Инфоурок Другое КонспектыҚазақ тілі пәнінен сабақ жоспары Тақырыбы:Сөйлем түрлерін қайталау 6-сынып

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары Тақырыбы:Сөйлем түрлерін қайталау 6-сынып

Скачать материал

6кл

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің түрлерін қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерінен алған білімдерін сарапқа салу.

2. Ана тілін қастерлеу, тапқырлыққа, шешендікке баулу ; өз ұлтының ерекшелігін таныту.

3. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

4. Алынған сөйлем арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі:

Таблица, плакатқа жазылған сөйлемдер, бүктеме қағаз,                       Ғ. Мүсірепов, М. Мәметова мен М. Өтемісұлының суреті.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жағдаяттар ойыны, театрланған көрініс, тіл дамыту.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру:

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген мақалдың мәнін ашқызып, бүгінгі сабақты бірлесе, жұмыла отырып өткізу, әр оқушыны жігерлендіру.

II. Үй тапсырмасын сұрау:

А) Үйге қандай тапсырма берілді?

III. Сөйлемдерден өткенді қайталау.

А) Сұрақ – жауап

1. Сөз дегеніміз не? Не үшін қажет?

2. Сөйлем не үшін қажет?

3. Сөйлемнің анықтамасын кім айтады?

4. Сөйлем құрамына қарай қалай бөлінеді?

Б) Оқушы назарын тақтадағы таблицаға аудару. Мына сөйлемдерді оқып, айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түріне ажырат, тиісті белгілерін қой.

1. Абай мен Әйгерімнің бұл кезде тіккен үйлері «қара үй» деп аталды.

2. Ұн тартатын комбинатта болдың ба?

3. Ал енді, құлыным, адам бол, оқы.

4. Отаным қандай кең байтақ. Астанам неткен тамаша!

В) Осы сөйлемдерді негізге ала отырып, сөйлем түрлерінің анықтамасын сұрау, қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар? – деген сұрақ қою.

 

IV. Театрланған көрініс:

Әр халықтың ғасырлар бойы жинап қалыптасқан, өзіне тән салт – дәстүрлері болады. Сол салт – сана,  дәстүрлер ғұлама қаламгер М.Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясында өзіндік сипат алып тарихпен сабақтасады.

-         Ал, балалар кім айтады? Қазақ халқының қандай салт – дәстүрлері бар?

1 -  оқушы: Ғұлама жазушының ендігі бір зер салып, айрықша назар аударғаны – күйеудің киіну салты.

2 – оқушы: «Басқа үкі тағу» - бар күйеудің әдеті. Ол ғана емес қызыл манат шапан мен биік өкше етік киіп, елден ерекше ұзын төпе тымаққа үкі тағып алу бұл өңірдің бар күйеуіне жол болатын. 

3-оқушы: Күйеу келіп түскеннен кейін, көрімдік сұрау ғұрпы жасалады.

4-оқушы: Күйеулер орналаса бергенде, жаңағы бірге келген келіншектердің үшеуі кіріп кеп:

5 – оқушы: - Шымылдық, шымылдықты түсір, - десті.

6 – оқушы: -Ал шешелер, көрімдік!

7 – оқушы: - Көрімдік кәне?

                     -  Болмаса көрсетпейміз балаларыңды, беті ұялады, - деп алғашқы келген келіншектер күлген бойларында шымылдықтың шетін ұстады.

ІІІ. Карточкамен жұмыс.

1.    Үш оқушы тақтаға шығып сөздерді септейді, тәуелдейді, сөз тіркесі мен сөйлемге мысалдар жазады, қалғандары 66 – жаттығуды ауызша орындайды.

ІV. Жағдаяттар  ойыны. (5 минут)

1.    Келген кісі – сыйлы қонақ. Бешбармақ пісірейін десеңдер, ет аздау, ал қуырдаққа жеткілікті. Қуырылған  етке картоп та бар, пияз да бар. Мына қағазда берілген сөздерді қолданып, қуырдақты қалай қуыру керектігін айтыңдар. (дайындыққа              5 минут беріледі)

2.     Үйлеріңе қонақ келетін уақыт аз қалды, әлі дастарқан жасау қажет. Тез оңай пісірілетін тамақтың бірі палау. (дайындыққа     5 минут беріледі)

V. Плакаттағы сөйлемдермен жұмыс.

 Сөйлемдерді оқытып, айтылу мақсатына қарай қандай сөйлем және қалай жасалғанын сұрау.

VІ.Сөйлемдерге байланысты ақын жазушылардың өлеңдерін оқыту.

1 оқушы:

VІІ. Ғ. Мүсірепов, М.Мәмбетова, М.Өтемісұлының туған жылдарын сұрау.

1 – оқушы:

VІІІ. «Батыр қыз» өлеңін айтқызу.

Сабақты қорыту: Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай қалай айтылатынын сұрау, мысалдар келтіру.

         Оқушыларды бағалау : Жақсы жауап берген оқушыларды мақтау, кемшіліктерін айту. Тиісті бағаларын қою.

         Үйге тапсырма: Әр сөйлемнің түріне бес сөйлемнен құрап жазып келу.

        

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары Тақырыбы:Сөйлем түрлерін қайталау 6-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 949 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2016 1082
    • DOCX 32.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахметова Гульназира Каркауовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 63294
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой