Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов


Сабақ жоспары


Күні:

Пәні: Қазақ тілі

Класы: 3

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға түбір сөзге қосымшалардың жазылуы туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

а)білімділік: Түбір мен қосымша жайлы алған білімдерін жинақтау.

ә) дамытушылық: Өз ойларын байланыстырып жүйелі сөйлеу қабілеттерін жетілдіру. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Ойын элементтерін пайдалану арқылы пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру.

б) тәрбиелік: оқушыларды ұқыпты, таза жазуға, шапшандылыққа, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрден тыс сабақ

Сабақтың түрі: Ойын сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын, өз бетімен жұмыс, сәйкестендіру тесті(шығармашылық тапсырма)
Көрнекілігі: слайд, бағалау жетондары.


Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

а)амандасу

ә)түгендеу

б) ойын шартын түсіндіру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

IV. Жаңа материалды меңгерту.

V. Шығармашылық тапсырма.

VI. Сабақты қорытындылау.

VII. Үйге тапсырма.

VІII. Бағалау.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі:

а)амандасу

ә)түгендеу

б) ойын шартын түсіндіру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді. (2-3 оқушыдан сұралады)

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. (кеспелер бойынша)

1. Түбір сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
(Сөздің өзгермейтін мағыналы бөлігін айтады.)
2. Қосымша дегеніміз не? Мысал келтір.
(Сөзді тудыратын және сөзді байланыстыратын сөз құрамын айтады.)
3. Жұрнақ қалай жасалады? Мысал келтір.
(Түбір сөзден кейін келіп, жаңа сөз жасайды.)
4. Жалғау қалай жасалады? Мысал келтір.
(Түбір сөзге де, жұрнақтан кейін де жалғанады, ол сөзді байланыстырады.)
5. Туынды сөз дегеніміз не?
(Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді айтады.)

ІV.Жаңа материалды меңгерту.

1.Психологиялық дайындық.

Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық

Сәттілік тілеп, күліпсіреп

Біз сабақты бастайық.

М: Ендеше, оқушылар біз бүгін эстрада жұлдыздарымен жүздесетін боламыз. Олар бізге алыс жолдан кемемен келе жатыр. Олар келгенше біз сабағымызды бастай береміз. Бүгінгі біздің тақырыбымыз Түбір мен қосымшаның жазылуы. Бүгінгі күннің жадын жазып Көркем жазу ______________

Жазып болсаңдар қаламдарыңды қойыңдар.

М:Міне,балалар қоңақтарымызда келіп жетті. Олар бізге қоңаққа құр қол келмеген.Сендердің білімдеріңді сынамақ болып, тапсырмаларын ала келіпті.Ал,балалар гүл шоғын сыйлай алмасақта, өз білімімізді тарту етейік

І. Роза Рымбаеваның тапсырмасы. 34-жаттығу

Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.

Қарыңдашыңның ұшын үшкірлеп ұшта,

Үшкірлеп ұштап, сақтап ұста.

  • Қосымшалы сөздердің қосымшаларын тиісті белгімен белгіле.

  • Түбір сөз бен туынды сөздің айырмасы қандай?


ІІ. «Музарт» тобының тапсырмасы. 35-жаттығу.

Түбір сөздерге жұрнақтардың тиістісін қосып, туынды түбір жаса. (әр топқа 2 сөзден)

Бас,күз; сыз, екі; ойын, орын; құлын, кезек;

  • Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.


ІІІ. Мақпал Жүнісованың тапсырмасы. 36-жаттығу. (ауызша орындату)

Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.





Ойын

Еңкейемін, Суға қанған

Құдықтан су аламын. Төлдерді айдап қайтам.

Еріп келген Өзім де үйге

Төлімді суарамын. Олармен ойнап қайтам.


  • Түбір мен қосымшаның жазылуын түсіндір.

  • «Ойна» сөзі туынды сөз бола ма?


ІІ. Сергіту сәті.


ІV. Қайрат Нұртастың тапсырмасы. 37-жаттығу.

Жұмбақтардың шешуін тап.

1. Жалтыраған бөркі бар,

Жарқыраған көркі бар.

2. Қарны тойса,

Бой көтереді.

Қарны ашса,

Жата кетеді.



  • Қарамен жаылған сөздерді бөрік,көрік,қарын сөздерімен салыстырып, олардың жазылуындағы өзгешеліктің себебін түсіндір.

  • Осы сөздерден туынды сөз жаса.


V. Ернар Айдардың тапсырмасы. 38-жаттығу.


Түбір сөз бен қосымшалы сөзді сәйкестендір.

Ерін шауып

ерік халқы

орын жауып

халық ерні

тап тауып

шап орны

жап еркі

  • Сәйкестендірілген сөздерді салыстырып, олардың бір-бірінен өзгешелігін тап. Түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны ата.




V. Шығармашылық тапсырма.


Топтық тапсырма. Әр топқа жеке – жеке тапсырма беріледі.
І .  Сөздерді сәйкестеңдір. Сөздерді сөз құрамына талда.

Сый                   -гіш

Жұмыс              -лі

Біл                    -шы

өнер                  -қыш

ұш                     -лық


ІІ топ. Берілген түбір сөзден бірнеше туынды сөздер жасап жаз.
Бала -лық,-(қай)
Оқу -лық,-(шы)
Өнер- паз, (лі)


ІІІ топ. Сызба бойынша сөздер тауып жаз.
Түбір + жұрнақ
Түбір +жұрнақ + жалғау
Түбір +жалғау +жалғау


ІV топ. Тиісті сөздерді орнына қой.

Еңбексүйгіш............,

Ерте шығып............. .          

Жазда астық...........,

Толтырады ас.......... .                  

Қыстай тыныш........,

Рақатқа............. .                        

Керекті сөздер: құмырсқа, жұмысқа,үйді, тасиды,батады, жатады.


VІ. Сабақты қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма. 39-жаттығу.

Суреттегі спортшылар кімдер?

  • Осы сөздермен сөйлем құрап жаз.

VІІІ. Бағалау.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-103858
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>