Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары "Бұйрықты сөйлем"

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары "Бұйрықты сөйлем"


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Бұйрықты сөйлем  - қимыл-әрекетке итермелеу мақсатында айтылған сөйлем.

Бұйрықты сөйлем көбінесе ауызекі тілге тән. Бұйрық мағынасы әр түрлі реңкте білдіріледі: егер бұйыру қатал талап мағынасында жұмсалса, дауыс көтеріңкі айтылады, ал өтініш, тілек мағынасында айтылса, бәсең айтылады.



Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары етістіктің бұйрық және қалау райлары арқылы жасалады:

  • 1. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райының 2-жағында болса, Бұйрықты сөйлем бұйрық, талап ету мәнінде айтылады. Мысалы: - Сен мен не істесем, соны істе! - деді Ұлпан Шынарға сыбырлап (Ғ.Мүсірепов).

  • 2. Баяндауыштары бұйрық райының 3-жағында болса, Бұйрықты сөйлем талап, тілек мәнінде айтылады. Мысалы: Қара көктің жал-құйрығы қара ғой, қаралы aт осы болсын! - деді (М. Әуезов).

  • 3. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған -шы/-ші қосымшасы жалғанса, бұйрықты сөйлем тілек, жалыныш немесе сыпайы түрде бұйыруды, кейде сес көрсетіп, қорқыту мәнін білдіреді.

  • Мысалы: - Қане, осы баланың бәйгесін бермей көрші (Ғ. Сланов).

  • 4. Баяндауыштары етістіктің қалау, бұйрық райлары тұлғасынан жасалғанда, Бұйрықты сөйлем ұран, үндеу мағынасын білдіреді: Мысалы: - Канта, түс аттан! Қапта тегіс! - деп Көтібақ, Топай, Торғай жігіттерін де тұтас айдап салды (М. Әуезов).

  • 5. Баяндауыштары ашық райдың келер шақ тұлғасынан жасалса, бұйрық мағынасын білдіреді. Мысалы: Бүгіннен бастап олармен сөйлеспейсің

Мысалдар:

1.Жүр,тез аяғыңды бас!

2.Бұны оған айтпа.

3Тыныш отыр!

4.Бізбен бірге жүрсеңші.

5.Дұшпанға тастай қатты бол,досңа балдай тәтті бол(мақал)

6.-Түндікті жауып,есікті түріп қойшы!

7.Жылай-жырлай өлгенде арттағыға сөз қалсын!


Тыныс белгісі:

  1. Нүкте- Бізбен бірге жүрсеңші. –тілек-өтініш мәнін білдіреді.

  2. Леп белгісі- Тыныш отыр! – бұйыру мәнін білдіреді.

«Тыныс белгі» ертегісі.
Ертеде «тыныс белгісі» деген ақылгөй шешейдің 3 қызы болыпты.
 
Бірінші қызы тиянақты, сабырлы сөйлесу, екіншісі тек сұрағанды біліпті, ал үшінші қызы бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейді екен. Соған қарамастан ақылгөй шешей 3 қызын да ақылмен бір мәтіннің ішіне жұмсай алыпты. 
(Тірек-сызба кестесін толықтыру)


ІІ. Психологиялық дайындық 
Оқушылар тіл туралы өлең жолдарын оқиды. 
Мысалы: 
Қазақ тілі – бабам тілі – өз тілім, 
Қазақ тілі – анам тілі – өз тілім, 
Қазақ тілі – далам тілі – өз тілім, 
Қазақ тілі – адам тілі – өз тілім. 
ІІІ. Бағдарлау мотивациялық кезең 
1. Оқу қызығушылығын ояту
Ерте-ерте, ертеде біз білмейтін бір үлкен елде СӨЗДЕР өмір сүріпті. Сөздердің бір тобы бір-бірімен тіркесе байланысып, жеке отау тігіпті. Ол отау СИНТАКСИС деп аталыпты. Бұл сөздер бір-бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін-бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты. 
Мұның қалай аталатындығын сендер қазір тапсырма орындау арқылы тез табасыңдар. 
2. Сөзжұмбақ құру.

  1. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен. (су) 
    2. Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. (өрік) 
    3. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар (қой) 
    4. Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ қашады. (жел) 
    5. Ти десем, тимейді, тиме десем тиеді. (ерін) 
    6. Отқа жанбас, суға батпас. (мұз) 
    Сөзжұмбақтың шешуі: СӨЙЛЕМ. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 
    3. Сөйлем туралы ой жинақтап, тірек сызба құру.

I.Тренинг:Шаттық шеңберін құрып,топ оқушылары бір-біріне тілек айтады. 
Аттарыңның басқы әріпіне байланысты жақсы мінез ерекшеліктеріңді аттарыңды айтып танысып алайық. Жағымды,әдепті,ынталы,нұрлы,ажарлы,аяулы,оқымысты,үлпілдеген, ғажайып,айбатты.
 
2.Кімге қандай түс ұнайды? Сол конфеттерді алыңдар. 3.Смайлик арқылы көңіл күйлерін білу.


Сабақтың тақырыбы: Бұйрықты сөйлем

Сабақтың мақсаты: білімділік – Бұйрықты сөйлем туралы туралы түсінік беру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту, меңгерілген теориялық материалдарды қайта жаңғырту,  Тапсырма түрлері арқылы оқушылардың коммуникативті және ақпаратты құзіреттіліктерін дамыту.

дамытушылық – өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге жаттықтыру;

тәрбиелік –  оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру,  адамгершілікке тәрбиелеу.Өзін-өзі басқра білуге дағдыландыру.

    Сабақтың түрі:Танымдылық

    Сабақтың әдісі:    ізденушілік, талдау.пікірлесу,зерделеу

    Көрнекілік: тірек сызбалар,

    Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

    Сабақтың барысы: 

Сабақ құрылымы:

-Ұйымдастыру кезеңі   2-минут

1. Жылдар сөйлейді. (Үй тапсырмасын сұрау). 7-минут

2. Жаңа сабақ-білімнің негізі. (Оқушы менмұғалімнің ынтымақтаса білімді меңгертуі. )Оқушы-7-минут. Мұғалім-10минут

3. Жаңа сабақты бекіту. 

Бейнелер сыры.

Тығырыққа тірелгенде.Ауызша.7-минут

4. Оқулықпен жұмыс.28-жаттығу7-минут

5. Үйге тапсырма.3-минут

6. Оқушыларды бағалау.2-минут

    Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару

                                  2.Оқушыларды түгендеу,сынып тазалығын назарда ұстау.

  Үй тапсырмасын сұрау: Тапсырманың атауы:»Жылдар сөйлейді»

1938.1803.1894.1991.2011.

Мақсаты:

-:Оқушылардың  лепті,сұраулы,хабарлы сөйлем түрлері бойынша меңгерген білімдерін саралау.

-Оқушылардың көп тіл білетіндерін  байқау

-Пәнаралық байланысты нығайту.

   Шарты:

-Оқушылар берілген жылдарға қарап сөйлемдер құрастыру.

-Сөйлемдердің  айтылу мақсатына қарай бөлінуін табу.

-Сөйлемдерді орыс,ағылшын тілдеріне аудару.

 -Құрастырылған сөйлемдер тарих,әдебиет,жаратылыстану ғылымдарымен байланысты болуы қажет.

                                                Жаңа сабақ

Ерекшелігі:

Берілген сөйлемдердің мағыналарын ашу арқылы оқушылар бұйрықты сөйлемнің мәнін ашып айтады.

Тиімділігі:

 -Оқушың коммуникативті құзіреттілігі дағдыланады.

-Өзін-өзі басқаруы артады.  

 

 

Оқушылар түйіні:

Бұйрықты сөйлемдер 2-жаққа не 3-жаққа  бұйыруды,іске қосуды,кеңес беруді,жалынуды,тілек-өтінішті білдіреді.

 

     Мұғалімнің қорытуы Тірек сызбалар арқылы оқушылар білімін нақтылап,ғылымиландыру керек.

3.Тыныс белгісі 

Бұйрықты сөйлем бірде хабарлы сөйлемге жуық интонациямен,бірде лептік интонациямен айтылады.

-Соған байланысты леп белгісі не нүкте қойылады

Жаңа сабақты бекіту. 

I. Мына суреттерге қараймыз. Бұл суреттерге қарап, қандай тыйым сөздер айтуға болады? (Оқушылар суреттерге байланысты тыйым сөздерді атайды, мағынасын түсіндіріп тұрамын) Тыйым сөздердің бұйрықты сөйлемдерге жататынын түсіндіру. Ауызша.

            Бетіңді  баспа             Есікті керме                       Беліңді   таянба

- Тыйым дегенді “мынау жаман”, “ескіліктің қалдығы” деп түсінбеген жөн. Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы осы тыйым сөзбен балаларын тәрбиелеп отырған. Ол әшейін жай ғана “сөйтпе-бүйтпе” емес, оның әрқайсысының астарлы мағынасы бар.

- Неге есікті керме дейді?

- Есікті керсе, үйден береке кетеді.(берекесі кету – ұрыс, жанжал)

- Неге сүтті төгуге болмайды?

- Сүт төксең, ырысың төгіледі.(ырысы төгілу - жоқшылық)

- Неге өтірік жылама дейді?

- Өтірік жыласа, жаман болады.(жаман болады - қайғы)

Ойланайық:    ұрыс, жанжал, жоқшылық, қайғы

- Бұның барлығы жақсылық па, жамандық па?

- Жамандық.

- Дұрыс. Сондықтан да оларды жасауға болмайтындықтан,  бұл сөздер  тыйым сөздер деп аталады.

 

Оқулықпен жұмыс 28-жаттығу

1. Жырды мәнерлеп оқу .Көшіріп жазу.

2. Не істеуге бұйырып тұрғанын барыс септіктегі бірыңғай сөздермен жеткізу

.  Тыныс белгілерге назар аудару,қойылу себебін түсіндіру. 

 

Ситуациялық жағдай: «Тығырыққа тірелгенде».Жауап бұйрықты сөйлем арқылы берілу керек.

 

1. Сынып жетекшіңіз тез келсін деп шақырды. Жүгіріп келсеңіз ашуланып тұрған сынып жетекшіңіз сіз мүлде ұқпайтын бір оқиға туралы сізге ұрса жөнелді. Сіз не істейсіз?

2. Қоңыраудан соң сыныпқа кірсең сөмкеңдегі ұялы телефоның жоғалған. Өз сыныбыңыз 10-сынып. Қоңырауда тастап кеткен өзіңіз. Сіз сыныпқа кіргенде ешкім жоқ. Не істейсіз?

3.Сіз жайбарақат сабақ жазып отырсыз. Сабаққа сирек келетін оқушының                  бірі әй-шәй жоқ ентелеп келіп, үшінші партада отыған сізге келіп жағаңыздан алып жанжалдаса бастады. Сіздің реакцияңыз.....

Семантикалық карта:

Мысалдар Хабарлы Сұраулы Лепті Бұйрықты

1 Жиналыс басталды ма +

2 Аспан шайдай ашық +

3 Бұл – Байжанның талай келген үйі

4 Сізде де арман бар ма екен

5 Қане, жігіттер аттарыңды қамдаңдар

6 Сонша малға жерді қайдан таппақсың

7 Баяндамашыға сұрақ бар ма

8 Түн жым-жырт

9 Ойбай-ау,кеше мен осылай деп пе едім

10 Келші, қалқам менің қасыма отыршы

11 Қандай тамаша көл

12 Балам , жөніңді айтшы

Оқушыларды бағалау:

   - Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды дәстүрлі бағалау жүйесімен бағалау.

Үйге тапсырма беру:

1. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған жырларды жинастыру.

2. Жыр құрамында бұйрықты сөйлемдер болуы керек.

















Семантикалық карта




Семантикалық карта





Бағалау парағы








Бағалау парағы




Бағалау парағы





Семантикалық карта


Балам , жөніңді айтшы










Күні: 25.09.15ж

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 8 «Ә»

Мұғалім: А.А.Байсапакова

Сабақтың тақырыбы: Бұйрықты сөйлем

Мақсаты: : білімділік – Бұйрықты сөйлем туралы туралы түсінік беру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту, меңгерілген теориялық материалдарды қайта жаңғырту,  Тапсырма түрлері арқылы оқушылардың коммуникативті және ақпаратты құзіреттіліктерін дамыту.

дамытушылық – өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге жаттықтыру;

тәрбиелік –  оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру,  адамгершілікке тәрбиелеу.Өзін-өзі басқара білуге дағдыландыру.

.Міндеті: 1. Топтық жұмыста рөлді дұрыс бөлу.

                2. Сөйлемдерді бір-бірінен ажырату.

Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылардың  сыни көзқарасы қалыптасады.

                                  2. Топтық жұмыс жасайды.

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Әдіс- тәсілдер:   "Аялдама" әдісі, ББҮ(білемін,білгім келеді,үйрендім), «Джиксо», «Сағат» әдісі, «Ойлаудың бес гүлі» әдісі.

 Көрнекілік:


   Кезеңі

 

 

 

Мұғалімнің  әрекеті

 

     Оқушының  әрекеті

 

Ұйымдастыру


 

1.Психологиялық жағдай жасау.

«Сағат» ойыны.

2.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

3.Түрлі  түсті  мозайкалар арқылы үш топқа бөлу.

 

1.Оқушылар амандасады. 2.Оқушылар өздеріне ұнаған түрлі түсті мозайкаларды таңдау  арқылы үш  топқа бөлінеді.

 

Қызығушылықты                ояту.


Үй тапсырмасын сұрау.

"Джиксо" әдісі  бойынша үй тапсырмасы сұралады.  

І-топ  «Хабарлы сөйлем»

ІІ-топ «Сұраулы сөйлем»

ІІІ-топ «Лепті сөйлем»

Оқушылар  тақырыпты еске түсіре отырып,  постер қорғайды.

 

Мағынаны тану



















Жеке оқушымен жұмыс



Қорыту.





Бағалау.

Топтық жұмыстар

"Аялдама" әдісі"

І –топ Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?Мысал.

ІІ-топ Бұйрықты сөйлемнің жасалу жолдары.

ІІІ-топ Мысал арқылы тыныс белгілерін түсіндіру.

 

Әр топқа тақырыптарына байланысты тапсырмалар беріледі.

 

1-тапсырма.

42-жаттығу. Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін анықтаңдар.

2-тапсырма

43-жаттығу

Бұйрықты сөйлемдерді тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

 




Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс

(Семантикалық картамен жұмыс)



«ББҮ» әдісі  бойынша сабақты қорытындылау.





«Ойлаудың бес гүлі» әдісі / кері байланыс/



Топ басшыларына бағалау парағы таратылады.

Мұғалім топтық жұмыстарды формативті бағалайды.

 

Оқушылар  топқа бөлінеді.

Топтық жұмыс арқылы бұйрықты сөйлемдердің жасалуын мысалдармен дәлелдеп көрсетеді.  Топ басшылары "Аялдама" әдісі арқылы  әр топқа түсіндіріп, постер қорғайды. 

 

 Тапсырмамен жұмыс жүргізеді.

 Оқушылар  өздеріне берілген жаттығуды оқиды,   әр топтан екі оқушы шығып, тақтада орындайды. Қалғандары орындарында отырып талдайды.


 Оқушылар семантикалақ картаны толтырады, ауызша жауап береді.

 

 Оқушылар «Білемін, білгім келеді, үйрендім» кестесін толтырады.

 

 

 Оқушыларға гүлдің суреттері таратылады, өз ойларын гүлдің жапырақтарына жазады.

 

 

Топ басшылары   өздеріне берілген топтық жұмыстарын  берілген критерийлері  арқылы орындап шығады  және

бағалау критерийлері               

арқылы  өзара бағалайды.

 

 





















Ы.Алтынсарин атындағы № 27 орта мектеп












Ашық сабақ


Тақырыбы: Бұйрықты сөйлем


8 «Ә» сынып













Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: А.А.Байсапакова




Автор
Дата добавления 16.04.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров456
Номер материала ДБ-034943
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх