Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Қазақ тілі пәнінен "Терминдер. Кәсіби сөздер.Тау-кен өндірісі" тақырыбы бойынша Блум таксономиясы негізіндегі ашық сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Қазақ тілі пәнінен "Терминдер. Кәсіби сөздер.Тау-кен өндірісі" тақырыбы бойынша Блум таксономиясы негізіндегі ашық сабақ жоспары

библиотека
материалов

1

Сабақ тақырыбы

Терминдер. Кәсіби сөздер.Тау-кен өндірісі.

2

Сабақ мақсаты

А)білімділік – Кәсіби және термин сөздер туралы материалды меңгертіп, ғасырлар бойы дамып жетілген, қолдану аясы кең, бай тілдердің бірі — қазақ тілі екендігін ұғындыру;

Ә)тәрбиелік – мемлекеттік тілге деген құрметті асқақтату, оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық, қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

Б)дамытушылық – зерттеу түйсігін ынталандыру, теория мен практиканы ұштастыру, сөйлеу сауаттылығына баулу, сөздік қорын молайту, өз ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге үйрету, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

3

Сабақтың түрі

Блум таксономиясы негізіндегі сабақ

4

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгерту, оқу материалының мазмұнына талдау

5

Сабақ формасы

Жеке жұмыс, топпен жұмыс,

6

Әдіс-тәсілдері

Түсіндіру, ой қозғау, сатылай талдау, дамыта оқыту/ блум таксономиясы

7

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, Әдебиет, Орыс тілі

8

Қолданатын құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, тақта, бор, презентация(слайд)

9. Сабақ барысы

Атауы

Уақыты

Ұпай саны

1

Ұйымдастыру бөлімі.

5 минут


2

Үй тапсырмасын пысықтау.

8 минут


3

Жаңа сабақ. Білу.

10 минут


4

Дидактикалық материалмен жұмыс. Түсіну.

10 минут


5

Сергіту сәті.

5 минут


6

Жаттығу жұмысы. Қолдану.

7 минут


7

Лексикалық талдау . Талдау.

10 минут


8

Білімді бекіту. Жинақтау.

10 минут


9

Қорытындылау, бағалау. Бағалау.

3 минут


10

Үйге тапсырма беру.

3 минут



Жұмыс түрі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Студенттің іс-әрекеті

Бағалау

Күтілетін нәтежие

1

Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасып, жоқ студенттерді анықтайды, оқу құралдарын тексереді, аудиторияның тазалығына көңіл бөледі, білім алушылардың сабаққа дайындығына назар аударады.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, мақсатымен таныстырады. Терминдер. Кәсіби сөздер.Тау-кен өндірісі.

Амандасады, оқу құралдарын түгендейді, тыңдайды, сабақ тақырыбымен мақсатымен танысады.


Сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын ретке келтіруді әдетке айналдырады.

2

Үй тапсырмасын пысықтау.

«Білім биржасы» оқыта үйрету ойыны. Оқытушы – банкир, білімгерлер – акционерлер. Акционерлер үй тапсырмасын қысқаша оқып, таныстарады. . Банкир әр акционерге жауап беру деңгейіне қарай құнды қағаздар беріп бағалап отырады.

Үй тапсырмасын шығармашылық қабілеттеріне байланысты қорғайды, бәсекелеседі.


Тұлғаның қиындыққа дайын болуына, төзімділікпен жеңе білуіне ықпал етеді.

3

Жаңа сабақ. Білу.

Әр топқа мәтінді бөліп оқып, өзара түсінігін ортаға салуға нұсқау береді. /Қосымша № 1.


Мәтінді бөліп оқып, жоспарлап, пікірін ортаға салады.


Ой жүйелігі қалыптасады.

4

Дидактикалық материалмен жұмыс. Түсіну.

Топта бір-біріне сұрақ қоя отырып жұмыс жасап, сұрақтарды жүйелі қоюға, мазмұнды жауап беруге дағдыландырады.

Мәтін мазмұнын ашып, өз ойын нақты жеткізуге машықтанады.


Мәтін мазмұнын ашып, өз ойын нақты жеткізуге машықтанады.

5

Жаттығу жұмысы. Қолдану.

Берілген мәтіннен терминдер, кәсіби сөздер іздеп дәптерлеріне жазуға бағыттайды.

Дәптерлеріне терминдер, кәсіби сөздер жазады.


Сыни тұрғыдан дамиды.

6

Лексикалық талдау . Талдау.

Дәптерге жазылған сөздерді талдау.

Талдау жасап, түсіндіреді



7

Білімді бекіту. Жинақтау.

Сөздермен мәтіннің мағынасын беретін 2 сөйлем құрау

Сөйлем құрайды.



8

Қорытындылау, бағалау. Бағалау.

Қорытандылау, бағалау, топты, топ мүшелерін жеке бағалау

Оқушылар топ ішіндегі өздерін бағалау, өзгенің бағалауы



9

Үйге тапсырма беру.

Хромтау тау-кен техникалық колледжі – тау-кен өндірісі мамандарын даярлаудың қара шаңырағы. Мақала

Дәптерлеріне жазады.

























Қосымша № 1.

Кәсіби сөздер мен терминдер

Белгілі бір кәсіп, шаруашылык саласы адамдарына ғана түсінікті, солардың өз ортасында ғана қолданылатын сөздер кәсіби сөздер деп аталады. Қазақ халқы, негізінен, мал шаруашылығымен айналысқан. Дегенмен тілде еліміздің әр аймақтарының жер жағдайына қарай диханшылықпен айналысуына, бау-бақша, балық, аңшылықты кәсіп етуіне қарай жалпылама лексикаға кірмейтін сөздер бар. Кәсіби сөздер шаруашылықтың бір ғана саласына қызмет етеді. Әр жер ерекшелігіне қарай халықтың шұғылданатын шаруашылығы да ортақ болатындықтан, бұларға аймақтық бірлік тән.

Оңтүстік Қазақстандағы жүрт мақта шаруашылығымен айналысқандықтан, олардың тілінде жегене, күнжара, көсек, терім, шит, қаза т.б. сөздер бар. Қазақ халқының барлық өңірлерінде қолданылған усталық, аңшылық, зергерлік т.б. өнерге, кәсіпке байланысты пышқы, шербек, кемпірауыз, пәрбі т.б. сөздері колданылады.

Терминдер - ғылым, техника, өндіріс т.б. салаларындағы үғымдар мен жеке сөздердің атаулары. Терминдер тек тура мағынада қолданылатындығымен ерекшеленеді, мағына үнемі тұрақты болады. Терминдерді арнаулы сөздер деп те атайды. Термин сөздердің жасалу жолдары.

1. Қазіргі қазақ тіліндегі терминдер орыс, араб, Еуропа тілдерінде қалыптасқан үлгісінде жұмсалады: мәтін, квадрат, синоним, тангенс, вектор, эпос, поэзия, пьеса т.б.

2. Қазақ тілінен балама табу арқылы: хаттама (протокол), нарық (рынок), ғарыш (космос) т.б.

3. Сөздерді біріктіру арқылы жаңа термин жасалады: төл+қужат (паспорт), ән+уран (гимн) т.б.

Кәсіби сөздер дегеніміз – жұрттың бәріне бірдей түсінікті бола бермейтін белгілі бір тәсілмен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адмдардың арасында ғана айтылытын сөздер.Кәсіби сөздерді екі үлкен салаға бөлуге болады.

1. Қолөнершілікке ( ағашшылық,ұсталық,өрімшілік,тоқымашылық т.б. ) қатысты сөздер : тышқы ( араның бір түрі ), шербек ( үлкен ара ),ыңғыру (ағаш оятын құрал ) тышуыр (бұрап тесетін құрал ).

2. Ауыл шаруашылығына ( мал,астық,балық,аңшылық,бау – бақша,темекі,мақта,күріш,қызылша ) байланысты сөздер : 1) мақтаға байланысты қоза (мақта өсімдігі),шиіт)мақта тұқымы),терімші (мақта теруші) балдаң (мақтаныңсабағы ) 2) жүгері түрлері : дүмбі,пәшік,сота. 3) қауын аттары : әңгелек,жәмше,қауын,торлама.

Термин сөздер дегеніміз – ғылым,техника,өндіріс т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.







Қосымша№2.

Тау-кен ісі кен ісі – ғылым мен техниканың жер қойнауын игеру, пайдалы қазылымдар өндіру жұмыстарын қамтитын саласы. Ол жер қыртысына техногендік әсер етудің барлық түрін қамтиды. Тау-кен ісі негізінен жер қойнауындағы пайдалы қазбаларға барлау жүргізу, құрамы мен сапасын анықтау, өндіру жүйесін тағайындау, алынған пайдалы қазылымдарды алғашқы өңдеуден өткізу және тау-кен технологиясы саласында ғылыми-зерттеуші жұмыстарын жүргізумен айналысады. Содан кейін ғана кен қазу үшін дайындық жұмыстары (кенді ашу, дайындық қазбалар жасау, жер астылық және жер үстілік қажетті құрылыстар тұрғызу, т.б.) орындалып, кен белгіленген жүйемен қазыла бастайды.

Тау-кен ісі адамзат қоғамы пайда болуымен байланысты тым көне заманнан басталды. Тау-кен ісінің алғашқы өндірген шикізаты кремний болды. Темір кенін қазу және өңдеу туралы алғашқы жазба мәліметтер 3-мыңжылдықтың орта шенін меңзейді. біздің заманымыздан бұрынғы 6 – 5 мыңжылдықтарда мыс, алтын, қалайы, күшәла, қорғасын өндіріле бастаған, 9 – 8 ғ-ларда темір кендері, антиквар кезеңде және орта ғасырларда мұнай мен көмір, ал 20 ғ-да – радиоактивті кендер мен газ ерекше маңызға ие бола бастады. Антиквар кезеңдегі елдерде (Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим мен Жерорта т. елдерінде) 100 м-ден астам тереңдіктен кенді көтеріп шығаратын күрделі механикалық тетіктер, су төгетін механизмдер пайда болды. Су ағысын пайдаланып алтын өндіру жұмысы (Колхида, Испания), 900 м-ге дейінгі тереңдіктен диам. 12 – 15 см ұңғыма көмегімен тұз өндіру тәсілі едәуір жетілдірілді. Бу қазандарын, бу қозғалтқыштарын ойлап табу шахта жұмыстарының пайдалы қазылымдарды жер бетіне көтеру, су төгу, желдету, ұңғыманы бұрғылау сияқты қол еңбегін көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыруға оң ықпал жасады. Тау-кен ісінің сапа жағынан дамуының жаңа кезеңі 18 ғ-дың соңы мен 19 ғ-дың басында болды. Қазақстанда 18 ғ-да Риддер, Бұқтырма, Зырян, Белоусов, Николаев, т.б. кен орындары ашылып, кен өндіріле бастады. 18 – 19 ғ-ларда тек Кенді Алтайда ғана түсті металдардың 850-ге тарта кен орындары ашылды. 1920 – 80 ж. Қазақстанда кен өндіру өнеркәсіп орындары қарқынды дамыды. Осы жылдарда барлау жұмыстарының көлемі ұлғайып, түсті және қара металдар, тау-кен хим. шикізаттар, көмір мен мұнай, алтын және сирек металдар, хром, т.б. пайдалы қазылымдардың жаңа кен орындары ашылды. Сонымен қатар бұрынғы су басып қираған кеніштер қалпына келтірілді. 2-дүниежүз. соғыс жылдары Қазақстан стратег. маңызы бар металдар мен отындар – марганец, қорғасын, молибден, хром, көмір, т.б. пайдалы қазылымдарды өндірудің негізгі орт-тарының біріне айналды. 1991 – 2000 ж. пайдалы қазылымдардың өндірілуі күрт төмендеді. Ал қазіргі уақытта пайдалы қазылымдарды өндіру біртіндеп қалпына келтіріліп, мұнай өндіру қарқындап өсуде; қ. Тау-кен өнеркәсібі; Тау-кен техникасы.Пайдалы қазылымдар өнеркәсіптің, тасымал көліктің, ауыл шаруашылығының, құрылыстың таптырмайтын шикізаты болып саналады. Сондықтан да Тау-кен ісі дүниежүз. экономикада өнеркәсіп өндірісінің ең маңызды салаларының бірі болып саналады.[ Қазақ энциклопедиясы]


Қосымша№3.

ААҚ «ТҰК Казхром» 1995 жылы құрылды. ААҚ «ТҰК Казхром» құрамына: 1968 жылдың 18 қаңтарынан жұмыс жасайтын (феррохром, ферроселиция, ферросиликохром, ферроселикомарганец, ферромарганец өнеркәсібі), «Ақсу ферробалқыту заводы», АҚ «Феррохром» (ферросилихром, жоғары, орта-төмен көміртекті феррохром өндірісі) және ААҚ «Донской ГОК» (алдыңғы екі өнеркәсіп үшін хром рудаларын игереді және өңдейді) өнеркәсіптері кіреді.

Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша Комиссиясының шешімі бойынша, 1999 жылдың 20 шілдесінен бастап, ААҚ «ТҰК Казхром» халықтық ашық акционерлік қоғам статусына ие болды.

Қазқстан Республикасы Үкіметінің 26.07.01 жылғы шешімі бойынша «АҚ «ТҰК Казхром» туралы сұрақтары және 27.07.01 жылы өткен «ТҰК Казхром» акционерлері қатысуымен болған жиналысы бойынша, «ТҰК Казхромды», АҚ «Феррохром» (Ақтөбе; электроферробалқытулар өндірісі), ААҚ «Донской ГОК» (Хромтау, Ақтөбе облысы; қара металл руда өндірісі) компанияларын біріктіру арқылы қайта құру туралы» шешім қабылданды. Біріктірілген акционерлік қоғамдарының мүліктері базасында ААҚ «ТҰК Казхромды» құру көзделді.

Қоғам органдары.

Қоғам органдарына жатады:

Жоғарғы орган — Толық акционерлер жиналысы;

Басқару органы — Директорлар советі;

Атқарушы органы — Правление;

Бақылаушы орган — Ішкі аудит службасы.

Қоғамның қызметі және мақсаты.

Қоғамның негізгі мақсаты — хром рудаларын, феррохромның түрлі маркаларын, лигатур, модификаторлар, халықтық тұтыныстағы тауарлар өндірісі және сатудан, және оларды Қоғам акционерлерінің мүдделеріне пайдаланудан неғұрлым жоғары пайда табу.

Қоғамның негізгі қызметі болып саналады:

Танып білмеген, өндіруге дайындық үстіндегі жерлерді бақылау;

құрамында металл бар рудаларды өндіру, өңдеу, олардан өнім дайындау;

тауарларды өндіру және сату, жұмыстың орындалуы және кәсіпорындарға көрсетілген қызмет;

заңға байланысты сыртқы экономикалық қызметі;

құрылыс-монтажды және проекті жұмыстары;магистральді мұнайгаз құбырларын эксплуатациялау;

металлургиялық, тау- шахталық құрылғыларды химиялық жөндеу;көтергіш қондырғыларды жөндеу және монтаж;

түсті металлдар және ломды сақтау, жинау, сату;тау өндірістерін эксплуатациялау;

медициналық қызмет;өлшеу құралдарын тексеру;теміржолмен жүк тасымалдау;

қауіпті жүктерді автотранспортпен тасымалдау;құрылыс материалдарын өндіру және конструкциялау;

өндірістік объектілерін электромонтаждау;Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқада қызмет түрлері.

Жоғарыда көрсетілген қызметтердің барлығын Қоғам жүзеге асырады, егер олпрда осы қызметтерді орындауға арнайы лицензиялар мен рұқсаттамалар болса.

Өндіретін өнімдерінің негізгі түрлері: жоғарыкөміртекті феррохром, ферросилиций, ферросилихром, ферросиикомарганец. Өнімдер сталь және балқымаларды қышқылдандыру, легирлеу, шойынды легирлеу, модифицирлеу, металл алған кезде селикаметрикалық әдіспен қалпына келтіру үшін қолданылады. Әр түрлі өнім өндіру, әлемдік нарықтағы сұранысқа және сталь өнімінің көлеміне байланысты болады. Соңғы жылдары ферросилиции өндірісінің көлемі төмендеп, көміртекті феррохром және ферросиликомарганецтің өндірісі көлемі өсуін байқауға болады. Мақсаты — балқымалардың ассортиментін кеңейту, әсіресе марганец, және феррохром өндірісінің қуаттылығын арттыру.

Қазақстан Республикасы кәсіпорындары үшін ферробалқымаларының қажеттігі өте қатты маңызды емес, сондықтан бұл өндіріс өнімдерінің көлемін экспорт үшін арттыру тенденциясы орын алады. Компания өнімдерінің негізгі тұтынушылары (95%) — жақын және алыс шет ел болып табылады. Өнімдердің көп бөлігі жоғары сапалы және тозуға тұрақты сталь өндіретін, литийлі сталь өнеркәсіптеріне сатылады, ол негізгі 4 аймаққа: Еуропа, Қиыр Шығыс, США, ТМД елдерінде тұтынысқа ие. Бірақ компания өз өнімдерін шығаруды болжамдайтын бірнеше нарық бар: Австралия, Парсы шығанағы және Қиыр Шығыс елдері, Үндістан және Оңтүстік Американың кейбір қалалары.

«Донской ГОКтан» басқа, негізгі, рудалы шиказаттармен (марганец рудасы, кварцит) қамтамасыз ететін — Қазақстанның өндіруші кәсіпорындары (Жезқазған және Қарағанды облыстары) болып табылады. Олар ұзақ мерзімді контракттар негізінде, зауыттың үзіліссіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сабақты (стружка) Қазақстан Вторчерметі, коксты — Алтай коксо-химиялық және Төменгі Тагильдік металлургия комбинаты (Ресей) жабдықтайды.

90-шы жылдары, әріптестік байланыстардың бұзылуы мен СССР құлдырауына байланысты кризистік жағдайлардан болған, өндірістің күрт төмендеуі кәсіпорындар үшін ауыр соққы болды. Басқарушы инвестор-фирма «Japan Chrome Corporation» келуімен жағдай жақсара бастады. Ол — өндірісті қажетті айналым капиталы мен өндірістік базаны жетілдіруге бағыталған инвистициялармен қамтамасыз етті. Басқару кезеңінде компанияның өндірістік және сауда стратегиялары өзгерді. Өзінің бәсекеқабілеттілігін сақтау және әлемдік нарықы жаулау үшін сапаны жоғарылату, өнім ассортиментін кеңейту; өндірістік процессті қайта құруға, пештерді реконструкциялау мен модернизациялауға, технологияларды жаңашылдандыруға байланысты өзіндік құнды төмендету шаралары мақсатты түрде жүзеге асырылуда. 1998 жылы «Japan Chrome Corporation» фирмасы жойылған АҚ «Қазақмарганец» мүліктік комплексін сатып алды да, аренда ретінде «Ақсу ферробалқыту зауытына» берілді. Мүліктік комплестің құрамына: нәзік рудаларды 250 мың тонна қуаттылығымен жылына 75 мың марганец концентратын өндіретін стационарлы байыту фабрикасы, қышқыл рудаларын 200 мың тонна қуаттылығымен жылына 100 мың тонна марганец рудасын өндіретін жазғы тазалау қондырғысы кіреді.





Қосымша№4.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 30 қазандағы

1144 қаулысымен

бекітілген


Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама

1. Бағдарламаның паспорты

Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1523 қаулысымен.

Атауы: Қазақстан Республикасында тау-кен – металлургия кешенін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама

Әзірлеу үшін 1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 негіздеме жылғы 2 маусымдағы № 326 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағы;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2-тармағы

Әзірлеуші Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Бағдарламаның мақсаты Машина жасауды, құрылыс индустриясын және өнеркәсіптің басқа да салалары мен экспортты дамытуды қамтамасыз ететін кейіннен қайта бөлу металлургия өндірістерін құру. Металдарды шаймалау, ұжымдық концентраттарды алу мен өңдеу, кешенді ферроқорытпалар өндіру, техногендік кен орындарын өңдеу бойынша технологиялар әдісімен өте қиын технологияларды дамыту.


Міндеттер

1. Шағын және орта бизнесті тарта отырып, бәсекеге қабілетті өндірістер құру, қосылған құны жоғары терең қайта өңдеу өнімдерінің үлесін ұлғайту және номенклатурасын кеңейту.

2. Ресурсты және энергияны қажетсінуді төмендету мақсатында саланың жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарын жаңғырту және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу

3. Шикізатты алу және кешенді қайта өңдеу, өнімнің жаңа түрлерін әзірлеу бойынша инновацияларды дамыту және саланың ғылыми-технологиялық әлеуетін белсенді түрде инновациялық үдерістерге тарту.

4. Салалық жобаларды қажетті иңфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

5. Минералдық шикізат базасын ұлғайту және оларды молықтыруды қамтамасыз ету.

6. Саланы білікті еңбек ресурстарымен, оның ішінде орта техникалық буынмен қамтамасыз ету.

7. Ішкі нарыққа шикізатты және металлургия өнімдерін жылжытуға жәрдемдесу

8. Сала кәсіпорындарының қоршаған ортаға зиянды ықпалын төмендету.


Іске асыру мерзімі 2010-2014 жылдар


Нысаналы индикаторлар

1. 2015 жылға қарай металлургия саласының жалпы қосылған құнын минералды шикізатты терең өңдеу және жаңа бөліністер құру негізінде 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 50 %-ға ұлғайту.

2. Металлургия өнімінің экспорт көлемін 2008 жылғы деңгейге қарағанда 30 %-ға ұлғайту.

3. Металлургия өнеркәсібінің еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 15 %-ға ұлғайту.


Қаржыландыру көлемі Барлық қаржы көздері есебінен және көздері қаржыландырудың жиынтық көлемі 1 151 400 млн.

теңгені құрайды, оның ішінде:

1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жүйелік шаралар бойынша шығыстар көлемі 1 564 млн. теңгені құрайды, оның ішінде 2010 жылға — 1 564 млн. теңге.

2. Кәсіпорынның өз қаражаты есебінен (қарыз қаражатын қоса алғанда) қаржыландырылатын инвестиция көлемі 1 148 985 млн. теңгені құрайды.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 31.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров318
Номер материала ДВ-397309
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх