Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ тілі сабағында АҚТ-ның тиімді қолданылуы.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Қазақ тілі сабағында АҚТ-ның тиімді қолданылуы.

библиотека
материалов

Қазақ тілі сабағында АҚТ-ның тиімді қолданылуы.


Ғайнигүл Манатайқызы Жақыпова

18 жалпы орта білім беру мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Сұрақ қойған бес минут қана ақымақ болса,

Оны қоймаған өмір бойы ақымақ боп өтеді.

Қытай даналығы.

Әр жыл сайын тиімді және таралған білімдендіру электрондық басылымдары мен ресурстары негізделген ақпараттық технологиялардың қолданылу аясы айқындала түсуде. Компьютерлік технология - оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін, әдісін және тәрбие құралдарын анықтайтын технологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастырудың ең тиімді жолы болып табылады.

Соңғы жылдары қазақ тілін оқытуда және білім беруді компьютерлендіруде ақпараттық технология пайдалану туралы мәселеге баса назар аударылуда. "Қазіргі ақпараттық құралдар - бұл тек спутниктік және кабельдік телевидение, бейне және дыбыстық жүйелер, электрондық ойындар емес, сонымен бірге тілді окытудың жаңа жүйесі, ерекшелігі және тәсілін атқаратын негізгі бағыты болып табылады (И.Г.Гальперин).

Осы мақсатты іске асыру барысында, яғни мемлекеттік тілді оқытуда мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушылары пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсатында дәстүрден тыс әдістер мен тәсілдерді іздеуде. Өйткені қызығушылық дегеніміз - үйренушілердің шығармашылық және ойлау қабілетін арттыруға септігін тигізетін ынта-лылық.

Оқытушылық қызметте накты әдістемелік нысандарда, сонымен қатар психологиялық міндеттерде осы әдістердің ерекшеліктеріне сүйенеміз.

Олар:

оқушылардың жеке басының есте сақтау қорлары мен интеллектуалдық белсенділігін дамыту;

психологиялық кедергілерді меңгеру;

практикалық сабақ кезінде оқытушы мен курсанттардың белсенділігі мен оқыту әдісін бекіту;

Бұл үдеріс - коммуникативтік оқыту кезінде жақсы нәтижелерге қол жеткізеді және оқушыларға кәсіби бағдарлы білім беруде тиімді амалдардын бірі.

тәрбиелік және психотерапиялық оқу үдерісін іске асыру.

Осындай мотивацияны арттыру үшін оқу-әдістемелік жұмыс негізгі амалдар, тәсілдер және жаңа техникалар арқылы жүзеге асырылады.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланатын әдістер мен Интернет секілді қазіргі тәсілдер -жеке бағдарламалық бағытта көмегін тигізеді, курсанттардың қабілетіне қарай оқытудың дифференциациясын қамтамасыз етеді және пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Бүгінгі таңда адамзат өмірінде компьютердің қолданылмаған жері жоқ. Әр салада компьютерлік технология белсенді қолданылуда, ал интерактивті бағытта оқытушы мен курсанттарға көмекші құрал.

Психологиялық көзқарас тұрғысынан қарағанда компьютермен оқытудың тиімділігі мол. Оқу-әдістемелік жұмысының тиімділігін, практикалық сабақтың қызығушылығын қамтиды. Егер компьютерлік бағдарлама сауатты құрылса, онда ол оқытушыға уақыт үнемдеуге және үиретудің кейбір тиімді сәттеріне назар аудартуға көмегін тигізеді. Ал, курсанттар нұсқаушы - компьютердің арқасында өздерін болашақ маман ретінде жауапкершілік сезінеді. Компьютерлік технологияның тиімділігін арттыру үшін бағдарламада әртүрлі жаттығулар мен ойын элементтері мен ән-музыканы қолдануға болады.

Аталмыш технология практикалық сабақты жүйелі ұйымдастыруда маңызды. Ол әдістердің негізгі функциясы - болжамдық болып есептеледі, және негізгі қызметі - жобалау, себебі жоғары білікті мамандарды даярлауда жалпы мақсатты және нәтижелерді, негізгі кезендерді білім-тәрбие процесінің тәсілдері мен ұйымдастыру формаларын жоспарлайды.

Компьютерлік технологияларға әртүрлі ғылым мен практикалық басқа салаларының арнайы жаңа ақпараттық әдістері, тақырып бойынша лексика-грамматикалық жаттығулар жатады.

Әсіресе үйрету технологиясында қарастырылған үйрену мен дағдылану әрекеттерінің қалыптасуы әр сабақта қолданылады:

1. ойлау қызметін жинақтап қорыту;

2. практикалық іс-әрекет пен ойлаудың жылдамдығы;

3. ойлау мен еңбектің икемділігі және дербестігі.

Лексикалық және грамматикалық материалын сұрыптау ұстанымдары анықталып, оны компьютерлік технология бойынша практикалық сабақта тиімді түрде беру жолдары белгіленеді және бақылау жұмыстарын жүргізуге болады. Мысалы:

а) сөздің жеңіл-қиындығы мәнін ескеру;

ә) сөздің тіркесу қабілеті;

б) сөздің синонимдік қасиеті;

в) сөздің мағынасын түсіну және сөйлемде дұрыс қолдану;

г) сөздің мағынасын дұрыс аудару.

Компьютерлік технология арқылы сөздерді таңдау, іріктеу мәселесімен айналысуға және әртүрлі тапсырмаларды бақылауға болады. Оқушылар түсініктерін кеңейтіп, сөздерді дұрыс қолдануға дағдыланады және тақырып бойынша ойларын жеткізуге осындай компьютерлік технология пайдалы.

Бұл технологияның ерекшелігі – сөздерді есте сақтап, тез меңгеруге және байланысты лексика-грамматикалық материалды арнайы компьютерде дайындау қажет.

Компьютермен жұмыс істеу өте қызықты. Үлгерімі нашар оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығатын болады, өйткені кейбір жағдайда компьютер оның білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Балалардың білім сапасының жоғарлауына, жекелей ерекшеліктерінің ескерілуіне ықпал етеді. Жаттығу жұмысын орындау барысында оның жауаптарына машина тура және үздіксіз серпілісті қамтамасыз етеді. Оқушы жұмыс қарқынын өзі ажырата білсе де, компьютер оқытудың даралығын жақсартады. Оқушы қанша қате жіберсе де, қатені талдау мен түзетуге уақытта мол болады.

Ең алдымен компьютер оқытушыға оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыруына жәрдем береді. Ол үшін мынандай жаттығулар мен әдістемелік тәсілдерді қолдану ұсынылады.

1. Сұрақ-жауап диалогы.

Оқушылар сұраққа құрылған лексика-граматикалық материалдар негізінде сұрақтарға жауап беруі керек.

2. Таңдамалы жауаптармен жүргізілетін тапсырма. Компьютерге жауап беру үшін оқушы ұсынылатын нұсқалардың бірін таңдауы қажет.

3. Еркін құрылған сөйлемдерді стильдік түзету.

4. Толықтыруды керек ететін жаттығулар.

Компьтер толықтыруды керек ететін сөйлем жиынтықтары мен мәтіндерді ұсынады. Сөздерді аудару үшін көмекші құрал ретінде беріледі, немесе компьютерұсынған жауаптардың нұсқалары ішінен қажетті сөздер мен сөз тіркестермен толықтырылады.

5. Сөздік меңгерудегі өзін-өзі бағалауға арналған жаттығулар.

Бұл жаттығуларды орындау кезінде төмендегі нұсқалар пайдаланылады:

- сөздердің синонимдік пен антонимдік қатарын тауып алуіға көмегін туғызады.

- граматика мен орфографияны тексеруге жаттығулар беріледі.

Соның нәтижесінде асықпай компьютермен еркін жұмыс істей отырып, өзбетімен ойлануға дағдылануы, оқу қабілеті артып, білім нәтижесінде көз жеткізеді. Кәсіби бағытта оқу-әдістемелік үдерісін, ой-санасын, іскерлік қабілеті мен біліктілігін арттыруға ықпал етеді де сабаққа деген ынтасын және белсенділігін күшейтеді.

Демек, бұл бастама біраз ізденістерді қажет ететіні сөзсіз. Әрине әр практикалық сабақта компьютерлік технологиямен білімді жетілдіру мақсат емес, бірақ оқу-әдістемелік жұмысында кездесетін түрлі ұйымдастыру жұмыстарына жауапкершілікпен қарауға осы бастан бейімделу қажет.


1.1 Компьютерлік технологияны оқыту процесінде қолданылу ерекшеліктері.

Қазіргі қазақстандық қала мектептерінің көпшілігінде дерлік компьютерлік сыныптар, кабинеттер жабдықталған. Ал кейбір мектептерде мультимедиялық кабинеттер білім сапасын кетеруге үлес қосып келеді. Өзге тілді мектептерде қазақ тілін оқытуда осы даму деңгейін мүмкіндігінше молырақ қолданылу барысын қарастыра келе, қолдан келетін әдістердің тиімділік қол жеткізу үшін жеткілікті екенін байқадық. Соның бір мысалы ретінде компьютердің көптеген мүмкіншіліктерінің кейбірін сипаттай отырып, сабақта қолдану жолдарын қарастырып өтейік.

Компьютердің үлкен әрі кең мүмкіншіліктерінің бірі — ИНТЕРНЕТ жүйесі екені белгілі. Таяу арада қазақстандық мектептерді компьютерлендірудің жаңа деңгейінде жүзеге асырылатын бір түрі — қаламен бірге ауыл мектептерінде тұтастай дерлік интренет жүйесіне қосу деп күтіп отыр. Осы мақсаттың орындалуы білім беру ісін өзінен-өзі сапалы дәрежеге көтермейтіні белгілі. Ол үшін пәндерді оқыту әдістемесін сол компьютерлік интернет жүйесіне қосудың амалын қарастыруымыз керектігі белгілі.

Мектептегі оқу пәндерін оқытуды сапалы дәрежеге көтеруге мүкіндігі мол деп отырған интернеттегі бағдарламалардың қоры туралы айтатын болсақ, ол бағдарламаларды оқыту процесіне қосып алудың кейбір жолдары ғана белгілі екенін компьютерді оқыту процесінде қолдануды зерттеген ғалымдар атап көрсетеді.

Жалпы, ингренетті қазақ тілін оқытуда қолдану жолдарын зерттеу — болашақтағы үлкен міндетіміз десек те, осы мәселені мақсаты мен міндеттері туралы қысқаша таңдап өткіміз келеді. Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқытуда интернет жүйесін қолданудың тамаша үлгісі деп Қ.Қ.Қадашева, Э.Д.Сүлейменованың интернетке қосылған қазақ тілін үйрету бағдарламасын айтуға болады. Сонымен бірге Л.Құрышжанованың еңбегі де осы мақсатқа лайықталған үлкен жетістіктердің бірі болып табылады. Орыс тілін компьютер арқылы оқыту мәселелерін зерттеген ресейлік және қазақстандық әдіскерлердің еңбектері де осы бағытта яғни тілді оқыту бағытындағы құнды қорға енетін зерттеулер болмақ.

Интернет жүйесін қолданудың дидактикалық мақсатын мынадай түрде белгілеуге болады деп ойлаймыз:

- қазақ тілін қазіргі кезде мемлекеттік тіл ретінде оқыту ісін дамыту үшін қазақстандық барлық мектептерге озық және тиімділігі үлкен әдістемелік тәжірибелерді таратудың оңай әрі тез жолын ұстану;

- қазақ тілін боашақта халықаралық тіл ретінде оқыту ісіне алғашқы іргетастары қалау мүмкіншілігін қолға алу;

- қазақ тілін ана тілі және екінші тіл, шетел тілі ретінде оқыту әдістемелерінің орталықтанған жүйесін жасауға жол салу.

Интернет жүйесін қолданудың нақты әдістемелік мақсатын мынадай түрде белгілеуге болады деп ойлаймыз:

- қазақ тілін тиімділікпен оқыту әдістемесі берілген үлгілі және озық бағдарламаларды тарату және интернет арқылы таныстыру мүмкіншілігін пайдалану;

- қазақ тілін өзге тілді аудиторияда сапалы оқыту үшін әдіскер-ғалымдар мен мектеп мұғалімдерінің ынтымақтастығын құру және нығайту мүмкіншілігін қолдану;

- қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқыту әдістемесін педагогикалық эксперименттен өткізу алаңын кеңейту мүкіншілігін пайдалану;

- қазақстандық мектептерде барлық пәндердің интернет жүйесін пайдалану әдістерін кеңейтуге көмектесу.

Біздің көзқарасымыз бойынша, интернетте қазақ тілін оқытуда пайдалануда тек оқу-бақылау бағдарламалары ғана сөз болмайды. Сонымен бірге түрлі жарнамалық қызметті де осы мақсатқа лайықтап пайдалану жүргізіледі. Мысалы, егер қазақ тілін сапалы және тиімді оқыту мәселелері туралы жарық көрген ғылыми-әдістемелік еңбек пайда болса, онда оны интернет арқылы кең түрде таныстырудың өзі қазақ тілін оқыту әдістемесіне тигізілген көмек болар еді.

Сонымен бірге интернет арқылы қазақ тілі өз бетімен үйренушілер мен үйретушілер арасындағы хат жазысу ісі қалыптасып, соның нәтижесінде қазақ тілін оқыту әдістемелік нұсқаулары мен құралдары таратылады. Мұндай қызмет көрсету де интернет жүйесінің бір мүмкіншілігі деп бағаланады. Интернеттің дидактикалық мүмкіншіліктері, әсіресе, электорндық пошта арқылы кеңейе түседі. Электорндық пошта арқылы түрлі мәлімет алу, ақпарат алмасулар жүріп жатады. Осы қызметті қазақ тілін тиімді оқыту ісінде жоспарланған түрде пайдалану арқылы үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болатыны анық. Интернет арқылы қазақ тілін оқыту ісін ұйымдастыруда оның мынадай мүмкіншіліктері осы істі жандандыра түседі әрі өте үлкен дәрежедегі тиімділікке алып келеді деп үміттенеміз, олар:

- қазақ тілін оқыту материалдарын ақпарат түрінде жібергенде мәтін, суреттер, дыбыс, анимациялар сияқты интернеттің мүмкіншіліктері адамның сезім мүшелеріне толық дерліктей әсер етіп қабылданатындай тиімді жолдары бар;

- сондай жан-жақты ақпаратты алыс қашықтықтарға жіберу мүмкіндігі болады;

- провайдердің сол алынған ақпаратты сақтау және кей дәрежедегі өңдеулер жүргізу мүмкіндігі болады т.б.

Қазақ тілі туралы грамматикалық анықтағыштар, қазақ тілінің дыбыстық және лексикологиялық жүйесі туралы материалдар, қазақ тілінің тарихы туралы материалдар, кейбір қысқаша сөздіктер интернетке орналастырылуы үшін осы жобаны қолға алатын автор немесе ұйымның біраз көретін қиындықтары да болады. Осындай үлкен істі ұйымдастыратын болсақ, онда қазақ тілі теориясы мен әдістемесінің электрондық кітапханасын жасауға да болар еді деп ойлаймыз. Өйткені, қазақ тілінен оқу жоспарларында берілетін білім мазмұнын кеңейте отырып электрондық кітапханаға енгізетін болсақ, онда көптеген қиын мәселелер шешіліп те қалар еді. Интернеттің қарыштап дамуын күтіп отырған осы кезенде, біздің ойымызша, қазақ тілін оқыту ісіне қосып жіберетін әдістемелер жасауды осы кезден бастап қолға ала білу керек. Соның бірі, әрине, электрондық кітапхана жасау. Сол электрондық кітапхананың негізін құрасақ, онда ол уақыт өте келе құнды мұраға айналатын үлкен іс болып табылар еді.

Қазақ тілін оқытуда интернетті пайдаланудың бір жолы - интерактив қызметті қолдану болып келеді. Мектептерде интернетті пайдалануға бөлінген сағаттардың біраз бөлшегін қазақ тілін оқыту ісіне арнайтын болсақ, онда оқушылардың басқа ел балаларымен диалог құруын да қамтамасыз ету керек. (Бірақ бұл жерде оқушылардың ағылшын немесе орыс тілдерін білуі мәселесі — басқа мәселе екенін атап кетеміз).

Интернет жүйесін қазақ тілін оқытуда пайдаланудың жемістілігін мынадай модель негізінде анық керсетуге болады.


Қазақ тілін оқыта отырып, сол сабақта интернет арқылы шетелдермен байланыс құрғызу және оқушылардың өзара ақпарат алмасуын мүмкін ету арқылы баланың оқу-танымдық қызметінің қаншалықты қарқындай түскенін қарапайым сөзбен түсіндіру қиын болар еді.

Ойымызды жинақтай келгенде, қазақ тілін оқытуда компьютерді қолданудың өзекті тұсы – интернетті сабаққа алып келу деп ойлаймыз. Осы үлкен мәселенің жан-жақты ерекшеліктерін әлі де терең тани, талдай түсу керек.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Абдраимов Д. И., Бидайбеков Е. Ы., Гриншкун В. В., Камалова Г. Б. Теоретико-методологические основы разработки, мониторинга качества и экспериментальной апробации компьютерных учебно-методических комплексов нового поколения. // Алматы: КазНПУ им.Абая, — 2005. 146 с.

2. Нургалиева Г.К., Тажигулова А.И., Педагогические технологии информатизации образования. Алматы:РЦИО. 2002, -269

3. К.Ж. Бұзаубақава. Жаңа педагогикалық технология. (Оқулық)Тараз.ТарМУ, 2003ж.

4. Қ. М. Нағымжанова. Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері. Өскемен, 1999ж.

5.М.М. Жанпейісова, Модулдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде, Алматы, 2004ж.


























Ғайнигүл Манатайтызы Жақыпова


Сұрақ қойған бес минут қана ақымақ болса,

Оны қоймаған өмір бойы ақымақ боп өтеді.

Қытай даналығы



Әр жыл сайын тиімді және таралған білімдендіру электрондық басылымдары мен ресурстары негізделген ақпараттық технологиялардың қолданылу аясы айқындала түсуде. Ондай технологиялардың бірі мультимедиа технологиясы болып табылады. Осыған байланысты электрондық баспалар және ресурстарды оларды жасау және қолдану тәсілдерін бөлшектеп, қарастырудан бұрын ОЭБ – ны өңдеу және қолдану негізінде жататын ақ

Мультимедиа құралдарының спецификациясын ақпараттық түрлерін және оны беру тәсілдерін білмей түсінуге болмайды. Оқытудағы электрондық баспалар мен ресурстарды оқып үйрену үшін мәні зор ақпаратты классификациялаудың тек негізгі аспектілеріне тоқталамыпараттық технологиялар.

Мультимедиа құралдарын білім беру сферасына енгізілуі сәйкестендірілген компьютерлік бағдарламалық құралдардың пайда болуына және олардың мазмұндық артуына, оқытудың жаңа әдістерін және педагогтардың кәсібі шығармашылығының ақпараттану технологияларын өндіруге ықпалын Біздің көзқарасымыз бойынша, интернетте қазақ тілін оқытуда пайдалануда тек оқу-бақылау бағдарламалары ғана сөз болмайды. Сонымен бірге түрлі жарнамалық қызметті де осы мақсатқа лайықтап пайдалану жүргізіледі. Мысалы, егер қазақ тілін сапалы және тиімді оқыту мәселелері туралы жарық көрген ғылыми-әдістемелік еңбек пайда болса, онда оны интернет арқылы кең түрде таныстырудың өзі қазақ тілін оқыту әдістемесіне тигізілген көмек болар еді.

тигізеді.

Автор
Дата добавления 17.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров302
Номер материала ДВ-070180
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх