Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Қазақ тілі сабақ жоспары "Зат есімді қайталау" (3 сынып)

Қазақ тілі сабақ жоспары "Зат есімді қайталау" (3 сынып)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталау.

Сабақтың мақсаттары: 1) Зат есім, олардың сұрақтары, жалқы есім мен жалпы есім, олардың жазылу емлесі жайлы алған білімдерін практикалық тұрғыда тексеріп, өз ойларын мысалдар арқылы дәлелдеуге үйрету;

2) Оқушылардың ойын дамытып, сөздік қорын молайту;

3) Ана тілінің қадір-қасиетін жете түсінуге және оны өзгеге жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі. Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі. Баяндау, талдау, Венн диаграммасы, топтастыру, 5 жолды өлең.

Көрнекілігі. «Сөз таптары» деп аталатын карта, «Жалқы есім», «Жалпы есім», «Көптік жалғау», «Септік жалғау», «Тәуелдік жалғау», «Жіктік жалғау» деген короналар, «Зат есім» сөзжұмбағы, карточкалар.

Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: - Балалар, сабағымызды ана тілімізге арналған әнімізден бастайық. (Оқушылар әнді орындайды)

Мұғалім: Қасиетті тілімізді әнге қосып шырқап отырған қай ауылдың балалары екен?

Оқушы: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй, - деп ұлы бабамыз Абай айтқандай, әнді сүйіп, ана тілін қадірлеп, ардақ тұтар №4 орта мектебінің 3-Ә сынып оқушылары.

Мұғалім: «Ана тілін білмейінше, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес» - деп, Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтқандай, дұрыс сөйлеп, сауатты жаза білу үшін, қазақ тілінің үйрететін мәселелерін зер салып меңгеруіміз керек.

Өткен сабақта «Сөз таптары» деген тарауды бастап, зат есім тақырыбын өткенбіз.Бүгінгі сабаққа, картада Қазақстан жері қандай кең болса, «Сөз таптары» деген де сондай кең ұғым ғой деп, сөз таптарын Қазақстан картасына бейнелеп алып келдім.

  • Мынау – аумағы ұшқан құстың қанатын талдырған, жүгірген аңның тұяғын тоздырған ауқымы кең «Сөз таптары» деп аталатын мемлекет.Оның 9 аймағы бар. Енді осы мемлекетке саяхат жасар болсақ, ең бірінші болып зат есім аймағына ат басын тірейміз. Зат есім дегеніміз не? Ол туралы осы зат есім аймағынан келген оқушыларға сөз берейік.

Ортаға короналар киген оқушылар шығады.

Зат есім: Картадан көрсетіп: «Сөз таптары» деп аталатын үлкен мемлекеттің бірінші аймағы «Зат есім» - біздің ел.

Біз бүкіл жанды-жансыз заттар мен құбылыстарды кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтар арқылы бүкіл әлемге танытамыз. Біз Жалпы және Жалқы болып екіге бөлінеміз. Мынау – менің Жалпы және Жалқы деген ұрпақтарым.Ал мыналар менің жалғауларым. Енді осыларға сөз берейін.

Жалпы есім: - Зат есім біздің үлкен атамыз. Біз солардан тараған ағалы-інілі Жалпы және Жалқы деген ұрпақтарымыз. Екеуміз екі түрлі болсақ та керекпіз. Мысалы мен – Жалпы деген аталарың боламын. Мен Жалқы інім сияқты көптен бөлініп дараланбаймын. Мен үшін бәрі бір деңгейде, бәрі жалпы. Сондықтан да жалпы атанғанмын. Мысалы: Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін алып қарашы:

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бірқалыпты,

Аралап тау мен тасты арқыраған, -

дегенде тауы мен тасы, өзені мен суы, желі – мен үшін жалпылау ұғымдар.

Мұғалім: Ия, балалар, біркелкі заттарды жаппай атайтын зат есімдер жалпы есім деп аталады. Адамның туыстық атаулары: ата, әже, аға, тәте. Географиялық атаулар: таулар, өзендер, қалалар. Мамандық атаулары: мұғалім, ұшқыш, дәрігер. Адамға берілген жалпылама атаулар: оқушылар, ұлдар, қыздар. Енді жалқы есім деген қонағымызға сөз берейік.

  • Мен – зат есімнің «Жалқы есім» деген ұрпағымын. Мен бүкіл адамзат баласын, асқар-асқар тауларды, айдын шалқар көлдерді, мемлекеттерді, әсем қалаларды, кітап, газет-журнал, ән, күй, би аттарын жекелеп, даралап көрсетемін.

Ірілігім сол емес пе, ылғи бас әріптен бастап жазыламын.

Мұғалім: - Ал , енді зат есімнің жалғаулары қандай қызмет атқарады екен?

Көптік жалғау: - Мен зат есімді көбейтіп байлығын арттырамын.

Септік жалғау: - Мен зат есімді жан-жағындағы елдермен байланыстырамын.

Тәуелдік жалғау: Мен зат есімге жеке меншіктік қасиет беремін.

Жіктік жалғау: - Мен зат есімге баяндылық қасиет беремін.

Мұғалім: - Ой, рақмет сіздерге! Біздің балаларға өздеріңіз туралы жақсы мағлұмат бердіңіздер. Жоғары шығып отырыңыздар. Біздің оқушылар сіздермен әлі де терең танысқылары келеді.

ІІ Топтастыру.

hello_html_263a250e.gifhello_html_m15dd686.gifhello_html_1d0b7faa.gifhello_html_f733345.gifhello_html_m1210e82.gifhello_html_m5714022c.gifhello_html_50e901a8.gifhello_html_67eddfba.gifhello_html_m65eb5417.gifhello_html_m262ea49d.gifhello_html_m262ea49d.gifhello_html_m4e4680bd.gifhello_html_1cbd7991.gifhello_html_1cbd7991.gifhello_html_m5ac220ba.gifhello_html_m2daaefb6.gifhello_html_347ae176.gif














ІІІ Венн диаграммасы.

hello_html_m5a75d77.gifhello_html_m5a75d77.gif

Жалпы Жалқы




IV «Зат есім» сөз жұмбағын шешу.







З











А











Т










Е











С











І











М








  1. Қала аты. 2. Әкемнің әкесі. 3. Менің қалам. 4. Зат есімнің жалғауы. 5. Бақша өсімдіктері. 6. Менен кіші қыз. 7. Жүз жасаған ақын.

V Сюжетті сурет бойынша мәтін құрау.

Жалқы есім мен жалпы есімді, тәуелдеулі зат есімді табу.

VI Құрманғазы сөзіне 5 жолды өлең құрау.

VII Карточкамен жұмыс. Жұрнақтар арқылы туынды зат есім жаса.

мал, ән, комбайн, күре, тара, кітап, (малшы, әнші, комбайншы, күрек, тарақ, кітапхана)

VIII Сабақты қорыту. Бүгінгі сабақта зат есім жайлы білімді тиянақтадық.

IX Оқушылардың білімдерін бағалау.

X Үйге тапсырма.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров354
Номер материала ДВ-476897
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх