Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ тілі сабақ жоспары 7 - сынып "Сөз тіркестері"

Қазақ тілі сабақ жоспары 7 - сынып "Сөз тіркестері"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifСабақтың тақырыбы: Тұйық етістік.

Сабақтың мақсаты: етістіктің ерекше бір түрі тұйық етістіктің мағынасы мен тұлғасын түсіндіру,оқушылардың етістік жайлы ілімдерін кеңейту.

Сабақтың білімділігі: оқушыларға тұйық етістіктің түрленуінің ерекшеліктерін ұғындыру,білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

Сабақты дамытушылығы: ауызша және жазбаша жаттығулар,үлестірмелі карточкалар,сабақта пайдаланатын мәтіндер арқылы тұйық етістікті тапқызу,жан-жақты талдау,оқушы ойын дамыту.

Сабақтың тәрбиелілігі: сабақта пайдаланылған мәтіндер,мысалдар арқылы адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар,үлестірмелі карточкалар,қазақ тілін оқыту әдістемесі,көркем әдебиеттерден алынған мәтіндер,домбыра,оқулық,тақта,бор,суреттер,магнитті тақта.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,саз,орыс тілі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Етістіктің ерекшеліктерін,түрлерін еске түсіру.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Жаңа сабақ. Тұйық етістік.Тұйық етістік туралы түсінік беру.

Тұйық етістік – етістіктің ерекше түрі.Ол етістіктің өзге түрлері сияқты емес.Етістіктің шақ және рай категориялары жақпен,шақпен байланысты болғанын көрдіңдер.Ал тұйық етістік шақпен де,жақпен де байланысты болмайды.Тұйық етістік етістіктің атауы ретінде ғана қолданылады. Мәселен,бару,жүру,тұру етістіктері бару,жүру,тұру қимылдарының атын білдіріп тұр.

Жаңа сабақтың маңызды белгілерін ажырату.

Тақтадағы плакатқа қараңыздар,маңызды белгілері бар екен,байқап көрелік.

(Плакаттағы жазылған етістіктің септелу,тәуелденулерін түсіндіру)

Ал осыдан нені байқап отырсыңдар,тұйық етістік қалай жасалады екен және қалай түрленеді екен? ...

Көру диктанты

Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тұйық етістікті қойып жаз.

Тапсырманы уақытында ... керек.Мектепте және үйде тәртіпті ... керек. Үлкендерді ... керек.Ұйым жұмысына ... керек. Мәдениетті ... керек. Сабаққа белсенді ... керек.

Сыныпты 3 топқа бөлу. «Кім тапқыр?» ойынын ұйымдастыру.Ойын шартымен таныстыру.

1-топ.Мұқағали өлеңдерінен өлең шумақтарын оқу.

2-топ. Абай өлеңдерінен өлең шумақтарын оқу.

3-топ.Мақал-мәтел,жұмбақтар.Оқыту,тұйық етістікке қарай талдау.

Домбыраның сүйемелдеуімен ән айтып,сол ән шумақтарынан тұйық етістікті тапқызу.Ән авторларына тоқталу.Мысалы, «Кешікпей келем деп ең». М.Шаханов. Әні: Шәмші Қалдаяқов).

Тақтаға ілінген суреттермен жұмыс жүргізу,тұйық етістікке талдау.дәптерлеріне жаздыру.

Жаңа сабақты байқау мақсатында үлестірмелі карточкалар және 210жаттығумен жұмыс.

Карточка №1

Өз бетіңмен тұйық етістікті ойла.Оған морфологиялық кешенді талдау жаса.

Карточка №2

Мына сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талда.

Сол сәтте жолаушылар үлкен жолмен зымырап сырғып келеді.

Карточка №3

Төмендегі сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талда.

Күзде ағаштың жапырақтары сарғая бастайды.

Карточка №4

Сөйлемдердегі сөздерді түбір мен қосымшаға ажырат.

Балалар ойнап жүр.Бізге сабақ блды.

Карточка №5

Шегелеу деген сөзге фонетикалық кешенді талдау жаса.

Карточка №6

Көру сөзіне математикалық кешенді талдау жаса.

Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында мынадай сұрақтар беріледі.

1.Тұйық етістік дегеніміз не?

2.Ол қалай жасалады?

3.Бір мысал ойла,септе.

4.Бір тұйық етістікті тәуелде.

Оқушы білімін бағалау.

Үйге тапсырма. Тұйық етістікті оқу.Көркем әдебиеттерден тұйық етістігі бар сөйлемдер жазу.

















































Тексерілді ______________Досманова А

Сабақтың тақырыбы:Матасу

Сабақтың мақсаты: 1) матасу туралы түсінік беру,жазылу жолдарын ұғындыру,сөздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету; 2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату; 3) оқушыларды патриоттыққа,жігерлікке,жаңашлдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: төрт бағыт бойынша: 1) сауаттылықты бағалау; 2) практикалық бағыт (бүгінгі жаңа сабақтан алған білімдерін жүзеге асыру); 3) ізденіс бағыты; 4) теория бағыты.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі ұпай сандары,интерактивті тақтадағы сызбалар,кітап,үлестірмелі тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру бөлімі (амандасу,түгендеу).

Зейін аударту. Толық мағыналы кем дегенде екі сөз,бір-біріне бағына келіп байланысып тұрады.Мұны сөз тіркесі дейді.

Біздің бүгінгі сабағымыз матаса байланысқан сөз тіркесі жөнінде болмақ,сабағымыз төрт бағыт бойынша өтеді.Кезекті сауаттылық бағытына берейік.

Сауаттылық бағыты (Қызыл түспен беріледі). Үлестірмелі парақшалар таратылады (Күнделікті жазып жүрген сөздік дәптерге жазса да болады).Төмендегі сөздерді жаздыру.Меже (зат есім.) мөлшер,шама,шек.

Көп күткен межеден мезгілінде шығып жүрді.Межелеу. межеле ет. Мөлшерлеу,шамалау.ағашты көзімен межелеп өлшеп,төртжеріне балтамен таңба соқты. Шек қою,белгілеу.Ол зауыттың жаңа корпусын салатын жерді межелеп қойды..(Сауаттылық бағыты бірден тексеріліп,қызыл ұпай сандары беріледі).

Үй тапсырмасын тексеру: 243-жаттығу.

Жаңа сабақ. Интерактивті тақтадағы сызбалармен түсіндіру,толықтыру.

Есімді тіркес

Басыңқы сыңары

зат есім

Бағыныңқы сыңары

ілік септіктің жалғауы

Матасу – зат есім немесе затталған сөз ілік септік жалғауында келу арқылы байланысқан сөз тіркесі.

Мысалы:Естайдың әні,менің үйім,біздің бала.










Тәжірибе бағыты (Сары түспен берілген).Бұл бағытта жаңа сабақтан алған білімдерін іс жүзіне асыра білуі керек.

а) Кітаппен жұмыс.Тақтаға жаздыру.

248-жаттығу.

ә) 249-жаттығу.Ауызша орындату.

б) 250-жаттығу.Жарыс жаттығуы.

в) Интерактивті тақтамен жұмыс

Сыңарларын тауып жаз.Оқушылар тақтаға жазады.

а) Адамның ...

ә) Көктемнің ..

б) Баланың ...

в) Табиғаттың ...

Әр оқушыға тиісті жауабына лайық сары түсті ұпай сандары берілуі керек.

Сергіту жаттығуы. «Кім тапса сол айтып берсін».

Мына жұмбақтағы сөздерді байланысына қарай топтаңдар да,есімді тіркесті бір бөлек,етістікті тіркесті бір бөлек айтып беріңдер.

1.Әуеден күбі түсті,Күбінің түбі түсті. (Күннің күркіреуі)

2.Тоғыз белдеу,қос жібек,Екі мұрын,бір шүмек.(Домбыра)

3.Көк лағым көген сүйреді.(Ұршық)

Ізденіс бағыты (Жасыл түспен жазылады). «желтоқсан ызғары» тақырыбында шағын шығарма жаздыру.

Құрамындағы матаса байланысқан сөз тіркестерін айтқызу.Төменде Әнел деген оқушының шығармасынан үзінді.

«Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол іздегі салқынның,

Айналайын,жас қайратым,жас өркені халқымның» деп жырлаған Мұхтар Шахановты еліміздің нағыз патриоты деуге болады.

1986 жылғы 16-желтоқсан оқиғасы біз үшін мәңгі жадымызда қалмақ.Қазақстанды басқаруға Колбинді қойды.Бұған шыдамаған қазақ жастары түгелімен дерлік Колбинға қарсы ұрандарын жазып алаңға шықты.Бұл қазақ жастарының әділетсіздікке шыдамай,еш нәрседен қорықпай,белді бекем буып қарсы шыққан кезі.Желтоқсан көтерілісі бізге тәуелсіздігімізді алып берді.Қазақтардың да жарық күні атты.Жасай бер мәңгі,Қазағым менің.

(Әр оқушының жазған шығарамалары оқылады,матаса байланысқан сөз тіркестерін тауып айттыру.Өте жақсы жазған оқушыларға жасыл түсті 5 ұпай сандары беріледі).


Теория бағыты (Көк түспен беріледі). Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы алған білімдерін бекіту.Бекіту сұрақтары барлық оқушылардан сұралу керек.Жауап берген оқушыларға көк түсті ұпай сандары беріледі.

1.Матасу дегеніміз не?

2.Есімді тіркес дегеніміз не? Мысал келтір

3.Ілік септігінің сұрағы мен жалғауын кім айтады? Мысал келтір.Зат есім дегеніміз не?

4.Матаса байланысқан сөз тіркестеріне кім мысал келтіреді?

Бағалау.

  1. Теория (Ережені меңгеруі)

  2. Тәжірибе (Ережелерді іс жүзінде қолдана білуі)

  3. Сауаттылқ (Орфографиялық,орфоэпиялық заңдылықтардың орындалуы)

  4. Ізденіс (Берілген тақырып бойынша оқушылардың шығарма жаза білуі).

«5» деген баға 17-0-20 ұпайға қойылады.

«4» деген баға 16-24 ұпайға қойылады.

«3» деген баға 13-9 ұпай аралығына қойылады.

Үйге тапсырма: 251-жаттығу.

Рефлексия.Бүгінгі сабақта кімге не ұнады?(Оқушылардың жауабынан үлгі)

  • Маған бүгінгі сбақта төрт бағытпен оқығанымыз ұнады.

  • Интерактивті тақтадағы тапсырмаларды орынедаған.

  • Мен өзімнің іздену бағытынан орташа екенімді білдім,содан жоғары ұпай алу үшін көп оқу керетігін ұғындым.

  • Теория бағыты ұнады,өйткені қазақ тілі сабағында бір ережеге сүйенеміз,сол ережені дұрыс меңгерсек,оны жүзеге асырғанда біздің біліміміз болары анық.

  • Маған «Кім тапса сол айтып берсін» деген сергіту жаттығуы ұнады.

Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Ережелерді жаттап келуге беремін














Тексерілді ______________Досманова А

Сабақтың тақырыбы:Тұйық етістіктің түрленуі

Сабақтың мақсаты : а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына,ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққа баспай биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу;.

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.түсіндіру, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі : плакат,үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың барысы :а)Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)үй тапсырмасын пысықтау:Үйге берілген тапсырманы тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

  1. семшенің қандай ерекшелігі бар?

  2. Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

  3. Көсемшенің жіктелуіндегі ерекшелік неде?

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.Тұйық етістік – етістіктің ерекше түрі.Мағынасы жағынан ол қимылдың,іс-әрекеттің атын білдіреді де,шақпен де,жақпен де,байланысты болмайды Сөйтіп,тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да,жақтық мағынаны да білдірмейді.

Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне,етіс және болымсыз етістік тұлғаларына –у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, жүр-у, бар-у.

Тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың,көбіне қимылдың атын білдіріп,зат есім болып кеткен. Тілімізде көскеу,( отты, шоқты көсейтін темір),сабау(жүнді сабайтын шыбық),егеу(темірді егейтін құрал)сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған.

Тұйық етістік тікелей септеле де,тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді.

Кітаппен жұмыс: 210-жаттығу Көшіріп жазып, тұйық етістіктердің астын сызыңдар.

Бүкіл оқушылармен жұмыс : Оқушыларға мақал-мәтелдер айтқызып,тұйық етістікті тапқызамын.

1.Отанды сүю от басынан басталады.

2. Аяққа кісен салуға болар,

Тілге кісен салынбас.

3. Жақсының қасиеті-жарастыру,

Жаманның қасиеті- таластыру

Білімді бекіту:Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

1.Тұйық етістік дегеніміз не? 2.Көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Жалғау,Көсеу,Құрсау,Оқу,Басу,Жабу етістіктеріне сөйлем құрап келуге беремін.



















Тексерілді ______________Досманова А

Сабақтың тақырыбы :Тұйық етістіктің емлесі

Сабақтың мақсаты: а) Тұйық етістіктің –у жұрнағының жалғану ерекшеліктері: бірде дауысты,бірде дауыссыз болуы –у жұрнағының түбірдегі дыбыстарды өзгертуін түсіндіру.

ә)Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру.

б)Оқушылардың білімін бақылау арқылы сауаттылыққа баулу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі : тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Орынсыз ашу – от шашу

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :а)Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

ә)Үй тапсырмасын пысықтау.

а) Тұйық етістіктің –д жұрнағының жалғану ерекшеліктері : бірде дауысты,бірде дауыссыз болуы –у жұрнағы

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.

1.Сабақты етістік пен салт етістіктің мағыналық ерекшеліктері неде?

2.Етіс нені білдіреді?

3. Етістің қандай түрлері бар және олар қалай жасалады?

4.Бір түбірге бірнеше етіс жұрнағы қалай жалғанады ?

5. Көсемшенің қай түрі жіктелмейді ?

6. Не себепті көсемше етістіктің еоекше түрі деп аталады ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:1.Дауыссыз дыбыстарға біткенетістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы дауысты болып жалғанады : бар-у, қайт-у, көр-у,кел-у.Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы дауыссыз болып жалғанады : ойна-у, сөйле-у, барма-у, келме-у.

2.Дауысты ы,і, дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанғанда,түбірдің соңындағы ы,і, дыбыстары жазылмай, у дыбысының құрамына еніп кетеді де,ол,(у) дауысты дыбыс болып есептеледі.Мысалы : оқы+у=оқу, тасы+у=тасу, ері+у= еру.

3.Қатаң п,к,қ дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б-ға қ,к дыбыстары ғ,г дыбыстарына айналады.Мысалы : тап+у=табу, үк+у=үгу, ақ+у=ағу.

Тақтамен жұмыс:213-жаттығу. Тұйық етістіктерді тауып,олардың қандай септіктерде тұрғанын ажыратыңдар.

Үлгі : ұнауымен – ұнау –тұйық етістік, -ы- тәуелдік жалғауы, -мен- көмектес септігінің жалғауы.

  1. Сөз-ұлы құдірет,ұлылығы - сөзбен адамдарды табыстыруға болады ?

  2. Тіл мен ойлау еңбектің жемісі

  3. Ана тілін құрметтемеу – анаңды да сыйламау деген сөз.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 264-жаттығу.












Тексерілді ______________Досманова А


Сабақтың тақырыбы :Етістікке байланысты жаттығу жұмыстары

Сабақтың мақсаты :а)Етістікті қайталай отырып,сатылый кешенді талдау арқылы етістіктің мағыналық түрлерімен жұмыс істеу.

ә)Сатылай кешенді талдаудың сызбасын негізге ала отырып,етістіктің құрамын,тұлғасын,құрылысын талдауға баулу ;шешен сөйлеуге мақал – мәтелдің оқушы тілінде қолдныс аясын кеңейту.

б)Өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі өйлеуге баулу,адамгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.

Сабақтың түрі:Қайталау

Сабақтың әдісі :сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі :плакат,кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс :әдебиет

Сабақтың барысы :а)Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)Үй тапсырмасын пысықтау:Үйге берілген тапсырманы тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Етістік нені білдіреді ?

2.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді ?

3.Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді ?

4.Туынды етістіктер қалай жасалады ?

б)Жаңа сабақты түсіндіру:Етістік – заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді ? не қылды ? қайтті деген сұрақтарға жауап береді.

Кітаппен жұмыс:214-жаттығу.Етістіктерді тауып,олардың нешінші жақта қалай жіктеліп тұрғанын айтыңдар.

Топпен жұмыс:Оқушыларға мақал-мәтелдер айтқызып,етістікті тапқызып,талдатамын.

1.Кісі елінде күркірегенше

Өз еліңде дүркіре

2.Өз үйім - өлең төсегім.

3. Отанға опасыздық еткенің-

Өз түбіңе жеткенің

4. Ер қанаты - өнер.

5.Баланың бас ұстазы – ата-анасы.

Екеуара жұмыс:Екі оқушыға бірнеше сөйлем беріп,фонетикалық,морфологиялық талдау жасатқызамын.

Сабақты салт дара


Етістік

Күрделі тұйық етістік


Есімше көсемше


Білімді бекіту:Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:217-жаттығу. Есімшелерді бір бөлек,көсемшелерді бір бөлек теріп жазыңдар.











Тексерілді ______________Досманова А

Сабақтың тақырыбы:Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты: а) Етістіктің сөйлемдегі қызметін түсіндіру;

ә)Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру.

б)Оқушылардың білімін бақылау арқылы сауаттылыққа баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:тіл дамыту, талдау

Сабақтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс :әдебиет

Сабақтың барысы :а)Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

ә)Үй тапсырмасын пысықтау:Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.

Етістік

б) Жаңа сабақты түсіндіру :




Бастауыш

баяндауыш

толықтауыш

пысықтауыш

анықтауыш

Есімше мен тұйық етістік атау септігінде тұрып,бастауыш болады.

Етістіктер жіктеліп келіп,баяндауыш болады.

Есімше және тұйық етістік атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып,толықтауыш болады.

Қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріппысықтауыш болады.

Есімшелер және ілік септігіндегі тұйық етістік анықтауыш болады.

Оқу-білім бұлағы

Мен биыл бітіремін.

Білгенге маржан,білмеске арзан

Ол күлімсіреп қарады.

Оқудың шегі жоқ

Жаттығумен жұмыс:215-жаттығу.Етістіктерді тауып,сұрақ қою арқылы сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын көрсетіңдер.

Тақтамен жұмыс:Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.

Білімді бекіту:Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Тұйық етістіктің ерекшелігі неде?

2. Тұйық етістік қалай жасалады?

3. Тұйық етістіктің қандай емлелік ерекшелігі бар?

Бағалау:Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 217-жаттығу.


















Тексерілді ______________Досманова А

Сабақтың тақырыбы: Синтаксис

Сабақтың мақсаты:білімділік – оқушыларға синтаксис туралы түсінік беру,сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

дамытушылық – оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту;

тәрбиелігі – оқушыларға туыстық атаулар туралы ұғым бере отырып,алыс-жақынын тани білуге шақыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдісі:талдау,сұрақ-жауап,шығармашылық ізденіс,кітаппен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар т.б.

Сабақтың барысы.а)Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

ә)Үй тапсырмасын пысықтау:Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.

б)Жаңа сабақты түсіндіру:Синтаксис –гректің «құрау,біріктіру, рет» деген мағынадағы сөзі. Қазіргі кезде синтаксис тіліміздегі сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылым-құрылысы,басқа да ерекшеліктерін қарастыратын грамматиканың бір саласы ретінде түсініледі.

Тілдің ойды білдіреті ең кіші бөлшегі-сөйлем. Сөйлем сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуі арқылы құралады.

Синтаксис сөйлемді, оның мағыналары мен түрлерін, сөйлемнің қалай құралатынын, яғни сөйлемдегі сөздердің қалай грамматикалық байланысқа түсетінін және оның нәтижесінде сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуын қарастырады.

Жаттығумен жұмыс:230-жаттығу.Көшіріп жазып, сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып тұрған тұлғалардың астын сызып көрсетіңдер.

«Кім көп біледі?» ойыны Ойынның шарты мынадай.

  1. Бірнеше жазушылардың шығармаларын атап шығамын, оқушылар кімнің шығармасы екенін табады.

  2. Әдеби шығармалардығы кейіпкерлерді табу.

Білімді бекіту:Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?

  2. Сөйлем құрауда сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше?

  3. Тіл білімі неше салаға бөлінеді?

Бағалау:Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 231-жаттығу.




















Тексерілді ______________Досманова А

Сабақтың тақырыбы:Сөздердің грамматикалық байланысы

Сабақтың мақсаты:білімділік – оқушыларға сөздердің грамматикалық байланысы туралы түсінік беру,сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

дамытушылық – оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту;

тәрбиелігі:оқушыларға туыстық атаулар туралы ұғым бере отырып,алыс-жақынын тани білуге шақыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдісі:талдау,сұрақ-жауап,шығармашылық ізденіс,кітаппен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар т.б.

Сабақтың барысы.а) Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

ә)Үй тапсырмасын пысықтау:Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:Сөздер ойды білдіру үшін бір-бірімен белгілі грамматикалық байланысқа түсіп, сөйлем құрайды. Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысы әр түрлі болуы мүмкін, сөздер бір-бірімен белгілі тәсіл арқылы байланысады. Мысылы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін деген сөйлемдегі мен жазбаймын, ермек үшін жазбаймын болып сөздер бір-бірімен байланысқа түскен.

Осы сөйлемдегі сөздерді байланыстырып тұрған тұлғаларды алып тастасақ,сөйлем түсініксіз болып қалар еді. Мен жазбаймын өлең ермек. Осыдан көрінетіндей,біріншіден мағыналық жағынан бір-бірімен сәйкес,үйлес сөздер ғана байланыса алады. Екіншіден, сөздер белгілі бір амал-тәсілдер арқылы байланысыды.

Жаттығумен жұмыс:233-жаттығу.Көшіріп жазып, сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен грамматикалық байланысына қарай бөлек-бөлек көшіріп жазыңдар.

Үлгі: Оспан кіріп келді,сырттан кіріп келді, сөйткенше кіріп келді.

Тақтамен жұмыс:Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік,морфологиялық талдау жасайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?

  2. Сөйлем құрауда сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше?

  3. Тіл білімі неше салаға бөлінеді?

Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 234-жаттығу.






















Тексерілді ______________Досманова А

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері

Сабақтың мақсаты: білімділік:сөйлем құрылысынан сөздердің байланысу тәсілдерін ажыратуға үйрету;

Дамытушылық:оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

Тәрбиелік:лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Әдісі: баяндау,түсіндіру,анализ ,синтез.

Көрнекілігі: сызбалар,үлестірме топшамалар,көркем шығармалар,портреттер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,математика.

Сабақтың барысы. а)Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

ә)Үй тапсырмасын пысықтау:Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Қазақ тілінде сөздер бір-бірімен төрт түрлі тәсіл арқылы байланысады:


Сөздер сөйлемде септік, тәуелдік,жіктік жалғаулар арқылы байланысады.

Сөздер шылаулар арқылы да байланысады.

Сөздер орын тәртібі арқылы да байланысады.

Сөздер сөйлемде интонация арқылы да байланысады.

Өй, сүйіндік,сен ақылды мына Дәркембайдан сұрасаң етті

Мейрам әлдекімге телефон арқылы әмір етті.

Тас жолды ағаш күрекпен күредік

Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті.

Жаттығумен жұмыс:235-жаттығу.Жалғаулар арқылы байланысқан сөздерді өзі тіркескен сөзімен бірге теріп жазыңдар.

Үлгі: Оспан кіріп келді,сырттан кіріп келді, сөйткенше кіріп келді.

Тақтамен жұмыс:Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік,морфологиялық талдау жасайды.

Білімді бекіту:Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?

  2. Сөйлем құрауда сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше?

  3. Тіл білімі неше салаға бөлінеді?

  4. Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

  5. Септеулік шылаулар сөздерді қалай байланыстырады?

Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:237-жаттығу.















Тексерілді ______________Досманова А

Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:а) Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Етістіктің райы неше түрге бөлінеді?

А) 2 В) 4 С) 3

2. Үш жақтың бірінде қолданылып,сөйлеушінің шындыққа қатысын баяндайтын рай түрі

А) қалау рай В) шартты рай С) ашық рай

3. Көбіне ІІ жаққа қаратылып, қимылдың орындалуын талап ету мағынасын білдіретін рай түрі.

А) шартты рай В) бұйрық рай С) ашық рай

4. Іс-әрекеттің іске асу,аспау мүмкіндігінің шартын білдіріп,-са,-се жұрнағы арқылы жасалатын рай түрі.

А) шартты рай В) бұйрық рай С) ашық рай

5. Оқуға түскім келеді рай түрі

А) қалау рай В) шартты рай С) ашық рай

6. Есімшенің жұрнағы

А)-ғалы,-гелі,-қалы,-келі В) –а,-е,-й С) –атын,-етін

7. Есімшенің тәуелденуі

А) берермін В) берерім С) берерден

8. Адасқанның айыбы жоқ. Есімшенің сөйлемдегі қызметі.

А) толықтауыш В) пысықтауыш С) анықтауыш

9. Көп сөйлегенді ұнатпаймын. Есімшенің сөйлемдегі қызметі

А) толықтауыш В) пысықтауыш С) анықтауыш

10.Есімшенің көпше түрде жіктелуі

А) Келгенмін В) келгенбіз С) келгенде

11. Есімшенің септелуі

А) көрмесім В) көрмеспіз С) көрместен

12. Менің ұстаз болғым келеді. Рай түрі

А) қалау рай В) шартты рай С) ашық рай

13. Атаның баласы болма,

Адамның баласы бол. Рай түрі

А) шартты рай В) бұйрық рай С) ашық рай

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қайталау













Тексерілді ______________Досманова А

Сабақтың тақырыбы:Сөз тіркесі туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:Білімділігі:оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

Дамытушылық:әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы әдебиетке деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке.ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,топпен жұмыс,СТО стратегиялары,

Сабақтың көрнекілігі:кубик,қима қағаз,перфокарта,сызба таблицалары,көркем әдебиет.

Сабақтың барысы: а)Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)Үй тапсырмасын пысықтау:Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б)Жаңа сабақты түсіндіру:Сөйлемде кем дегенде екі толық мағыналы мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса байланысқан сөздер тізбегін сөз тіркесі дейміз.

Сөз тіркесінің айрықша белгілері




Сөз тіркесі белгілі синтаксистік қатынасты білдіреді

Сөз тіркесін құрайтын сөздер бір-бірімен белгілі грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына байланысады

Кем дегенде толық мағыналы екі сөзден тұрады

Сөйлем ішінде танылады,өйткені сөздердің байланысы сөйлем ішінде анықталады








Жаттығумен жұмыс:224-жаттығу.Сөздердің байланысын тауып,басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге сұрақ қойыңдар.

Бағыныңқы сөз Басыңқы сөз

1. Асқардың кімнің? тірі қалғанын

2. Тірі қалғанына неге? куанған

3. Қуанған қай? Ботагөз

4.Баланың кімнің? атын

5. Атын нені? Амантай қойды

Білімді бекіту:Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Сөз тіркесі дегеніміз не?

  2. Сөз тіркесінің тіркесті сөзден айырмашылығы қандай?

  3. Есімді сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?

  4. Етістікті сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 226 жаттығу.













Тексерілді ______________Досманова А

Сабақтың тақырыбы:Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер

Сабақтың мақсаты:Білімділігі:оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке.ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,топпен жұмыс,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі:қима қағаз,перфокарта,сызба таблицалары,көркем әдебиет.

Сабақтың барысы:а)Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)Үй тапсырмасын пысықтау:Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б)Жаңа сабақты түсіндіру:Сөз тіркесі кем дегенде екі сөзден құралатын болса, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер де екі сөзден құралады.

Күрделі сөздер де, тұрақты тіркестер де, біріншіден орындары тұрақты болады, екіншіден , бір ғана ұғымды білдіріп,бір сөздің орнына қолданылады,сондықтан бірінен екіншісіне сұрақ қоюға болмайды.

Күрделі сөздерге күрделі зат есіс, күрделі сан есім, күрделі сын есім, күрделі етістік, сондай-ақ негізгі сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі жатады. Күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер сөз тіркесінің құрамына еніп,басыңқы да, бағыныңқы да сыңары бола алады. Ондай сөз тіркестері күрделі сөз тіркестері деп аталады.

Жаттығумен жұмыс : 247-жаттығу. Орфографиялық я түсіндірме сөздікті пайдалана отырып күрделі сөзге 5 мысал,сөз тіркесіне 5 мысал, тұрақты тіркеске 5 мысал келтіріп, өзіндік ерекшеліктерін талдап көрсетіңдер.

Топпен жұмыс:248-жаттығу.І топ сөз тіркестерін теріп жазады. ІІ топ күрделі сөздерді теріп жазады.ІІІ топ тұрақты тіркестерді теріп жазады.

Білімді бекіту:Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Сөз тіркесі дегеніміз не?

  2. Сөз тіркесінің тіркесті сөзден айырмашылығы қандай?

  3. Есімді сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?

  4. Етістікті сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?

Білімді бағалау:Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:249- жаттығу.




















Тексерілді ______________Досманова А

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесінің түрлері

Сабақтың мақсаты:Білімділігі:оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

Дамытушылық:әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы әдебиетке деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

Тәрбиелік:оқушыларды адамгершілікке.ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,топпен жұмыс, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі:қима қағаз,сызба таблицалары,көркем әдебиет.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын пысықтау:Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Сөз тіркесі дегеніміз не?

  2. Сөз тіркесінің тіркесті сөзден айырмашылығы қандай?

  3. Есімді сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?

  4. Етістікті сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?

Жаңа сабақты түсіндіру:Сөз тіркесінің түрлері басыңқы сөздің қай сөз табы болуына байланысты анықталады. Сөз тіркесінің басыңқы сыңары зат есім, сан есім, сын есім, есімдік болса, ол есімді сөз тіркесі деп аталады.Басыңқы сыңары етістік болса,етістікті сөз тіркесі деп аталады. Мысалы: Мынау хатты жаңа Абай ағам Әбішке жазып еді. Бұл сөйлемде мынадай сөз тіркестері бар: мынау хатты,хатты жазы,жаңа жазды,Әбішке жазды. Мынау хатты деген есімді тіркес,өйткені оның басыңқы сыңары хатты –зат есім, қалғандары-етістікті сөз тіркестері,өйткені олардың басыңқы сыңарлары етістік.

Жаттығумен жұмыс:253-жаттығу.Сөз тіркесін тауып,байланысу тәсілі мен түрлеріне қарай ажыратып талдаңдар.

Тақтамен жұмыс:ақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.

Білімді бекіту:Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 254- жаттығу.






















Тексерілді ______________Досманова А

Сабақтың тақырыбы: Қабысу

Сабақтың мақсаты: білімділік:сөйлем құрылысынан сөздердің байланысу құрылысын ажыратуға үйрету;

Дамытушылық:оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

Тәрбиелік:лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Әдісі: баяндау,түсіндіру,анализ ,синтез.

Көрнекілігі: сызбалар,үлестірме топшамалар,көркем шығармалар,портреттер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,математика.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

Үй тапсырмасын пысықтау:Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.

  1. Меңгерудің байланыс тәсілдері қандай?

  2. Сөздер интонация арқылы қалай байланысыды?

  3. Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

  4. Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?

  5. Матасудың байланысу тәсілі қандай?

Жаңа сабақты түсіндіру:Орын тәртібі жағынан іргелес тұру арқылы байланысқан сөз тіркестерін қабыса байланысқан сөз тіркестері немесе қабысу дейміз. Қабысу басыңқы сыңарының қандай сөз табынан болатынына қарай,мысалы, сын есім мен зат есімнің (жақсы бала),сан есім мен зат есімнің (он оқушы) ,зат есім мен зат есімнің (алтын сағат), есімдік пен зат есімнің (бұл кітап), есімше мен зат есімнің (оқыған кітап), тіркестері есімді қабысу да, үстеу мен етістіктің (жоғары шықты) ,еліктеуіш сөз бен етістіктің (бырт-бырт үзді) , көсемше мен етістіктің ( дауыстап сөйледі) сын есім мен етістіктің (жақсы оқиды), сан есім мен етістіктің (екі келді) етістікті қабысу болады.

Жаттығумен жұмыс:267-жаттығу.Қабыса байланысқан сөз тіркескен тауып, талдаңдар.

Тақтамен жұмыс:Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.

Білімді бекіту:Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?

  2. Сөйлем құрауда сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше?

  3. Тіл білімі неше салаға бөлінеді?

  4. Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

  5. Септеулік шылаулар сөздерді қалай байланыстырады?

Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 268-жаттығу.



















Тексерілді ______________Досманова А

Сабақтың тақырыбы: Меңгеру

Сабақтың мақсаты: 1) меңгеру туралы түсінік беру,жазылу жолдарын ұғындыру,сздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;

2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату; 3) оқушыларды патриоттыққа,жігерлікке,жаңашлдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру,анализ ,синтез.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі ұпай сандары,интерактивті тақтадағы сызбалар,кітап,үлестірмелі тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.

Сабақтың барысы.а)Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

ә)Үй тапсырмасын пысықтау:Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:Барыс,табыс, жатыс,шығыс, көмектес септік жалғаулары мен септеулік шылаулары арқылы байланысқан сөз тіркестерін меңгеріле байланысқан сөз тіркесі немесе меңгеру дейміз. Меңгеру басыңқы сыңарының қандай сөз табынан болғанына қарай есімді меңгеру, етістікті меңгеру болып келеді. Мысалы: балға бай, қаладан қашық дегендер есімді меңгеру, басыңқы сыңарлары бай,қашық –есім сөздер; оқиғаларды баян етті,жұмыскерлерді зар еңретті дегендер етістікті меңгеру.

Жаттығумен жұмыс:262-жаттығу.Мәтіндердегі сөйлемдерден сөз тіркестерін табыңдар. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің қалай байланысып тұрғанын көрсетіңдер.

Тақтамен жұмыс:Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.

Білімді бекіту:Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын

  1. Меңгерудің байланыс тәсілдері қандай?

  2. Сөздер интонация арқылы қалай байланысыды?

  3. Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

  4. Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?

  5. Матасудың байланысу тәсілі қандай?

Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 263-жаттығу.






















Тексерілді ______________Досманова А

Сабақтың тақырыбы: Жанасу

Сабақтың мақсаты: 1) Жанасу туралы түсінік беру,жазылу жолдарын ұғындыру,сздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;

2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату;

3) оқушыларды патриоттыққа,жігерлікке,жаңашлдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру,анализ ,синтез.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі ұпай сандары,интерактивті тақтадағы сызбалар,кітап,үлестірмелі тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.

Сабақтың барысы.а)Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

ә)Үй тапсырмасын пысықтау:Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.

б)Жаңа сабақты түсіндіру:Орын тәртібі жағынан іргелес тұрып та, алшақ тұрып та байланысқан сөз тіркестерін жанаса байланысқан сөз тіркестері немесе жанасу дейміз.Жанасу көбіне етістікті сөз тіркесі болып келеді, үстеу мен етістіктен,көсемше мен етістіктен құралады. Мысалы: бүгін келді, кештете (біздің үйге) келді.

Жаттығумен жұмыс:272-жаттығу.Мәтіндердегі сөйлемдерден қабыса және жанаса байланысқан сөз тіркестерін бөлек-бөлек көшіріп жазыңдар,оларды құрамына, байланысу тәсіліне қарай талдаңдар.

Топтастыру стратегиясы:

Сөз тіркесінің құрылысы

Матасу меңгеру




Қабысу жанасу

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын

  1. Меңгерудің байланыс тәсілдері қандай?

  2. Сөздер интонация арқылы қалай байланысыды?

  3. Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

  4. Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?

  5. Матасудың байланысу тәсілі қандай?

  6. Жанасу қай сөз табымен тіркесіп келеді?

Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 274-жаттығу.



















Тексерілді ______________Досманова А

Сабақтың тақырыбы : Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар

Анықтауыштық қатынас

Сабақтың мақсаты:а)Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастарды және оның түрлерін түсіндіру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә)өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы:а)Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

  1. Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?

  2. Матасудың байланысу тәсілі қандай?

  3. Жанасу қай сөз табымен тіркесіп келеді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары өзара белгілі бір грамматикалық мағынаны білдіріп,соған сәйкес белгілі бір синтаксистік қатынаста жұмсалады. Сөз тіркестерінің сыңарлары арасындағы грамматикалық мағына жағынан үш түрлі синтаксистік қатынастың шеңберінде көрінеді.

Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар




Анықтауыштық қатынас

толықтауыштық

пысықтауыштық



Матаса,қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Басыңқы сыңардан бағыныңқы сыңарға кімнің? ненің? Қандай? Нешінші? сияқты сұрақтары қойылады: баланың кітабы, бойшаң жігіт

Жаттығумен жұмыс: 279 -жаттығу. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін тауып, сұрақ қою арқылы түрлеріне, байланысу тәсілдеріне қарай талдаңдар.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Анықтауыштық қатынасқа бірнеше сөйлемдер жазып келеді.




















Тексерілді ______________Досманова А

Сабақтың тақырыбы : Толықтауыштық қатынас

Сабақтың мақсаты:а)Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастарды және оның түрлерін түсіндіру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

б)Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы:а)Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)Үй тапсырмасын пысықтау:Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

  1. Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?

  2. Матасудың байланысу тәсілі қандай?

  3. Жанасу қай сөз табымен тіркесіп келеді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:Меңгеріле байланысқан есімді , етістікті сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен толықтауыштық қатынаста жұмсалады да, бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың мекенін тура я жанама обьектісін ,я сол обьектіге қатысын білдіріп тұрады. Басыңқы сыңардан бағыныңқы сыңарға кімді? Нені? Неге? кімге? Кімде? Неде? Кімнен? Неден? Кіммен? Немен? Деген сұрақтар қойылады. хатқа жауап, оқуды бітірді.

Жаттығумен жұмыс: 280 -жаттығу. Абай өлеңдеріндегі үзінділерден толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін тауып, сұрақ қою арқылы түрлеріне, байланысу тәсілдеріне қарай талдаңдар.

Ойлан. Ізден Тап. (Мына тізбектер бойынша сөз тіркестерін жаса)

Зат есім + зат есім

Сын есім + зат есім

Сан есім + зат есім

Есімдік +зат есім

Есімше +зат есім

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Толықтауыштық қатынасқа бірнеше сөйлемдер жазып келеді.






















Тексерілді ______________Досманова А

Сабақтың тақырыбы : Пысықтауыштық қатынас

Сабақтың мақсаты:а)Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастарды және оның түрлерін түсіндіру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә)өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы:а)Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)Үй тапсырмасын пысықтау:Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:Меңгеріле, қабыса ,жанаса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен пысықтауыштық қатынаста жұмсалады да,бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың мекенін,бағытын, мезгілін, себебін білдіріп тұрады. Басыңқы сыңардан бағыныңқы сыңарға қайда? Қайдан? Қайтіп? Қалай? Қашан? Деген сұрақтар қойылады.

Жаттығумен жұмыс: 283 -жаттығу. Сөз тіркестерін тауып, сұрақ қою арқылы түрлеріне, байланысу тәсілдеріне қарай талдаңдар.

Топпен жұмыс: Бір оқушы төмендегі зат есімдерді бір-бірлеп оқиды.Бірінші топтағы оқушылар оларға әр түрлі етістіктер тіркеп,бөгелмей айтып отыруы керек. Екінші топтағы оқушылар айтылған сөз тіркестерімен тез арада сөйлем құрауы тиіс

Жел. Күн. Жаңбыр. Мал.Палуандар. Тапсырма. Жиын. Сабақ. Өлең. Кино

Білімді бекіту:Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Сөз тіркестері қандай синтаксистік қатынастарды білдіреді?

  2. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері қалай байланысады?

  3. Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері қалай байланысады?

  4. Етістікті сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?

  5. Күрделі сөз тіркесінің құрамы қандай болады?

Білімді бағалау:Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:284-жаттығу.























Тексерілді ______________Досманова А


Автор
Дата добавления 23.09.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров1403
Номер материала ДВ-004845
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх