Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Қазақ тілі сабағынан "Тұрлаулы мүшелер" (3 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Қазақ тілі сабағынан "Тұрлаулы мүшелер" (3 класс)

библиотека
материалов

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепный №1 ЖОББ мектебі

Джарылгасова Лаура Уразовна 3 ә сыныбының мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер

Білімділік: бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері екенін ұғындыру; Дамытушылық:  жаттығуларды,  тапсырмаларды орындата  отырып, танымдық ізденушілік, есте  сақтау, ойлау, шығармашылық  қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:   қазақ тілін құрметтеуге, өз тілін  терең түсініп, дұрыс, жүйелі түрде  сөйлей білуге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа  сабақты  меңгерту.
Сабақтың типі: Топтық   сабақ.

Сабақтың  көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар, оқулық, сызбалар.
Сабақтың  әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, дәптермен  жұмыс,  жаттығу  орындау;
Сабақтың  барысы:           

 І.Ұйымдастыру

Балалар, бүгін үш топқа бөлініп білімімізді көрсетеміз және өзімізді өзіміз бағалаймыз.Бағаға әділ болайық.
ІІ.  Өткен  сабағымызға  қысқаша  шолу. Ол үшін 5 сұрақтан тұратын тест жұмысы беріледі. Сендер,алдарыңдағы қалақта жазылған әріптерді көтеру арқылы жауап бересіңдер. Топ басшысына «бағалау » парағын беремін.

Экранда сұрақтар беріледі.

Бастауыш дегеніміз не?

  • а/ Зат есім

  • ә/ Не істеді?, неғылды?, қайтті? сұрақтарына жауап береді.

  • б/ Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөз

Сөйлем түрлерін ата

  • а/ сипаттау, әңгімелеу, пайымдау

  • ә/ Басы, негізгі ой, қорытынды

  • б/ Хабарлы, сұраулы, лепті

Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

а/ Аяқталған ойды білдіреді.

ә/ Нақты сұраққа жауап беретін толық мағыналы сөз

б/Бастауыштың ісін, қимылын білдіреді.

Баяндауыш дегеніміз не?

а/Бастауыштың ісін, қимылын білдіреді.

ә/ Кім? Кімдер? Не? Нелер сұрақтарына жауап береді

б/ нақты сұраққа жауап беретін, толық мағыналы сөз

Сөйлем дегеніміз не ?

а/ Жауап алу мақсатымен айтылады

ә/ Аяқталған ойды білдіреді

б/ Адамның көңіл-күйін білдіреді?

Барлық жауаптарың дұрыс болса, 5 ұпай:

1 қате болса-4 ұпай,

2 қате болса-3 ұпай

3 қате болса-2ұпай

4 қатеге-1 ұпай

барлығы да қате болса-0 ұпай

Енді экранға назар аударайық. Нені көріп тұрмыз? Қар жауып тұрған суретті.Сөйлем құрайық.

Қар жауды./ талдау/. Бүгін жапалақтап қар жауды./ талдау/. Қар жауып тұр./талдау/Осы сөйлемде тек бастауыш пен баяндауыштан тұрған сөйлем қайсысы? Бірінші және үшіншісі. Дұрыс.

Ендеше бүгінгі бастайтын сабағымыз Тұрлаулы мүшелер.

Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем мүшелерін –тұрлаулы мүшелер дейміз.Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді. /Хормен айтқызу, жаттату/ Тек қана бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем ойлайық.

1 топ сөйлем айтады.

2 топ Сол сөйлемді талдайды.

3 топ Ережені қайталайды.

Үш топқа сөздер жазылған топшама беріледі. Сол сөздерден сөйлем құрап,талдайды. Сызады, үстіне сұрақтарын жазып, сөздердің байланысын табады.

1 топқа. Мектепте асхана бар./ тақтада орындайды.

2 топ. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді./ орындарында талдауды.

3 топ. Балалар үзілісте асханаға келді. /орындарында талдайды және тақта алдында қорғайды.

Дәптермен жұмыс

62-жаттығу

Экранда беріледі. Балалар мәтінге ат қойып, тыныс белгілерін салып дұрысын жазады.Тұрлаулы мүшелерді тауып астын сызады.

Балалар Ақлима әжейге көмекке келді қыздар үй тазалады ұлдар отын жарды Ақлима әжей балаларға риза болды.

63-жаттығу Берілген мақалға ұл балалар бөлек, қыз балалар бөлек әңгіме жазады.

Әкеге қарап ұл өседі, Шешеге қарап қыз өседі.



Жоспар Жоспар

Әкеңнің отбасындағы орны. Отбасындағы ананың орны

Әкеңнің жақсы қасиеттері Анаңның жақсы қасиеттері

Әкеден не үйренуге болады? Анаңнан қандай үлгі алар едің?

Әкеңе қарап ер жеткің келе ме? Анаңа қарап бой жеткің келе ме?

Сергіту сәті

64-жаттығу

Тақтадағы суреттен нені көріп тұрмыз. Бұл қай ертегіден алынған.Әр топқа әр түрлі сөйлем берілді. Сол сөйлемдер мына суреттің қайсысына келеді. Астарына әкеліп жапсыру және талдау.

hello_html_6b6c36bd.pnghello_html_m1ab98a5d.png

Құмыра түлкінің басына сыймапты. Түлкі тырнаға тамақ беріпті.

2,17

Түлкі тырнаны қонаққа шақырыпты.

Әр топ уақытында бағалап отыру. Үш топқа сабақты қорытындылау үшін үш түрлі тапсырма беремін.

1 топ Сәйкестендір

Тұқым


оқиды

Бала

ұшқыш

Тістері

көбейеді

Тоқтар Әубәкіров

күркіреді

Күн

маржандай



2 топ Семантикалық карта

Сөздер

Бастауыш

Баяндауыш

Бала



қарады



жарқырады



барады



журнал



машина



күлді



кітап



баяндауыш

3 топ Венн диаграммасы

бастауыш







IV Қорытындылау

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Тұрлаулы мүше деп нені айтамыз?

V Бағалау

Топ басшысының бағасын талқылау, бағалау

VI Үйге тапсырма

65-жаттығу Суретке ат қойып ,әңгіме құрастыру. Тұрлаулы мүшелерді табу.

Сабақ аяқталды.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров141
Номер материала ДВ-369584
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

1 год назад

өте жақсы сайт маған қатты ұнады

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх