Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қазақ тілі сабағында АКТ қолдану
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Қазақ тілі сабағында АКТ қолдану

библиотека
материалов

«Ақсу қаласы №1 қазақ орта мектебі» КММ



Баяндама



Тақырыбы:

hello_html_9d91cd.gif







Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Зкенова Г.Ш.
















2016 жы


Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет , телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие.Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде.
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.
Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барысында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.
Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы. Сол себепті еліміздің барлық білім беру ошақтары қазіргі озық технологиялармен жабдықталып, мультимедиялық кабинеттер ашылды. Ең алдымен технология туралы жалпы мәліметті қарастырайық.Сөздіктерде «Технология» деген адамдардың нақтылы күрделі үрдісті өзара байланысқан жүйелер, рәсімдер мен операцияларға жіктеу арқылы жүзеге асыру тәсілін айтады. Бұл арада рәсім деп басты үдеріс (немесе оның бір кезеңі) жүзеге асыратын, нақтылы технологияның мәнін білдіретін әрекеттер кешенін айтамыз, ал операция – осы рәсім аясындағы міндеттерді практикалық жағынан шешу жолы.
Поляк педагогы В. Оконь оқыту құралдарын мұғалімнің іс-әрекетін ауыстыру мен білім алушылардың әрекетін автоматтандыру мүмкіндігінің өсуіне байланысты жіктейді. Осыған сәйкес, оқыту құралдары екі топқа бөлінеді: жәй және күрделі. Жәй құралдар: сөздіктер, оқулықтар және басқа да мәтіндер; қарапайым визуалды құралдар: нақтылы заттар, модельдер, суреттер.Күрделі құралдар: механикалық визуалды құралдар: кодоскоп, диапроектор және т.б; аудио құралдар: магнитафон, радио, музыка ойнатқыш; аудиовизуалды: дыбысты фильм, телевизор, бейнежазба; оқыту процесін автоматтандыру құралдары: мультимедиялық кабинет, компьютерлер, ақпараттық жүйе, телекоммуникациялық жүйе. Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды оқушыларды қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр.

Өмірдің әр алуан саласына ақпараттық процестердің енуі жаңа ақпараттық технологияларға негізделген білім беру жүйесінің жаңа моделін құруды талап етеді. Бұл ретте оқушының шығармашылық қабілетін аша білу үшін жағдай жасау, оның қабілетін дамыту, өзін-өзі жетілдіру және жауапкершілікке тәрбиелеу сөз болады. Білім және біліктілік адам үшін маңызды құндылықтарға айналады. Соған орай білім жүйесі де дайын білімді игеруге ғана емес, интеллектуалдылықты қалыптастыруға, жеке танымдық әрекетті қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Адам әрекетінің әр түрлі саласында озық ақпараттық технологияларды пайдалану өзекті болып барады Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын, ойын дамытуға ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын қамтамасыз етеді. Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды қазақ тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда қазақ тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.
Ең тиімді программалардың бірі Microsoft Power Point.
Ол мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамасыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т.б.
Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
• тақырыпты оқып үйретеді;
• дұрыс сөйлеуге ;
• ережелерді сызбалар арқылы түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі. Көбіне мен компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде және қорытынды сабақта қолданамын. Интерактивті тақтаға аудио таспадағы өлеңдерді, электронды оқулықтарды компьютер арқылы енгізіп, тақырыбы бойынша сабақта қолданамын. Бұл көрнекі құралдар тақырыпты ашуға, оқушыға жеткізуге көп көмегін тигізеді. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Интерактивті тақтаны оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі тақырыпта материалдар енгізіп қоюға болады, кез-келген керек уақытта сол материалды ойланбай қолдануға болады. Интерактивті тақтаны тәжірибеде кеңінен қолдана отырып, төмендегідей қорытындыға келдім: оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады; қарым-қатынас дағдыларын дамытады; оқу процесін жекешелендіреді және ерекшелендіреді; оқушылардың ойлау қабілетін дамытады; тақта аркылы сабақта әртүрлі тиімді әдістерді қолдануға мүмкіндіктер ашылады.

Интерактивті тақта – топтағы оқушылардың барлығын оқытуға және оқытушы жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін, көзге көрінетін құнды құрал. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалдарды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор. Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады. Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таң қалдырады, шабыттандырады. Көптеген мектептерде интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін білмегендіктен, тек слайд көрнекіліктер көрсетумен ғана шектеліп жүрген мұғалімдер бар. Алайда интерактивті тақтаның қолдану мүмкіншіліктері өте көп. Мысалы, ActiveBoard электрондық тақтасы: материалды қызу талқылауға ерекше бөліп көрсетуге, нақтылауға, қосымша ақпарат қосуға, электрондық маркер арқылы түсін және сызықтың қалыңдығын өзгертуге; сөздер мен сөйлемдердің бір-бірімен байланысын көрсете отырып,талдауға; flash–анимациаларды пайдаланып, көру,есте сақтау диктанттарын жүргізуге, суреттермен слайдтар жасауға болады. Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары: бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы; сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып, жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы; берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудио-хабарлар. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.

АКТ-ны пайдалануда сабақтың мынадай ерекшеліктері бар:

-Мұғалім оқушыға сұрақ қойып, тез арада оқушы оған жауап береді;

-Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді;

-Оқушының компьютермен жұмыс барысында пайда болған қиындықтарды уақытында шешуге болады;

-Кейбір амалдарды оқушы өз бетінше орындайды, компьютерді жұмыс істеуге үйренеді;

-Сыныптағы оқушылардың барлығынан жауап алуға болады және алған білімдерін практикамен ұштастырады;

-Білімі төмен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді;

Электрондық білім беру пайдалану арқылы  даралып оқытуға ақпа­­­раттық-коммуникациялық  техно­логияларды пайдаланудың тиімділігі:
1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау (музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне-клиптер,слайд-шоу).
2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы  өз  ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық   ұсынылымын, әртүрлі аудиторияға бір ғана  оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды.
3. Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.
Ақпараттық технологияны сабақ­та пайдалану нәтижесінде төмен­дегідей жетістіктерге қол жеткіземіз.
1. Сөзжұмбақ, кестелерді құру үшін  дербес  ком­пьютерді қолдану арқылы грамматикалық және лексикалық оқу материалдарын өңдеу.
2. Сөздерді  сауатты жазу мен  көркемдеп  безендіруді  үйретеді.
3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы   оқу­шылардың өзіндік және  жұмыс жасауды  игеру мен білім  алуды кеңейту.
4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқу­­­шы­лар электрондық пошта арқылы хат-ха­­бар­­лама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу.
Оқушылардың пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушыда жаңаша көзқарасты, терең ойлы болу керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек. Қоғамның басты бағыттарының бірі – білім беру процесін ақпараттандыру. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану білім беру үрдісінде тиімді және білім сапасын көтеруге ықпал жасайды.Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану, әлемдік білім кеңістігіне толығымен еніп, халықаралық деңгейге көтерілуде білім беру үрдісіне ақпараттық – коммуникация технологияларының жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғарғы тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Қорыта келгенде сабақта компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы.Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді Ақпараттық –коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.



Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана.- 2013ж.

2. Г. Н. Губайдуллина «Педагогиканы оқыту әдістемесі» Алматы, 2011ж

3. С. Т.Мұхамбетжанова, Ж. Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасау. Әдістемелік құрал.-Алматы,2008ж.

4. М. Мақсұтқанова, Интерактивті тақта. Оқыту-тәрбиелеу технологиясы, 2010ж.

5. С.С.Сенғалиева Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану. Бастауыш сыныпта оқыту, 2010ж. №5

6. Г.Байтилеуова, «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі». Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6

7. Г.Оразәлі Мектепте интерактивті тақтаны қолдану. Білім әлемінде, 2010ж. №5

8.Г.Т.Жаримбетова, Интерактивті тақтада жұмыс жасау мүмкіндіктері. Мектептегі технология, 2008ж. №9

9.Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4 «Инно­вациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері».
10.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №11 «Электрондық оқулықтарды пайдаланудың педагогикалық ұстанымдары».
11.Қазақстан мектебі. 2009 ж. № 8 «Электрондық оқытудың әдістемелік аспек­тілері».











Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 28.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров237
Номер материала ДВ-561347
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх