Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары: "Көптік жалғаулы сөздердің септелуі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары: "Көптік жалғаулы сөздердің септелуі"

библиотека
материалов

Сабақ жоспары

Cабақтың тақырыбы: Көптік жалғаулы сөздердің септелуі.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Зат есімдердің тәуелденіп те, тәуелденбей де қолданылатынын оқушылардың естеріне түсіру. Тәуелдеулі сөздердің септелуіндегі өздеріне тән жалғауларымен таныстыру, көптік жалғаулы сөздердің септелуін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық, іскерлік,есте сақтау ,ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқу мен жазу арқылы оқушыларды шығармашылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі: тақырыптық суреттер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың  барысы:

І.Ұйымдастыру  бөлімі.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқу құралдарын түгендеу.

Психологиялық дайындық.

-Балалар, бізге бүгін сабаққа хат келіпті. Қане, ашып көрейік.







ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Барлығымыз орындадық па? Дәптерлерін жинау.

Өткенді еске түсіру.

-Тәуелдік жалғаулардың неше жағы неше түрі бар?

Ыстық орындық стратегиясы.(оқушыларға сөздер айтамын, олар оны жекеше және көпше түрде тәуелдейді)

Ана, қалам, ыдыс, дәптер, үй, т.б.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Көптік жалғаулы сөздердің септелуі деп аталады.

Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер).

Көптік жалғаулы сөздердің септелуі

1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда. Қай септікте тұрғанын айт. Көпше түрде тұрған сөздерді тап. Септе.

Оқушылар мұражайға барды. Оқушылар Жамбыл мұражайына барды. Жұмыртқаларды тоңазытқышта сақтайды. Көкек жұмыртқасын кез келген торғайдың ұясына тастап кетеді. Көшеде машина көп. Әсия Төле би көшесінде тұрады.

2-жаттығу. Берілген сөздерді септе.

Ел, елім.

ІV.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық,

Бір отырып ,бір тұрып

Біз тынығып алайық,

Алақанды соғамыз ,

Орнымызға қонамыз

3-жаттығу. Берілген сөздерге тиісті көптік жалғауларын жалғап жаз.

Қала, мекеме, ғалым, өзен,ат ,шөп.

2 көптік жалғаулы сөзді септе. Жекеше және көпше түрде.

V. Бекіту. 4-жаттығу. Сызбаны пайдаланып, зат есімді тіркес жаса.

Ағасы -нда/-нде көрді

Інің -а/-е берді

Үйі -на/-не үйретті

Досы -н тұрады

Терезе -ке/-ге шақырды

Мәулен -ны/-ні көмектесті

Ашты


VІ.Қорытынды.

-Балалар, біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Тәуелдік жалғаулар дегеніміз не?

-Көптік жалғаулар дегеніміз не? Атап бер. Мысал келтір.

-Бүгінгі сабақтан не үйрендік?

VІІ.Үйге тапсырма. «Менің елім»тақырыбына шағын ой толғау жазу. Ішінде көптік жалғауы бар сөздердің астын сызу.

VІІІ. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.

Мұғалім:


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров209
Номер материала ДБ-068716
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх