Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Қазақ тілі пәнінен "Сын есім" (2 сынып)

Қазақ тілі пәнінен "Сын есім" (2 сынып)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_2c397abf.gifhello_html_2a6f6544.gifhello_html_5160660d.gifhello_html_4cb11297.gifhello_html_6a8c12a.gifhello_html_17fd3b33.gifhello_html_mea4f08c.gifhello_html_a4c60fc.gifhello_html_m1a019956.gifhello_html_3ce22613.gifhello_html_m37038ebb.gifhello_html_68c452fc.gifhello_html_m5bb7bf6a.gifhello_html_282162c.gifҚазақ тілі «Сын есім».

2 сынып


Сабақтың мақсаты: Пән бойынша білімдерін тереңдету. Дұрыс сөз дыбыстарын айтуын байқау.

Білімділік: Оқушылардың сын есімдердің затесім арқылы алуан түрлі белгілерін білдіретінін дәлелдеу. Сын есім тақырыбына алған білімдерін жинақталып, тіл байлығын артып, сын есімді сөйлем арасынан айыра білу.

Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейтіп, таза сөйлеуге үйренеді. Әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында қиялы шарықтап, есте сақтау, көру қабілеттері дамиды.

Тәрбиелік: Отанын, туған елін, жерін сүйе отырып табиғатты танып білуге үйренеді. Шығармашылық қабілетті дамыған, тәлімді азамат болуға тәрбиеленеді.


Сабақтың көрнекілігі: Өлең, жұмбақ, тест, оқулық, кесте, сөз, жұмбақ.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, музыка, дүниетану, бейнелеу өнері

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, жұмбақ, сөзжұмбақ шешу.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру сәті:

Хормен: Өсірген ой, білімді

Сүйем қазақ тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді – деп қазақ тілі сабағын бастаймыз.

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды тәрбиелі тәртібімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 447 – жаттығу, талданады.

Қосымша сұрақтарды оқушылар қояды.

ІІІ. Балалар, біз қандай үлкен тарау өтіп жатырмыз.

Сөз таптары

- Сөз таптары. Олай болса, біз «Менің көршімді тап» ойынын ойнаймыз.

Зат есім Сын есім

Етістік

- Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

- Біз солардың ішінен қайсысын өттік?

- Зат есім, етістік, сын есім

- Біз бүгін сын есімді қайталаймыз.


Ребусты шеш. Шешуіндегі сөздің сын есім екенін дәлелде.

Түлкі’’’ 3 уық’’ `(түзу)

Түзу сөзіне дыбыстық талдау жасау.


IV. Оқулықпен жұмыс

468 – жаттығу, талданады.

Құшағы кең теңізден,

Аясындай гүл бақтың.

Аппақ сүтін емізген,

Қымбаттысы қымбаттың –

Анам қандай жақсы адам. - осы сөздерден сын есімді тауып, астын сызу. Ол қандай сөзбен байланысып тұрғанын табу.


Ой шақыру. Жұмбақты шешу.

Қалпағы бар дөңгелек,

Сары гүлмен қоршалған.

Қарай-қарай күнге ерек,

Мойны талып шаршаған. (күнбағыс)

Сергіту сәті. Күнбағыстың суретін салу.

а) Түрі қандай?

ә) Дәнінің түрі қандай?

б) Жапырағы қандай?

в) Сабағы қандай?

V. Шығармашылық жұмыс

«Күнбағыс» сөзіне сөйлем ойлап жазу

күн

Күнбағыс үн

бас

ағыс

Өз ойларынан шағын өлең үзіндісін құрау.

«Көңілді құстар» ойыны.

Ауылымыздағы көктемде келіп жатқан құстардың аттарын жазу.

Аққу, көгершін, тоқылдақ, тырна, қараторғай, көкек, қаз, қарға, сауысқан сөздеріне сын есім сөзін қосп жазу.

Сабақты қорыту. Қ әріпін көркем жазу. Терме диктант.

Гүл, биік, ғарыш, наурыз, ащы, кереге, дәмді, жақсы, қызыл, мөлдір, ұшақ, терең – осы сөздердің ішінен сын есімдерді теріп жаз.



Ассоциациялық аймақ құру. «Ж» дыбысынан басталатын сын есімдерді еске түсіріп жазайық. жылтыр

жұқа жасыл

Ж

жаман жақсы



жылдам жарық

VI. Бағалау

VII. Үйге тапсырма беру: 471 жаттығу.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров127
Номер материала ДВ-467328
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх