Қазақ тілі пәнінен оқушыларға көмек ретінде "Менің Отаным Қазақстан" модуліне қажетті мәтіндер жинағы. Бұл жинақтағы мәтіндер 5-6 сынып оқушыларына қажетті нұсқаулық болатынына сенемін.
ҚР-ның рәміздеріне Ту, Елтаңба, Әнұран жатады. Рәміздер туралы заң 1992жылы
4 маусымда қабылданды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы- көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей уықтар шашылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналасқан. Елтаңбаның пішіні - дөңгелек. Жоғарғы жағында - бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың, «Қазақстан» деген жазу -алтын түстес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі.
Шаңырақ әлемінің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар ержігіттің қанаты, серігі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.
Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз - елтаңбаның тәжі. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторлары, сәулетшілер: Шота Аман Уәлиханов пен Жандарбек Мәлiбеков.
Профессия: Преподаватель испанского языка
Профессия: Учитель английского языка
В каталоге 6 896 курсов по разным направлениям