Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға арналған ойын терапиясы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға арналған ойын терапиясы

библиотека
материалов




12-жылдық білім беру

қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
















Қазақ тілінен

оқушылардың коммуникативтік

қарым-қатынасын дамытуға арналған

ойын терапиясы

(мемлекеттік тілде емес оқытылатын сыныптар үшін)















Құрастырған:

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Шакеева Сайран Егинбаевна













Екібастұз

2016



МАЗМҰНЫ:


  1. Ойындар

6

  1. Мерекелік көрініс

11

  1. Буындар

14

  1. Сын есім

15

  1. Торлы алфавит

17

  1. Сөздік ойын

18

  1. Кім тез айтып шығады?

19

  1. Синоним, антоним, омоним

20

  1. Сөйлем құрастыр

21

  1. Өз маманын табыңыз

22

  1. Мақал-мәтел құрастыр

23

  1. Халық ойыны «Біз де»

24

  1. «Шахмат атының жүрісімен ойнау»

26

  1. Нақыл сөзді табыңыз

27

  1. Шешуін кім табады?

28



















«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады.

Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін де емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады».


В.А.Сухомлинский


















түсінік хат



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 08.07.2009ж. №333 бұйрығы бойынша есте сақтау қабілеті төмен сынып оқушыларына арнайы оқу бағдарламалары әзірленуде.

Өзімнің тәжірибеме сай бұл әдістемелік нұсқауды жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш және орта буын сыныптарында жұмыс істейтін мұғалімдерге және жоғары оқу орындарында педагогикалық мамандықты игеріп жүрген студенттерге арнаймын.

Бұл бағдарламадағы ойын терапиясының (ойын арқылы «емдеу») түрлері баланың мотивациялық қызметін дамытып, шығармашылық іздену қабілетін жоғарылатуға септігін тигізері сөзсіз.

Мақсаты:

Ойынның жеңіл түрлері арқылы грамматикалық материалды меңгерту;

Топпен және жұппен жұмыс жасай алуға үйрету;

Ұйымшыл болуға, тәртіпті болуға, өзін-өзі ұстай алуға үйрету;

Өзінен үлкен және өзінен кіші адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге үйрету;

Оқушының түсінігін және қабылдауын дамыту;

Көпшіліктің ортасында өзін ұстай алуға үйрету;

Адамгершілік құндылықты қалыптастыру;

Ойын арқылы баланың ойын жаттықтыру.

Міндеттері:

Баланың психикалық даму ерекшеліктерін оқып білу;

Ойын және ойыншықтар арқылы баланың жас ерекшеліктерін еске ала отырып, деңгейлеп оқыту;

Баланың жеке басының өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру.




кіріспе



Уақыт қазіргі кезеңде мектеп мұғалімдеріне жастарды заман талабына сай озық ұлттық рухында тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттерді жүктеп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін, ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, үнемі ізденіс үстінде болып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдануда.

Менің сабақ оқыту үрдісінде көбірек қолданатын тәсілдерім – ойынның түрлері, яғни, ойын терапиясының түрлерін сабақ оқыту түріне негіздеу болып табылады.

Ойын – бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымайды.

Ойын терапиясы ойлау қабілеті төмен баланың жеке басының әлеуметтік дамуына, сөйлеу тілінің қалыптасуына, білім бағдарламасын меңгеруіне, сондай-ақ баланың өздігінен дұрыс жұмыс жасай алуына септігін тигізеді.

Ойын терапиясы дегеніміз – баланы ойын ойнау арқылы «емдеу», яғни, денсаулығы төмен балаға әр түрлі тәсілдер арқылы білімді меңгертудің бірден-бір жолы. Педагогикалық тұрғыдан алғанда дамыту түріне арналған ойын түрлері баланың эмоциясын, оның танымдық қызметін білім беру мекемесіндегі ойын мәдениеті саласының мазмұнына сай болуы керек.

Бұл ойын түрлерін педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, сабақтың сапасын көтеруге көп септігін тигізері сөзсіз. Ойын кезінде қолданылатын ойыншықтар, берілетін тапсырмалардың түрлері, баланы дамытуға арналған ойын түрлері, ойынның кезеңдері оқушы үшін қызықты, тартымды жеңіл, әрі әсерлі болуы қажет.





hello_html_m15201edc.gif


«Ұйықтап жатқан мысық»

Мақсаты: бет, дене бұлшық еттерін тыныштандыра білуге, еркіндікті сақтай алуға үйрету.

Оқушы мысықтың рөлінде ойнайды: ұйықтаған болып кілемнің үстінде жатады. Оның қарны белгілі бір мөлшерде демалу ырғағымен көтеріліп, төмендейді.

Этюдті Р.Паулстің «День растает, ночь настанет» әнінің қолдауымен жасауға болады.



«түлкі тыңдап тұр»

Мақсаты: бір нәрсеге деген қызығушылығын, зейін қоя білуін, тұрақтылығын арттыру.

Мысық пен тауық тұратын үйдің әйнегінің алдына түлкі келіп тұрады. Түлкі олардың не жөнінде айтып тұрғанын тыңдағысы келеді.

Қимылды көрсету. Басты алға қарай сәл еңкейту керек (құлағын қойып тыңдайды), көзді қырынан қаратып, ауызды сәл ғана ашады.

Тұлғаның қалпы; аяқты алға қойып, денені алға еңкейту.



«тыныш!»

Мақсаты: баланы әулеметтік құзыреттілікке икемдеу, адекватты түсінігін дамыту. Қол саусақтарының эмоциональды қимылын көрсете алуға үйрету.

Екі тышқан мысық ұйықтап жатқан жолды айналып өтуі тиіс. Олар біресе аяғының ұшымен жүреді, біресе тоқтайды. Бір-біріне «Тыныш» деген белгі береді.

Этюд Б.Берлиннің «Ұйқыдағы мысық» музыкасымен жүргізіледі.

Қимылды қозғалысы: мойынды алға созып, сұқ саусақты жұмылған ерінге тақау. Қас жоғары көтеріледі.



«жануарлар қалай дыбыстайды?»

Мақсаты: дыбыстарды дұрыс айта білуге үйрету, есту фонемасын дамыту, зейінін, есте сақтау қабілетін арттыру.

Оқушыларға жануарлардың суреті бейнеленген кәртішкелер таратылады. Әр оқушы өзіне берілген жануарлардың дыбысын дыбыстап айтады. Егер, бір оқушы дыбысын келтіре алмаса, оған екінші оқушы көмектеседі.



«мысық»

Мақсаты: оқушыға қол саусақтарын тынықтыруды үйрету. Естуін, фонемалық дыбысталуын, тыныс алу жолын, кеңістікте байқағыштығын, сөздерді дұрыс айтуын жаттықтыру.

Оң және сол қолмен жұмсақ ойыншықты баяу қозғалыспен сипау. Балаға мысықты өлеңмен жұбату керек деп ескертеміз.

Мысығым менің, мысығым,

«Мияуым» деп ат қоям.

Қолыммен сені сипаймын,

Көп «Kitekat» ап берем.



Ойлап тап: «бұл кім?»

Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін арттырып, жауабын дәл тауып, айтуға үйрету. Көрнекілік арқылы дыбысты дәл анықтай алуға, үлкендердің ескертулеріне ден қоюға, басқалардың берген жауаптарын тыңдай білуге және сөздерді батыл түрде анық айтуға тәрбиелеу.

Үнтаспа арқылы жануарлардың, құстардың «дыбысын» және олардың «сөйлесуін», оқушыларға тыңдатамыз.

Ойынға қатысушылар бір-біріне көмектесіп, ақылдасып жауапты бірге шешуге болады.



«сәлемдесу, қоштасу»

Мақсаты: қоршаған ортамен тіл табыса алуға, сұрақтарға жауап беріп, үлкендердің өтінішін орындай алуға, үлкендермен және жолдастарымен мәдениетті түрде қарым-қатынас жасап, рахмет айтып, ризашылығын білдіре алуға, сәлемдесу мен қоштасу түрлерін меңгеруге үйрету.

Балаларға сәлемдесу – қоштасу түрлерінің қай кезде, қай уақытта айтылатыны үйретіледі. Және олардан амандасу мен қоштасу түрлерін көрсетіп беруі талап етіледі.



«танысайық» жаттығу-ойыны

Мақсаты: жаңа ортаға, жаңадан танысқан адамдарға деген көзқарасын, зейінін, адаптациясын дамыту.

Жаттығу жұмысын дөңгелініп отырған балалармен бірге жасаймыз. Ойынға қатысушылар өз аттарын атайды.






«сау бол»

Мақсаты: балалардың әлеуметтік құзыреттілігін, қол саусақтарының эмоциональды қимылын және бір-біріне деген түсінігін дамыту.

Жағадан үлкен, ақ теплоход жылжиды. Моряктар мен жолаушылар қарап тұрған шығарып салушылар қолдарын жоғары көтеріп: «Сау болыңыздар!», «Келесі қайтып кездескенше!»,-дейді.



«дәмді кәмпиттер»

Мақсаты: ләззәт алу мен қуанышын көрсете білуге үйрету.

Қыз бала қолына кәмпит салған қорапты ұстағанын (елестетіп) көрсетеді. Ол балаларға қолымен созып, кәмпитті бір-бірден берген болады. Балалар кәмпитті «алып», қыз балаға ризашылығын білдіреді де, кәмпиттің қағазын «ашып», ауыздарына салады. Балалардың жүздерінен сыйланған «кәмпиттің» дәмді екендігі көрінеді. Бұл этюд Т.Кассерннің «Бал кәмпиттер» музыкасының сүйемелдеуімен орындалады. Шайнап жеу, жүздерінде күлкі ойнау т.б. мимикалық көріністер болады.



«жаңа қуыршақ»

Мақсаты: қуанып, рахаттану сезімдерін көрсете алуға үйрету.

Қыз балаға жаңа қуыршақ сыйланады. Ол қуанады, көңілденіп секіреді. Айналып, билеп қуыршақпен ойнайды.

П.Чайковскийдің «Жаңа қуыршақ» музыкасын қою арқылы сүйе мелдеуге болады.



«орманда»

Мақсаты: «көңіл аудару – қорқу – қуану» түрлерін көрсете білуге жаттықтыру.

Балалар орманға барады. Бір бала қалып қояды. Жан-жағына қараса – ешкім де жоқ. Ол тың тыңдайды: ештеңе де естілмейді (көңіл аудару).

Бірдеңені естігендей болады: ағаш бұтағымен жапырақтардың сыбдыры ма, мүмкін бұл қасқырдың ұлуы ма, жоқ, әлде аю ма? (қорқыныш).

Бір кезде ағаш бұтақтары қозғалады. Кенеттен, ол өзінің достарын көреді. Достары оны іздеген екен. Бала қатты қуанады: енді үйге қайтуға болады (қуаныш).



«не өзгерді?»

Мақсаты: заттардың атауын дұрыс, анық айтуға үстелдегі ойыншықтардың қозғалысын (қайсысы алынды және қайсысы жаңадан қойылды) анықтауға және таңқалуын, қуануын, сөздерді дұрыс айтуын, тыңдай алуын, есте сақтай білуін дамыту.

Үстелге ойыншықтарды қатарлап қояды. Олар ойыншық атауларын анық атайды. Дұрыс айтып, немесе жаңылған кездегі олардың таңқалу, қуану, қайғыру сияқты жүздеріндегі өзгерістерді байқауға болады.



«сандық»

(К.К.Өмірбекова мен Г.С.Оразбаевалардың материалдары бойынша)

Мақсаты: ауызша айтуды түсінуге , сөздік қорын байытуға, досына деген сезімін, жақсы көзқарасын қалыптастыруға, ойын ережесін бұзбай, дұрыс сақтауға үйрету, т.б..

Кішкентай сандыққа үй жануарлары бейнеленген ойыншықтар салынады. Олар: ит, мысық, түйе, қой, сиыр, ат, үйрек, қаз, тауық, т.б. Балалар бір ойыншықтан алып, атын дұрыс айтады. Егер, бала ойыншықтың атауын дұрыс айтпаса, онда ол өлең, тақпақ, жұмбақ не болмаса ән айтады.



«жер мен аспан»

Мақсаты: нақтылыққа, тыңдай білуге , дұрыс ойлауға, есте сақтауға, басқаларға еліктеуге үйрету.

Санау арқылы ойын жүргізушіні анықтап алады. Егер, аталған ат жерге қатысты болса, балалар: – «Жерде,» – деп отыра қалады. Егер, аталған зат аспанда болса, балалар: – «Аспанда,» – деп, өкшелерін көтереді (өздерін «аспанда ұшқандай ғып» елестетеді). Мысалы: «Көгершін» – «Аспанда», «Түйе»– «Жерде», «Ұшақ»– «Аспанда», «Автокөлік» – «Жерде».



«қапта не бар?»

Мақсаты: бір-бірімен мәдениетті түрде қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

Әдемі қапшыққа балаларға таныс заттар салынады. Олар: айна, тарақ, бант, ... т.б.

Көзі байланған бала, қолымен сипау арқылы затты қолына алып, оның атауын атайды. Ойын қапшықтағы заттардың барлық атауын айтып болғанша созылады.



«дүкенде»

Мақсаты: бір-бірін сыйлай білуге үйрету.

Дүкендегі ойыншықтарды тақпақ, ән айту, би билеу, т.б. арқылы арзанға сатып алуға болады.






«біз қонаққа барамыз»

Мақсаты: бірін-бірі сыйлай білуге, дұрыс қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

Өздерінен жоғары сыныпта оқитын оқушылар біздерді қонаққа шақырады. Енді біздің оларға сыйлық әзірлеуіміз қажет. Мынадай сыйлық түрлерін әзірлейміз: ашық хат, ойыншық, құттықтау хат, әдемі суреттер, т.б.



«әдепті сөздер»

Мақсаты: бір-біріне деген жақсы көзқарасын, әдепті сөздерді жиі қолдануға дағдыландыру.

Балалар дөңгеленіп тұрады. Олар жақсы сөзді айтқан сайын, бір-біріне лақтырады. Бұдан әрі тапсырма қиындай бастайды: 1) Тек қана сәлемдесу сөздерін ата: сәлеметсіз бе, қайырлы күн, т.б.; 2) Тек қана ризашылық білдіретін сөздерді ата: рақмет, тілеуіңді берсін, т.б.; 3) Тек қана қоштасу сөздерін ата: сау болыңыз! Енді қайта кездескенше! т.б.

Міне, осылайша ойын жалғаса береді.



«күле білейік»

Мақсаты: мәдениетті қарым-қатынас дағдысы мен эмпатиясын дамыту.

Балалардан сұрау керек: «Адамдар қай уақытта күледі?», «Күлудің түрлері қандай?». Балалардан қалай күлу керектігін көрсетуді сұраймыз (шынайы күлу, жымию, арамы күлу).

Күліп тұрған адамның суретін салу. Ол адамның қалай күлгенін айтып беру керек.



«ботагөзді ұлттық костюммен киіндіреміз»

Мақсаты: қуыршақты киіндіру арқылы тілін дамыту, қазақ киіміндегі ою-өрнектер арқылы әсемдікке баулу. қазақтың ұлттық киім түрлерін дұрыс атай білуге үйрету.

Ойынға қажетті құралдар: қуыршақ, картон және киімдері (көйлек, камзол, ақ киім, білезік, тақия, киіз үй, дөңгелек үстел, фланелеграф.

Ойынның шарты және оны өткізудің тәсілі: Балалар түскиізге жарты дөңгелек болып отырады. Олардың алдында дөңгелек үстел, фланелеграф. Үстелдің үстінде киіз үй және қыз Ботагөз тұр. Фланелеграфта оның киімі бар. Оқытушы айтады: «Қыз балаға қараңдаршы, ол жаңа ғана оянды. Киіз үйдің ішінде ешкім де жоқ. Ол киінуді білмейді. Кәне, ең алдымен одан сұрап көрейікші, оның аты кім екен. Содан соң, оның киінуіне көмектесеміз» «Ботагөз – ботаның көзіндей үлкен, әдемі көз деген сөз). Енді біз, белгілі бір ережені сақтай отырып, Ботагөзді киіндіреміз. Балалар киімнің әдемілігіне, ондағы ою-өрнектің ашықтығына және қолданған сөздерді анық айтуға көңіл бөледі. Ойынның соңында композитор Бестібаевтың «Вальс» музыкасы тыңдалады.

Ойынның ережесі: 1. Қуыршақты оқытушы өзі киіндіреді. 2.Ботагөздің рұқсатымен балалар қойылған сұраққа жауап береді.

Оқытушыға кеңес: (қазақтың тұрмыс-салты бойынша қуыршақты қалайша дұрыс киіндіру қажет, ұлттық киімді, иллюстрацияны бақылау). Алдын ала дайындық жасау. Мұғалім сөздерді анық, дұрыс айту керек.



«мақтаншаҚтар сайысы» жаттығу-ойыны

Мақсаты: бірін-бірі танып білуін қалыптастыру.

Балалар дөңгеленіп отырады. Үлкен адам мақтаншақтар сайысы болатынын хабарлайды. Кім бәрінен де кімді жақсы мақтаса, сол ұтады. Әркім өзінің оң жағында отырған көршісін мақтайды. Алдымен, көршіңе қарап ал. Ойлан: ол қандай адам, оның қолынан не келеді, оның қандай жақсы қасиеттері бар т.б. Бәрі де өзінің оң жағында отырған адамды мақтап болған соң, жеңімпаз «мақтаншақты» анықтайды.



«таяқшаны іздейміз» қимылды ойыны

Мақсаты: дене қимыл қозғалысын дұрыс жетілдіру.

Ойынға қатысушылар бөрененің екі жағынан тұрады да, көздерін жұмады. Жүргізуші қысқа таяқшаны (10-см дей) алысқа, белгілі бір бағытқа лақтырады. Көзін жұмып тұрғандар тыңдап тұрады да, таяқшаның қай жаққа қарай лақтырылғанын аңдиды. «Ал, енді іздеңдер!» деген бұйрық келгенде балалар жан-жаққа тарап, таяқшаны іздей бастайды

Таяқшаны тауып алған бала, бөренеге жақын келіп, бөренені таяқшамен қағады да, ары қарай қашады. Таяқшаны тапқан баланы басқалары қуып жетіп, оны қолымен ұстайды. Енді таяқша ұстап алған балаға беріледі. Міне, ойын осылайша жалғаса береді.

Ойынның ережесі: Таяқша бір-біріне тез берілуі тиіс.



«мерекелік он әріп» (орысша-қазақша ұйқасты өлең)

Мақсаты: жуан және жіңішке дыбыстарды дұрыс айтып, жаттығуға үйрету. (Бұл ойынды 2-сынып оқушыларынан бастаған дұрыс).


1-ші жүргізуші: в казахском алфавите нет ни твердого, ми мягкого знака, сами буквы, если нужно, смягчают слово.

Мы знаем звуки: е, ә, ө, ү, і – мягкие и все рядом стоящие звуки надо произносить мягко ; мектеп, әже, гүл, кір.

2-ші жүргізуші: А еще в казахском языке есть беглые гласные, их очень трудно узнать, правда из всего три (е, и, у), но предупреждаем – эти буквы могут, как и некоторые люди вас подвести и обмануть!

1-жүргізуші: А звук «О» уж строгий. Он всегда главный, его нужно очень хорошо произносить. А если Вы его правильно не произнесете, то он может поставить вас в смешное положение ол – ал (он – возьми), отан – атан (Родина – верблюд), бота – бата, қол, қал. Например: мен Отанымды жақсы көремін. Вы неправильно произвесли звук «о», тогда получается предложение: «Я люблю своего верблюда», в то время, как вы хотели сказать «Я люблю свою Родину».

А теперь фонетика – звуковая этика,

Олег, Оля, Олжас – жақсы жолдас!

2-жүргізуші: Мы все рассказывали о буквах, а теперь послушаем, что они говорят о себе.


1-жүргізуші: 10 бала 10 әріпті таңдап алады. Әр бала өз әріптеріне түсінік немесе мінездеме береді.


1-оқушы: «Ә» дыбысы.

Әліппе, әлем, әсем.

Говорю я всем.

Дәптер, әжем, әкем.

Необходимо всем.

Про меня говорят, что я очень мягкая, красивая, вежливая. Встречаюсь только в начале и в середине слова. Исключение: ия.


2-оқушы: «І» дыбысы.

Я очень люблю общаться. У меня очень много друзей. Поэтому я встречаюсь в начале, в середине, в конце слова. Меня очень легко написать. Пришла к вам из латинского алфавита, мне здесь понравилось, и я осталась навсегда. Рядом со мной не нужен «ь», так как сама смягчаю слова:

Ілім, білім.

Осы әріптен басталар,

Үмітім де осы сөзсіз қор болар.


3-оқушы: «Ө» дыбысы.

Я очень важная буква, встречаюсь только в очень нужных словах. Мне тоже не нужен «ь», меня вы встретите только в начале и в середине слова:

Абай,

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

(Мұны екі оқушы бірігіп айтуға болады).


4-оқушы: «Ы» дыбысы.

Я очень необходима. В отличие от русского языка, я бываю и заглавной. С меня начинаются даже имена Ыбырай, Ырысты. Ыбырай Алтынсарин – составитель казахского алфавита на основе русского. Вы все, наверное, это знаете.

Ыбырай, сізге рақмет!

Білім маған қажет.


5-оқушы: «Ү» дыбысы

Гүлім, күнім, үмітім.

Говорят ваши мамы,

и всегда, везде, во всем

Ваши мамы правы.

6-оқушы: «Ұ» дыбысы.

Я твердый гласный звук. Со мной нельзя шутить, у меня очень тяжелый характер. Я ни за что не уживаюсь с мягкими гласными. Меня вы встретите лишь в начале и в середине слова. У каждого из вас есть своя звезда (жұлдыз) и у каждого человека есть работа (жұмыс).


7-оқушы: «Ң» дыбысы

Я самая труднопроизносимая и загадочная буква алфавита. Заглавного звука нет, встречаюсь только в середине и в конце слова: родинка – мең; рукав – жең.


8-оқушы: «Ғ» дыбысы.

Я согласный звук. Меня вы часто произносите, когда у вас болит горло, и вы его полоскаете; такие же звуки есть во французском языке, украинском языке, пишутся они по-другому.


9-оқушы: «Һ» дыбысы.

Вы все знаете, что люди и буквы живут, стареют. Все слова (а их очень мало осталось), в которых я встречаюсь – очень старые. Я тоже когда-то пришел из латинского алфавита. Меня очень просили остаться, да и друзей было жалко покидать, и я остался. Я – пенсионер. Ушли из нашей жизни слова «каһарман» (доблестный), имя «Гауһар» (бриллиант). Чаще я встречаюсь в междометиях.

Аһлап – үһлеп, үһ!


10-оқушы: «Қ» дыбысы.

Я самый популярный, самый любимый согласный звук. Меня можно встретить в начале, в середине и в конце слова. Иногда я бываю в виде исключения и рядом с очень мягкими звуками. Это слова-исключения: қазір, оқиды и др.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Қаракөз, Қаламқастар болсын аман.


1-жүргізуші: Вы теперь все знаете о буквах, звуках, и теперь поговорим о предложениях.

Слова в казахском языке очень вежливые, уважают старших. Маленькие слова пишуться только после больших.

Например: на столе – үстелдің үстінде,

имя друга – досымның аты,

в школе – мектептің ішінде.

Предложения, как и учителя, очень строгие. Слова, обозначающие действия предметов (сказуемые), находятся строго в конце предложения. Они очень обижаются, когда их переставляют и непрощают, они считают, что это очень важно.



А теперь, поиграем.

1. Напишите слово: «қыз» (дети с буквами в руках составляют слово), а теперь заменим последнюю букву «з» на «с».

2. В середине слова «бір» меняем буквы и переводим их – «бер», «бар», «бор».



«буындары бірдей сөздер»

Мақсаты: балалардың білуге деген құштарлығын, шығармашылық, жаңашылдық қабілетін шыңдай түсу.

Мұғалім сыныптағы балаларды үш топқа бөліп, оларға басқы буындары бірдей сөздерден тұратын тар көз кестені толтыруды тапсырады. Алдымен кесте сызылып, оның әрбір жолын толтыруға әр топтан (балалардың өзінің ұйғарымен) кезектесіп бір-бір оқушщыдан шығарылады.


Ас

Ас + ан

Ас + та + на

Ас + та + на + да

Бал

Ба + ла

Ба + ла + пан

Ба + ла + пан + дар

Қар

Қа + ра

Қа + ра + ла

Қар + лы + ғаш + тар



«қандай?»

Мақсаты: ойлау қабілетін дамыту, есту, қабылдау сезімдерін жетілдіру, келешекте бір нәрсеге мен бере қарауға, абайлау, бағдарлау, т.б. дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Тақта үшке бөлінеді де, оған сұрақтар жазылады Оқушылар осы сұрақтың астына сын есімдерді тауып жазуы керек.


Қандай бала?

Кішкене бала

Ақылды бала

Жақсы бала

Қандай ат?

Жүйрік ат

Сұлу ат

Сәйгүлік ат

Қандай үй?

Аласа үй

Биік үй

Жаңа үй



«сен білесің бе?»

Мақсаты: дара, күрделі сан есімдерді дұрыс жазуға үйрету, сауатты жазуға жаттықтыру.

Мұғалім балаларға бір әңгіме оқитынын, олардың ондағы сан есімдерді атауларын ескертеді. Балалар топқа бөлініп, мұғалім оқып тұрғанда көңіл қойып, тыңдаулары шарт. Қай топ оқылған әңгімедегі сан есімді көбірек ойға сақтап, тақтаға дұрыс жазса, сол топтың балалары жеңіп шыққан болып есептеледі.



«сын есім»

Мақсаты: логикалық ойлау қабілетін дамыту. Сөз тіркесін дұрыс құра білуге үйрету.

Мұғалім оқушылардан бір сын есімге бірнеше зат есім тауып жазуын өтінеді.

hello_html_200cf962.pnghello_html_m21170237.png



Ойлап тап «жеті алма» (жұмбақ өлеңі).

Мақсаты: ой-қиялын дамыту оқушылардың белсенділігін арттыру.

Мұғалім өлеңді оқиды:

Табақта бес алма,

Қолымда екі алма.

Қосқанда барлығын

Болады жеті алма.

Бір алма – апама,

Бір алма – атама,

Екі алма беремін

Тәтеме – Сапаға

Нешеуін алады?

Нешеуі қалады?

Жауабы: (3 алма)



«айгөлек»

Ойын орны: мектептің алдында немесе ойын алаңында жүргізіледі.

Мақсаты: ойын жастарды жауынгер, жаужүрек, жүректі, өжеттілікке тәрбиелейді.

Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Олар қарама-қарсы, аралары 70-80 қадамдай жерде тұрады.

Ойынды бастау үшін топтан бір ұл, бір қыз бала шығарылып, олардың біреуіне ақ тас, біреуіне қара тас беріп, қолдарын жұмдырып қояды да, төреші екі ойын бастаушыдан: - «Сен қай тасты аласың?» - деп сұрайды. Ақ тасты тапқаны ойынды бастайды. Олар:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Күші мығым, қуатты

Екпіні желдей өршіген,

Шепті бұзар ер керек, - деседі.

Сонда келесі топ:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Күші мығым, қуатты

Екпіні желдей өршіген,

Саған қандай ер керек?

Алғашқы жақ:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Күші мығым, қуатты

Екпіні желдей өршіген,

Бізге пәлен ... ер керек – деп, бір ойнаушының атын атайды. Ол өз тобынан шығып, алға қарай:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Сайысқанда саспайтын,

Самала күнге бастайтын,

Пәлен деген ер шыққан

Топ бұзуға мен шыққам –

деп, қарсы топтың тізбегін бұзбаққа бар шамасынша жүгіре жөнеледі. Ол топты жарса, өзі қалаған бір қызды, немесе бір жігітті ертіп кетеді. Бұл «құл», «күң», «тұтқын әкелу» немесе «қалыңдық», «дос» әкелу рәсімі болмақ. Топты бұза алмаса, өзі сол топта қалады. Бұл оның «Тұтқынға түскені». Ойынды тұтқынды алған жақ жалғастырады. Кім көп тұтқын алса, сол жақ жеңеді.



«дауыста, атыңды айтам»

Мақсаты: балалардың есту қабілеттерін жетілдіру.

Ойыншылар дөңгелене тұрысады. Ортаға шыққан ойыншының көзін шүберекпен байлап қояды. Ол қолындағы таяғын бір ойыншыға нұсқап: «Дауысыңды шығар, сенің атыңды айтамын!» - дейді.

Таяқ нұсқаған ойыншы дауысын өзгертіп, жауап қатады. Ортадағы ойын жүргізуші даусынан таяқ нұсқалған ойыншының атын дұрыс тапса, онымен орын ауысады. Таба алмаса, келесі ойыншыларға таяғын нұсқап «Дауыста, атыңды айтам!» - деп ойынды жалғастырады.



«торлы алфавит»

Мақсаты: логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту.

Ойынға қатысушылар қазақ алфавитіндегі әріптерді баған бойынша жоғарыдан төмен қарай тізіп, жазып шығады. Одан кейін әрбір әріпке сөз ойлайды. Ол дыбыс сөздердің басында, келесі сөздің 2-ші дыбысында, 3-ші сөздің 3-ші дыбысында 4-ші сөздің 4-ші дыбысында кездесуі керек (осылайша жалғаса береді). Одан соң, сол сөздерді орыс тіліне аударады. Мысалы: а .....

ә .....

б .....

в .....

г .....

... .....

... ..... (алфавит кестесі)

1. ана – сал – ыза – кітап – қысқа – тымырайды - ...

мать – положи – злость – книга – короткий – надулся - ...


Кім көп сөз жазып, аударса, сол ұтады.

Ескерту. Кейбір әріптер қазақ тілінде сөздердің басында немесе соңында кездеспейді. Мұғалім осы жайттарды еске алуы керек.



«жаңылмай жаз»

Мақсаты: сауатты жазуға үйрету ұстамдылыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарты: мұғалім мәтінді оқиды. Ойынға қатысушылар мұқият тыңдап, ешбір қатесіз жазу керек. Тапсырманы бірінші, жылдам әрі дұрыс орындаған адам ұтады.


1. Жолдасыңмен келіс те,

Жұмысыңды кел, істе!


2. Абайламай, аяғыңа қарамай,

Табаныңа жағып алдың қара май.


3. Қашан? Қайда? Қай мықты?

Қас дұшпаннан қаймықты?

(М.Әлімбаев)


1. Әркімге-ақ ыстық екен ата мекен!

Мергендер жақсы ата ма екен?


2. Досбол – дос болуға жарайтын бала.


3. Сыныпты шаңдатып алыспа.

Сенің ауылың алыс па?

(М.Әшірбекұлы)

«өз орныңды тап»

Мақсаты: оқушының түсінігін және қабылдауын дамыту. Өзін және өзгелерді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Төмендегі сөздерді бағандағы берілген сөздерге қатысты орналастыру керек: балдырған, отағасы, көке, тәте, баба, кейуана, бөбек, бойжеткен, нәресте, апа, қарт, мырза, ханым, ақсақал, бәйібше, ересек, сәби, жеңге, ұлан, жеткіншек, келін, еркек, бозбала, аға, әже, бүлдіршін, ата, кемпір, қария, шал, ана, әпке, азамат.


Ерлер

Әйелдер

Балалар

1.

2.

3.



«сөздік ойын»

Мақсаты: топпен және жұппен жұмыс жасау арқылы өзінен үлкен және кіші жастағы адамдармен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету. Сөздік қорларын байыту

Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бір топтың бірінші ойыншысы екінші топтың ойыншыларына орысша, қазақша сөздерді айтады. Сол сөздер бойынша ұйқасты аударма сөздері айту қажет.


Мысалы: шмель – ? (ара)

пестрый – ? (ала)


1. Оценка – баға

берег – ...

вперед – ...

9. Брат – аға

молоток – ...

воротник – ...



2. Мальчик – бала

степь – ...

город – ...

10. Город – ...

новый – ...



3. Туча – бұлт

нация – ...

ключ – ...

11. Балдырған – росток

шығыс –




4. Үйеңкі – клен

піл – ...

12. Бала – мальчик

саусақ – ...



5. Үйірме – кружок

секіру – ...

13. Бор – мел

шырша –



6. Теңіз – море

қайғы – ...

14. Аштық – голод

сылтау – ...



7. Саты – лестница

кірпік – ...

15. Шынжыр – цепь

арыстан – ...



8. Жұтқыншақ – глотка

мәлімет – ...

16. Шіркей – мошка

мысық– ...

шырша – ель

ара – ...



«кім тез айтып шығады?»

Мақсаты: тез ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту. Шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші ойын басталмас бұрын санамақ оқиды. Одан соң 10 қадам жүреді. Әр қадам сайын (әйелдің, немесе ерлердің) қазақ есімдерін атайды. Егер, ойыншы жаңылатын болса, кісі аттарын жалғастырып айта алмаса, онда ол кінәлі болып, табылады да, өлең, жұмбақ, мақал-мәтел немесе ән айтады.

Ал ортаға тұрайық,

Ойын-сауық құрайық!

Не он ұлдың есімін,

Не он қыздың есімін

Жылдам айтып шығайық!


1. Айгүл, Жанар, Нағима,

Нүргүл, Самал, Бағила,

Бақыт, Шынар, Зейнегүл,

Оныншысы – Сағира.


2. Болат, Самат, Бауыржан,

Қанат, Манат, Қадыржан,

Ермек, Серік, Аманжол,

Оныншысы – Ғалымжан.





«синонимдер, антонимдер, омонимдер»

Мақсаты: тез ойлауға дағдыландыру, ойын жаттықтыру , тілдік қорын молайту.

Әр команда үш сөз айтады (кез келген сөзді айтуға болады). Әр топ сөздің мағынасын, түсінігін айтады. Одан соң, сол сөздердің омонимдік, синонимдік, антонимдік қатарларын айтады. Неғұрлым көп сөз ойлап тапса, соғұрлым көп балл жинап алуға болады.


Мысалы:

Сөздер:

Синонимдер:

  1. Әдемі

  2. Уақыт

  3. Ақылды

  4. Батыр

  5. Той

  6. Жылдам

Сұлу, көркем, әсем, ару

Мерзім, кез, шақ, мезгіл

Дарынды, парасатты

Батыл, ер, қайсар

Мейрам, салтанат, мереке

Шапшаң, тез, асығыс

Сөздер:

Антонимдер:

  1. Алыс

  2. Арық

  3. Ұзын

  4. Ауыр

  5. Ыстық

  6. Аш

  7. Ерте

Жақын

Семіз

Қысқа

Жеңіл

Суық

Жап

Кеш


Сөздер:

Омонимдер:

Жас

Жүз

Түс

Біз

Ара

Мақта

Күй

Шаш

Қырық

Қал

Жақ

Қой

Нан

Күл

1. Молодой

1. Лицо

1. Сон

1. Шило

1. Пчела

1. Вата

1. Положение

1. Волосы

1. Число «40»

1. Родинка

1. Щека

1. Баран

1. Хлеб

1. Зола

2. Возраст

2. Родовое объединение

2. Цвет

2. Мы (мест.)

2. Пила

2. Хвали (гл.)

2. Музыкальное произведение

2. Рассыпь (гл.)

2. Стриги (гл.)

2. Останься (гл.)

2. Сторона

2. Поставь, перестань (гл.)

2. Верь (гл.)

2. Смейся (гл.)

3. Слеза

3. Сто

3. Слезь (гл.)



«буыннан соң буын»

Мақсаты: буынға бөле білу дағдысын қалыптастыру.

Ойыншының біреуі екі немесе одан да көп буыннан тұратын сөздерді айтады. Бұл сөзді барлығы да дәптерлеріне жазады. Сөздің соңғы буыны, келесі сөздің басқы буыны болуы шарт. Әр сөздің соңғы буынынан басталып, келесі сөз тізбектіліп жазыла береді.

Мысалы: Кі-тап, тап-сыр-ма, ма-ғы-на, на-си-хат, хат-шы, шы-дау және т.б.



«сөйлем құрастыр»

Мақсаты: еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Баланың өмірге деген дұрыс көзқарасын дамыту.

Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ екпін бірінші буындағы дауысты дыбысқа түсетін сөздерді теріп, жазады да, сол сөз бойынша дереу сөйлем құрастырады. Ал, екінші топ екпін сөздің екінші буынындағы дауысты дыбысқа түсетін сөздерді тауып, сол сөз бойынша сөйлем құрастырады (ойланған сөз орыс тіліне аударылады).

Мысалы:

Кеспе (лапша) – Мен кеспе пісірдім.

Кеспе (не режь) – Сен қағазды кеспе.

Кіріспе (введение) – кіріспе (не вмешивайся)

Қойма (склад) – қойма (не ставь)

Бар ма? (есть ли?) – барма (не ходи)

Көрме (.....) – көрме (.....)

Сен бе? (.....) – сенбе (.....)

Нан ба? (.....) – нанба (.....)

Алма (.....) – алма (.....)

Ойынды екі топтың біреуі жеңілгенге дейін жалғастыра береді. Балл бойынша есептеледі. Жеңімпаздарды медальдармен марапаттауға болады.



Ұлттық ойын «ұшты, ұшты!»

Мақсаты: оқушының түсінігін және қабылдауын, миын жаттықтыру. Дене қимылын, бойын сергіту..

Жүргізуші барлық баламен жұмыс жасайды. Жүргізуші «Ұшты, ұшты» деген сөзді айтып тұрып, ұшатын заттың атын атайды.

Егер, ол ұшатын зат болса, барлығы де қол көтеруі қажет. Егер, ұшпайтың затқа жаңылып қол көтерсе, ол оқушы ойыннан шығады.


«Ұшты, ұшты»


1. Ұшты, ұшты, түлкі ұшты,

Ұшты, ұшты, күлкі ұшты,

Ұшты, ұшты, гүл де ұшты,

Ал, ұшқыштар күнде ұшты.


2. Ұшты, ұшты, сұңқар ұшты,

Ұшты, ұшты, тұлпар ұшты,

Ұшты, ұшты, үйрек ұшты,

Ұшты, ұшты, бүйрек ұшты.


3. Ұшты, ұшты, дауыл ұшты,

Ұшты, ұшты, қауын ұшты,

Ұшты, ұшты, ұзақ ұшты,

Ұшты, ұшты, тұзақ ұшты.


Сөздік

Түлкі – лиса

Күлкі – смех

Ұшқыш – летчик

Күнде – каждый день

Сұңқар – сокол

Тұлпар – быстрый конь

Бүйрек – почка

Үйрек – утка

Дауыл – буря

Қауын – дыня

Ұзақ – долго

Тұзақ – петля




«өз маманын табыңыз»

Мақсаты: логикалық ойлауын дамыту. Сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Ойыншылар баған бойынша қай мамандықтың не істейтінін айтады.


  1. Стрижет .............................................................

  2. Торгует ..............................................................

  3. Водит ................................................................

  4. Поет ..................................................................

  5. Танцует ..............................................................

  6. Руководит ......................................................

  7. Шьет ...................................................................

  8. Варит ...................................................................

  9. Учит ......................................................................

  10. Пишет ....................................................................

  11. Рубит .....................................................................

  12. Строит ............................................................

  13. Создает ......................................................................

  14. Пашет .................................................................

  15. Пасет ......................................................................

  16. Доит ........................................................................

  17. Стругает .....................................................................

  18. Добывает ................................................................

  19. Лечит ........................................................................

  20. Летает .....................................................................

  21. Сочиняет ................................................................

  22. Рисует ....................................................................

  23. Выращивает ...................................................

жүргізуші

мұғалім

құрылысшы

тілші

кітапханашы

шаштаразшы

ұшқыш

сатушы

басшы

әнші

биші

тігінші

аспазшы

жазушы

суретші

шығармашы

дәрігер

отыншы

мүсінші

шопан

егінші

сауыншы

балташы





«септіктер»

Мақсаты: септіктер туралы білімдерін толықтыру. Сауатты жазуға үйрету.

Жүргізуші септіктің атын атайды ойыншылар зат есім сөзді септейді (сол септік бойынша). Жеңімпазға «септіктерді жақсы меңгергені үшін» деген жүлде беріледі.

Мысалы:

Барыс септік – табыс септік + түсіндіру. Оқушы + ға тапсырма + ны түсіндіру.


Септіктер:

Етістіктер:

  1. Т + Б

  2. Т + К

  3. Ш + Б

  4. Б + К

  5. Ш + Т

  6. Т + Ж

  7. Ш + К

  8. Б + Ш

Сату, жүгіру, апару,

айту, бару, әкелу,

кету, жазу, қою, оқу,

салу, жабу, ашу,

жеу, ұшу, пісіру,

ойлау, жасау, жабу,

ұстау



«мақал-мәтелді құрастыр»

Мақсаты: шығармашылыққа өздігінен іздентуге үйрету.

Мұғалім тақтаға алдын ала зат есім сөздерді жазады (тақырыпқа байланысты етістіктерді, есімдіктерді, сын есімдерді көсемшені де жазады).

Мысалы: Ұста – пышақ – Ұста пышаққа жарымас.


  1. Іні – тыныс.

  2. Ата – бала

  3. Аға – жаға.

  4. Ана – сүт – бал – бала – тіл.

  5. Білім – бас – бейнет – зейнет.

  6. Өмір – мектеп.

  7. Кітап – қазына.

  8. Күш – білім – кітап.

  9. Оқу – білім – бұлақ – өнер – шырақ.

  10. Ғылым – теңіз – білім – қайық.

  11. Кітап – ғылым – мұғалім.

  12. Алтын – білім.



«бұл қандай одағай?»

Мақсаты: одағай түрлеріне түсінік беру. Тілдерін дамыту. Еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

1-ден 10-ға дейін әзірленген кәртішкелерді оқушыларға үлестіреміз. Ойынды жүргізуші одағай түрлерін топ-тобымен жылдам оқиды. Оқушылар одағай түрлеріне байланысты кәртішкелерді көтереді.


  1. Қаз-қаз! Тәй-тәй! Әуп! Әлди-әлди!

  2. Пәле! Бәрекелді! Шіркін! Қайран! Паһ-паһ-паһ! Пай-пай-пай! Алақай! Айхай! Ой-һой! Құһ! Па-даген! Аха-ха!

  3. Ойбай! Ох! Ойбай-ай! Қап! Әттең!

  4. Масқара! Ой! Өй! Әй! Ай! Ой-дойт! Түуһ! Пішту! Сұмдық! Мәссаған! Тіфу! Бай-бай!

  5. Япыр-ай! Ойпырай! Ойпырмай! Ойпырау! Апырай! Апыр-ау! Һа! Оһо! Оһ! Бәсе! Пәлі!

  6. Пырс! Кішті-кішті! Шуу! Шәйт-шәйт! Әйт! Тәйт!

  7. Аухау-аухау! Әукім-әукім! Күшім-күшім! Кә-кә! Шөре-шөре! Құрау-құрау!

  8. Моһ-моһ! Құр-құр! Тәк! Қош-қош!


Қолданылған кәртішкелер:

  • Балаларға көңіл аудару.

  • Таңырқау, күдіктену.

  • Өкіну, қайғыру.

  • Ұайым, қайғы, ауырсыну, күрсіну.

  • Қуану, рахаттану, таңқалу.

  • Жануарларды шақыру.

  • Жануарларды жақсы көру.

  • Жануарларды шақыру, қуу.

  • Сенімсіздік, күдіктену.



Халық ойыны «біз де»

Мақсаты: оқушылардың байқағыштығын, ұстамдылығын, икемділігін қалыптастыру. Мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Ойынды жүргізуші өзінің не істейтіні жайында кідіріс жасай отырып, асықпай әңгімелейді. Кідіріс жасалған кезде топтағылар «біз де» деген сөзді сөйлемнің мағынасына қарай айтады. Жиі қателесетін команда жеңіліске ұшырайды.



Мысалы:

Жүргізуші: Мен бүгін таңертең саяжайға бардым (Я сегодня утром ездил на дачу).

Ойыншылар: Біз де (Мы тоже).

Жүргізуші: Автобуста кісі көп болды.

Ойыншылар үндемейді (молчат).

Жүргізуші: Саяжайда арам шөп жұлдым (На даче я рвал сорняки).

Ойыншылар: Біз де.

Жүргізуші: Саяжайда жеміс-жидек, көкөніс өседі (На даче растут фрукты-ягоды, овощи).

Ойыншылар үндемейді (молчат).

Жүргізуші: Сағат сегізде үйге келдім (В восемь часов я приехал домой).

Ойыншылар: Біз де.

Жүргізуші: Жаңбыр жауды (Пошел дождь).

Ойыншылар үндемейді (молчат).

Жүргізуші: Маған Сәкен телефон соқты (Мне позвонил Сакен).

Ойыншылар үндемейді (молчат).

Жүргізуші: Мен дискотекаға бардым.

Ойыншылар: Біз де.

Жүргізуші: Сағат 11-де жатамын.

Ойыншылар: Біз де.

Жүргізуші топтағыларды шатастыру үшін көптеген ойындар ойнайды. Тіпті күлдіру мақсатында былай дейді: «Мен түйемін» (Я – верблюд). (Кто понял, не произносят «біз де», а кто не понял – тех поднимают на смех. После этого все стараются быть очень бдительными, ожидая подвоха). Сөйлем мағынасын түсінгендер «біз де» деген сөзді айтпайды. Ал, сөйлем мағынасын түсінбеген ойыншы «біз де» сөзін айтар болса, басқалардың «мазағына» айналады, яғни, күлкіге қалады. Бұдан кейін балалар күлкіге қалмас үшін, сөйлем мағынасын анықтап түсініп отыруға тырысады.







«ойлан, тап!»

Мақсаты: ізденімпаздыққа, шығармашылыққа үйрету. Логикалық ойлау қабілетін, тілін дамыту.

1. «А» дыбысынан басталып «а» дыбысымен аяқталатын сөздерді жаз:


а

а

а

а

а

а







а

а

а

а

а

а


2. «Я» дыбысына аяқталатын сөз тізбегін жазыңыз:












я

я

я

я

я


3. Соңынан санағанда екінші дыбысы «я» болып келетін, төрт әріптен тұратын сөздерді жазыңыз:












я

я

я

я

я









«жұптарды дұрыс орнына қой»

Мақсаты: Дұрыс ойлай білуге, жинақылыққа, шапшаңдыққа үйрету. Ой қиялын, тілін, шығармашылық қабілетін дамыту.


Метонимия:

Метафора:

1. Дастарқаны мол

(Дастарқаны қызыл)

(Полный стол)

1. Таудың етегі.

(Подножие горы)

(Көйлектің етегі)


2. Керекті сөздер мен сөз тіркестері:

Мықты достық – мықты арқан, лас киім – лас жұмыс, иненің көзі – адамның көзі, таза сынып – тәртіпті сынып, құстың қанаты – ұшақтың қанаты, екі кесе ішті, кеменің тұмсығы – иттің тұмсығы, есіктің кілті – мәселенің кілті, алтын тас – алтын күн, қыз су құйды – жаңбыр құйды.



«шахмат атының жүрісімен ойнау»

Мақсаты: ізденімпаздыққа, дұыс ойлай білуге, тапқырлыққа үйрету. Логикалық ойлау қабілетін шығармашылығын дамыту.

Шахмат тақтасынан аттың жүрісі бойынша сөздерді дұрыс оқу арқылы қазақтың белгілі бір мақалын тауып оқыңыз.


уайым

өтесің

теңіз

батасың

қайық

кетесің

тәуекел

түбі

де

мінесің

да

түбі




«нақыл сөзді табыңыз»


Мақсаты: тез шешім қабылдай білуге, шапшаңдыққа үйрету. Сөйлеу тілін, логикалық ойлауын дамыту.

Тапсырма: Ұлағатты сөзді дұрыс оқу жолын біл. Және оны аударыңыз. Нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.


ұ

з

ы

ә

д

ы

с

ы

ұ

к

е

й

т

ң

л

е

й

л

а

д

ы

ң

с

а





«жасырынған мақалды табыңыз»

Мақсаты: бірігіп топпен бірге жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу , ойын, тілін, қиялын дамыту.

Дөңгелек ішінде шашыранды сөздер бар. Сағаттың тілі бойынша екі сөзден аттап өту арқылы сіз жасырынған мақалды тауып аласыз.


hello_html_m2fc3d67c.jpg





«шешуін кім табады?»

Мақсаты: жылдам санай білуге үйрету. Логикалык ойлауын дамыту. Тез шешім қабылдай алуға тәрбиелеу.


1. Неше ағайынды?

Ерланның бір інісі, бір ағасы болса, олар неше ағайынды?

Жауабы: 3 ағайынды.


2. Қосақталған аттар.

Қосақталған аттар он шақырым шапса, әрқайсысы неше километрден шапты?

Жауабы: он шақырымнан


3. Қандай дәптер?

Асыл сөмкесіне бір торкөз, екі ұзынжол дәптер салып қойған-ды. Ол қарамай бір дәптер алатын болса, қандай болуы мүмкін?

Жауабы: не тор көз, не ұзынжол.


4.Санды ата.

5-тен үлкен, 10-нан кіші санды ата.

Жауабы: 6, 7, 8, 9.


5. Қайсысы бойшаң?

Асан тапал, Асқар сұңғақ бойлы. Қайсысы бойшаң?

Жауабы: Асқар бойшаң.


6. Неше таңба керек?

0-ден 10-ға дейінгі сандарды жазу үшін қандай және неше таңба керек?

Жауабы: он таңба керек.

7. Серуен.

Мұражайға 30 бала баруы керек еді. Оның екеуінен басқасы серуенге барса, нешеуі барған жоқ?

Жауабы: екеуі.


8. Екі орындық.

Екі орындықты бөлменің төрт жағына бір-бірден келетіндей етіп, орналастыру керек. Ойнап көр.

Жауабы: орындық бөлменің қарама-қарсы бұрышына қойылады.


9. Ойланған сан.

Мен екі орынды сан ойладым. Бірді кеміттім. Нәтижесінде бір орынды сан қалды. Мен қандай сан ойладым?

Жауабы: (10 – 1) = 9.


10. Әжем үйінде.

Әжеммен бірге дүйсенбіде, сейсенбіде, сәрсенбіде және бейсенбіде болдым. Ал інім сол аптаның сәрсенбі, бейсенбі, жұма және сенбі күндерінде болды. Біз әжемнің қасында неше күн болдық?

Жауабы: 6 күн болдық.


11. Жеті таяқша.

7 таяқшадан екі бөлше құрастыр.

Жауабы: hello_html_6c96801d.png

12. Қай жағында?

Әкем, мен және шешем үйшеуміз суретке түстік. Әкем шешемнің сол жағында, мен ортада отырдым. Мен шешемнің қай жағында отырдым?

Жауабы: мен шешемнің сол

жағында отырмын.


13. Бұл қандай сан?

Ондықтарынан бірліктері алтыға артық екі орынды санды атау керек.

Жауабы: 17, 28, 39.


14. Бөрене кесу.

6 м. бөренені бір метрден кесу керек. Неше жерден кесеміз?

Жауабы: 5 жерден.


15. Шахмайт ойыны.

Екі бала 20 минут шахмат ойнаса, әрқайсысы қанша уақыт шахмат ойнады?

Жауабы: 20 минуттан.


16. Зат сатып алу.

11 теңгелік затты 1, 2 және 5 теңгеліктермен сатып алуға бола ма?

Жауабы: иә, себебі 11 = 2*5+1


17. Екі цифр.

3 және 4 арқылы екі орынды сан құрастыр.

Жауабы: 34, 43. Басқа жауап болуы

да мүмкін: 3 + 4, 34, 4 – 3.


18. Май шам.

7 май шам жанып тұрды. Оның екеуі өшірілсе, нешеуі қалады?

Жауабы: 1. Екеуі, себебі басқасы сөндіріл-

мегендіктен жанып кетеді.

2. Бесеуі, себебі олар сөндіріл-

ген жоқ.


19. Үстел бұрышы.

Тозған үстел бетінің бұрышы төртеу. Бір бұрышын кессек, неше бұрышы болады?

Жауабы: 1. бес бұрышы болады.

2. төрт бұрышы болады.

3. үш бұрышы болады.


20. Жаңбыр.

Екі күн қатарынан жаңбыр жауа ма?

Жауабы: Жоқ, себебі, ортасында түн бар.


21. Дәптер.

Мен оқушылардың дәптерін жинадым. Роза – оқушы. Мен оған кез келген дәптерді бере алам ба?

Жауабы: Жоқ, себебі, оған өз дәптері ғана керек.


пайдаланған әдебиеттер:



  1. Касымова Г.М. «Игровая терапия навыков общения детей дошкольного возраста с речевым недоазвитием». Алматы, 2010.

  2. Қалиева Ж.С. «Ойындар, сценарийлар, сайыстар». Қостанай, «Центрально-Азиатское книжное издательство», 2008.

  3. Сағындықов Е. «Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану». Алматы: «Рауан», 1993.

  4. Кәмәлашұлы Б. «Қазақ халқының дәстүрлі той-мереке, сауық-сайран, ұлттық ойын, тамашалары». Алматы: «Өнер», 2005.

  5. Тайсюганова Г., Рахмет З. «Қазақ тілі. Қызықты грамматика». Алматы: «Кітап», 2007.




31


Автор
Дата добавления 23.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров171
Номер материала ДВ-548530
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх