Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қазақ тілі пәнінен "Сөз тіркесі, күрделі сөз бен тұрақты тіркестер" тақырыбына ашық сабақ

Қазақ тілі пәнінен "Сөз тіркесі, күрделі сөз бен тұрақты тіркестер" тақырыбына ашық сабақ


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркес

Сабақтың мақсаты: сөз тіркестерін күрделі тіркес пен күрделі сөздерден ажырата білуге дағдыландыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: сөз тіркестерінің күредлі тіркес пен күрделі сөздерден ерекшелігін таныту арқылы тілдегі өзіндік қызметін таныту;

Дамытушылық: жаттығу жұмыстары нәтижесінде білік дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелілік: адамгершілік тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесін беру.

Оқытудың әдісі: түсіндірмелі, практикалық

Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру

Қолданылған технология: деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Сөз тіркесінің жасалуы.

  2. Синтаксис

  3. Сөз тіркесіне жазған мысалдарды тексеру

ІІІ. Актуалдау кезеңі

Сөз тіркесі

Күрделі сөздер

Тұрақты тіркес

Күрең ат

Әдемі қыз

Кішкентай бауыры

Күрең кер

Ала жаздай

Жүз жиырма бес

Қырғи қабақ

Күрең күз

Таяқ тастам жер

ІУ. Жаңа сабақ.

Қызыл ала көйлек киген көршінің қызы үріп ауызға салғандай екеніне

таңғалдым.

Сөз тіркесі: қызыл ала көйлек, көршінің қызы.

Күрделі сөз: қызыл ала.

Тұрақты тіркес: үріп ауызға салғандай.

Әр сөзге сұрақ қоюға болатынын бақылату арқылы сөз тіркесінің ерекшелігіне көңіл бөлу. Сөз тіркесінің әр сөзіне сұрақ қоюға болатыны түсіндіріледі. Күрделі сөз бен тұрақты тіркестердің жасалу ерекшелігіне назар аударту.

У. Дамыту кезеңі.

247-жаттығу ауызша орындалады.

5 сөз тіркесі, 5 күрделі сөз, 5 тұрақты тіркестен мысалдар айту. Сұрақтар қойып, түріне ажырату.

Компьютерге деңгейлік тапсырмалар жазылып қойылған. Оқушылар тапсырманы компьютерге орындайды.

І деңгей

Сөз тіркестерін, тұрақты тіркесті, күрделі сөздерді топтап жаз.

Екі бөлмелі, туған жер, отыз төрт, қой аузынан шөп алмас,ардақты адам, ит тұмсығы өтпейтін, әдеби кітап, ала жаздай, Елек өзені, таза үй, озат оқушы, мақсатқа жету, торы ала, ертеден қара кешке дейін, ауыл жастары.

ІІ деңгей

Көп нүктенің орнына қажетті тіркестерді қойып жаз.

Оның мына сөзі (төбемнен жай түскендей) етті. Шешесіне екеуі қайтып (тіл қатысқан) жоқ.

Ала көлеңке үй іші (құлаққа ұрған танадай). (Дөңгелек үстелді) қойып, сабағымды оқыдым.

Менің уақытымның көбі (әдеби кітап) оқуға кетеді.

Шоқан- қазақтың (аса дарынды ғалымы). Ол (Құсмұрын бекінісінде) дүниеге келген.

Жәукеде (зәре) жоқ. Кешкілік Асан үнсіз ғана кітап (оқып отыр екен)

ІІІ деңгей

Сөз тіркесінің құрамындағы күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің бағыныңқы не басыңқы болып тұрғанын анықта.

Баласы зықысын шығарды

Сөзіне құлақ аспады

Жүз отыз оқушы

Күзге қарай оралады

Ақ боз ат

Сәби құлап қала жаздады

Қос күреңді көрді

Жыл бойы еңбектенді

Өзіңе ұнаған сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құра

IV деңгей

Сөз тіркесін, күрделі сөз, тұрақты тіркесті қатыстырып «Мейірімділік» тақырыбында шағын ойтолғау жаз.

Бекіту. 248-жаттығу. Сөз тіркестерін, күрделі сөздерді, тұрақты тіркестерді бөлек жазу. Байланысу тәсілдеріне көңіл бөлу.

Қорыту. Жаттығу мәтініндегі қазақ тұмысына талдау жасап, лайықты сөз тіркестеріне талдау жүргізу.

Үйге: 250-жаттығу.

Оқушылар еңбегін бағалау.




Автор
Дата добавления 12.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров117
Номер материала ДВ-521349
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх