Қазақ тілі сабағы Тақырыбы:"Бауырсақтың әні" ертегісі

Предпросмотр материала:

3 сынып                                                          

Тақырыбы: «Бауырсақтың әні» ертегісі

Мақсаты: Балаларға нан туралы білім беру. Балалардың нан туралы түсінігін ертегі арқылы жеткізе отырып, өлеңнің мазмұнын айтып беруге жаттықтыру, үлкендердің еңбегін ардақтап, бағалай білуге тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: наубай-нан пісіретін орын; диірмен-ұн тартатын жер; дала-егін өсіретін алқап; диқан-егін өсіретін адамдар; қырман-астықты жинайтын орын.

Көрнекі құралдар: нан туралы әр түрлі суреттер, нанның дастарханға қалай келетіні жайлы, ертегі бойынша суреттер.

Әдіс-тәсілдер; түсіндіру,оқу, әңгімелеу, жаңа сөздер мағынасын түсіндіру.

Сабақтың барысы:

-Балалар бүгін біз сендермен «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңімен танысамыз.

-Өлең Өтебай Тұрманжановтікі.

-Сендерге мен тамаша бір ертегі айтып берейін сендер мұқият тыңдаңдар, ертегі не жайлы екен.

-Бәріміз мына сыйқырлы тақтаға қарайық.

- Ертегінің аты «Бауырсақ пен тышқан».

Без имени-7-Ертеде тауық пен тышқан керемет дос болыпты.

Без имени-5-Бір күні тауық бір уыс бидай тауып алады да, досы тышқанға бидайды үгітіп беруін сұрайды.

-Ал тышқан болса мен үгіте алмаймын дейді.

-Амалсыздан бидайды тауық өзі үгітеді.

-Диірменнен шыққандай мап-майда ұн жасап, одан қамыр илейді.

Без имени-6-Илеген қамырдан енді бауырсақ пысыр дейді- тышқанға.

-Әлгі еріншек тышқан өзің пісіре салшы дейді

-Содан тауық бір табақ қылып бауырсақ пысырады.

-Әлгі табаққа салынған бауырсақты жоғары көтеріп- бауырсақты кім жейді- дейді?

-Мен, мен,-деп тышқан жүгіріп келеді.

-Сонда тауық:

-Бидайды үгітуге де, бауырсақты пысыруға да ешқандай үлес қосқан жоқсың. Еңбек етсең ерінбей- тояды қарының тіленбей,- дейді де  тышқанды үйінен қуып шығады.

-Содан бері тауықтар тышқанды көрсе, үрке қарайды екен.

-Балалар ертегі үнады ма?- ия.

-Ертегі не туралы айтылған?- «бауырсақ» дұрыс

-Ендеше балалар біз бүгін сабақта «Қайдан келдің бауырсақ» өлеңімен танысамыз.

Без имени-1Дастарханда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ,

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрды көзін сап;

-Қайдан келдің бауырсақ?-

Деп сұрады қуыршақ

Без имени-2-Дүкеннен келдім нан сатқан,-

Деді оған бауырсақ.

Без имени-3-Дүкенге келдің қай жақтан?

 

 

 

-Наубайдан келдім нан жапқан.

                                                    -Наубайға келдің қай жақтан?

Без имени-4

 

 

Без имени-10-Диірменнен келдім ұн тартқан

-Диірменге келдім кең жақтан

Жер- анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

Балалар өлең не туралы айтылған?

-Бауырсақ

-Балалар дастарханға бауырсақ қалай келеді?

-Дүкеннен

-«Дүкенге қалай келеді»?

-Наубайдан.

-«Наубайға қайдан келеді?»

-Диірменнен

-«Диірменге қайдан келеді?»

-Диқаннан

-Дұрыс балалар.

Балалар сендердің үйлеріңде бауырсақты апаларың мен мамаларын неге пысырады?

Без имени-11-Пешке от жағып, қазанға май құйып пысырады.- Дұрыс.

Сергіту: Нан қиқымын шашпаңдар,

                Жерде жатса баспаңдар.

                Теріп алып қастерлеп,

                Торғайларға тастаңдар.

Ойын: «Қайдан келдің бауырсақ»

Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ойын арқылы сабақты бекіту, ретімен орналастыруға үйрету.

Ойын барысы: Бауырсақ қайдан келгені жайлы барлық суреттерді шығарып бауырсақты домалап бару арқылы ойынды ойнату. Балаларға сұрақ қойып, жауап алу.

-Балалар кәне бәріміз сиқырлық тақтаға қараймыз.

-Сендердің алдарыңда  сыйқырлы тақтада карточкалар тұр. Сол карточкаларға қарап сөйлем құрайық.

 

 
 

 

 


Өте жақсы балалар дұрыс.

Сөйлем құрай алдыңдар.

-Тағы сыйқырлы тақтаға қарайық?

-Сендердің алдарыңда әртүрлі суреттер тұр

-Қайсысының бауырсаққа қатысы бар.

Без имени-8Без имени-9-Дұрыс қазан

-Қазан не үшін керек?

-Жақсы  бауырсақ пысыру үшін

-Балалар бүгін сабақа өте жақсы қатыстыңдар.

-Қандай өлеңді тыңдадыңдар

-«Қайдан келдің бауырсақ?»

-Өте дұрыс

-Ойынды да ынталы  ойнадыңдар.

Сабақ аяқталды.

 

 

 

 

 

Қазақ тілі сабағы Тақырыбы:"Бауырсақтың әні" ертегісі

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Рамазанова Сырга Каирбековна

учитель казахского языка и литературы

  • На сайте: 10 лет и 6 месяцев
  • Всего просмотров: 7903
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 5
  • 7903
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Рамазанова Сырга Каирбековна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~160

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: