Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Қазақ тілі пәнінен жоспар.Тақырыбы: "Мәтін.Мәтіннің түрлері".

Қазақ тілі пәнінен жоспар.Тақырыбы: "Мәтін.Мәтіннің түрлері".


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мәтін.Мәтіннің түрлері.

Пән: Қазақ тілі.

Сынып: 3 «А»

Сабақтың мақсаты:

  • 1.Білімділік:

  • Мәтін түрлерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін ұғындыру.Тірек сызба арқылы мәтін құрауға үйреті,олардың түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздерді қолдану ерекшелігі арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту

  • 2.Дамытушылық:

  • Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық қасиетін арттыру. Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздерді қолдану ерекшелігі арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту.

  • 3.Тәрбиелік: Мәтінді зерделей білуге,құрауға дағдыландыру.Таза, ұқыпты,тиянақтылыққа,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың типі:қайталау.

Сабақтың әдісі:сұрақжауап,түсіндіру,талдау,

Көрнекіліктер:Интерактивті тақта,үлестірмелер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезең:

Психологиялық дайындық:

  • . Ана тілің арың бұл,

  • Ұятың боп тұр бетте.

  • Өзге тілдің бәрін біл.

  • Өз тіліңді құрметте.


Күн реті.Көркем жазу.

2.Үй тапсырмасы: «Күзгі дала»мәтін жазу.

3 .Топтастыру.Мәтін туралы

4.Түсіндіру.

5.Білімдерін жүйелеу.

  • Мәтін дегеніміз-мағына жағынан байланысқан екі немесе одан да көп сөйлемдерден құралады.Мәтінге ат қоюға болады.

  • Мәтіннің түрлері.

  • Негізгі ой.

  • Мәтіннің құрылымы.

  • Тақырыбы.


. 1. Әңгімелеу мәтіні.
Сұрағы: Не істеді?
Тірек сөздері-етістіктерден болады.
(жүгірді,секірді,ойнады,ойнап жүр т.б)
2. Сипаттау мәтіні.
Сұрағы: Қандай?
Тірек сөздері-сын есімнен болады.
(түр-түсін,сынын,сапасын,қасиетін)
3. Пайымдау мәтіні:
Сұрағы: Неліктен?
Тірек сөздері: Өйткені,біріншіден,екіншіден,себебі т.б

1 тапсырма. Салыстыр қайсысы мәтін:

  • 1.Біз үшінші сыныпта оқимыз.Інжугүл-хош иісті өсімдік.Мирас ұшқыш болғысы келеді.

  • 2.Інжугүлдің гүл шщғының пішіні қоңырауға ұқсас.Оның гүлі аппақ.Тұқымы жануарлар арқылы таралады.

2 тапсырма.

Сурет бойынша ертегі құрау.Түлкі мен қарға.

3 тапсырма. Дәптермен жұмыс.
Мәтін құрау.Топ-топпен.

4 тапсырма.

Ол іннен басын қылтитып,тасбақаға:

-Рақмет.Маған ін қажет емес.Өз інім өзімде,деп тасбақа қабығын жамылып бұға қалды.

Тасбақа мен тышқан келе жатып.-Інге кір.Мұнда қауіпсіз, - деді.Олар түлкіні көріп.Тышқан ініне кіріп кетті.

Сергіту сәті.

5 тапсырма.Кітаппен жұмыс.47 бет 8-жаттығу.

«Түлкі мен құмыраға »жоспар құру.

6.Сабақты бекіту: Сөзжұмбақ.

1.Мәтіннің түрін ата.

2.Тірек сөздері етістіктен болатын мәтіннің түрін ата.

3.Қандай сұрағына жауап беретін .Ол ...

4.Мәтіннің құрылымы.

5.Пайымдау мәтінінің сұрағы.

Бүгін не білдік?Сұрақ-жауап.

7.Үйге тапсырма: .228-229 бет «Жеті шал » жоспар құру.

8.Бағалау.Басшылар бағалайды.

Сабақтан алған әсерім.Кесте толтыру,сызу.

Мен сабаққа қатыстым

Белсенді/белсенді емес

Сабақтағы өз жұмысыма

Ризамын\риза емеспін

Сабақ мен үшін

Қысқа\ұзақ

Мен сабақта

Өзімді жақсы сезіндім\шаршадым

Менің көңіл-күйім

Жақсара бастады\мүлдем жаман

Сабақ мен үшін

Түсінікті\түсініксіз

Мұндай сабақтар

Қызықты\қызықты емес

Жұппен,топпен жұмыс істеген

Ұнады\ұнамады




Автор
Дата добавления 10.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров114
Номер материала ДВ-321846
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх