Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ тілі пәнінен үлгі сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Қазақ тілі пәнінен үлгі сабақ

библиотека
материалов

hello_html_m46e217af.gifhello_html_205b2b16.gifАлматы облысы Іле ауданы Боралдай кенті

«Кенен Әзірбаев атындағы №15 орта мектеп» МКМ











Сабақтың тақырыбы Етістіктен өткенді қайталау


Сабақтың типі білімдерін бекіту сабағы


Бодыкбаева Жулдуз Кабденовна

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Сынып: 6






















2016 жыл


Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

білімділік - етістік бойынша алған білімдерін жинақтау, етістік түрлерін ажырата білу дағдыландыру;

дамытушылық - тіл,сөйлсу тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, ■ байқағыштық қасиеттерін дамыту;

тәрбиелік - ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, талдауға алынған мысалдар арқылы адамгершілік қасиеттерге, ұлттық құндылықтарды сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білімдерін бекіту.

Сабақтың құрылысы: 1-2-3-6-7-8

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сөйлеу, шығармашылық жұмыстар, сөздерге сатылай кешенді талдау жасау.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырыпты ашу үшін пайдаланылатын плакат беттер, сатылай кешенді талдаудың үлгілері, түрлі түсті қағаздан қиылып жасалған фишкалар, перфокарталар, үнтаспа.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтастыру. Сыныпты екі топқа бөлу I топ "Есімше", 2-топ "Көсемше".Етістік бойынша топ басшыларына сұрақтар қойылады. Жеңіске жеткен топ өздерін бірінші таныстырады.

Сабағымыз 9 бөлімнен тұрады.

I. Таныстыру. "Біз кімбіз?"

Екі топ өздерінің топтарының атына байланысты есімше мен көсемше, жасалуы мен түрлері, түрленуіне байланысты қасиеттерін айтып, өздерін таныстырады.

"Есімше" тобының таныстыруы Етістіктің ерекше бір түрімін,

Ерекше боп жаратылған гүлімін,

Екі түрлі қызметте жұмсалып,

Толықтырам оқушының білімін.

Анықтауыш, баяндауыш, бастауыш

Қызметінде бірінен соң бірімін.

-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек,

-атын, -етін, -йтын, -итін және де

-қан, -кен, -ған, -ген, -ар, -ер, -р деп

Жұрнақтарым толықтырар ілімін.

Есімшемін ел осылай мақтайтын,

Қылығым жоқ қазақ тілі даттайтын.

Шәкірттерге берерім мол, пайдам да,

Еліміздің аманатын ақтаймын.

"Көсемше" тобының таныстыруы

Көсемшемін, көріңіздер дара тұлғам,

Етістіктен ерекше жаратылғам.

Екі түрлі қызметті мен де атқарам:

Үстеу және етістік санатынан

-а, -е, -й, -ып, -а деген жұрнақтарым

Қолдансаң сөз тудырады қанатынан.

-қалы, -келі, -ғалы, -гелі жұрнақтарым


Тұлғасы жіктелмейтін тарапынан. Мен қалай қанатымды қақтырмаймын, Оқып білмей, оңайлықпен таптырмаймын. Көптік, септік, тәуелдік аталатын Жалғауларды жалпы мен жақтырмаймын.

2. Салт-дәстүрім - тірегім.

1-топ. Мақал-мәтелдер және жаңылтпаштар айтып, етістіктерін тауып, жан-жакты талдайды. Қосымша сабақты, салт етістіктерді сипаттайды.

2-топ. Қазақтың тыйым сөздері мен жұмбақтар айтып, етістікті түрлеріне қарай ажыратады, ережелерін айтады. Қосымша болымды, болымсыз етістіктерді сипаттайды.

3. Талдап үйренейік.
Етістіктерге сатылай кешенді талдау жасау.

1-топ "көрген" етістігіне фонологиялық, ал "болысты" етістігіне лексика-грамматикалық талдаулар жасайды.

2-топ "жалтылдап" етістігін фонологиялық, және "қипақтау" етістігіне математикалық тәсілмен талдау жасалады.

4."Атадан қалған асыл сөз" (өлең жолдарын сөйлемге айналдыр). "Есімше" тобы Төле бидің 9 жасар Жетес биге берген батасын үнтаспадан тындайды да, өлең жолдарын сөйлемге айналдырады.

өсемше" тобы дәл осындай тәсілмен 14 жасар Қазыбек бидің қалмақ ханы Қонтажыға айтқан сөздерін тыңдап, өлең жолдарын сөйлемге айналдырады. Қосымша дара, күрделі етістіктерге сипаттама береді.

Сергіту сәті. Отыр, тур, эісатыр, жүр етістіктерінің қалып етістіктер екені айтылып, эр түрлі жаттығулар жасалады.

5. "Кім жылдам?" ойыны.

"Есімше" тобына "бол", "Көсемше" тобына "жет" етістігі беріледі. Ойынның шарты жазылған етістіктің әрбір әрпінен басталатын етістікті табу жэне оларға етіс жүрнақтарын жалғау.

Оқулықпен жұмыс.

Алғашқы орындалатын тапсырма: Алғашқы орындалатын тапсырма: 264-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Етістіктерді тауып, олардың нгешінші жақта қалай жіктеліп тұрғанын айтыңдар.

Келесі тапсырма: 265-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Дара жэне күрделі етістіктерді ажыратып, күрделі етістіктің қүрамын аныктаңдар. Тест тапсырмалары бойынша жүмыс.

Алдын ала дайындалған тест тапсырмалары таратылады,тексеріледі 1 .Етістіктің неше түрі бар?

а) 1 ә) 3 б) 5

2.Болымсыз етістік жұрнақтары қайсысы?

а) -у ә) -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе б) -ып, -іп, -п

3."Сөйлеп тұр", "жүріп келе жатыр" құрамына қарай қандай етістікке жатады?

а) дара етістікке әұйық етістікке б) күрделі етістікке

4. Екі етістік түріне ортак жұрнақтарды ата.

а) —ыл -іл, -л э) -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз б) -ын, -ін, -н

5.Көсемшенің жіктелмейтін түрін көрсет.

а)-қалы, -келі, -галы, -гелі ә)-а,-е,-й б) -ып, -іп, -а

6. Сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын қай етістік түрі?

а)ырықсыз етіс ә) өздік етіс б) өзгелік етіс

7. Табыс жалғауын қажет етпейтін етістік түрі.

а)сабақты етістік ә) салт етістік б) есімше

8.Тұйық етістік қай сөйлемде тұр?

а) Сабаққа үнемі дайындалу керек.

ә)Шашу жақсылық, жиын-тойларда орындалатын ырым.

б) Көсеуді пештің қасына қойды.


8.Перфокартамен жүмыс.

Екі топқа "Киіз үй", "Түлік төлден өседі" такырыбындағы перфокарта таратылып, шағын мәтін құрастыру тапсырылады. Мәтін ішінде етістіктер болу керек.

9. Суретпен жұмыс.

Тақтаға "Киіз басу" суреті ілінеді. Екі топ ауызша киіз басудағы ерекшеліктерді кезек-кезек ретімен баяндайды.

Оқушылардың өзді-өздерін бағалауы бойынша жеңімпаз топ анықталады.

Сабақтың қорытындысы:

1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабакты қорытындылаймын.

2. Оқушылардың білімін бағалаймын.

3. Үйге тапсырма: 267-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Есімешелерді бір бөлек, көсемшелерді бір бөлек теріп жазыңдар.

Келесі тапсырма: 268-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Қарамен жазылған сөздердің тұлғаларын ажыратып, морфологиялық талдау жасаңдар.







































Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті К.Әзірбаев атындағы №15орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Бодыкбаева Жулдуз Кабденовна

Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік


Сабақтың мақсаты: Етістіктің іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай бөлінетін түрі болымды және болымсыз етістіктер туралы түсіндіру.

  • Білімділік: болымды және болымсыз етістіктердің жасалуы туралы түсіндіру арқылы оқушылардың етістіктер туралы білімдерін кеңейту.

  • Дамытушылық: тапқырлыққа, өз көзқарасын жүйелі де тиянақты баяндауға, мәлімдеуге, өнер-білімге құштарлығы мен дүниетанымын кеңейтуге баулу.

  • Тәрбиелік: адамгершілікке, Отанын сүюге, өнерлі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, Венн диаграммасы, топтық жұмыс. СТО элементтері

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырыпты ашу үшін пайдаланылатын плакат беттер, сатылай кешенді талдаудың үлгілері, түрлі түсті қағаздан қиылып жасалған фишкалар, перфокарталар, үнтаспа.



Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық:

Қол шапалақтап, бір-біріне жақсы тілектер айту.


Топқа бөлу: Оқушыларды «Мозайка» әдісі арқылы 4 топқа бөлу. Ол жерде оқу, білім, еңбек, туған жер туралы жазылған мақал – мәтелдерді тауып топтастыру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

173-жаттығу: Берілген есім сөздерге жұрнақ жалғап, етістікке айналдырып жаз.


III. Білімдерін жан-жақты тексеру:

Қызығушылықтарын ояту «Кім жылдам?»

1. Етістік дегеніміз не? мысалдар келтір

2. Тұлғасына қарай қалай бөлінеді? мысалдар келтір

3. Құрамына қарай ше? мысалдар келтір

4. Дара және күрделі етістік дегеніміз не? мысалдар келтір



Дара / Бір ғана түбірден тұрады/

Етістіктер

Күрделі /екі я одан да көп сөзден тұратын, бір ғана мағынаны білдіріп, бір ғана сұраққа жауап беретін,

Бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын етістіктер

IV. Зейіндерін аудару, мақсат қою кезеңі:

Ал, енді балалар, біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы болымды және болымсыз етістік

V. Жаңа білімді меңгерту .

Тақтаға бар, жүр, отыр, тұр, бергенбіз, келгенбіз, айтпа, жүрме, баптанба, мақтанба, барғызба.

Осы сөздерді жүзеге ас-аспауына қарай топастырыңыздар. Осы екі топтың айырмашылығы неде?





Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай

Болымды

Болымсыз

Іс әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.

Мысалы:кел, санады, жаздыр, барды т.б.

Іс әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.

Негізгі және туынды етістікке -ма,-ме, -ба,-бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Мысалы: келме, санамады, жаздырма, бармады т.б.


VI. Жаңа сабақты меңгергендіктерін тексеру. Қолдану.

  1. «Кім алғыр?» әдісі. Оқушыларға жарыс ретінде топпен сайыстыру мақсатында тапсырмалар беру. Топпен тапсырмалар орындау


  1. Тақтаға болымды етістіктер бойынша мысалдар жазу:

Мен сабақ оқыдым.

Мен сабақ оқып отырмын.

Мен сабақ оқымақпын.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба

Болмасаң да ұксап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз

Ондай болмақ қайда деп

Айтпа ғылым сүйсеңіз

Өлең жолдарынан болымды, болымсыз етістіктерді табу

  1. Сатылай кешенді талдау.

Мақтанба, баптанба, көрсеңіз, сүйсеңіз сөзіне морфологиялық талдау жаса.


4. Берілген болымды етістіктерден болымсыз етістік жасаңдар:

Бар-барма асық-асықпа бөгел-бөгелме ти-тиген емес

Көр-көрме жүгір-жүгірме сүрін-сүрінбе ұмыт-ұмытпа

Сыз-сызба шула-шулама күл-кұлме жоғалт-жоғалпа

Тіз-тізбе айқайла-айқайлама жағалас-жағаласпа атта-аттама

Айт-айтпа тарық-тарықпа сыз-сызған жоқ секір-секірме

Түс-түспе кешік-кешікпе теп-тепкен жоқ боя-бояма


Ескертпе: болымды етістіктерге жоқ, емес көмекші сөздерінің тіркесіп келуі арқылы да болымсыз етістік жасалады.

Барған, келген –барған жоқ, келген емес

Айтқан, кеткен-айтқан жоқ, кеткен емес

Салатын-салатын емес т.б.


228-жаттығу: Болымды етістіктен болымсыз етістік жасаңдар. /ауызша орындату/


VII. Бекіту. жинақтау


V. Тестік жұмыс арқылы сабақты қорытындылау.


1.Болымсыз етістіктің жұрнағын табыңыз.

А) –а, -е. В) –ба, -бе. С) –жоқ. D) –емес. E) –ды, -ді.

Дұрыс жауап: В

2. Болымсыз етістікті табыңыз.

А) Мекендейді.В) Болады.С) Жазып отыр.D) Ұзын болады.E) Көрінбейді.

Дұрыс жауап: Е

3. Болымсыз етістігі бар сөйлемді табыңыз.

А) Табиғат- халық қазынасы.

В) Адамдардың табиғатсыз күні болмайды.

С) Табиғаттың байлығын қорғай білуіміз керек.

D) «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылған.

E) Қазақстанда аң-құстар, өсімдіктер қамқорлыққа алынған.

Дұрыс жауап: В

4.Сөйлемнен болымсыз етістікті табыңыз.

Жаңбыр жауса, біз ешқайда бармаймыз.

А) Жаңбыр В) Жауса. С) Біз. D) Ешқайда. E) Бармаймыз.

Дұрыс жауап: Е

5. Негізгі етістікті көрсетіңіз.

А) Аяқта. В) Жу. С) Тісте. D) Жуын.E) Баста.

Дұрыс жауап: В

6. Етістік тудырушы жұрнақты көрсетіңіз.

А) –шы. В) –у. С) –ла. D) –ға. E) –рақ.

Дұрыс жауап: С

7.Туынды етістікті табыңыз.

А) Мырзалық. В) Жеңілдік. С) Сәндік. D) Ойлану. E) Тазалық.

Дұрыс жауап: D

8.Күрделі етістікті көрсетіңіз.

A) Есептеледі.B) Қарамаған.C) Басылған.D) Сенеміз.E) Кездесіп тұрады.

Дұрыс жауап: E


Тыйым сөздермен жұмыс.

Балалар, қазақтың ырым, тыйым сөздері - кез келген адамды жамандық жасамауға, әдепті болуға үйрететін тәлімі мол сөздер. Ендеше, тыйым сөздер айтып көрейік.

Етістік

Бос бесікті тербетпе.
Малды теппе.
Үй ішінде ысқырма.
Көпке топырақ шашпа.
Жібер – жіберме
 Қаз – қазба 
Шақыр – шақырма 
Төз – төзбе
Тізеңді құшақтама!
 Құр бесікті тербетпе!
Бүйіріңді таянба! 
Үлкен кісінің алдын кесіп өтпе!


Болымсыз

Болымды



VIII.Үй тапсырмасы:


«Адамгершілік - кісіліктің белгісі» ойтолғау жазу.

176 – жаттығу Берілген болымды етістіктерден болымсыз етістік жасаңдар:

Бар-барма асық-асықпа бөгел-бөгелме ти-тиген емес

Көр-көрме жүгір-жүгірме сүрін-сүрінбе ұмыт-ұмытпа

Сыз-сызба шула-шулама күл-кұлме жоғалт-жоғалпа

Тіз-тізбе айқайла-айқайлама жағалас-жағаласпа атта-аттама

Айт-айтпа тарық-тарықпа сыз-сызған жоқ секір-секірме

Түс-түспе кешік-кешікпе теп-тепкен жоқ боя-бояма


Бағалау. Өзін - өзі топпен бағалайды, бағалау парақшалары

Рефлексия. Стикерлерді толтыру


Автор
Дата добавления 03.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров173
Номер материала ДВ-501739
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх