Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Қазақ тілі сабағы. Қарама-қарсы сөздер

Қазақ тілі сабағы. Қарама-қарсы сөздер

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Павлодар қаласының

«Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебі» ММ



ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

БОЙЫНША АШЫҚ САБАҚ




ТАҚЫРЫБЫ:


hello_html_6f281205.gif



hello_html_m9356c9f.png


2 «Ә» сынып

Пән мұғалімі: Абдрахманова А.М.







2015-2016 оқу жыл


Пән: қазақ тілі

Сынып: 2 «Ә»

Мұғалім: Абдрахманова Алмагуль Магметоллаевна

Мектеп: КЖОМ

Өткізу уақыты: 21.12. 2015

Сабақтың тақырыбы: Қарама-қарсы мағыналы сөздер

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың антоним деген ұғымынды білуі, таба алуы.

Міндеті:

Білімділік: «Сөз мағыналары» тарау тақырыбын жалғастыра отырып, соның ішінде қарама-қарсы сөздер туралы түсінік беру; антоним сөздерді тауып, оларды ажырата және пайдалана білу.

Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру; түсінігін қалыптастыру,бекіту; шығармашылық қабілеттерін, тіл байлығын дамыту; көркем жазуға баулу.

Тәрбиелік: өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға өздігінен тәрбиелеуге мүмкіндік жасау; бірін-бірі тыңдауға; іздемпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Түрі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы (СТО)

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау.

Формасы: жеке, жұптық.

Құрал-жабдығы:


Сабақ кезеңдері/

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті


Оқушылардың әрекеті

І.Ұйымдастырушылық-мотивациялық кезең. 10 мин.

1)Эмоционалды-психологиялық дайындық

1 мин



2) Тақырыпты қайталау

4 мин









































3) Жаңа тақырыпқа шығу

3 мин.




4) Мақсат қою

2 мин.




ІІ.Операциялық (негізгі) кезең.

23 мин









2) Теориялық білім, біліктерін тексеру.

5 мин



1) Практикалық жұмыс. 18 мин








Сергіту сәті.

2 мин





















-Сәлеметсіздер ме, балалар! Қазақ тілі сабағы.

-Балалар, бір-біріне күлімдеп қарап сәттілік тілеп, өлең шумағын бірігіп айтайық:

Қандай жақсы жеріміз,

Қуанышты еліміз.

Біз мектепке барамыз.

Мықты білім аламыз!

-Бүгінгі сабақтағы жұмыстарын жемісті болуына тілектеспін! Әрбір кезеңнен кейін өзімізді бағалауға ұмытпаймыз. Бағалау парақтары алдарыңда, соларда әр кезең мен бағалау нормалары бар. Соларға назар аударып, әр кезеңде бағалау жүргізулерің керек.

-Балалар, біз өтіп жатқан тарау тақырып қалай аталады?

- Үйге қандай тапсырма берілді?

-Ендеше үй тапсырмасын тексеріп көрейік.

Тапсырманы орындаған, өз туындысын көрсетемін дегендерге рұқсат.

Тамаша, енді біз өткен тақырыпқа байланысты білімімізді мына тест арқылы тексеріп көрейік.

- Әр тест сұрағына жауап береміз. Сендерге берілетін уақыт жектеулі. Уақытты үнемді пайдаланамыз.

Үй тапсырмасын тексеруге арналған тест

1. Синонимдік қатарды табыңыз.

А) Жақсы, жаман В) Сұлу, әдемі

С) бас, қараша D) Жаман, көркем

2. Синоним болатын қатарды белгілеңіз

А) күш, сұлу В) білім, аула

С) зат, нәрсе, бұйым D) Жаман, көркем

3. Мақалды толықтырыңыз: «Аз ... алтын, көп ... көмір»

А) сөз В) өмір С) бас D) көркем

4. «Оқушы» сөзінің синонимін тап

А) бала В) ұрпақ С) шәкірт D) ұстаз

5. «Мұғалім» сөзінің синонимін тап

А) бала В) ұрпақ С) шәкірт D) ұстаз

6. Сөйлемді толықтыр. Көктемнің алғашқы гүлі - ...

А) бәйшешек В) қызғалдақ С) раушан D) қалампыр

7. «Жылдам» сөзінің синонимін тап

А) жиі В) тез С) ақырын D) биік

8. «Күшті» сөзінің синонимін табыңыз.
А) Әдепті. В) Әдемі. С) Сыпайы. D) Мықты.
9. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Іс, сапар. B) Кінәлі, айыпты.
С) Апару, әкелу. D) Жұмысшы, оқушы.
10. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Зор, үлкен. В) Бай, кедей.
С) Пайдалы, зиян. D) Туған, қайтыс болған.
10 жауабы дұрыс – 5

9-8 дұрыс – 4

7-6 дұрыс – 3

Осы тапсырманы бағалауға ұмытпаймыз.

Синоним деген не?

Мысал келтірейік.

Өткен тақырыпты жақсы меңгеріпсіңдер.

Балалар, әр топқа бірнеше суреттер берілді. Суретте не көрдіңдер?

- Осы суретте берілген заттардың ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Түстері бірдей ме?

Осы сөздерге қандай сұрақ қоямыз?

Демек, біздің тақырыбымыз қандай болмақ?

Қандай мақсат қоясыңдар?

Ал, ендеше осы мысалдарға сүйене отырып, қандай ереже құрастыруға болады?

Біз құрастырған ережемізді алдарында жатқан алгоритммен салыстырып көрейік.

Ал, антоним не үшін керек?

Қазір әр топқа тапсырмалар беріледі. Сендер осы тапсырмада мозайкамен берілген тапсырманы жинақтап, мақал-мәтелді оқып, оның мағынасын талдауларың керек.

  1. Берілген сөзге жинау

  2. Мағынасын тану

  3. Қарама-қарсы сөздерді табу

Мақал-мәтелдер:

Жақсының соңынан көп ереді. 
Жаманның соңынан шөп ереді. 

Өтірік – қаңбақ, шын – салмақ. 

Батыр бір өледі,

Қорқақ мың өледі.


Мейірімді  алғыс алса,

Мейірімсіз  қарғыс  алар.


Ақылды  іс  тындырады,

Ақымақ  тіс  сындырады.

Жұмысымызды аяқтаймыз. Ал, балалар, енді бір-бірімізді тыңдап, бір-бірімізді қолдайық.

Ал, осы балаларымыздың жұмысын бағалаймыз.


Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым
Алдыға қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық

Енді жаңа берілген тақырыпқы сай тапсырмаларды орындап көрейік. Алдарыңда деңгейлік тапсырма бар. Сол тапсырмамен жұмыс жасаймыз.

ІІІ деңгей

Мына сөздерге тиісті қарама-қарсы мағынадағы сөзді тауып жаз.

Биік - ..., жақын - ..., жақсы - ...., бүгін - ..., ащы - ..., қисық - ...

Керекті сөздер: жаман, алыс, түзу, тұщы, аласа, кеше.

ІІ деңгей

Мына берілген сөздерге қарама-қарсы сөздер тауып жаз.

Жас - ... Қорқақ - ... Жеңу - ...

Аз - ... Қалың - ... Кең - ...

І деңгей

Қарама-қарсы мағыналы сөздермен сөйлем құрастыр.

Балалар, ІІІ деңгейді аяқтаймыз, тексеру жүргізейік. Ол үшін осы тапсырманың кілттерін алып, тексерейік, әрі өзімізді бағалайық.

Қатесіз - «5»

1-2 қате – «4»

3-4 қате – «3»

Орындай алмадым - ?

Осы тапсырманы орындауда не қиын болды?

Балалар, әрі қарай деңгейлік тапсырманы орындайық.

Тапсырмаларды орындап болған соң, бағалауға ұмытпаймыз.

Жақсы, ендеше бүгінгі сабағымызға қорытынды жасайық. «Дөңгелек үстел» әдісі бойынша бүгінгі сабақта алған білімдеріңді айтуға болады.

(Әр оқушы өз ойын айтады)

Жақсы, енді бүгінгі сабақта қорытынды бағаларымызды санайық. Қорытынды бағаны жинаған баллдарын бойынша қарап, әрбіреу өз бағасын көрсің. Кім қандай баға алды?

Үйге тапсырмалар:

Осымен сабақ аяқталды.

Оқушылар көңілдерін сабаққа аударады.


Өлең шумағын бірге айтады.








Сөз мағыналары.


Кроссворды мен ребусын қорғайды.




Тест тапсырмасын орындау, кілтпен тексеру





Автор
Дата добавления 22.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров191
Номер материала ДВ-278128
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх