Инфоурок Начальные классы КонспектыҚазақ тілі сабағының жоспары"Мағынасы қарама-қарсы сөздер"

Қазақ тілі сабағының жоспары"Мағынасы қарама-қарсы сөздер"

Скачать материал

Қазақ тілі   2-сынып  

Сабақтың тақырыбы: Мағынасы қарама-қарсы сөздер

Сабақтың мақсаты:

1.     Оқушылардың сөз туралы,олардың кейбір түрлері жайында білімдерін пысықтап,тағы бір түрі,мағынасы қарама-қарсы сөздер туралы түсінік беру.

2.     Сөз мағынасының түрлері жайлы берілген ұғымды ісжүзілік дағдылар арқылы одан әрі дамыту,сөз мағыналарын дұрыс қолдана білуге баулу.

3.     Оқушыларды шапшаңдыққа,жинақылыққа,тазалыққа,сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: әртүрлі суреттер,кесте,сигналдық белгілер,үлестірмелі қима қағаздар, слайд.

Сабақтың түрі: саяхат сабағы.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.

 

Сабақтың барысы

1.     Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ынталандыру

Шаттық шеңбері: электрондық оқулықтан

Үй тапсырмасын тексеру: cлайдтан салыстыру, өз-өзін бағалау.

2.     Сабақ мақсатын хабарлау

-         Балалар, кім ғарышкер болғысы келеді?

-         Неліктен?

-         Бүгін біз сендермен ғарышқа саяхатқа шығамыз. Саяхатымыз әсем планета- Жерден, біздің Қазақстандағы «Байқоңырдан» басталады. «Жаңалық», «Білгірлік» планеталарында боламыз. (слайд)

3.     Өткенді пысықтау.

-         Ракетамыз ғарышқа ұшуы үшін екі тапсырма орындауымыз керек.

-         Корабль экипаждары ғарышқа ұшуға әзір ме,тексереміз.

I-қатар – I-экипаж

II-қатар – II-экипаж

III-қатар – III-экипаж

-         Әр экипаждың бір мүшесі бір сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берсе, бүкіл экипаж корабльде өз орындарын алады.

1-тапсырма:   (слайд)

1.     – Сөз дегеніміз не?

2.     – Сөз неден құралады? Сөйлем ше?

3.     – Мағыналарына қарай,сөздің қандай түрлерін білеміз?

     2-тапсырма: 

-         Ғарышқа ұшу үшін, екінші тапсырманы орындайық.

     I-экипаж:

-         Араның екі мағынадағы суретін пайдаланып,екі сөйлем құрасырып жазыңдар.

Кесте пайдаланылады  (слайд)

 

Ара (жәндік) - Ара гүлге қонды.

Ара (құрал) – Ара- ағаш кесетін құрал.

II-экипаж:  тақтада қима қағазда жазылған

-         Көп нүктенің орнына сол сөзге мағынасы жуық сөз тауып, жаз.

Әдемі...

Батпақ...

Тамақ...

Аяз...

III-экипаж:  үлестірмелі қағаздар

-         Берілген сөзден, ондағы әріптерді пайдалана отырып, бірнеше сөз құраңдар.

Қала-қал, ал, ала, ақ, лақ, алқа.

-         Жарайсыңдар! Барлық экипаж тапсырмаларды дұрыс орындады. Ғарышқа ұшуға әзірленейік.

Сергіту сәті:   (слайд)

-         Ракетаны ұшыруға дайындық.

-         Моторды іске қосайық.

-         Тетіктерді қосайық.

-         Бір,екі,үш.

Ракета «Байқоңыр» космодромынан ұшырылды.

4.     Жаңа сабақ.

Суреттегі «Жаңалық» планетасына ракетаны жылжыту.

-         Алғашқы қонатын планетамыз «Жаңалық» деп аталады.

-         Бұл планетада,атына лайық, мағынасына қарай жаңа сөздермен танысасыңдар.

Тірек кестемен жұмыс:  (слайд)

1.     Қант ... болады,бұрыш ... болады.

2.     ... кісі бастар, ... кісі қостар.

3.     Қант ... болады, ал көмір ... болады.

4.     ... бала – қуаныш, ... бала – өкініш.

-         Көп нүктенің орнына қойған сөздерге назар аударайық.

-         Олар, мағынасына қарай, қандай сөздер?

 

5.     Оқулықпен жұмыс

1.     Жаттығу орындалады

-         Біз келесі «Білгірлер» планетасына қонамыз. Бұл планетада болған ғарышкер ағаларымыз әр түрлі тапсырмалар қалдырып кеткен.

Ауызша орындау- ұжымдық жұмыс:  (слайд)

-         Суретте не бейнеленген?

-         Суреттердегі заттарды салыстыра отырып, қарама-қарсы мәндес сөздері бар сөйлемдер құрастырыңдар.

-         Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып,атаңдар.

I-экипаж:

Тұрақты жұппен жұптық жұмыс.

Қарсы мәндес сөздерді ойдан жазу.

1-оқушы          2-оқушы

ақ-                     қара

II-экипаж:

Мағынасы қарама-қарсы сөздерді жұптап жаз. (қима қағазда жазылған сөздер беріледі)

III-экипаж:  (слайд)

Ойын «Кім көп біледі?»

Ойынның шарты: мұғалім «жеңіл» десе, оқушылар оған қарсы мәндес сөзді тауып айтады.  Мысалы: «жеңіл-ауыр».

Алдымен ауызша айтып, кейіннен жазады.

6.     Бекіту.

Алған білімдерін топтастыру.

Топтық жұмыс: сигналды белгілерді көрсетеді- ауызша орындалады.

-         Төмендегі қандай сөздер екенін тауып, айтыңдар.

I-топ: қу, айлакер, алдампаз.

1.     Қарсы мәндес сөздер

2.     Жуық мәндес сөздер

3.     Жазылуы бірдей сөздер

II -топ: Алыс- жақын

1.     Жуық мәндес сөздер

2.     Жазылуы бірдей сөздер

3.     Қарсы мәндес сөздер

III -топ: Жүз. Жүз.

1.     Жуық мәндес сөздер

2.     Қарсы мәндес сөздер

3.     Жазылуы бірдей сөздер

Жазбаша тест тапсырмасы орындалады:  (слайд)

Аралас сөздер. Дұрыс жауабын табу. (үлестірмелі қима қағаз)

I-экипаж:

оқулықтан жаттығуды жазу. Мақалды жатқа жаз. Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз.

Ащы мен тұщыны татқан білер,

Жақын мен қашықты жортқан білер.

II-экипаж:

Жұмбақты жатқа жазып, қарама-қарсы мәндес сөздердің астын сыз.

Ұшқанда өлең айтады,

Қонғанда жер қазады. (қоңыз)

III-экипаж:

Өлеңді көшіріп жаз. Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз.

Ащы терім ақты,

Жеміс өсті тәтті.

7.     Қорытынды :  (слайд)

-         Біздің саяхатымыз аяқталып келеді.

-         Жерге аман-есен қону үшін, бүгінгі сабақта нені үйренгенімізді еске түсірейік.

-         Біз қандай планеталарда болдық?

-         Осы планетада жаңадан нені үйрендік?

-         Қалай ойлайсыңдар, мұндай сөздер не үшін қажет?

-         Тағы қандай планетада болдық?

-         Сендерге саяхат ұнады ма?

8.     Үйге тапсырма беру: қима қағаздардағы тапсырмаларды жазбаша орындау.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі сабағының жоспары"Мағынасы қарама-қарсы сөздер""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 273 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2016 853
    • DOCX 17.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухамеджанова Жазира Рашитбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 1028
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1114 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 273 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 235 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 271 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 590 человек

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Волонтерство: сущность, мотивация, и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе