Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қазақ тілі пәнінен PISA – халықаралық зерттеу тапсырмалары

Қазақ тілі пәнінен PISA – халықаралық зерттеу тапсырмалары

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

1

hello_html_m4d775740.gif


Жыл мезгілдері

Жылдың төрт мезгілі бар: көктем, жаз, күз, қыс. Наурыз, сәуір, мамыр көктем айлары. Бұл кезде күн жылына бастайды. Түн қысқарып, күн ұзарады. Көктем туғанда, ерекше мереке Наурыз мейрамы тойланады. 22 наурыз – шығыс халықтарының жаңа жылы. Наурыз парсы сөзі, “Жаңа күн” деген мағынаны береді. Жылдың төрт мезгілінің бірі – жаз. Маусым, шілде, тамыз – жаз айлары.

Жазда шыққанда, күн ыстық, ашық болады. Жаңбыр аз жауады. Күн ұзақ, түн қысқа болады.

Күз – жылдың төрт мезгілінің бірі. Қыркүйек, қазан, қараша – күз айлары. Күз келгенде, күн қысқарады, түн ұзарады. Қараңғылық ерте түседі. Жаңбыр да жиі-жиі жауады. Ал адамдар қысқа әзірлікке кіріседі. Күз - ерекше мезгіл. Қазақ күзді қоңыр күз, күрең күз деп атайды. Ең әдемі де ерекше мезгілдің бірі – қыс. Желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс айлары.

Күзден кейін қыс келеді. Қыс түскенде дала, орман, үйлер де ақ қар жамылады. Өзендер мен көлдердің бетіне мұз қатады. Жыл мезгілдерінің ең суық та қаһарлы кезі – осы қыс айлары. Бір жылда 365 күн бар. Бір айда 30 күн бар. Бір айда 4 апта бар. Бір аптада 7 күн бар. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.


1-тапсырма. Қажетті сөздерді теріп жазыңыз: аптап ыстық болады, күн жылынады, қар ериді, жапырақтар сарғаяды, ұйытқып жел соғады, аяз болады, үскірік, көк шығады, жапырақтар түседі, жаңбыр жиі жауады, найзағай ойнайды, күн ысиды, адамдар өзен, көлдерде шомылады.

Қыста ........................................................................................

Көктемде .........................................................................................

Жазда .........................................................................................

Күзде .........................................................................................


2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сұраулы есімдіктерді қойып, жазыңыз.

1. Қыс айлары ... ?

Қандай?

Не?

Нелер?

Қайда?

2. Қыста күн ... болады?

3. Қыста ... жауады?

4. Көктемде ... ұшып келеді?

5. Күзде ... піседі?

6. Күзде жапырақтар ... болады?

7. Күзде базарда, дүкенде ... көп болады?

8. Балалар ... шомылады?

9. Жазда ... гүлдер өседі?


3-тапсырма. Диалогты жазбаша жалғастырыңыз.

-Көктемде қандай ерекше мереке тойланады?

-Көктем туғанда, ерекше мереке Наурыз мейрамы тойланады.

-22-наурыз қандай мереке?

-............................

-............................

-............................

-............................

-............................

-............................

4-тапсырма. Әр мезгілге сурет бойынша мәтін құраңыз.


C:\Users\1\Desktop\34056_html_m1de83fa7.jpg



5-тапсырма. Әр сөзбен сөйлем құрастырыңыз. Үлгі: Былтыр қыс суық болды.

суық салқын

жылы ыстық

желді болды

келесі Қыс жаңа

Көктем

ашық Жаз биыл

бүгін Күз кеше

түн Күн былтыр

Жыл

Ай
























2




Мамандық тапшылығы

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер болу үшін оқу керек. Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, жүргізуші, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші болу үшін өндірісте істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал, аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер болу үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада жұмыс істеу керек. Өнер саласына жататын мамандықтар: әнші, биші, музыкант, композитор, режиссер т.б.

Сіздің мамандығыңыз қандай? Мамандығыңыз қай салада? Өзіңіздің салаңыңызда жақсы маман болу үшін не істеуіңіз керек?


1-тапсырма. Мәтіннен мамандық атауларын сала бойынша қойып жазыңыздар.

1. Ой еңбегі саласы.................................................

2. Өндіріс саласы.....................................................

3. Ауыл шаруашылық саласы.................................

4. Тұрмыстық қызмет көрсететін саласы...............

5. Өнер саласы...........................................................


2- тапсырма. Жақшаның ішіндегі мамандыққа байланысты сөздерді қазақ тіліне аударып жазыңыздар.

1. Менің ағам (корреспондент) емес (писатель). 2. Ауылда (животноводы, ветеринары, садоводы, доярки, продавцы, плотники, водители, рыбаки) өте қажет. 3. (Шахтер) – өте қиын және керекті жұмыс. 4. (Ученый,инженер, летчик,архитектор) болу үшін өндірісте жұмыс істеу керек. 5. Менің мамандығым - (ветеринар), менің қарындасымның (специальность)- (продавец). 6. Достарымның кейбіреуі - (художники), енді біреулері- (скульпторы).

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауды жазыңыздар.

Менің аға..- мал дәрігері. Сенің дос... институтта студент екен. Олардың ауылында сауыншы.... көп. Сіздер жұмысшы.... . Менің әке...- жүргізуші. Біздің қарындасы....- мектепте мұғалім. Біздің достар.....- құрылысшы. Менің нағашы....- малшылар. Сендер сәулетші..... .


4-тапсырма. Мамандық атауларын мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.

Әнші қой бағу

Есепші хаттарды, газеттерді тасу

Жазушы заттарды сату

Дәрігер газетке мақала жазу

Сатушы ұшақтарды ұшыру

Суретші адамдарды емдеу

Құрылысшы кітап жазу

Пошташы балаларды оқыту

Аспаз киім тігу

Аудармашы ақша санау

Ұшқыш жаңа үйлерді салу

Мұғалім материалды аудару

Тілші сурет салу

Қойшы ән салу

Тігінші тамақ пісіру


5-тапсырма. Кестедегі сөздерді пайдаланып сөйлем құраңыздар.

Шопан, экономист, малшы, инженер, ғалым, дәрігер, мұғалім, заңгер, жазушу, әнші, суретші, тілші, құрылысшы, мал дәрігері, биші, сатушы, мүсінші, аспаз, шаштараз, зергер, аудармашы, сағат шебері, балықшы, ұшқыш, геолог, сауыншы, әртіс, режиссер.

Өте қиын және керекті жұмыс









болу үшін




ауылда тұру керек.

өндірісте жұмыс істеу керек.

оқу керек.

көп еңбек ету керек.

тұрмыстық қызмет көрсететін салада жұмыс істеу керек.

өнер саласында еңбек ету керек.

мамандық алу керек.



Менің мамандығым, сіздің мамандығыңыз, біздің мамандығымыз, олардың мамандығы.















3




Ақпараттар әлемінде

ХIХ ғасырда техниканың, оның ішінде компьютердің, қарыштап дамыған жаңа кезеңіне батыл қадам басты. Компьютерлік технологияның дамуы қоғамның ғылым, мәдениет, білім беру, өндіріс, басқару секілді салаларында жылдам жүріп жатқан интерграциялық үдерістермен байланысты ақпараттандырудың ғалымдық мәселелеріне алып келді. Қоғамдық ақпараттандыру - жаңа микропроцессорлар мен есептеу техникаларының, сондай-ақ ақпараттық өзара әрекеттесу мен ақпарат алмасудың әр түрлі құралдары негізінде жүзеге асатын, қоғамдық өндіріс саласында жетекші рөл атқаратын ақпараттарды жинақтау, қор жасау, өндеу, сақтау, жіберу, пайдалану, ақпаратты сүзу сияқты қызметтерден құралатын ғаламдық - әлеуметтік үдеріс. Күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған қазіргі уақытта қажеттілікті өтеу үшін техниканың түрлері көптеп саналады. Адам мен жалпы қоғамның интелектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуде маңызды рөл атқаратын компьютер кез келген ақпараттық өндейтін әмбебап техникалық құрал болып саналады.


1-тапсырма. Мәтінде қандай ақпарат берілген?

А. Ұялы телефон байланысы

В. Компьютерлік технологияның дамуы

С. Қоғамдық ақпараттандыру

D. Адам мен ғаламшардың байланысы

2-тапсырма. Жақшаның ішінен керекті сөзді тауып, сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

А. Компьютерлік технологияның ... ( дамуы, өсуі, кеңеюі) ақпараттандырудың

ғалымдық мәселелеріне алып келді.

В. Қоғамдық ... (интеграциялау, дамыту, ақпараттандыру) - жаңа

микропроцессорлар мен есептеу техникаларын қажет етті.

С. Қоғамдық өндіріс саласында ... (кейінгі, бұрынғы, жетекші) рөл атқаратын

ақпараттарды жинақтау, қор жасау, өндеу, сақтау, жіберу, пайдалану,

ақпаратты сүзу сияқты қызметтер жүзеге асты.

D. Адам мен жалпы қоғамның интелектуалдық мүмкіндіктерін ... (жеткізуде,

күшейтуде, азайтуда) маңызды болып саналады.


3-тапсырма. Оқыған мәтін мазмұнына сәйкес қаншалықты дәрежеде сурет сала алатыныңды анықта.

4-тапсырма. «Адасқан сөйлемдер» стратегиясын пайдалана отырып кестеден екі дұрыс сөйлемді құрастыр.

уақытта

көп


дамыған


ХIХ

техниканың


түрлері



қазіргі

жаңа

ғасыр

қарыштап


компьютердің


үшін

өтеу


қажеттілікті


кезеңі


5-тапсырма. Жұртшылыққа хабар тарататын «Ақпарат ұғымы» тақырыбында кластер жасаңыз.


6-тапсырма. Мәтіннен алған біліміңізге байланысты төмендегі кестені толтырыңыз.


Маңызды мәлімет

Түсініктеме

ХIХ ғасыр-техника ғасыры


Қоғамдық ақпараттандыру туралы өз түсінігіңізді жазыңыз.


Мәтін бойынша Сізге қандай сұрақтар туындады?















4





Пайдасы мен зияны қатар жүретін бұл ұялы телефон…

Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.

Ұялы телефонның зиянын алғаш рет тышқандар сезген. Ұялы телефонның қосылып тұрғандағы сәулелендіру деңгейі есту, көру, мидың кейбір бөліктеріне кері әсерін тигізеді. Сондықтан 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға телефон беруге болмайды.

Ғалымдар зерттеп, қызықты қорытынды жасады; 10 жылдан астам уақыт ұялы телефонды үзбей пайладанған адамның миына зиянды заттарды енгізбейтін сүзгіштің қабырғалары бітеледі.

Әртүрлі жиіліктегі диапазоны бар техногенді электромагниттік өрістердің адам денсаулығына кері әсері жоқ. Телефонды алдымен қосып, сосын құлаққа апарып сөйлесуіміз керек.

Көптің пікіріне сүйенсек, телефон, ең алдымен, байланыс, яғни сөйлесу құралы. Өткен ғасырда байланыстың басты құралдары қарапайым телефон, телеграмма немесе хат жазу еді...



Жабық сұрақ.

1-тапсырма. Нью-Йоркте ұялы байланыстың базалық станциялары қай жылдары орнатылды?

А. 1979 ж.

Б. 2000 ж.

В. 1975 ж.

С. 1973 ж.


Жабық сұрақ.

2-тапсырма. 10 жыл бойы ұялы телефонды үзбей қолданған адам қандай ауыруға шалдығуы мүмкін?

А. Жүрек қан тамырлары ауруына шалдығуы мүмкін.

Б. Мидың қатерлі ісігіне шалдығуы мүмкін.

В. Бүйрек ауыруына шалдығуы мүмкін.

С. Альцгеймер және Паркинсон ауруына шалдығуы мүмкін.


Ашық сұрақ.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауа беріңіз. /жазбаша/


Иә

Сұрақтар

Жоқ

1


3 жастан 6 жасқадейінгі балаларға телефон беруге болады ма?


2


Әртүрлі жиіліктегі диапазоны бар техногенді электромагниттік өрістердің адам денсаулығына кері әсері жоқ па?


3


Алдымен құлаққа апарып, сосын қосып сөйлесуіміз керек пе?


4


Алдымен оны қосып, сосын барып апаруымыз керек пе?


5


Ұялы телефонның зиянын алғаш рет тышқандар сезген бе?


6


Өткен ғасырда байланыстың басты құралдары қарапайым телефон,телеграмма н\е хат жазу еді...



Ашық сұрақ.

4-тапсырма. «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» тақырыбына эссе жазыңыз.
































5




Жазғы киім: сұлу да, жылу да болсын.

Дүние есігін енді ашқан нәрестені ыстық күндері қалай киіндірген дұрыс? Сәл әріден ойланар болсақ, ыстық күндері балаға кигізетін киімнің басты ерекшелігі - оның дене қызуын қалыпты деңгейде сақтауы, ал терісін тікелей күн сәулесінен қорғау керек екенін есімізден шығармауымыз керек.

Егер жазғытұрым үлкендер қалың киінуден қашса, кішкентайларды керісінше, жылырақ киіндірген дұрыс. Мұнің себебі, жас баланың денесіндегі жылуды реттеу жүйесі толық қалыптаспағандықтан, олар «құс қанатымен» тоңып қалады, сондай-ақ ыстықтауы да лезде.

Бала тым ыстықтап кетсе, оның сіңірлері тартылып, тіпті, есінен айырылып қалуы да мүмкін. Тоңып қалса, суық тиіп, тұмауратуы да ғажап емес.

Осындай жайсыз жағдайға тап болмау үшін, сәбидің дене қызуын үнемі қадағалап отыру қажет. Оны білудің ең оңтайлы әдісі - сәбидің желке тұсын сипап көру. Егер бала ыстықтап жатса, ол мазасызданып, беті қызарып, денесі терлеп, ерні кеберси бастайды. Тоңып жатса да мазасы болмайды. Сәбидің желкесін ұстағанда сұп-суық болса, бұл оның тоңып қалғанының белгісі.

Бір ескертетін жайт, әр баланың өзіндік мінезі бар, кей бала тоңғанына, я ыстықтағанына қарамастан үн-түнсіз, тып-тыныш жата беруі де мүмкін. Сондықтан бала жыламаса да, ауық-ауық оның жай-күйін бақылап тұру керек.

1-тапсырма. Бұл мақалада автор не айтқысы келді?

А. Жас баланы жаз мезгіліне сай киіндіру орайында тек ауа райына иек арту керек.

В. Ыстық күндері балаға кигізетін киімнің басты ерекшелігі - оның дене қызуын қалыпты деңгейде сақтауы, ал терісін тікелей күн сәулесінен қорғау керек екенін естен шығармау аса маңызды.

С. Әр ата-ана ыстық және суық күндерге қарамастан, баланы өз қалауынша киіндіреді.

D. Балаға арналған жазғы киімдердің сұлу болғаны дұрыс.

Е. Өзіңізбен бірге серуенге баланың бірнеше киімін (жылысын да, жұқасын да) ала шыққан абзал.



2-тапсырма. Артық суретті табыңыз.


hello_html_m2da22471.jpg30ADF8559-254E-49E9-8AEE-15AFBD3B45C0_mw800_mh600_shello_html_m438a8fcd.png


3-тапсырма. Мақалада жас баланың денесіндегі жылуды реттеу жүйесін білудің бірнеше белгісі жайлы айтылған.

1. .........................................................................................

2. .........................................................................................

3. .........................................................................................

4. .........................................................................................


4-тапсырма. «Дені сау бала – ұрпақ болашағы» тақырыбына эссе жазыңыз.


































6





Мәтін

Ақпарат құралдары – мемлекет тәуелсіздігінің саяси-экономикалық және ғылыми-технологиялық дербестігімен пара-пар басты белгілерінің бірі. Ақпарат құралдары кең мағынасында: бұған жұртшылыққа хабар тарататын құралдардың бәрі - газет, журнал, телевизия және радио, ғылыми хабаршылар, бюллетеньдер, пресс-релиздер, ғылыми жинақтар, жарнамалық мәтіндер, таблоидтер жатады. Қалыптасқан мағынасында мерзімді баспасөз, телевизия мен радио, ақпарат агенттіктері, әр түрлі байланыс жүйелері енеді. Баспасөз, теледидар және радио тек ақпарат тарататын құрал ғана емес, олар көпшілікке ұсынылатын материалдарын түсіндіреді. Бұл материалдарына көркемдік түр мен сипат береді, сол арқылы көрерменнің, тыңдарманның эстетикалық сұранысын өтейді. Ақпарат құралдарына дәл пікірді «Би-би-си» компаниясының тұңғыш бас директоры Джон Рейт берді. Ол хабар тарату саясатынан – «хабарлау, ағарту, көңіл көтеру» секілді үш негізгі ұстанымды бөліп алды. Бұл үш ұстаным бүгінгі таңда да радио мен теледидарға айқындауыш ретінде қалып отыр. Осы үш бағыттың ішінде хабарлау теледидардың қызғылықты, жедел, тартымды, көпөрісті, ауқымды болуына және көзқарас пен жария пікірге кең жол ашты.


1-тапсырма. Мәтінде қандай ақпарат берілген?

А. «Би-би-си» компаниясы

В. Ғылым мен техника

С. Ақпарат құралдары

D. Эканомикалық ақпарат

2-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйенсек, БАҚ кімдердің эстетикалық сұранысын өтейді?

А. Би-би-cи компаниясының

Б. Мемлекеттің, көрермендердің

В. Көрермендер мен тыңдармандардың


3-тапсырма. «Адасқан сөйлемдер» стратегиясын пайдалана отырып кестеден үш дұрыс сөйлемді құрастырыңыз.

Джон Рейт

құралдарына

Ақпарат

Хабар тарату –


бар

тұңғыш


ғылыми жинақтар

жатады

мен

радио

газет

«Би-би-си»


үш негізгі


журнал

компаниясының


директоры



жарнамалық мәтіндер


телевизия

ұстанымы



4-тапсырма. “Жұртшылыққа хабар тарататын құралдар” тақырыбында кластер жасаңыз.



5-тапсырма. «Хабар таратушы» тақырыбына әңгіме жазыңыз.





























1





ЖАУАПТАР КІЛТІ

Бағалау көрсеткіштері: 1-5 ұпай

1-тапсырма жауабы:

Қыста аяз болады, үскірік

Көктемде күн жылынады, қар ериді, көк шығады, найзағай ойнайды

Жазда аптап ыстық болады, күн ысиды, адамдар өзен, көлдерде шомылады.

Күзде жапырақтар сарғаяды, ұйытқып жел соғады, аяз болады, жапырақтар түседі, жаңбыр жиі жауады.

А) Тапсырма толық, әрі дұрыс орындалса (5 ұпай)

B) Тапсырма жартылай, әрі дұрыс орындалса (3 ұпай)

С) Тапсырма толық орындалмаса (ұпай берілмейді)


2-тапсырма жауабы:

1. Қыс айлары қалай аталады?

Қандай?

Не?

Нелер?

Қайда?

Қалай?

2. Қыста күн қандай болады?

3. Қыста не жауады?

4. Көктемде нелер ұшып келеді?

5. Күзде не піседі?

6. Күзде жапырақтар қандай болады?

7. Күзде базарда, дүкенде нелер көп болады?

8. Балалар қайда шомылады?

9. Жазда нелер өседі?


  • 9/3 сөйлемі дұрыс немесе толық орындалса (2 ұпай)

  • 9/6 сөйлемі дұрыс немесе толық орындалса (3 ұпай)

  • 9/9 сөйлемі дұрыс немесе толық орындалса (5 ұпай)


3-тапсырма жауабы:

А) Диалог толық, әрі дұрыс орындалса (5 ұпай)

B) Диалог жартылай, әрі дұрыс орындалса (3 ұпай)

С) Диалог толық орындалмаса (ұпай берілмейді)


4-тапсырма жауабы:

А) Мәтін толық, әрі дұрыс орындалса (5 ұпай)

B) Мәтін жартылай, әрі дұрыс орындалса (3 ұпай)

С) Мәтін толық орындалмаса (ұпай берілмейді)


5-тапсырма жауабы:

А) Тапсырма толық, әрі дұрыс орындалса (5 ұпай)

B) Тапсырма жартылай, әрі дұрыс орындалса (3 ұпай)

С) Тапсырма толық орындалмаса (ұпай берілмейді)


2




ЖАУАПТАР КІЛТІ

Бағалау көрсеткіштері: 1-5 ұпай

1-тапсырма жауабы:

1. Ой еңбегі саласы: инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым,жазушы, тілші, мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер.

2. Өндіріс саласы: жұмысшы, кенші, металлург, жүргізуші, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші

3. Ауыл шаруашылық саласы: бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы

4.Тұрмыстық қызмет көрсететін саласы: аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер

5. Өнер саласы: әнші, биші, музыкант, композитор, режиссер, актер.

А) Тапсырма толық, әрі дұрыс орындалса (5 ұпай)

B) Тапсырма жартылай, әрі дұрыс орындалса (3 ұпай)

С) Тапсырма толық орындалмаса (ұпай берілмейді)


2-тапсырма жауабы:

А) Тапсырма толық, әрі дұрыс орындалса (2 ұпай)

B) Тапсырма жартылай ,әрі дұрыс орындалса (1 ұпай)

С) Тапсырма толық орындалмаса (ұпай берілмейді)


3-тапсырма жауабы:

1. Менің ағам тілші емес, жазушы. 2. Ауылда малшы, мал дәрігері, бақташы, сауыншы, сатушы, балташы, жүггізуші, балықшы өте қажет. 3. Кенші – өте қиын және керекті жұмыс. 4. Ғалым, инженер, ұшқыш, архитектор болу үшін өндірісте жұмыс істеу керек. 5. Менің мамандығым – мал дәрігері, менің қарындасымның мамандығы - сатушы. 6. Достарымның кейбіреуі - суретші, енді біреулері - мүсінші.

А) Тапсырма толық әрі дұрыс орындалса (5 ұпай)

B) Тапсырма жартылай әрі дұрыс орындалса (3 ұпай)

С) Тапсырма толық орындалмаса (ұпай берілмейді)


4-тапсырма жауабы:

Әнші ән айтады

Есепші ақша санайды

Жазушы кітап жазады

Дәрігер адамдарды емдейді

Сатушы заттарды сатады

Суретші сурет салады

Құрылысшы жаңа үйлерді салады

Пошташы хаттарды, газеттерді тасиды

Аспаз тамақ пісіреді

Аудармашы материалды аударады

Ұшқыш ұшақтарды ұшырады

Мұғалім балаларды оқытады

Тілші газетке мақала жазады

Қойшы қой бағады

Тігінші киім тігеді


А) Тапсырма толық әрі дұрыс орындалса (5 ұпай)

B) Тапсырма жартылай әрі дұрыс орындалса (3 ұпай)

С) Тапсырма толық орындалмаса (ұпай берілмейді)


5-тапсырма жауабы:

Шопан, малшы, сауыншы, мал дәрігері болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ұшқыш өте қиын және керекті жұмыс. Мұғалім, дәрігер, инженер болу үшін көп еңбек ету керек. Биші,әртіс, режиссер болу үшін өнер саласында жұмыс істеу керек. Мамандық болу үшін көп оқу керек. Менің келешек мамандығым-заңгер. Ал сіз қандай мамандық таңдадыңыз.

А) Сөйлем толық, әрі дұрыс орындалса (3 ұпай)

B) Сөйлем жартылай, әрі дұрыс орындалса (1 ұпай)

С) Сөйлем толық орындалмаса (ұпай берілмейді)




















3




ЖАУАПТАР КІЛТІ

Бағалау көрсеткіштері: 1-5 ұпай

1-тапсырма жауабы:

В. Компьютерлік технологияның дамуы (1 ұпай)

С. Қоғамдық ақпараттандыру (1 ұпай)


2- тапсырма жауабы:

А. Компьютерлік технологияның (дамуы) ақпараттандырудың ғалымдық

мәселелеріне алып келді. (1 ұпай)

В. Қоғамдық (ақпараттандыру) - жаңа микропроцессорлар мен есептеу

техникаларын қажет етті. (1 ұпай)

С. Қоғамдық өндіріс саласында (жетекші) рөл атқаратын ақпараттарды

жинақтау, қор жасау, өндеу, сақтау, жіберу, пайдалану, ақпаратты сүзу

сияқты қызметтер жүзеге асты. (1 ұпай)

D. Адам мен жалпы қоғамның интелектуалдық мүмкіндіктерін (күшейтуде)

маңызды болып саналады. (1 ұпай)


3- тапсырма жауабы:

  • Сурет толық ашылған (5 ұпай)

  • Сурет толық ашылмаған (2 ұпай)

  • Сурет салынбаса (ұпай берілмейді)

4- тапсырма жауабы:

Толық сөйлемдер:

  • ХIХ ғасыр компьютердің қарыштап дамыған жаңа кезеңі.

  • Қазіргі уақытта қажеттілікті өтеу үшін техниканың түрлері көп.


  • Сөйлем толық жазылған (6 ұпай)

  • Сөйлем толық жазылмаған (3 ұпай)

  • Сөйлем жазылмаған (ұпай берілмейді)


5-тапсырма жауабы:

  • 6 жауап дұрыс болса (9 ұпай)

  • 4 жауап дұрыс болса (6 ұпай)

  • 2 жауап дұрыс болса (3 ұпай)

  • Жауап болмаса (ұпай берілмейді)


6-тапсырма жауабы:

  • 3 мәліметке берілген түсініктеме дұрыс болса (9 ұпай)

  • 2 мәліметке берілген түсініктеме дұрыс болса (6 ұпай)

  • 1 мәліметке берілген түсініктеме дұрыс болса (3 ұпай)

  • Мәліметке берілген түсініктеме жоқ болса (ұпай берілмейді)

4





ЖАУАПТАР КІЛТІ

Бағалау көрсеткіштері: 1-4 ұпай

1-тапсырма жауабы:

А. 1979 ж. (2 ұпай)


2-тапсырма жауабы:

Б. Мидың қатерлі ісігіне шалдығуы мүмкін. (2 ұпай)


3-тпасырма жауабы:

дұрыс

Сұрақтар

бұрыс

1


3 жастан 6 жасқадейінгі балаларға телефон беруге болады ма?

+

2

+

Әртүрлі жиіліктегі диапазоны бар техногенді электромагниттік өрістердің адам денсаулығына кері әсері жоқ па?


3


Алдымен құлаққа апарып, сосын қосып сөйлесуіміз керек пе?

+

4

+

Алдымен оны қосып, сосын барып апаруымыз керек пе?


5

+

Ұялы телефонның зиянын алғаш рет тышқандар сезген бе?


6

+

Өткен ғасырда байланыстың басты құралдары қарапайым телефон,телеграмма н\е хат жазу еді...



Дұрыс жауап:

  • 5/1 сөйлемнің дұрыс/бұрыстығын толық анықтаса (2 ұпай)

  • 5/2 сөйлемнің дұрыс/бұрыстығын толық анықтаса (2 ұпай)

  • 5/3 сөйлемнің дұрыс/бұрыстығын толық анықтаса (3 ұпай)

  • 5/4 сөйлемнің дұрыс/бұрыстығын толық анықтаса (3 ұпай)

  • 5/5 сөйлемнің дұрыс/бұрыстығын толық анықтаса (4 ұпай)

  • 6/6 сөйлемнің дұрыс/бұрыстығын толық анықтаса (4 ұпай)

  • Сөйлемді дұрыс анықтамаса (ұпай берілмейді)


4-тапсырма жауабы:

  • Ой толық ашылса (5 ұпай)

  • Ой жартылай ашылса (3 ұпай)

  • Ой ашылмаса (ұпай берілмейді)

5




ЖАУАПТАР КІЛТІ


Бағалау көрсеткіші: 1-5 ұпай

1-тапсырма жауабы:

В. Ыстық күндері балаға кигізетін киімнің басты ерекшелігі - оның дене қызуын қалыпты деңгейде сақтауы, ал терісін тікелей күн сәулесінен қорғау керек екенін естен шығармау аса маңызды. (1ұпай)

Е. Өзіңізбен бірге серуенге баланың бірнеше киімін (жылысын да, жұқасын да) ала шыққан абзал. (1ұпай)


2-тапсырма жауабы:

  • Артық суретті дұрыс тапса (2 ұпай)

  • Артық суретті таппаса (ұпай берілмейді)


3-тапсырма жауабы:

1. Дене қызуын үнемі қадағалап отыру.

2. Сәбидің желке тұсын ұстап көру.

3. Мазасыздану, бетінің қызаруы, терлеуі, еріннің кеберсуі.

4. Ауық-ауық жай-күйін бақылап тұру.

  • 4/1 сөйлем толық, әрі дұрыс анықтаса (2 ұпай)

  • 4/2 сөйлем толық, әрі дұрыс анықтаса (2 ұпай)

  • 4/3 сөйлем толық, әрі дұрыс анықтаса (3 ұпай)

  • 4/4 сөйлем толық, әрі дұрыс анықтаса (4 ұпай)

  • Сөйлемді дұрыс анықтамаса (ұпай берілмейді)


4-тапсырма жауабы:

  • Ой толық ашылса (5 ұпай)

  • Ой жартылай ашылса (3 ұпай)

  • Ой ашылмаса (ұпай берілмейді)













6





ЖАУАПТАР КІЛТІ


Бағалау көрсеткіші: 1-5 ұпай

1 – тапсырма жауабы:

Бүтін ұпай

С. Ақпарат құралдары (1 ұпай)


2-тапсырма жауабы:

Бүтін ұпай беріледі

В. Көрермендер мен тыңдармандар (2 ұпай)


3- тапсырма жауабы:

Толық сөйлемдер:

1. «Би-би-си» компаниясының тұңғыш директоры Джон Рейт.

2. Ақпарат құралдарына газет, журнал, телевизия, радио, ғылыми жинақтар мен

жарнамалық мәтіндер жатады.

3. Хабар тарату –үш негізгі ұстанымы бар.


  • Бүтін ұпай беріледі: 3 жауап дұрыс болса, (3 ұпай)

  • Толық емес ұпай: 2 жауап дұрыс болса, (1 ұпай)

  • Ұпай берілмейді: жауап дұрыс болса, (0 ұпай)


4-тапсырма жауабы:

(газет, журнал, радио, теледидар, ғаламтор, таблоидтер)

  • Бүтін ұпай беріледі: 6 жауап дұрыс болса, (4 ұпай)

  • Толық емес ұпай: 4 жауап дұрыс болса, (2 ұпай)

  • Ұпай берілмейді: жауап дұрыс болса, (0 ұпай)


5-тапсырма жауабы:

  • Ой толық ашылса (5 ұпай)

  • Ой жартылай ашылса (3 ұпай)

  • Ой ашылмаса (ұпай берілмейді)









Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-515648
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>