Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Қазақ тілі пәнінен «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Қазақ тілі пәнінен «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы

библиотека
материалов

«1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы.

Мақсаты: Жас ұрпақты ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы қалыптастырған ана тілінің өресін әлемнің бай тілдер қатарына көтеру. Мақал – мәтелдердің мағыналарын тереңірек ұғындыру. Салт-дәстүрлер мен ырым – тиымдар сөздеріне түсінік беру. Ана тілде таза сөйлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Тез ойлап, ұтымды жауап қайыра білуге, жүйелі, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту. Түрі: Дәстүрлі Көрнекілігі: Слайдтар

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті топ мүшелері, жан күйерлер, оқырмандар мәдениет сүйгіш және 1001 мақал 101 жұмбақ білгірлері. Біздің бүгінгі ойынымыз «1001 мақал,101 жұмбаққа» арналған сайысымызды бастайық.

Бұл сайыста білімділер ғана оза алады,

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәдік шықты.

Білім мен тапқырлықпен жарысыңдар

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

Ендігі кезекте қазылар алқасымен танысып қоялық.

Қазылар алқасының мүшелері: Зәуреш Қабдібекқызы

Бағыткүл Бегәділқызы

Жүргізуші: Біліп сөйле, сөзіңде сөл, өң болмасын,

Сөзің түпсіз қараңғыға көз болсын! – деп Жүсіп Баласағұни айтқандай , сайысымызды таныстырудан бастайық.

(Топ мүшелерін таныстыру)



1 – кезең: «Мақал - сөздің мәйегі»

Шарты: 2-топ бір-бірімен кезек-кезек ұпай жинау арқылы мақал айтып жарысады. Ең жоғары ұпай бес.

1) тіл, сөз өнері, шешендік тақырыбындағы мақал.

2) жалпы тақырыптағы мақал.



2-кезең: «Білімді мыңды жығар!»

Ойынның шарты: Жүргізуші мақалдың 1-ші жартысын айтады, сайыскер мақалды аяқтауы керек. Әр дұрыс жауап бес ұпаймен бағаланылады.

1-топ

  1. Ине көзінен сынады,.....

(шешен сөзінен сынады)



  1. Көргенді кісі көргенін айтар,.....

(Көргенсіз кісі бөргенін айтар)

  1. Тіл тас жарады,......

(Тас жармаса бас жарады)

  1. Шешеннің тілі – ортақ,.....

(Шебердің бізі ортақ)

  1. Қызыл тіл жанның мияты,....

(Аброй –ердің қуаты.)

  1. Жақсының сөзі ақыл шақырады,....

(Жаманның сөзі ашу шақырады).

  1. Әзілің жарасса......

(Атаңмен ойна)

  1. Ағайын тату болса ат көп....

(Абысын тату болса ас көп)

2-топ

  1. Айта білмесең мақалдың мәні болмайды,......

(Жасай білмесең астың дәмі болмайды)

  1. Сөйлей – сөйлей шешен боласың,...

(Көре- көре көсем боласың)

  1. Аузы жаман елді былғар,...

(Аяғы жаман төрді былғар)

  1. Мақал атасы сөз,...

(Мата атасы бөз)

  1. Батыр туса ел ырысы,...

(Жаңбыр жауса жер ырысы)

  1. Нақыл қайдан шығады ой болмаса,....

(Киіз қайдан шығады қой болмаса.)

  1. Жақсыдан үйрен,....

(Жаманнан жирен).

  1. Ақыл көпке жеткізер....

(Өнер көкке жеткізер)

Жүргізуші: Ғабит Мүсірепов айтқандай, «Қай халықтың болса да мәдениетін, көркем сөзін, көркем өнерін жоғары көтеріп, жалындатып жіберуге –жүз талант көптік етпейді, он талант аздық етпейді» - деп бекер айтпаған.



3-кезең: «Қоржыным толы қазына

Халық дәстүрі –асыл мұра демекші, қазақтың салт-дәстүріне байланысты сөздерге түсінік беру.

Ойынның шарты: Сайыскерлерг кезек-кезек салт-дәстүрлердің бірнешеуі айтылды. Әр топ мүшелері кезекпен сол салт-дәстүрлерге түсінік береді.



4-кезең: «Ал қолды жайыңдар,

Мен бір бата берейін»

Сайыскерлерге белгілі бір бата түрі айтылады, екі топ кезекпен бата беруі тиіс. Екі топқа 3 минут уақыт беріледі.

5-кезең . « Ойлан, тап!»

Ойынын шарты: Жүргізуші жұмбақ жасырады оны сайыскерлер табу керек.

1-топ

1.Тіршілік ауысар тек

Ұстасаң қауқар жоқ.

Айналам қоршау көп

Одан асқан кәусәр жоқ. (ауа)

2. Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып,

Қарасаң толып жатыр көзіңді ашып.

Үйіме сәулеленіп түссе жарық,

Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып. (Жұлдыз)

3.Тартылған екі арқаны ұзын бойға,

Сөйлеуге сондай шебер тапсаң айла

Әр жерде аршындалған балдағы бар,

Ойнайды он бармағың білсе ыңғай. (Домбыра)

4.Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мезгілінде баурын жазып.

Ішінде толып жатқан қазына бар,

Қорек қып пайдаланар тамам халық. (Кітап, оқу)

2-топ

1.Екі ағайынды,

Екеуі бір үйде.

Бірін- бірі көрмейді. (Көз)

2.Әй, керемет бір ит бар,

Үй бағады, үрімейді.

Аяғы жоқ жүрмейді,

Ұрықсатсыз ол иттен

Адам үйге кімейді. (Құлып)

3.Ұзын- ұзын ұз келед,

Ұзын бойлы қыз келед.

Қашау басы қалтылдап,

Сәукелесі жалтылдап. (Жол)

4.Өмір-өмір, өмірден,

Өмір оты көмірден.

Зымыран деген бір құс бар,

Жұмыртқасы темірден. (Мылтық пен оқ)



6-кезең: «Сөз маржанын ой түбінен тере біл»

Келесі кезең екі топ бір-біріне ырым-тиымдармен жарысады.

7-кезең: «Ойласа – ойдың көсемі,

Сөйлесе –қызыл тілдің шешені!»

Келесі кезек топ басшыларына беріледі. Топбасшыларына ақын-жазушыларымыздың қанатты сөздерінен үзінді беріледі сол сөздің мағынасын терең ашып айту керек.

Енді топ басшылары болғанға дейін, топ мүшелерімен сайысты жалғастырайық. Сендерге сұрақтар қоямын, берілген сұрақтың орнына керек сөзді қойып мақал-мәтелдерді толықтыру керексіңдер.

1-топ мүшелеріне сұрақ:

1) Күлме кімге? (досқа) 2)Ол не қабымен? (тезек) 3)Тіл не жарады? (тас)

4) Ұят неден күшті? (ардан) 5)Қандай үй базар? (балалы) 6) Тірлік түбі не? (бірлік)



2-топ мүшелеріне сұрақ:

1)Нұр қай да жауады? (талаптыға) 3) Ат шапайды не шабады? (байтал)

2)Тіл неден өткір? (қылыщтан) 4)Кімге қолқа жоқ? (сөз тапқанға)

5)Тәтті, ашшы әрі жұмсақ не? (тіл) 6) Ер қанаты не? (ат)

Жүргізуші : Әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңген топ анықталғаннан кейін, жеңілген топ қолқа салады, яғни өз өнерлерін көрсетеді.

(Жеңген топтың өнері)

Жүргізуші : Халқым менің, алтын- кенім қазынасы сан қатпар, Әр сөзінде қолдың басы қорғасындай салмақ бар. Ақ қағазға түспесе де, көкейлерде сақталған, Ғылым бүтінкөне көздер кеуделерін ақтарған. Асыл сөзі аман жеткен сани ғасырға тозбастан, Аруақты бабаларға бағышталар боз қасқам. Аталардан қалған мұра- сарқылмайтын қазынам, Киесі мен қасиетін қастерлейді әз ұлан - деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Сондықтан әрқайсымыз өз ұлтымыздың тілін, осы тілі арқылы бүкіл әлемге танытпақпыз, тіл арқылы басқа да салт- дәстүрлер ді, әдет- ғұрыптарды, тарихын, мәдениетін, әдебиетін үйренеміз. Әр азамат өз ұлтының қамқоршысы, жаршысы, қорғаны болары сөзсіз.

Автор
Дата добавления 31.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров161
Номер материала ДВ-399480
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх