Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыҚазақ тілі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі. Баяндама

Қазақ тілі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі. Баяндама

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Баяндама 6 мектеп Беккулова Н.docx

Жаңа  технологиялармен  жұмыс жасаудың оқушы үшін маңызы

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық жаңа  технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

Н.Ә.Назарбаев

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Жаңа ғасырдың жеке тұлғасын қалыптастыру мақсатында білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында болып отыр. Сондықтан білім саласындағы оқытудың озық технологияларын  жас ұрпақтың санасына мейілінше  жоғары  дәрежеде сапалы біліммен қаруландыру мұғалімге үлкен жауапкершілікті артып отыр. Қазіргі таңда Қазақстан мектептеріндегі басты мақсат-жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалаулары мен қоғам талабына сай өзін көрсете білетін,жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойында қалыптастырған, бәсекеге қабілетті,шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған кезеңде білім беру мәселесін, әдіс - тәсілдерді жаңа технологиялар, инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделген. Осы орайда әрбір мұғалім озық технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы керек. Ж. Аймауытов айтып өткендей «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол-жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген екен.

 Ұстаз пән мұғалімі ретінде осынау жаһандану заманында қай технологияны, қандай әдіс - тәсілдерді таңдаса да өз еркі. Ал қоғам бізге тап қазіргі таңда,

жан - жақты жетілген, рухани бай жаңа заман адамдарын тәрбиелеуді талап етіп отыр. Қазіргі заманауи ұстаздардың алдында өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүстірін, тарихын, өнерін сүю арқылы, басқа халықтардың да тілі мен әдебиетіне, салт - дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам тәрбиелеу міндеті тұр.

 Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасында әр оқушының болашақтағы өз бағытын дұрыс белгілеп, саралай білуі үшін оларға берілетін білім өзегінде, өзіндік сана, көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыруда, сондай - ақ, қай ортаға болсын тез бейімделіп, жаңа ақпараттарды тез түсініп, қабылдау қабілеттілігін, іскерлік қасиетін дамытып, жеке тұлға етіп тәрбиелеудің орны ерекше.

Қазіргі жаһандану заманындағы оқытудың мақсаты – ана тілін құрметтеу, еліміздің тарихын жетік білу, әдет - ғұрпымыздың, салт - дәстүріміздің сан қырлылығын игеру, оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру, ұлттық сана - сезімін ояту, азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын қалыптастыру болып айқындалады. Әр оқушыны жеке тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілеттерін шыңдау, шығармашылықпен жұмыс жасауға талаптанған әрбір мұғалім әдебиеттегі көркем мәтінді ұлттық құндылықтармен өзектестіре оқыта отырып, оқушының жан - жақты қабілеттерін дамыта алады.
Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі.
Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Мұғaлiм көcбacшы peтiндe  өз caбaғының aвтopы, өз жұмыcының иeci.Өз caбaғындa әрбір мұғалім жаңа технологияларға сүйенген түрде әдіс- тәсілдерді таңдап, yaқытты ұтымды пaйдaлaнy үшiн, oқyшылap қызығyшылығын жoғaлтпaй көздeгeн мaқcaтқa жeтy үшiн үнeмi iздeнic үcтiндe жүpeдi. Бүгiнгi oқытy oқyшы қaбiлeтi, oны жaн- жaқты дaмытy, дaмy әpeкeттepiн ұйымдacтыpyдың қaжeттiгiн дәлeлдeп oтыp. Бiздiң cыныптaғы әpeкeтiмiз – бaлaның caбaқ үcтiндeгi әpeкeтiн ұйымдacтыpy, әpeкeт нәтижeciн бaйқay, қaбiллeтiмeн epкiн  aтқapa aлaтын ici, coның нәтижeciндe нaқты oй қopытy. Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенінін ғалымдарымыз айтып өткен. Олар:

- проблемалық оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, жобалау технологиясы, ойын технологиясы,ұжымдық оқыту технологиясы, сыни тұрғысынан ойлау технологиясы, ақпататтық коммуникациялық технологиялар, мультимедиялық технологиялар,итерактивті оқыту технологиясы

Соңғы кездері осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымның алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.

Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.

Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.
Міне, біз бүгін «Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері» осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстайды. Яғни, мұндағы бала өзі ізденуші, бір - біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады. «Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы», - деп А. Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, жарыққа шығарары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойланғаным рас. Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым.Әр мұғалім өз сабағының – көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.
1. Қызығушылығын ояту - жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрену процесі. Бұл бұрынғы білетін білім мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқарады. Жаңа технология арқылы баланы оқыта отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Ол белсенді әрекеттерге ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру жатады. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда білім дайын күйінде берілмейді, ол тек белсенді әрекеттер арқылы ғана игеріледі, оқушылар өзара қоян - қолтық қарым - қатынаста болып, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі, пікір алмасуы әрқашан  диалогпен жүзеге асырылады. Жаңа технологиялардың әдіс- тәсілдері арқылы оқушылар өздерін еркін ұстап, ерікті жауап беруге, сонымен қатар топтық, жұптық жұмыс жасауды үйреніп, нәтижеге қол жеткізеді.

Топтық әдісті қолданғанда оқушылардың бір - бірімен ақылдасуы, оны топтан біреуінің шығып айтуы, ал болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларын да диалог арқылы көрсете білді.
2. Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс жасайды, тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар олар идеяны жеткізіп қана қоймай, шешім табу үшін топқа сұрақ қояды және басқаларды сұраққа тартады. Әр топтан бір оқушы шығып ұжым алдында мәтін мазмұнын қысқаша баяндап береді.
3. Ой толғаныс – сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін үйренеді. Мысалы, бұл жерде балалар эссе жазады. Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, түйгендерін анықтайды. Бұл модульдің нәтижесі көп. Атап айтар болсам, ой – пікірін ашық, еркін айту, бір - бірінің сабақ барысында қателіктерін айту, жақсы қасиеттерін үйрену, сабақ - білім естерінде көп уақытқа сақталады, сабақ барысында өзі талдайды, бір - біріне талап, өтініш, тілектерін білдіре алады. Сондықтан ең жақсысы - балалар оқу тәрбие үрдісінде үлгілі мінезге бір - бірінен үйренетін ұжымдық оқытуды ұйымдастырады.
Мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни жаңа инновациялық әдіс- тәсілдермен қарулануы қажет. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн.
Жаңа  технологиялармен  жұмыс жасаудың оқушы үшін маңызы ол-мұғалім шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл - ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. Мұғалім әр баланың білім дәрежесі қаншалықты екенін саралап алғаннан кейін, оның алға жылжуына ықпал етуге міндетті.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»- деп елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты техногиялармен қамтамасыз етуде. Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор.Мұнда оқушылар сабақ үрдісінде  интернеттің, компьютердің, ұялы телефондардың көмегімен көптеген мәліметтерді ортаға салып талқылап жауап береді. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек.
Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.
1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.
2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.
3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек.
4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.
5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.

Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Мұнда басты назар аударатын нәрсе – оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше, тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін - өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан – жақты білім алуына көмектеседі. Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Қорыта келгенде жаңа технологияларды сабақта пайдаланудың маңыздылығы сонша,мұнда оқушыдан төмендегідей нәтиже күтіледі:

 -оқушылар өз ойларын ашық, нақты, еркін жеткізеді;

  - сыни тұрғыдан ойлай алып, шешімге келеді;

-мақсатқа ұмтылып, ақпаратты өзі іздеп табады;

-ой- өрісін арттырып, шығармашылық белсенділігі артады:

 Егер де жаңа технология элементтерін әрбір ұстаз әр сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсе, әрбір сабақ белгілі бір дәрежеде өз нәтижесін беріп, бүгінгі саналы ұрпақ   өркениетті елдер қатарынан көрінетін  заман талабына сай біліммен қаруланған болар еді. Өйткені- Тәуелсіз Қазақстанды  дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім.Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдалана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!

«Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев сөзімен баяндамамды  аяқтағым келеді.

                                                                                                                              
Пайдаланған әдебиеттер:
1. ҚР-ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы: 2013ж.
2. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы №2. 2013ж

3. «Қазақстан мектебі» журналы №10, 2012 ж.

4.Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №6 жалпы білім беру орта мектебі»ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама

Тақырыбы: «Жаңа  технологиялармен  жұмыс жасаудың оқушы үшін маңызы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

                                                          Баяндамашы: Орыс сыныптарындағы

                                                        қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

                  Беккулова Н.Т.

 

 

Ақтау- 2015ж

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі. Баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 292 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.11.2015 1079
    • RAR 19.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Беккулова Нуржамал Турсынбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5704
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 236 человек из 59 регионов

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 199 человек из 48 регионов

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе