Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Другие методич. материалы / Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Болжалды келер шақ. 7-сынып

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Болжалды келер шақ. 7-сынып


  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Болжалды келер шақ

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Оқушыларға келер шақ және оның түрлері туралы түсінік беру. Болжалды келер шақ туралы түсіндіре отырып, оны сөйлем ішінде ажырата білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық біліктері мен дағдыларын жетілдіру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, байланыстырып сөйлеу қабілеті мен тіл байлығын молайту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа,үлкенді сыйлай білуге, жалқаулық пен жамандықтан аулақ болуғу тәрбиелеу .

Түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Әдіс-тәсілдері:  сұрақ-жауап,түсіндіру, іздендіру, Блум таксономиясы 

Көрнекілігі: Сөздік плакат

Пәнаралық байланыс:  әдебиет 

 Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу

Сыныпты түгендеу

Оқушы назарын сабаққа аудару

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

І Білу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Жаттығу жұмыстарын және талдау жұмыстарын тексеру

Шығармашылық жұмыс 3 сөйлем талдау жұмысы

ІІ Түсіну

Жаңа сабақ 

Ой шақыру.

Етістіктің шақтарын еске түсіру,

Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт  кең жатыр.

Бірімен-бірі туысқан, 

Қол ұстасқан ел жатыр.

                                 (Жамбыл)

Атадан жақсы туған ұл

Атаның есіктегі басын төрге апарар.

Атадан жаман туған ұл

Атаның төрдегі басын есікке апарар.

Ата-ананың қадірін

Балалы болғанда білерсің.

Ағайынның қадірін 

Қаралы болғанда білерсің.

Жанашырдың қадірін 

Жалалы болғанда білерсің.

1)Оқушылардың өзіне оқыта отырып, тақтаға етістіктерді тауып, жаздырамын, құрамына қарай ажыратқызамын.

 Апарар (алып бар+ар) – апар +ар 

Білерсің – біл +ер + сің

2) Осы етістіктерден болымсыз етістік жасату

Апар (алып бар+ма+с+пын) -  алып бар + ма + с + пын

Біл    -   біл +  ме + с + пін

3) Ескі бише отырман бос мақұлдап,

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.

Отыр+ман   –  отыр + ма  + с + пын

 Тұр+ман    - тұр +ма +с + пын

 Ескерту: Болжалды келер шақ І ж. Жіктік жалғауында –пын, -пін ықшамдалып, -н  түрінде ғана жұмсалады. Мұндай тұлғадағы етістіктер поэзияда жиі кездеседі.

 4) Оқушылардың өзіне тұжырым жасатамын. Ережесін шығарту, жасалу жолдарын айтқызу   

ІІІ Қолдану.         

Жаңа білімді  алғашқы тексеру және пайдалану кезеңі

( 117, 119-жаттығуларды орындау)

Өздік жұмыс

Терме диктанты

ІV Талдау.

Келер, жазар, көрінбес, оқыр сөздерін жекеше, көпше түрде жіктеу.

Сабақты қорытындылау.

V Жинақтау.

Етістікті  болжалды келер шақ түріне айналдыр. (ауызша)

Ойна, арала, таныс, кел, үрле, аш, жатыр, күл

Үйге тапсырма.

1. 120-жаттығу  (жазбаша)

2. ереже жаттау

3. Болжалды келер шақта «Менің арманым»   ой толғау жазу  

Бағалау. ( Оқушы белсенділігін, қызығушылығын ескере отырып бағалаймын)







Автор
Дата добавления 31.01.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров856
Номер материала ДВ-398643
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх