Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары тақырыбы: "Еліктеуіш сөз" (6-сынып)

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары тақырыбы: "Еліктеуіш сөз" (6-сынып)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Мұғалім: Шарпекова А.С. Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Күні:

Сынып: 6-сынып

Пән: қазақ тілі

Тақырып: Еліктеуіш сөздер

Сілтеме оқулық: 6 сынып,Алматы «Атамұра» 2001 ,С.Исаев,Қ.Назарғалиева

Мақсат: Еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздердің қолданылатын орындары мен мақсатын анықтайды.

Күтілетін нәтиже:

Еліктеу сөздердің жасалу жолын біледі

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Құрал-жабдықтар: Интербелсенді тақта,флипчарт,маркер,қима қағаздар

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Кезең

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушылардың іс- әрекеті

1

Психологиялық ахуал

1 мин

«Тәтті тілектер» тілек жазылған кәмпиттердегі стикерлерді таратып, оқушыларды топқа бөледі.

Тақтада көрсетілген сергіту сәтін орындайды. Тілек жазылған кәмпиттерді алып, бір-бірлерімен алмасады, қолдарындағы кәмпиттердің түрлеріне қарай топқа бөлінеді. Топтың атын қояды.

2

Үй тапсырмасы

4мин

Ішкі және сыртқы шеңбер құрғызып, үй тапсырмасын қадағалайды

Орындарынан тұрып, ішкі шеңберде тұрған оқушыларға сыртқы шеңберде тұрған оқушылар үйге берілген тапсырманы оқып, талдағандары бойынша бір-бірлеріне ақпарат береді.

3

Білу

5

Еліктеуіш сөздерге байланысты суреттер мен видео интербелсенді тақтадан көрсетіледі.


Топта «Еліктеуіш сөздер» тақырыбын талқылайды, жіктейді, сипаттайды, түсіндіреді, жалпылайды, мысалдар келтіреді, карточка дайындайды.

Өз сөзімен баяндайды, қысқаша түсіндіреді. Топтар бір-бірінің жұмыстарын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды

4

Түсіну

10

Жаңа тақырыпты оқытып,«Тұжырымдамалық картаға» салғызады.

Түсінгендерін ортаға салып, «Тұжырымдамалық картаға салады»

5

Қолдану

5

Бақылайды, бағыт-бағдар береді.

Тақырыпты ашқан соң, топтарға «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау әдісін ұсынады.

Тапсырма береді. Бақылайды.



Мадақтайды

Тақырыпты ашқан соң, топтар «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.

А деңгейіндегі оқушылар Бибігүл, Замира, Дания, Алуа, Құмар /Табиғат жаратылылысында болып жатқан құбылыстардағы еліктеуіш сөздерді «Тұжырымдамалық картаға» түсіреді /

B деңгейіндегі оқушылар

Айгүл, Дана, Дильназ /Контекстерде берілген еліктеуіш сөздердің қолданылу мақсатын анықтайды /

С деңгейіндегі оқушылар

Алдияр , Мадияр /Берілген сурет бойынша еліктеуіш сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырады. /






6

Талдау

5



Оқулықпен жұмыс істеуін бақылайды.



Шығармашылық деңгейдегі жұмыс береді.

299-жаттығу Еліктеуіш сөздерді тауып, қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын айтады.

301-жаттығу. Шығармашылық деңгей. Еліктеуіш сөздерді пайдалана отырып, табиғат құбылыстарын суреттеп шығарма жазады.


7

Жинақтау

5

Интербелсенді тақтамен оқушылардың қалай жұмыс істеп жатқандығын бақылайды.

Оқушылар топ болып өздері ойлап тапқан жұмбақтарын интербелсенді тақтаға жазып, келесі топ сол жұмбақтың шешуін тауып, еліктеуіш сөздердің астын сызады.

8

Бағалау

5

MSOfficePNG(8)«Басбармақ» арқылы ұғу деңгейін ұсынады

Алдын ала берілген кесте бойынша бағалауды ұсынады.

Оқушылар «Басбармақ» арқылы өздерінің ұғу деңгейлерін көрсетеді.



Топ спикері топтағы оқушыларды алдын ала берілген бағалау парағы бойынша бағалайды.

9

Рефлексия

5

Еліктеуіш туралы 5 жол өлең қолдану

Еліктеуіш сөздерге 5 жол өлең құрастырады

1 жол-бір зат есім

2 жол- екі сөзбен сипаттау, екі сын есім.

3жол-тақырыпқа қатысты үш қимыл атауына үш етістік жазу

4 жол- тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз болу керек

5 жолда төрт сөзден тұратын бір сөйлем болу керек.


Үйге тапсырма беру


Үй тапсырмасын береді 300-жаттығу

Үйге тапсырма беру








Автор
Дата добавления 04.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров897
Номер материала ДВ-121345
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх