Инфоурок Другое СтатьиҚазақ тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері

Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері

Скачать материал

 

 

 

 

 

Күлкен  Жолдасбекова

Павлодар қаласындағы

                                                                                        №11 модульдік үлгідегі

жалпы орта білім беру

                                                                                  бейіндік мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

                                                                       пәні мұғалімі

                                                                                           

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА

 ОЙЫН  ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУ

 

               Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық

                                                                              пен еліктеудің маздап жанған оты.

                                                                                                          В.М. Сухомлинский

 Қазақ тілі сабағындағы көзделген мақсат - оқушыларға сабақта үйренген    

сөздерін ауызекі сөйлеуде, сөйлем құрамында дұрыс қолдана білуге үйрету.  Ол үшін сабақта сергіту жаттығуларымен қатар жаңа тақырыпты меңгерту, өткенді пысықтау  мақсатында білімді ойынмен ұштастырып, ойын түрлерін қолдану тиімді.

Ойын дегеніміз - баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.

Ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады, алғырлықты, тапқырлықты дамытады.

 Ойын сабақтың басында өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында -  тақырыпты бекіту, сабақта алған білімдерін жинақтау мақсатын көздейді.

            «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе», -деп М. Жұмабаев атап көрсеткендей, оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі сабағында орынды қолданылған ойын элементтері оқушылардың ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді.

«Сөз табу» ойыны

Басы – қ, аяғы – а болатын сөздер жазу керек. Әріп саны әр түрлі болуы мүмкін немесе төрт әріптен тұру керек деп айтуға болады. Мысалы:

                    Қара             құла            қала           қора             құра

Осы сияқты сөздің бас әрпі мен соңғы әрпін беріп, сөздер жаздыруға болады. Ең көп сөз жазған оқушы жеңеді.

«Жадыңа сақта»  ойыны

Тақтаға немесе плакатқа жазылған 10 -12 сөз оқушылар  назарына көрсетіледі.

2-3 минут өткеннен кейін тақтадағы сөздер өшіріледі. Оқушылар  есінде қалған сөздер  атауын дәптерлеріне жазу керек. Сөздерді  дұрыс, нақты 10 сөз жазған оқушы жеңеді.

«Жұбын тап» ойыны

(мақал-мәтел тақырыбында қолданылады)

Әр түрлі қағаздарда мақалдар беріледі. Мақалдың сыңарлары екі қағазда болады. Ойыншы сол мақалдарды белгілі уақыт ішінде жұптастыру керек немесе  аралас сөздерден мақал құрастыру  керек. Дәл сол сияқты тұрақты тіркес пен оның мағынасын жұптастыруға болады. Дәл, нақты, дұрыс жауап берген ойыншы  жеңімпаз атанады.

 

 

«Суреттерді  сөйлет» ойыны

Интерактивті тақтадан мазмұнды 2-3 суреттер көрсетіледі. Оқушылар суреттер бойынша топ - топпен 8-10 сөйлем көлемінде мәтін құрастырады. Берілген тақырып бойынша хат, эссе, ой-толғау  құрастырып жазуға болады.

«Мамандықтар» ойыны

Ойын мазмұны: power point-та мамандықтар суреттері беріледі. Олар 3 топқа бөлінген. Ойыншы солардың бірін таңдау керек. Суреттер кезек-кезек шығып тұрады. Әр сурет шыққан соң, оқушы 3 секундтың ішінде оның кім екенін айту керек. 3 секундтан кейін суреттегі мамандықтың аты өздігінен шығады. Егер ойыншы мен суреттегі мамандықтың аты сәйкес келсе, ойыншыға 1 ұпай беріледі. Осылайша көп ұпай жинаған ойыншыға сыйлық беріледі.                          

«Вагон құрастыру» ойыны

Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1 вагоннан. Вагонның ішкі жағындағы  тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құрастырылса, сол топ жеңіске жетеді.

Көкпар» ойыны

Ойын мазмұны: Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Ойынды көкпар алуға тырысатындай етіп, жарыс түрінде өткізу керек. Әр топтан бір –бір ойыншыдан шығып, «Қоржыннан»

асық алып, нөмірі оқылып, сол нөмірдегі конверт ашылып, ішіндегі жұмбақ оқылады.

Білім сайысы:  1.Ең терең көл   (Байкал)   2. Ең ірі планета   (Юпитер) 

3.Жылқы қанша жасайды?  (30жас)    4. Ұшпайтын ең үлкен құс. (Страус)

Жұмбақтар:

Тілі жоқ, ақыл - кеңес береді  (Кітап)  Қолы, қаламы жоқ, бірақ сурет салады.  (Аяз)   

Синонимдер. Әр жолдан бір –біріне мағынасы жақын сөздерді тауып астын сызыңыз.

1.      Күн, сәуле, нұр, ай, су

2.      Шұғылдану, орналасу, ұсыну, айналысу.

3.      Той, мереке, мейрам, жиналыс.

Антонимдер: Әр жолдан бір –біріне мағынасы қарама –қарсы сөздерді табыңыз.

1.      Көлденең , ұзын, дөңгелек, қысқа.

2.      Алыс, ерте, жіңішке, жақын.

Артық сөзді  тап: Мағынасы жағынан сәйкес келмейтін артық сөзді тап.

1.      Жылқы, сиыр, аю, қой.

2.      Түлкі, қасқыр, түйе, жолбарыс.

«Бір сөзбен айт» ойыны

Әр топқа 6 парақ қағаз беріледі. Парақтарда оқу құралдары, мамандықтар, жемістер, үй жануарлары, азық-түліктер, дене мүшелері, көкөністер, түстер, киімдер, отбасы мүшелері деген сөздер жазылған. Оқушы қолына тиген парақтағы сөзді оқып, сол сөзге қатысты бірнеше сөз айту керек.

I –топ

Оқу құралдары - дәптер, өшіргіш, қалам, күнделік, сызғыш
Пәндер - тарих, қазақ тілі, ағылшын тілі, дүниетану

Мамандықтар - инженер, дәрігер, суретші, жазушы

Азық-түліктер - қант, нан, айран, сүзбе, кәмпит.

II-топ

Отбасы мүшелері - бауыр, әже, әке, ана, аға, ата, сіңлі.
Көкөністер -  қызанақ, орамжапырақ, пияз, қияр.

Аңдар  -  қасқыр, түлкі, қоян, арыстан, кірпі.
Киімдер - көйлек, жейде, шалбар, құлақшын.

Қазақ тілінде ойын элементтерін енгізудің маңызы зор. Ол оқушының шығармашылық қабілетін, сабақта белсенділігін арттырады, қазақ тіліне деген қызығушылығын оятып, білімін молайта түсуіне әсерін тигізеді.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 470 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.04.2016 4131
    • DOCX 24 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жолдасбекова Кулкен Жумахановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 32805
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека