979177
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокДругоеДругие методич. материалыҚазақ тілі пәнінен шығармашылық сабақ жоспары 11-сынып гуманитарлық бағыт бойынша

Қазақ тілі пәнінен шығармашылық сабақ жоспары 11-сынып гуманитарлық бағыт бойынша

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifБекітемін: №249 мектеп-лицей директорының оқу-тәрбие

жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Сансызбай


Күні: 22.09.2015 жыл

Сыныбы: 11 «Б»

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Қазақ шешендіктану ғылымының қалыптасуы мен дамуы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ шешендіктану ғылымының қалыптасуы мен дамуы

Сабақтың мақсат міндет

тері:

А) білімділік:

Оқушыларға қазақ шешендіктану ғылымының даму тарихы туралы мағлұмат беру,шешендік өнер туралы білімін толықтыру,қазіргі шешендік өнерге өз үлесін қосқан қарымды қаламгерлердің қанатты шешендік сөздерін жатқа білетін,әрі терең,әрі әдемі өрілген нақылдарын санасына сіңіруіне ықпал ету.

Ә) дамытушылық:

Шәкірттердің тіл мәдениетін,ой-өрісін жетілдіру,өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,есте сақтау қабілеттерін ажырату.

Б) тәрбиелік:

Жас ұрпақты шешендікке,ұтқыр сөйлеуге баулып,ұлттық мақтаныш сезімін дамыту.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

-

Сабақтың типі:

аралас сабағы

Сабақтың түрі:

дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдістері:

баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Интерактивті тақта

Сабақтың пәнаралық байланысы:

Тарих,әдебиет

Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының

назарын сабаққа

аудару;

-оқу

құралдарының

дайындығын

тексеру

-амандасу;

-кезекшілік

міндеттерін

атқару;

-сабаққа

дайындалу;


ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық

1.Тапсырма.

Оқушыларға үйден қазіргі шешендердің қанатты сөздерін тауып келу берілген болатын.

Жауап беру.


ІV. Жаңа материалды түсіндіру








А) жаңа ұғымға байланысты жұмыс

1. Қазақ кинофильмінен шешендік сөздерге байланысты үзінді көрсету арқылы сабақты бастаймын.


Міне,сөздің құдіретін даналарымыз осылай бағалаған екен. Қазақ шешендіктану ғылымының қалыптасуы мен дамуына арналған бүгінгі сабағымызды бастайық.

Қазақтың шешендік өнері мен билердің қоғамдағы алар орны туралы тұңғыш зерделеп,зерттеу пікірлерін айтқан Шоқан Уәлиханов еңбектерінен ұлттық шешендіктану ғылымының тарихы бастау алады.Ол- бидің өмір танымы терең болумен бірге,шешенге тән қабілеттер болуы қажеттігін баса айтты.

Қазақтың шешендік,тапқырлық,нақыл сөздерін жинап,жариялағандардың бірі-Ыбырай Алтынсарин.Ол халық даналығының жасөспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке,адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып,өз еңбектеріне орнымен енгізіп,пайдалана білді.

Сөз сұлулығы мен тазалығына ден қойған Абай да өз қарасөздерінде билердің болмысы туралы айта кетеді. «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде А.Байтұрсынұлы шешен сөздің құрылымын нақтылап,жекелей сипаттама берді.Ш.Құдайбердіұлы мен Ә.Бөкейхановтар мақалаларында билік айту,шешендік өнер туралы дәйекті пікірлер бар.

Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп,жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынұлы шешендік өнерді жеке алып қарастырып,құнды пікірлер білдіріп,топтарға бөлді.Мұнан кейінгі құнды дүние –С.Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» атты еңбегіндегі «Билер шешендігі» тарауында шешендік өнерге талдау жасалған.

Кеңестік дәуірде де әр деңгейде қарастырылғанымен,осы кезеңге дейін жеке жанр ретінде ғалымдар назарын аударған бұл сала бүгінгі күнде жан-жақты қарастырылуда.Бұл тақырыпта ой қозғап,сүбелі пікір айтқан Қ.Жұмалиев,М.Ғабдуллин,Б.Кенжебаевтар болса ,шешендік сөзді ғылыми тұрғыдан Б.Адамбаев,Ә.Мәметова, С.Садырбаев, Ш.Ыбыраев,С.Негимов,С.Қасқабасов,т.б ғалымдар зерттеген.Осы бағытта көрнекті ғалым Р.Сыздықова,Н.Уәли,М.Жармұхамедұлы,т.б.тіл мамандары зерттеу еңбектерін жазып, шешендіктану ғылымының дамуына өз үлестерін қосты.

Ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма

Оқулықпен жұмыс.

28-жаттығу.

Жаттығу мәтінін оқушыларға тақтаға жаздырып, талдау жұмысын жүргізу.Сөйлемдерге синтаксистік,морфологиялық талдау жасату.

31-жаттығу.

Топқа бөліну әдісі бойынша үш топқа бөлініңдер.Ұсынылған тақырып бойынша ақылдасып,берілген кестені толтырыңдар.

1-топ

2-топ

3-топ

Шешендік өнерді зерттеген ғалымдр туралы

Шешендер туралы

Шешендік өнер туралы












33-жаттығу.

«Шешендік сөздердің өміршеңдігі неде?» тақырыбында жоба қорғаңдар.Жобаны қорғау барысында нақты ой-тұжырымдар (айтылған сөздің мән-мағынасы,өмірдегі оқиға,жағдаяттарға қатысты маңыздылығы,батаның өнегелі өсиеті,ой түйіні қандай екені және оны өзі қалай пайдалана алатыны) айтылуына назар аударыңдар.

Шығармашылық жұмыс.

Қанатты сөздерді немесе мақалдарды қатыстырып,тәлімді диалог құру.Нақты мысалдар.

V.Жаңа білімді бекіту

Тест жұмысы. (Активойт арқылы жұмыс жасау).

ҰБТ-да байқау сынақтарын тапсырғанда міндетті түрде шешендік сөздерге байланыты сұрақтар келеді.Сол себепті шешендік өнерге байланысты сұрақтарды оқушылардың жадында сақтап жаттап жүруі үшін тест сынағын аламын.

1.«Ақындық туа біткен өнер болса,шешендік жүре келе қалыптасқан қасиет» деген ойды кім айтқанын белгіле.

а)Платон ә)Цицерон б)Аристотель в)Сократ г)Демосфен

2. «Сөз мәдениетінің жоғарғы формасы-шешендік» атты ойдың авторын табыңыз.

а)Б.Майлин ә)М.Әуезов б)М.Балақаев в)Ғ.мүсірепов г) З.Қабдолов

3.Шешендік сөздің сөйлеушілер санына қарай нешеге бөлінетінін белгілеңіз.

а)3 ә)2 б)4 в)6 г)5

4.Асан қайғы,Жиренше сөйлеп өткен қазақ тіл,

Жәнібек пен Қойлыбай сыйлап өткен ғажап тіл.

Осы жыр шумағының авторын атаңыз.

а)Қожаберген жырау ә)Доспамбет жырау

б)Ақтамберді жырау в)Қазтуған жырау г)Дулат жырау

5.Шешендіктің отаны саналатын елді ата.

а)Египет ә)Вавилон б)Эллада в)Үндістан г) Ассирия

6. «Риторика» атты еңбектің авторын көрсет.

а)Сократ ә)Платон б)Цицерон в)Аристотель г)Демосфен

7. «Сөз-ұлы нәрсе,тіл-ұлттың жан дүниесі» деген сөздің авторын атаңыз.

а)Л.Толстой ә)В.Г.Белинский б)Н.В.Гоголь в)М.В.Ломоносов г)А.С.Пушкин

8. «Тіл-елшінің қылышы» атты пікірдің авторын атаңыз.

а) Құтып ә)Әбунасыр әл Фараби б)М.Қашқари в)Ж.Баласағұн г)С.Нигимов

9.Шыңғысханның 12 биінің бірін ата.

а)Майқы би ә)Аяз би б)Қазыбек би в)Әйтеке би г)Төле би

10.Төле би,Қазыбек би,Әйтеке билер қай ғасырда өмір сүргенін белгілеңіз.

а)ҮІ-ІХ ә)ХҮІІІ б)ХҮІ в)ХҮІІ г)ХІ

11.Азамат ердің баласы,

Жабыққанын білдірмес.

Жамандар мазақ қылар деп!

Толғаудың авторын атаңыз.

а) Міржақып, ә)Ақтамберді б)Қожаберген в)Қазтуған г)Асан қайғы

12. «Қазақтар мүдірмей,қадірлей ерекше екпінмен сөйлейді» деген пікірдің авторын атаңыз.

а) А.Ф.Кони ә)А.С.Пушкин б)Л.Толстой в)Н.В.Гоголь г)В.В.Радлов

13.Абай нешінші қарасөзінде шешендікке қойылатын талаптарды қарастырады?

а) 17 ә)12 б)40 в)32 г)2

14. «Шешен сөз» ұғымын термин ретінде алғаш қолданған зерделеушіні табыңыз.

а) М.Әуезов ә)З.Қабдолов б)Абай в)Ш.Уәлиханов г)А.Байтұрсынұлы

15. «Қазақ даласы ән салып тұр,

Қазақтың алты жасар баласынан бастап алпыс жасар қартына дейін жанынан өлең шығарады» деген ойдың авторын атаңыз.

а) В.Радлов ә)Л.Толстой б)Потанин в)А.С.Пушкин г) А.П.Чехов .



VІ. Үйге тапсырма.





Қорытындылау

34-жаттығу. Шынайы шешен-жарқын тұлға.

(шағын шығарма – ойтолғау жазу).

Қорытынды.

Бөлтірік шешеннің шешендік сөзімен бүгінгі сабағымды қорытындылаймын.

Бөлтірік шешеннің баласының ел ішінің ісіне жаңадан араласа бастаған шағы екен.Бір жиын үстінде қызу әңгіме-дүкен болады.Кісілер сұлу сөйлеп,тапқыр сөйлеп,алға озғысы келіп сөз жарыстырып отырады.Жиналғандардың ішінде бір байдың мырзасы да бар екен.Өзі малға бай болғанмен,сөзге кедей екен,мінезі де жайсыз болса керек.Сол реті келген жерде де,реті келмеген жерде де сөзге жармасып,елдің алдын орай береді.Сөздің мәні кеткен соң,Бөлтіріктің баласы өз сөзі кезегінде:

-Аузы қисық болса да,байдың ұлы сөйлесін,-деп,өзінің сөзге қатысқысы жоқ екенін самарқау білдіреді.Содан әрі жұрттың әңгімесі жараспайды.Бай баласының аузы,шынында да,аздап қисық екен.Әлгі сөзге намыстанып,ашу шақырады.Жиынның шырқы бұзылады.

Болған жай Бөлтіріккке жетеді.Баласының бір ауыз сөзінің біреудің жиынының шырқын бұзуға себепші болғанына шешен қапа болады.Баласын оңаша шақырып алып Бөлтірік:

-Сөзден тәтті нәрсе жоқ.Сөзден ащы нәрсе тағы жоқ.Сөзден жеңіл нәрсе жоқ.Сөзден ауыр нәрсе де жоқ.Сөзіңді тіліңе билетпе,ақылыңа билет.Ақылды сөзіңді ақылсызға қор етпе,ақылдыға айт.Не сөйлейтініңді біл.Қай жерде сөйлейтініңді біл.Кімге сөйлейтініңді біл.Оны білмесең,сара сөзің шала болады,арты жала болады,әкең қапа болады,- деп ақыл беріпті, - деп Бөлтірік шешеннің сөз құдіреті туралы шешендік сөзімен аяқтаймын. Яғни сөз өнерін жоғары қойған, аталы сөзге тоқтай білген халықтың бүгінгі ұрпағы-сендер ғасырлар бойы тамсандырып келген шешендік сөздердің мән-мағынасын түсіне талдап, бабаларымыздың ұлағатын оқып, осыдан бойларыңа рухани азық жинайсыңдар деп ойлаймын.

VІІ.Бағалау

Үй тапсырмасына жауап берген,

Жаңа сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.












Общая информация

Номер материала: ДВ-209940

Вам будут интересны эти курсы:

Курс «Мерчендайзинг»
Курс профессиональной переподготовки «Маркетинг: теория и методика обучения в образовательной организации»
Курс «Гид-экскурсовод: Основы туристского сопровождения»
Курс повышения квалификации «Экономика предприятия: оценка эффективности деятельности»
Курс повышения квалификации «История и философия науки в условиях реализации ФГОС ВО»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС технических направлений подготовки»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности экономиста-аналитика производственно-хозяйственной деятельности организации»
Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»
Курс профессиональной переподготовки «Организация технической поддержки клиентов при установке и эксплуатации информационно-коммуникационных систем»
Курс профессиональной переподготовки «Корпоративная культура как фактор эффективности современной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Политология: взаимодействие с органами государственной власти и управления, негосударственными и международными организациями»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика музейного дела и Охраны исторических памятников»
Курс профессиональной переподготовки «Информационная поддержка бизнес-процессов в организации»
Курс профессиональной переподготовки «Гражданско-правовые дисциплины: Теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышение квалификации «Информационная этика и право»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.