Инфоурок Другое КонспектыҚазақ тілі сабағынан ашық сабақ "Ресми іс-қағаздар стилі" (11 сынып)

Қазақ тілі сабағынан ашық сабақ "Ресми іс-қағаздар стилі" (11 сынып)

Скачать материал

Күні:   

Сыныбы:   9ә сыныбы

Пәні:        Қазақ тілі

                                          

 

                                            Сабақ жоспары

 

Сабақтың  тақырыбы:         Ресми, іс қағаздар стилі.

 

Сабақтың мақсаты:

                 Білімділік:          Ресми, іс қағаздар стилі туралы, ресми, іс қағаздар

                                              стилінің даму тарихы туралы білім қалыптастыру.

                                              Ресми, іс қағаздар тілін меңгерту.

                                              Ресми түрде жазу сауаттылығын қалыптастыру.

       Дамытушылық:        Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту.

                                             Өз ойларын тиянақты, нақты жеткізе білуге үйрету.

              Тәрбиелілік:        Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік   

                                  .         құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның

                                            қазақ тілінің мемлекеттік тіл ертінде қызмет етуі-

                                           нің алғы шарттарының бірі екенін ұғындыру.

Сабақтың түрі:               аралас сабақ

Сабақтың типі:               жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі:     түсіндіру, іздену

Сабақтың көрнекілігі:   слаидтар

Пәнаралық  байланыс:   тарих, логика, қазақ әдебиеті.

 

 

                  Сабақ барысы

 

Ұйымдастыру кезеңі.

      Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Сыныпты түгендеу. Оқу құралдарын дайындату. Сабаққа назарларын аударту.

 

Үй тапсырмасын тексеру.  Көркем әдебиет стилі.

 

Үй тапсырмасын бекіту.                    жаттығуларының орындалуын тексеру.

 

Жаңа сабақты түсіндіру.

     Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі-оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стилдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрылымдағы іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.

    Іс қағаздары дегеніміз жеке адамның, ұжымның, фирмалардың, мекемелердің атқаратын қызметтеріне байланысты пайда болатын жазбаша (ауызша) қарым-қатынас құралы.

Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор.Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда із қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді, уақиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.

     Іс қағаздары басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді.

     Құжаттау дегеніміз кез келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толықтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс та, мекеме ішінде дайындалған құжаттармен жұмыс та, сырттан келген құжаттармен жұмыс та, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға даярлау, архивке дайындау сияқты толып жатқан жұмыстар кіреді.

     Адам өмірі де құжаттармен тікелей байланысты. Адам дүниеге келгенде оған алғашқы құжат-тууы туралы  куәлік жазылады. 16 жасқа келгенде жеке басын растайтын құжат-жеке куәлік алады. Мектепті бітіргендігі-орта білім туралы аттестатпен расталады. Жоғарғы оқу орнын бітірген шақта диплом беріледі. Жұмысқа орналасу барысында да өтініш, түйіндеме, жеке іс парағы т.б. іс қағаздарын жазады. Ал еңбек жолын бастағандығы еңбек кітапшасында жазылады. Өмірдің түрлі жағдайында сенімхат, қолхат жазуға, еңбек келісімін жасауға, өмірбаян мен мінездеме, жазуға жеделхат, телеграмма, факс жіберуге тура келеді.

     Қазақ ресми іс қағаздар стилі халықтың қоғамдық өмірімен, мәдени өркендеуімен, әдеби тілдің дамып, жанрлық тармақталуымен, қоғамдық қызметінің артуымен байланысты дамып, жетіліп отырған. Қазақ ресми іс қағаздар тілінің тарихына шолу жасай отырып, оның екі түрлі арнадан сусындағанын байқауға болады.  Бірі-сонау көне дәуірден бері үзілмей келе жатқан хан жарлықтары және басқа да құжат үлгілері. Екіншісі-қазақ жерінің Ресей мемлекетінің қол астына кіруімен байланысты қазақ тіліне аударылып таратылған   орыс әкімшілік орындарының бұйрықжарлықтары, заңдары, қатынас қағаздары. Яғни, қазіргі қазақ ресми іс қағаздар тілі жоқ жерден пайда бола салмаған, өзіндік тарихы бар құбылыс.

XVIII ғасырдағы қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі.    Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларыны, старшиналарының  патшаға және орыс әкімшілік орнына жазған хаттары жатады. Бұлардың бірқатары Қазақстан тарихына, қазақ орыс қатынастарына, қазақ хандықтарының тарихы, сол кезеңдегі  саяси құрылыс туралы т.б. жинақтарда жарияланды.  Бұл ресми іс қағаздары сол кезеңдегі қазақ даласының саяси әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар, бізге сол ғасырдағы қазақ ресми іс қағаздарының тілі қандай болғанын көрсетеді.  Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарында түрлі дәрежедегі лауазымды адамдарды, әкімдерді дәріптейтін тұрақты эпитеттердің қолданылуы шарт болды. Және лексикалық ерекшеліктері: араб парсы элементтерінің өте көп кездесетіндігі мен қазақ жерінің Ресей империясына бағынуына байланысты орыс сөздерінің қолданыла бастауы.

XIX  ғасырда қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі.

Бұл кездегі ресми іс қағаздар тіліндегі гармматикалық, синтаксистік, лексикалық ерекшеліктер XVIII ғасырдағы ресми іс қағаздар тіліне ұқсас болғанымен, бұл кезеңдегі ресми іс қағаздар тілінің халыққа біршама түсінікті, әрі қарай дамыған, нормалана түскен тіл болып қалыптаса бастағанын байқауға болады. Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарды мазмұны мен адресаттарына қарай мынадай топтарға бөлуге болады: 1) патша үкіметі тарапынан жазылған бұйрықжарлықтар; 2) заң, сот  істеріне байланысты бұйрықтыр, анықтамалар; 3) жеке адамдардың ресми органдарға жазған арыз, өтініштері;.

     XX ғасырдағы ресми іс қағаздар тілі.   XX ғасырдағы қазақ халқының өміріндегі саяси әлеуметтік дамуға ғылым мен жалпы мәдениеттегі әр алуан өнер білім саласындағы өзгерістерге байланысты, сондайақ орыс тілінің әсерінен де түрлі жаңа атаулар, тың ұғымдар, терминдер, терминдік сөз орамдары, аударма ыңғайында баламалар пайда болды. Осы жағдайлардың бәрі қазақ әдеби тілінің, оның ішінде ресми іс қағаздар тілінің жалпы қалыптасу барысында ізсіз қалған жоқ. Демек, қазіргі қазақ тілінің  фонетикалық, лексикалық, грамматикалық нормалары біртендеп даму үстінде болды. Әрдайым екшеліп, үнемі сұрыпталып отырды.

 

     Іс қағаздарының түрлерімен таныстыру.

Іс қағаздары мазмұны мен қызметіне қарай жеке адамға қатысты және қызметтік болып бөлінеді. Қызметтік іс қағаздары мекеме немесе сол мекеменің жауапты адамының атынан, ал жеке іс қағаздары жеке азаматтар атынан жазылады.  Жеке адамға қатысты іс қағаздарына мыналар жатады: өмірбаян, арыз, сенімхат, қолхат, төлқұжат, куәлік, білімі туралы куәлік т.б. Қызметтік іс қағаздарына мекемелер мен ұйымдардың іс жүргізу барысында дайындайтын барлық құжаттарын жатқызуға болады.

Іс қағаздары формасына қарай  типтік, трафеттік және еркін мәтінді болып бөлінеді.  Типтік іс қағаздары деп қалыптасқан мәтін үлгі бойынша жазылатын іс қағаздарын айтамыз. Мысалы: арыз, өтініш т.б.  Трафеттік іс қағаздары деп мәтіннің белгілі бір бөлігі алдыг ала типографиялық әдіспен басылып дайныдалған құжаттарды айтамыз. Мәтіннің алдан ала дайындалғаг бөлімінде өзгермейтін ақпарт жазылады.  Мысалы: оқушының белгілі бір оқу орнында оқитынын растайтын анықтама. Мұнда оқушының аты жөні, оқитын мектебі мен сыныбы жазылатын арнайы орын қалдырылып, қалған бөлігі типографиялық әдіспен басылып шығарылады.Еркін мәтінді іс қағаздарына қалыптасқан үлгі бойынша емес оны жазушы адамның еркінше жазылатын құжаттар жатады. Мысалы: пікір.

  Шығу, жасалу деңгейіне қарай іс қағаздары түпнұсқалық және көшірмелік болып бөлінеді. Түпнұсқалық іс қағаздарына кез келген құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы жатады. Ал көшірмелік іс қағаздарына түпнұсқаның мәтіні сол күйінде, өзгеріссіз сақталынып алынған  толық нұсқасы немесе ьелгілі бір бөлігі жатады. Көшермелік ісқағаздарына кез келген құжаттың көшірмесін, үзіндісін, дубликатын жатқызуға болады.

 

 Іс қағаздары мазмұн жағынан әртүрлі болып келгенімен олардың барлығына ортақ жалпы сипаты болады:

1.     Белгілі бір қалыптасқан үлгіде баяндау тәсілімен жазылады.

2.     Лексика фразеологиялық құрамы өзгеше болып келеді.

3.     Ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.

 

Жаңа сабақты меңгерту.   Оқушыларды слаидтарда арнайы көрсетілген іс қағаздарының үлгісімен таныстырамын. Сол үлгілердің негізінде іс қағаздарын өздеріне жаздыртамын.

 

Жаңа сабақты бекіту.   

   Оқулықпен жұмыс.

№ 62 жаттығу. Кәсіпкерлік іс жөіндегі жолдаманы оқып, оның құрылысымен таныстыру, талдау.  Жаттығуды көшіріп жаздырту.

№ 63 жаттығу.  Хатты оқып құрылысын талдау. Постскриптум мағынасын түсіндіру. Постскриптум қызметтік  хатарда мынадай екі түрлі жағдайда жазылады:

1.              Адресатқа міндетті түрде жеткізілуі тиіс мәлімет хаттың негізгі мазмұнында айтылмай қалса, хат дайныдалып қол қойылып қойса, қойылған қолдан кейін “p.s” белгісі қойылып, қосымша айтылатын мәлімет жазылады.

2.              Хат мазмұнында айтылған ақпарат, мәлімет өзгертілген жағдайда да қойылған қолдан кейін жоғарыдағы белгі қойылып жаңа ақпарат жазылады. Ол да қайтадан қойылған қолмен расталады.

Хатты көшіріп жаздырту.

 

Үй тапсырмасын беру.   §6: §6.1 оқу. №64 жаттығуды орындау. Әр оқушыға өз қиялдарымен, армандарымен визит кртточкаларын дайындату.

 

Бағалау.  Үй тапсырмасын орындап келулерін, сабаққа қатысуын саралай отырып оқушылар білімін бағалау.

 

Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі сабағынан ашық сабақ "Ресми іс-қағаздар стилі" (11 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2016 10760
    • DOCX 50.5 кбайт
    • 39 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каденова Гулдаурен Абдуалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20527
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе