімдер?) есік жаққа жайғасты.

Сан есім

Алтау (кім?) ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу (кім?) түгел болса, төбедегі келеді.

Есімдік

Кейбіреулер (кімдер?) бұл сұрақтан тосылып қалды.

Есімше тұлғалы етістік

Оқыған (кім?) жетер мұратқа, оқымаған (кім?) қалар ұятқа.

Тұйық етістік

Сыпайы сөйлеу (не?) – әдептіліктің белгісі.

Одағай

Әжемнің уһлі (несі?) көбейіп кетті.

Үстеу

Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес.

Еліктеу сөз

Дабыр-дүбір (не?) жақыннан естіле бастады.

Баяндауыш

Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше баяндауыш деп аталады. Баяндауыш қайтті, не істеді, не қылды? деген сұраққа жауап береді.

Баяндауыштың негізгі белгілері: 1) бастауыштың жай-күйін білдіреді;

2) жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады; 3) кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады; 4) сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұрады; 5) қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді.

Баяндауыш дара, күрделі және үйірлі болып үшке бөлінеді.

Дара баяндауыш бір сөзден жасалады. Бұл сөзге бәрі жамырай күлді. Дәмеш осы үйдің үлкені. Жолаушылар саны – отыздай.

Күрделі баяндауыш екі немесе одан да көп сөзден тұрады. Бұл сөзге бәрі жамырай күліп жіберді. Дәмеш осы үйдің үлкені еді.

Үйірлі баяндауыш Тілек бұл сөзге онша таңғалған жоқ. Оның бар мақсаты – тезірек ер жету.

Баяндауыштың құрылысына қарай бөлінуі

Құрылысына

қарай бөлінуі

Мысалдар

Дара

Басты байлық – денсаулық. Саябақ – демалыс орны.

Күрделі

Әр ата-ана өз баласынан үміт күтеді.

Үйірлі

Бұл дүниенің бақыты – мұратқа қол жеткізу.

Баяндауыш негізінен етістіктен болады. Көп кешікпей күннің көзін қалың бұлт бүркей бастады.

Баяндауыш зат есімнен де болады. Машинадан түскеннің бірі – қарт майдангер Қуандық қария.

Баяндауыш сын есімнен де болады. Күз аспаны бұлыңғыр, бұлтты.

Баяндауыш сан есімнен де болады. Бұл үйдегі адам саны – жетеу.

Баяндауыш есімдіктен де болады. Жамал апайдың жастарға айтпағы – осы.

Баяндауыш болатын сөз таптарының кестесі

Сөз табы

Мысалдар

Етістіктер

Төреқұлдың әңгімесін бәрі ұйып тыңдады.

Сын есімдер

Бұл үйдің балалары бір-бірімен өте тату.

Зат есімдер

Бүгінгі жастар – бақытты жастар.

Сан есімдер

Төрт жерде төрт – он алты.

Есімдіктер

Мәдениет сарайы – анау.

Көмекші етістік пен еліктеу сөз

Кенет әлдене тарс етті. Қуанғаннан жүзі күлмің-күлмің етеді.

Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына және интонация арқылы байланысуына қарай бастауыштан кейін төмендегі жағдайда сызықша қойылады.

1. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Күреңтөбел мен Көкдауыл – аулымыздың аруағы.

2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – әр баланың міндеті.

3. Бастауыш заттанған сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Балалардың ортаншысы – Ақшолпан. Алты – жұп сан. Жорға Жұмабайдың мінгені – Құанабайдың торы аты.

4. Бастауыш тұйық етістіктен болып, баяндауыш зат есімнен болса немесе бастауыш зат есім, баяндауыш тұйық етістіктен болса, араларына сызықша қойылады. Еңбек ету – басты парыз. Әр баланың міндеті – ата-анасын құрметтеу.

5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Үш жерде үш – тоғыз. Алты жерде алты – отыз алты.

6. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты, сондай-ақ зат есім, сын есім, есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышынан ажырату үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – адамның ерекше қабілетін танытады. Көрмес – түйені де көрмес.

7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін сызықша қойылады. Жүз – жиырма беске бөлінеді. Жүз жиырма – беске бөлінеді.

Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышты анықтап, толықтырып, пысықтап тұрады. Тұрлаусыз мүшелерге толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш жатады.

Толықтауыш – тұрлаусыз мүшелердің бірі. Ол – сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалады.

Сөйлемдегі амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз сөйлем мүшесі толықтауыш деп аталады.

Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері: 1) атау мен іліктен басқа барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын меңгеріп тұрады; 2) толық мағыналы сөздер туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірінің тіркесуінен жасалады; 3) толықтауыш болатын сөз заттық мағынаға ие болады; 4) толықтауыш болатын сөз Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кіммен? Немен? Кім туралы? Не туралы? Кім жөнінде? Кім жайында? деген сұрақтарға жауап береді; 4) толықтауыштың байланысу түрі – меңгеру мен жанасу.

Толықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді: 1) дара толықтауыш; 2) күрделі толықтауыш; 3) үйірлі толықтауыш.

Бір сөзден болған толықтауыш дара толықтауыш деп аталады. Мысалы, Абай Ерболмен (кіммен?) ұзақ ақылдасты.

Күрделі сөздерден болған толықтауыш күрделі толықтауыш деп аталады. Күрделі толықтауыш төмендегідей жолдар арқылы жасалады:

1. Күрделі зат есімнен: Ата-анасын (кімді?) сыйлаған адам қор болмайды. Күрделі сын есімнен: Марат күрең қасқамен (немен?) ойқастай жүрді. Күрделі сан есімнен: Жүз – жиырма төртке (неге?) қалдықсыз бөлінбейді.

2. Негізгі сөз бен көмекші есім немесе көмекші етістік арқылы: Үй ішіне (кімдерге?) сырттағы дауыс қатты естілді. Абай биік мансаптың биік жартас екенін (нені?) айтқан.

3. Туралы, жөнінде, жайында шылауларының қатысуы арқылы: Абай Әбдірахманның болашақ жоспары туралы (не туралы?) сұрап-білді.

Үйірлі мүшеден болған толықтауыш үйірлі толықтауыш деп аталады. Мысалы, Көкірегі ашық, білімі тереңге (кімге?) өмірде қиындық кездеспейді. Қайсардың үйі аң терісі дегенге (неге?) толып тұр.

Мазмұны мен тұлғасы жағынан толықтауыш екі түрлі болады: 1) тура толықтауыш; 2) жанама толықтауыш.

Тура толықтауыш табыс септігінің жалғауын жалғап, сабақты етістікпен байланысты болып, тура объектіні білдіріп тұрады. Ол ауыл шаруашылығы академиясын (нені?) бітірген еді.

Жанама толықтауыш табыс септігінен басқа барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының бірін жалғап, салт етістікке қатысты болып, жанама объектіні білдіреді. Терезеден (неден?) ай сәулесі дірілдей түсіп тұр. Абай Ерболға (кімге?) Әйгеріммен (кіммен?) ашық сөйлесуді тапсырды.

Тұрлаусыз мүшенің екінші түрі – анықтауыш. Сөйлемде зат есімнен не заттық ұғымда жұмсалған басқа сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше анықтауыш деп аталады. Анықтауыш Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші? Кімнің? Ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Күрең (қандай?) ат еш нәрседен үрікпей сұлу (қандай?) жүрісімен сылаң қағып келеді. Екінші (нешінші?) соққыдан есін жинай алмай қалды. Қалиқа – Ұлжанның (кімнің?) ауылдан ертіп келген серігі. Шеткі (қай?) үйден көңілді (қандай?) әуен естіліп жатты. Тілек сегізінші (нешінші?) сыныпта оқиды. Анықтауыш өзі анықтайтын мүшемен қабыса және матаса байланысады. Мысалы, күрең ат, сұлу жүріспен, Ұлжанның серігі, шеткі үй, сегізінші сынып, т.б.

Анықтауыш құрылысына қарай үшке бөлінеді: 1) дара анықтауыш; 2) күрделі анықтауыш; 3) үйірлі анықтауыш.

Дара анықтауыш бір сөзден құралады. Мысалы, Елімізде орманды жерлер көп кездеседі.

Күрделі анықтауыш екі немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы,

Ұлпан Керей еліндегі Байтүменов Бекбердінің қызы екен.

Өз ішінде шартты түрде бастауыш пен баяндауышқа жіктелетін немесе сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталатын анықтауыш үйірлі анықтауыш деп аталады. Жаны сұлудың (кімнің?) тәні сұлу. Қабілеті бар (қандай?) оқушы мақсатына жетеді. Қапырық ауаға тұншыққан (қай?) жолаушылар қалың талдың көлеңкесіне келіп саялады.

Анықтауыш болатын сөз таптарының кестесі

Анықтауыш болатын

сөз таптары

Мысалдар

Сын есімдер

Қарақат – тәтті де сұлу жеміс. Тоғайда кәрі үйеңкі, торы тобылғы өседі.

Зат есімдер

Тоғайдың күміс қабықты қайыңы мен мыс қабықты мойылы ерекше көз тартады.

Сан есімдер

Қазақстан жерінде тарихта қалған жеті керемет бар.

Есімдіктер

Бұл кітап адамды ізгілікке, парасаттылыққа тәрбиелейді.

Есімшелер

Алабұртқан көңілі әлденеге елеңдей берді.

Ілік септікте тұрған есім сөздер

Мойылдың дәмі таңдайыңнан кетпейді.

Пысықтауыш – тұрлаусыз мүшенің бір түрі. Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын, себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі пысықтауыш деп аталады. Сұрақтары: Қашан? Қалай? Қайдан? Қашаннан бері? Қанша? Қалай? Қайтіп? Қалайша? Неліктен? Не үшін?

Пысықтауыштың негізгі белгілері: 1) іс-қимылды мезгіл, мекен, мақсат, мөлшер, себеп, сын-қимыл жағынан пысықтап тұрады; 2) Қашан? Қайда? Қалай? Қайтіп? Неге? Не үшін? Неліктен? деген сұрақтарға жауап береді; 3) байланысу түрлері: қабысу, меңгеру, жанасу.

Пысықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді: 1) дара пысықтауыш;

2) күрделі пысықтауыш; 3) үйірлі пысықтауыш.

Пысықтауыштың құрамына қарай түрлерінің кестесі

Пысықтауыштың түрлері

Мысалдар

Дара пысықтауыш

Алыстан бірнеше салт атты көрінді.

Күрделі пысықтауыш

Тілек досына көмектесу үшін ерте келді.

Үйірлі пысықтауыш

Ит жоқта қораға шошқа үреді.

Пысықтауыш мағыналық жағынан алты түрге бөлінеді: 1) мезгіл пысықтауыш; 2) мекен пысықтауыш; 3) мақсат пысықтауыш; 4) амал пысықтауыш; 5) себеп пысықтауыш; 6) мөлшер пысықтауыш.

Пысықтауыштың мағыналық жағынан бөлінуінің кестесі:

Пысықтауыштың мағыналық түрлері

Сұрақтары

Мысалдар

Мезгіл пысықтауыш

Қашан? Қай кезде?

Қай уақытта?

Жолаушылар кешке қарай аттанбақшы. Ол биыл мектеп бітіреді.

Мекен пысықтауыш

Қайда?

Қай жерде? Қай

жақта? Қайдан?

Оқушылар қала сыртына демалуға бармақшы. Ата-анасы жайлауға көшкелі жатыр. Жоғарыдан бір топ аттылы төменге қарай түсіп келеді.

Мақсат пысықтауыш

Кім үшін?

Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен?

Кітапханадан кітап алғалы келді. Айдос жорта білмегенсіп отырды.

Амал пысықтауыш

Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше?

Әйгерім бұл сөзге жымиып күлді. Жас әнші бұлбұлша сайрады. Бала үлкендерше сөйлеп отыр.

Себеп пысықтауыш

Неліктен?

Не себепті?

Жұмысты бітірмегендіктен уақытында тапсыра алмады. Олар шаршағаннан сөйлеуге шамасы келмеді.

Мөлшер пысықтауыш

Қанша? Қалай?

Шешен ұзақ сөйледі. Оқушылар тапсырманы жаппай орындады.

 

 

32. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері - сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады.

Бірыңғай бастауыш: Жаз келер, қыстыгүні қысым етіп, Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп (Шәкәрім). Бірыңғай баяндауыш: Ат міндім, атан алдым, шекпен кидім, Жөнім жоқ сені мақтай сөйлемеске (Жамбыл). Бірыңғай толықтауыш: Бай бейілін, мейірін, Сән, салтанат сейілін, Ақыл күшін, зейінін, Ең ақыры, төбетін, Күймен, жырмен мадақтап, Бәйіт қылып беретін (Жамбыл). Бірыңғай анықтауыш: Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың Алданбайсың артынан ерте берсең (Шәкәрім). Бірыңғай пысықтауыш: Ол мойнын бұрып жан-жағына қарады да, түйенің табанындай аяқ-қолдарын асықпай, табандықта сермеп жүзіп жүре берді (Б. Момышұлы). Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Негізінен, мұндай реттерде ыңғайлас жалғаулықтар, қарсылықты жалғаулықтар және талғаулы жалғаулықтар қатынасады: Арбада, дөңгелектер де, адамдар да, олардың ойлары да қызғылт шаңның ішінде (М. Жұмабаев); Бірыңғай мүшелерідің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады. Ондай қызметті есімдіктер, сияқты, тәрізді сөздер, сондай-ақ сан есімдер де атқарады: Арқаға аяқ салып түскен барып Екі оттың — орыс, қытай арасына (М. Жұмабаев

 

 

33. Тест

1. “Терең”сөзінің ауыспалы мағынасын табыңыз.
A) Терең білім.
B) Терең су.
C) Терең өзен.
D) Терең көл.
E) Терең құдық.
2. Езулік дауыстылар қатарын толықтырыңыз:А, ә, е, э, ы, і, ...
A) Ө.
B) Ү.
C) О.
D) У.
E) И.
3. Соңы үнді дауыссызға аяқталатын сөзді көрсетіңіз.
A) Міндет.
B) Қозы.
C) Ағаң.
D) Көрпеш.
E) Кенесары.
4. Сөздің ең алғашқы мағыналық бөлшегін қалай атайтынын көрсетіңіз.
A) Күрделі сөз.
B) Қосарлама сөз.
C) Біріккен сөз.
D) Туынды сөз.
E) Түбір сөз.
5. Күрделі зат есімді табыңыз.
A) Жұмысшы.
B) Оқулық.
C) Асхана.
D) Өнеркәсіп.
E) Басшы.
6. Сан есімге қандай тыныс белгісі керек, анықтаңыз.
Қапты 2 ден көтеріңдер.
A) Үтір.
B) Дефис.
C) Қос нүкте.
D) Нүкте.
E) Тире.
7. Заттың өзін де, белгісін де, санын да білдірмейтін, есім сөздер орнына жұмсалатын сөз табын көрсетіңіз.
A) Етістік.
B) Сын есім.
C) Зат есім.
D) Есімдік.
E) Сан есім.
8. Бұйрық райлы етістікті табыңыз.
A) Барған.
B) Барды.
C) Бар.
D) Бармақ.
E) Барар.
9. Сөйлемде неше еліктеу сөз барын белгілеңіз.
Қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті.
A) 3.
B) 2.
C) 4.
D) 1.
E) 5.
10. Омоним бола алмайтын сөзді белгілеңіз.
A) Терезе.
B) Өлең.
C) Табыс.
D) Отау.
E) Орыс.
11. Сөз арасындағы кейінді ықпалды табыңыз.
A) Жүз сом.
B) Салт-сана.
C) Қара торы.
D) Қол орақ.
E) Тоғай іші.
12. Салыстырмалы шырайды табыңыз.
A) Сарғылт.
B) Аса көп.
C) Сап-сары.
D) Өте сары.
E) Сары.
13. Себеп-салдар үстеулі тіркесті көрсетіңіз.
A) Тез келді.
B) Амалсыздан көнді.
C) Дереу жетті.
D) Етпетінен жығылды.
E) Жорта сөйледі.
14. Септеулік шылауды көрсетіңіз.
A) Шынар-ай, ойымды дөп бастың, сәулем.
B) Егер жолым болып кетсе, бәріңе жақсылық болады.
C) Жұмыстан бұрын сенімен кездесу қиын боп кетті.
D) Я ұл, я қыз болсын, ұрпақ болса болғаны.
E) Көкірегі ашуға толып тұр, бірақ оны сыртқа шығармады.
15. Жанаса байланысқан пысықтауыштық қатынасты табыңыз.
A) Мәдимен кездесу.
B) Мейірімді бала.
C) Ақсақ құлан.
D) Үздік оқу.
E) Жолдассыз адам.
16. Тура толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Тек жүрсең, тоқ жүресің.
B) Өтірікші өзін алдайды.
C) Оқусыз білім жоқ.
D) Әдеттің жөні-әдет.
E) Қар жауды.
17. Аралас құрмалас сөйлемнің арасына үтір мен сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Егер мұғалім болғымыз келсе, жалдайтын ауыл да табылды, менің жалданғым да келді, - оған Баймағамбет болмады.
A) Бірыңғай мүшеге.
B) Қарама-қарсылық мәні болғандықтан.
C) Күрделі сөз тіркестерінің арасына.
D) Қалған сөйлемге басыңқы сыңар ұйытқы болғандықтан.
E) Себеп мәнді мағыналы болғандықтан.
18. «Біріншіден, екіншіден» деген қыстырма сөздердің мағынасын анықтаңыз.
A) Көңіл-күй.
B) Өкіну.
C) Ой тәртібі.
D) Сендіру.
E) Мақұлдау.
19. Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
 операсы - қазақ музыкасын биік белге шығарған ірі туынды.
²Абай²
A) Бастауыш - сан есім, баяндауыш - етістік.
B) Қосарлы айқындауыш.
C) Бастауыш - есім, баяндауыш - есім.
D) Бастауыш сын есім, баяндауыш зат есім.
E) Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есім.
20. Грамматикалық тұлғаларында өзгерісі бар диалект сөзді табыңыз.
A) Маңдай.
B) Аласа.
C) Көз.
D) Пысқан.
E) Қырағы.
21. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді табыңыз.
A) Қырықаяқ.
B) Саңырауқұлақ.
C) Ақкенже.
D) Түрегел.
E) Ілімхан.
22. Еркін сөз тіркесін табыңыз.
A) Қоян жүрек.
B) Су жүрек.
C) Қалта сағат.
D) Жүгіріп бара жатыр.
E) Төбе шашы тік тұру.
23. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Ердостың атқа мінгісі келді.
B) Абай шығармаларынан үзінді келтірді.
C) Асанмен бес жыл бірге оқыдым.
D) Қызықты кітап.
E) Мөлдір бұлақ.
24. Төлеу сөзді көрсетіңіз.
A) – Айналайын, келінжан, өркенің өссін!
B) Той да өтті, Ыбыштың есін алған көкпар да өтті.
C) Артына қарап өкініш көрсе, алдына қарап үміт көреді.
D) Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ.
E) Сәбит Мұқанұлы бір кітапты бітіріп, екіншісін бастағанда, демалатынын айтты.
25. Соңғы жылдары шешендік сөздерді жинап, зерттеп, танытуға үлес қосқан ғалымды табыңыз.
A) Ә.Кекілбаев.
B) М.Жұмабаев.
C) А.Байтұрсынов.
D) Б.Адамбаев.
E) С.Сейфуллин.

1. A
2. E
3. C
4. E
5. D
6. B
7. D
8. C
9. B
10.
E
11. C
12. A
13. B
14. C
15. D
16. D
17. E
18. C
19. E
20. D
21. D
22. C
23. C
24. E
25. D

 

34.

Лексика-грамматикалық тест тапсырмаларын орындауға нұсқау:

 

1) Берілген 4 тапсырмаға жауапты 4 нұсқадан (А, В, С, D) табыңыз.

Үлгі:

1. Маржан қазақша жақсы жаза, ... А) оқу

2. Сен мына кітапты ... В) оқи алады

3. Дастан мына журналды ертең ... С) оқиды

4. Жақсы ... міндетің D) оқыдың ба?

Жауаптары: 1 – В; 2 – D; 3 – С; 4 – А.

Жауаптарын оң жақ нұсқадан таңдайсыз.

 

 

Дұрыс жауабын таңдаңыз.

1. Дастанның ... бар. A) қарындасына

2. Ол ... өте жақсы көреді В) қарындасы

3. Дастан ... кітап сатып алды С) қарындасын

1. - ... 2. - ... 3. - ...

 

4. Менің досым маған .... айтты. A) опера театрында

5. Ол ... айтты. В) опера туралы

6. Мен ... болған емеспін. С) опера театры туралы

4. - ... 5. - ... 6. - ...

 

7. Менің достарым ... шығар A) спорт залға

8. Жұмысшылар ... салып жатыр В) спорт залда

9. Кім ... барды? С) спорт залын

7. - ... 8. - ... 9. - ...

 

10. Менің ағам ... оқиды. A) медицина акедемиясы

11. Менің де ... түскім келеді В) медицина академиясында

12. Осы көшеде ... бар. С) медицина академиясына

10. - ... 11. - ... 12. - ....

 

13. Маржан ... болғысы келеді. A) дәрігер

14. Менің інім ... барады. В) дәрігерге

15. Мына әңгіме ... туралы. С) бала дәрігері

13. - ... 14. - ... 15. - ...

 

16. Менің әпкеме ... ұнайды A) француз әдебиеті

17. Ертең ... лекция болады В) француз әдебиетіне

18. Ол ... қызығады. С) француз әдебиетінен

16. - ... 17. - ... 18. - ....

 

19. Дәурен ... сатып алды. A) бүгінгі

20. Менде ... жоқ. В) бүгінгі газет

21. Мен ... бір мақаланы оқығым келді. С) бүгінгі газетті

19. - ... 20. - .... 21. - ...

 

22. Менің журналымда ... жоқ. A) осы мақала туралы

23. Маған ... керек. В) осы мақала

24. ... менің досым жазды. С) осы мақала

22. - ... 23. - ... 24. - ...

 

25. Біз ... жиі боламыз. A) ұлттық мұражайға

26. ... қаланың орталығында В) ұлттық мұражайда

27. ... 100 жыл болды. С) ұлттық мұражай

D) ұлттық мұражайдың

25. - .... 26. - ... 27. - ...

 

28. Біз ... концертінде болдық. A) танымал әншіні

29. Достар ... танысты. В) танымал әншінің

30. Олар ... туған күнімен құттықтады. С) танымал әншімен

D) танымал әншіге

28. - ... 29. - ... 30. - ...

 

31. Мына дүкен .... A) Абай даңғылы

32. Мен ... жақын тұрамын В) Абай даңғылында

33. ... қаладағы ең ұзын даңғыл. С) Абай даңғылына

D) Абай даңғылының

31. - ... 32. - ... 33. - ...

 

34. ..... қайда? A) қала кітапханасының

35. Мен ... кітап аламын. В) қала кітапханасы

36. ... ғимараты жақында салынған. С) қала кітапханасынан

D) қала кітапханасымен

34. - ... 35. - ... 36. - ...

 

Дұрыс жауабын таңдаңыз.

37. Біздің сыныпта ... қызды кездестірдім. A) болмаған

38. Мұражайда ... қызды кездестірдім. В) оқитын

39. Сабақта ... қызды кездестірдім. С) танысқан

D) келмеген

37. - ... 38. - ... 39. - ...

 

40. Бұл менің мектепте бірге ... досым. A) жазатын

41. Бұл менің менімен хат ... досым. В) оқитын

42. Бұл менің маған жиі хат .... досым. С) жазысатын

D) сөйлесетін

40. - ... 41. - ... 42. - ...

 

43. Дастан 30 мың сөзден ... сөздік сатып алды. A) айтқан

44. Дастан 8 мың теңге ... сөздік сатыл алды. В) тұратын

45. Дастан оқытушы ... сөздікті сатып алды. С) болмайды

D) болған

43. - ... 44. - ... 45. - ...

 

46. Оқытушы ертең ... айтты. A) қайталау керектігін

47. Оқытушы барлық оқушылардың В) бақылау жұмысы болатынын

грамматиканы ... айтты.

48. Айдос ережені ... өтінді. С) түсіндіріп беруді

D) бақылау жұмысы болғаны

46. - ... 47. - ... 48. - ...

 

49. Толғанайға осы күлгін түс ... А) келеді

49. – ... В) жарасады

С) болады

D) келіп тұр

 

50. Өткен аптада осы фильм қаланың А) өтіп жатыр

барлық театрында ... В) болған

50. - ... С) келе жатыр

D) бола жатар

 

51. Фильм басталайын деп жатыр, теледидарды ... А) өшір

51. - ... В) қос

 

52. Ыдыстарды мен жуайын, сен аздап ... А) демал

52. - ... В) демалып жүр

 

53. Спортпен үнемі ... А) айналысып жүр

53. - ... В) айналысып қой

 

54. Сенің ағам өзінің машинасын ... келеді. А) сатқысы

54. - ... В) сатады

 

55. Оған бұл мәселені шешуге ... керек. А) көмекке

55. - ... В) көмектесуге

С) көмектесу

 

56. Бүгін мына дәріні ... ұмытпа. А) ішу

56. - ... В) ішуді

 

57. Ол өзінің сапары туралы ... А) айта алмады

57. - ... В) айта алмау

 

58. Сағат сегіз, ... уақыт болды. А) тұру

58. - ... В) тұратын

 

59. Мен өзімнің кілтімді еш жерден ... алмадым. А) табу

59. - ... В) таба

 

60. Емтиханға бірге ... А) дайындалайық

60. - ... В) дайындалдым

С) дайындалу

 

61. Терезені ... да болады. Далада күн өте жылы. А) жапсаң

61. - ... В) жаппасаң

 

62. Ауру өте әлсіз. Оған әлі төсектен ... ... А) тұруға болмайды

62. - ... В) тұруға болады

 

Оқылым бөлігі

Оқыңыз.

Жер шарының үштен екісі – су. Оның 97% жарамсыз тұзды теңіз суынан тұрады. Бізде су көп пе, аз ба? Демек, жердің физикалық-географиялық картасына қарағанда көгілдір түс көбірек болғанымен, су ресурстары көп емес. Планета халқының үштен бірі қазірдің өзінде-ақ су тапшылығына ұшырап отыр. Жаңа ғасырда таза су тауарға айналды. Германия тұщы суды Швециядан сатып ала бастады, АҚШ бір текше метр тұщы су үшін Канадаға 5 центтен төлейді. Гонконг ауыз суды Қытайдан алады. Тасымал сумен тұтас бір мемлекет – Алжир тіршілік етіп отыр.

(Баспасөз беттерінен, 81 сөз )

63. Мәтін мазмұны ... туралы.

А) ауыз су

В) теңіз

С) өзендер

D) су ресурстары

 

64. Сөйлемді жалғастырыңыз.

Планета халқының үштен бірі қазірдің өзінде-ақ су тапшылығына ұшырап отыр, себебі ... ...

А) мұхиттар көп емес

В) су ресурстары көп емес

С) ауыз су көп

D) тұщы су көп

***

Балқаш көлі оңтүстік-шығыста орналасқан. Ұзындығы – 614 шақырым (км), ені – 74 шақырым (км).

Балқаш көліне Іле, Лепсі, Аякөз, Бақанас, Қаратал, Мойынты сияқты өзендер құяды.

Балқаш көлінің орташа тереңдігі – 6 метр, кейбір жерлері – 27 метр.

Соңғы жылдары көлдің жалпы аумағы 2000 шаршы метрге (кв. км) азайды, деңгейі 3 метрге түсті. Тұздану арта түсті. Балық азайып жатыр. Арал апаты – бәрімізге сабақ. Үкімет Балқашқа назар аударуы қажет. Ресей мемлекетінде «Байкал көлі туралы» заң бар. Парламент «Балқаш көлі туралы» заң қабылдаса, артық болмас еді. Себебі Балқаш көлі еліміз үшін аса маңызды.

(Баспасөз беттерінен, 80 сөз)

 

65. Мәтін мазмұны ... туралы.

А) Жетісу өзендері

В) Балқаш көлі

С) Балқаш көлі туралы заң

D) Арал апаты

 

66. Сөйлемді жалғастырыңыз.

Балқаш көлі еліміз үшін аса маңызды, сондықтан ...

А) Байкал көлі туралы заң бар

В) Балқаш көлі туралы заң қабылдау керек

С) тұздану арта түсті

D) Арал апаты бәрімізге сабақ

***

Мектепте бәріміз химия пәнін оқыдық. Менделеев кестесімен таныстық. Осы кестені білуге тырыстық. Өйткені химиясыз өмір жоқ. Күнбе-күнгі тіршіліктегі қарапайым ғана дерек. Мұны кішінің де, үлкеннің де білгені дұрыс. Мысалы, салмағы 70 кг адам денесінде ғалымдардың айтуынша, шамамен, 12,6 кг көміртегі, 45,5 кг оттегі, 7 кг сутегі, 2,1 кг азот, 1,4 кг кальций 150 грамм натрий, 100 грамм калий, 200 грамм магний, 700 грамм фосфор, 157 грамм күкірт, 5 грамм темір, 100 грамм фтор, 1,1 грамм йод, 0,0005 грамм мышьяк болады екен. Адам денесінде дақ күйінде ізі байқалатын микроэлементтер: марганец, бром, мырыш, алюминий, кобальт, мыс, бор, берилий, барий, строний, ванадий, хром, кадмий, молибден тағы басқалары да кездеседі.

(«Егемен Қазақстан», 29 қаңтар, 2003 ж. 104 сөз)

 

67. Мәтіндегі негізгі ақпаратты айтыңыз.

А) Адам денесіндегі элементтер

В) Менделеев кестесі

С) адам денесі

D) химия пәні

 

68. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.

Адам денесінде ғалымдардың айтуынша, шамамен 12,6 кг көміртегі, 45,5 оттегі, 7 кг сутегі болады екен.

А) шамалап

В) шамалы

С) мөлшермен

D) мөлшерлі

***

Ертеде Үнді елінде ақылды данышпан болыпты. Ол шахмат ойынын ойлап тауыпты. Патшаға бұл ойын өте ұнапты. Данышпанға ойлап тапқаны үшін сыйлыққа қалағаныңды ал,- депті. Данышпан қарт патшадан алтын да, меруерт те сұрамапты, дән сұрапты. Дән шахмат шаршылары сайын екі есеге өсуі керек. Ақылды қарттың бұл сұраған сыйлығына бәрі күліпті, тіпті патша: «Менің жомарттығыма сай емес сыйлық сұрадың»,- деп ренжіп те қалыпты. Дана қарт өз сөзінде тұрып алыпты.

Сонымен сарай математиктері күндіз түні демалмастан санапты, санап болған кезде данышпанның сұрағанына Үнді еліндегі дән жетпепті.

Бәрі де шахматты ойлап тапқан данышпанның тағы бір тапқырлығына куә болып, таң қалыпты.

(Баспасөз беттерінен, 94 сөз)

 

69. Мәтін мазмұны ... туралы.

А) данышпан қарт

В) шахмат

С) патша

D) сарай математиктері

 

70. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.

Ертеде Үнді елінде ақылды данышпан болыпты.

А) Ескіде

В) Баяғыда

С) Өткен ғасырда

D) Өткенде

 

71. Асты сызылған сөзге мағынасы жақындау сөзді табыңыз.

Ақылды қарттың бұл сұраған сыйлығына бәрі күліпті.

А) кәрінің

В) қарияның

С) данышпанның

D) данышпаннан

***

«Отырар сазы» - Қазақ академиялық фольклорлық-этнографиялық халық музыкалық оркестрі. 1980 жылы Қазақ филармониясы жанынан Н.Тілендиев ұйымдастырды. Алғаш шағын ансамбль ретінде жұмыс істеді. 1982 жылдан бері оркестр. Мұндағы қос ішекті, үш ішекті домбыралар, қобыз, сыбызғы, саз сырнай, жетіген, шаңқобыз, асатаяқ секілді ертеден белгілі музыкалық аспаптардың орындауындағы шығармалар өзінің ұлттық нақышымен ерекшеленеді. Кейіннен оркестрдің аспаптар құрамы кең шанақты және шіңкілдек домбыралар, нар қобыз, жез қобыз, мес қобыз (сазген), адырна, даңғыра тағы басқа музыкалық аспаптармен толықтырылды. Репертуарында: халық күйлері Кеңес, Сарыөзен, Халық композиторлары, Тәттімбеттің «Қос басар», «Сарыжайлау», «Сылқылдақ», Сүгірдің «Кер толғау», «Бес жорға», Н.Тілендиевтің «Ата толғауы», «Аңсау», «Көш керуен»; К.Күмісбековтың «Фараби сазы» шығармалары бар.

(«Қазақ мәдениеті» энциклопедиялық анықтамалықтан, 101 сөз)

 

72. Мәтін мазмұны ... туралы.

А) күйлер

В) музыкалық аспаптар

С) музыка

D) музыкалық оркестр

 

73. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.

Шығармалар өзінің ұлттық нақышымен ерекшеленеді.

А) бояуымен

В) өрнегімен

С) музыкамен

D) күйлерімен

 

74. Сөйлемді аяқтаңыз.

Мәтін мазмұнында ................

А) тек қана домбыралар бар.

В) ұлттық аспаптар түрлері көп.

С) қобыз туралы ғана

D) жетіген туралы ғана

***

Апта неге жеті күннен тұрады? Ертедегі астрономдар Айдың әрбір фазасы жеті сөткеге созылатынын байқаған. Сондықтан айлық кезеңді төрт аптаға бөлген. Әрқайсысы жеті күннен тұрады. Апта басы демалыс күні болып саналатын сенбіден басталған. Апта күндері аспан денелерінің атымен аталған: сенбі – Сатурн күні, дүйсенбі Айдың күні, сейсенбі Марстың күні, сәрсенбі Меркурийдің күні, бейсенбі Юпитердің күні, жұма – Шолпанның күні және жексенбі – Күннің күні болып аталған. Осы атаулардың кейбірі европа тілдерінде бүгінгі күнге дейін сақталған.

Кейбір тілдерде күннің аталуы олардың реттік нөміріне де, әдет-ғұрыпқа да байланысты болған.

(М.Исқақов. Халық календары кітабынан, 83 сөз)

 

75. Мәтін мазмұнындағы негізгі ақпаратты айтыңыз.

А) жеті сөтке

В) жеті апта

С) аптаның жеті күні

D) күннің аталуы

 

76. Сөйлемді жалғастырыңыз. Апта жеті күннен тұрады, себебі ...

А) айдың әрбір фазасы 7 тәулік

В) айдың әрбір бөлігі 7 апта

С) айдың әрбір фазасы 7 түн

D) айдың фазасы күн-түннен тұрады

***

Ерте замандарда әр халықтың уақыт есебін жүргізу ережесі әр түрлі болған, сондықтан әр түрлі күнтізбелер болған. Халықтар тарихында египет (мысыр) күнтізбесі, вавилон күнтізбесі, рим күнтізбесі, араб күнтізбесі, майя күнтізбесі болғаны белгілі.

Қазіргі «календарь» атауы Ежелгі Римді мекендеген латын халқының «календариум» деген сөзінен жасалған, ал оның өзі – сол латын тіліндегі календы сөзінен шыққан туынды сөз.

Қазіргі европалық күнтізбе бізге римдіктерден келген, ал рим күнтізбесінің өзі Ежелгі Египет күнтізбесі негізінде жасалған. Араб күнтізбесі – Ежелгі Вавилон күнтізбесінің жалғасы.

Күнтізбе – халықтардың ғасырлар бойы жасаған алтын қазыналарының бірі, атадан балаға қалып келе жатқан асыл мұрасы.

Күнтізбе жеке адамдарға да, мемлекеттерге де қажет, ол бүкіл адамзатқа да қажет. Жақсы күнтізбе табиғат құбылыстарына сәйкес, ғылым табыстары негізінде жасалады.

(М.Исқақов, Халық календары кітабынан, 112 сөз)

 

77. Мәтін мазмұны ... туралы.

А) уақыт

В) әр түрлі күнтізбелер

С) мұра

D) ғылым табыстары

 

78. Сөйлемді жалғастырыңыз.

Әр түрлі күнтізбелер болған, себебі ...

А) әр халықтың уақыт есебін жүргізу ережесі әр түрлі

В) әр халықтың өз дәстүрі болған

С) әр халықтың өз мәдениеті бар

D) әр халықтың өз тарихы бар

 

79. Мәтіндегі негізгі ақпарат ... туралы

А) әр халық

В) күнтізбелер

С) Ежелгі Рим

D) Египет

***

Уақытты басқару – өнер. Біреу жұмысқа мезгілінде келіп, мезгілінде кетеді. Бірақ еш нәрсеге үлгере алмайды. Екінші біреу үнемі кешігіп жүреді, әйтсе де, жұмысын өз уақытында орындап тастайды.

Кеңес Одағы кезінде адамдарда уақытты меңгеруге деген еш қажеттілік болмады. Міндетін орындаса болды. Қазір олай емес, әркім өзі үшін жұмыс істейді. Сондықтан кейбіреулер тәуліктің тең жартысын жұмысқа арнап жүр. Бірақ нәтижелі ме? Әркім өз уақытын меңгере ала ма? Қымбат минуттарыңызды үнемдеу бар ма? Өзгелердің уақытына құрметпен қарайсыз ба?

(Қаржы-қаражат журналынан, 67 сөз)

 

80. Мәтін мазмұны ... туралы.

А) мезгіл

В) жұмыс уақыты

С) уақыт үнемдеу

D) уақытты меңгеру

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі пәнінен факультатив бағдарламасы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 839 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.11.2016 32188
    • DOCX 660 кбайт
    • 927 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Киябаева Салтанат Сансызбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 91237
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 111 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов