Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ тілі сабағы. Тақырыбы:Интернеттің құрылысы

Қазақ тілі сабағы. Тақырыбы:Интернеттің құрылысы

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m137c0c09.gifhello_html_7b9d2cf4.gifhello_html_m165808.gifПән:

Қазақ тілі

Мерзімі:

Сынып:7

Мұғалім

Рамазанова С.К.

Сабақтың атауы

Интернеттің құрылысы.Сын есімнің шырайлары

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

«Ғаламтордың құрылысы» тақырыбы  бойынша  мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

 Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді  меңгерту арқылы сөздік қорларын,  тіл байлықтарын байыту.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар үлестіріледі


Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

Интернеттің құрылысы деген не

Ол туралы не білеміз?

Өткенді пысықтау

 II.  Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

Мәтіннің мазмұнын сұрау

Аударма диктант:  система, военные  исследования  , надежность, отрезок, протокол, возможностиъ,  оценить

Жаңа сабақ

ІІІ.Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1.  Кіріспе сөз

2.Сөздікпен танысу: тұтынушы- потребитель

Түйінді машина-  маншина с узлами

Оптикалық  талшық-  оптическая волокно

Үзіліссіз – непрерывно, беспрерывно

Уақытша- временно

Сақтау- сохранять

Ақпарттық-информационный

Жинақтауыш- собиратель

Қамтамасыз  ету-  обеспечивать

А) сөздерді дұрыс айту;

Ә) сөздік дәптерге жазып алу;

Б) сөз тіркестерін құрап жазу

3.Оқылым- мәтінді оқу

Интернет құрылысы

          Интернетте жақсы  жұмыс істеу үшін, оның  құрылысын  білу  онша  қажет болмайды. Бірақ  интернет  жұмысы және пайдаланатын терминдер туралы  біршама білу керек. Бұл жағдай  Интернетті тезірек  меңгеруге көмектеседі. Әрбір тұтынушы  компьютерді  телефон арналарымен, түйінді машиналармен  байланыстырады. Ал түйінді не негізгі  машиналар  бір- бірімен  қуатты  оптикалық  талшықты не спутникті  арналармен  жалғасады. Түйінді машиналар  кез келген  жай  компьютерлер  арасында  байланыс   орнату үшін  қажет. Олар тәулік  бойынша  үзіліссіз  жұмыс істейді,  байланыс сеанстарының   арасындағы уақытта жолда  жүрген ақпартты уақытша сақтайды, ақпарттық  серверлер деп аталатын мәлімет  жинақтауыш  компьютерлермен  жылдам  істейтін  оптикалық  түрдегі   байланыстыру  ісін  қамтамасыз  етеді.

IV. Жаңа сабақты бекіту: Деңгейлік  тапсырмаларды орындау

     ІІІ деңгей

   1.Интернет  құрылыс  мәтінінң кіріспе, негізгі , қорытынды  бөлімдерін  анықтаідар.

    2. Мәтінге  сұрақтар  тізімін дайындадаңдар.

 Сын есімнің шырайларының түрлері

Жай шырай шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ. Мысалы, ол ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын ешқандай салыстырусыз білдіреді.

Салыстырмалы шырай аналит. тәсілмен жасалады, заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.

Күшейтпелі шырайды Төлеуов аналитикалық және синтетмкалық жолмен жасалады десе, Ысқақов осы екі тәсілді шырайдың екі түріне бөліп тастайды, яғни күшейтпелі буын күшейтпелі шырайды, ал күшейткіш үстеулер асырмалы шырайды жасайды деп есептейді. Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.

Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.

   ІІ деңгей

1.      «Ғаламтордың   құрылысы» мәтініт бойынша  мына  мәліметтерді  табыңдар.

А)  негізгі ақпарат

Ә) қосымша ақпарат

2.Мәтіннің мазмұны  бойынша  қорытынды жасаңдар.

І деңгей

«Ғаламтордың   құрылысы»  мәтінінде берілген фактілерге сүйеніп,  Интернеттің  құрылысы  туралы  айтып  беріңдер.

V. Сабақты қорыту:  берілген  сұрақтарға  сәйкес  жауаптарын  тауып, диалог  құраңдар. Өзара сөйлесіңдер:

Сұрақтар

Жауаптары

1.Интернет  деген  не?

2.Интернет  қандай мүмкіндіктерді  ұсынады?

3.Интернет  желісіне қалай   қосылуға болады?

4.Модем  дегеніміз не?

1.Интернет бойынша  соңғы

  жаңалықтар

туралы  ақпарат,

ауа райы  туралы   мәлімет  алуға ,         

электронды пошта арқылы 

хабарласуға болады.

2.Интернет желісіне қосылу үшін 

компьютерге модем    қажет.

3.Бұл компьютерлерге   телефон 

желілері  не басқа да

  байланыс  тораптары  арқылы  

мәліметтер  алмасуға  

мүмкіндік   беретін  құрылғы.

4.Дүние жүзіндегі  компьютерлер мен                                                         с         серверлер  жиынтығы


Ой толғаныс

БББ кестесі


Білем

Білдім

Білгім келеді





Үйге тапсырма


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

hello_html_m27338236.jpg





Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 01.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров209
Номер материала ДВ-300648
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх