Инфоурок Другое Научные работыҚазақ тілі сабақтарында фукционалдық сауаттылықты қалыптастыру

Қазақ тілі сабақтарында фукционалдық сауаттылықты қалыптастыру

Скачать материал

Қазақ тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

 

                   Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.

Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзіреттерді қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым бағыттарының бірі болып табылады. Ал құзіретті тұлғаны қалыптастыруда басқа пәндерді оқытуға негіз болатын тіл пәндерінің орны ерекше. Бұл өзге тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәніне де тікелей қатысты. Өйткені мемлекеттік тіл ретінде оқытылатын қазақ тілі бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдары мен Тіл саясаты тұжырымдамасындағы айқындалған мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асуының басты шарты болып саналады. Тілді меңгертудің шешімін табуы тиіс мәселелерінің қай-қайсысы да оқытудың құзіреттілік бағытын іске асырудың, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің және білім беруді бүгінгі таңдағы қоғамның әлеуметтік сұранымымен үйлестірудің аса маңызды тетігі болып табылатын функционалды сауатты дара тұлғаны қалыптастырумен тығыз сабақтасып жатыр.

 Фукционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін өзге тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәнін оқытуды жетілдірудің бағыттарын айқындайтын тұжырымдамалық-әдіснамалық негіздерді қайта қарастырып, білім беру жүйесіне тың өзгерістер енгізу қажеттігі туындап отыр. Олар мемлекеттік нормативтік құжаттарды дайындау кезінде жан-жақты ашып көрсетілді. Мәселен, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»: «Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған», – деп айқындалған. Бұл – білім берудегі жаңа мазмұн мен дәстүрлі оқыту жүйесінің арасындағы қайшылық салдарының көрінісі. Осы кереғарлықты жою үшін мектеп пәндерінің білім мазмұнын толықтырып, саралап, оны меңгертудің жаңа жүйесіне қатысты оқу-әдістемелік базаны жетілдіру міндеті туындайды. Осы орайда соңғы жылдарда жарық көрген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының жаңа нұсқасында, «2017 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы білім беру саласын дамытудың тұжырымдамасында», «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқындалған жалпы білім беретін орта мектепті дамытудың «адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру», «білім берудің мазмұнын білім үстемдігі деңгейінен нәтижеге бағдарланған «құзіретті» білімге өзгерту; «қазақстандық партриотизмге, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу» және т.б. қағидалар басшылыққа алынды.

         Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Бұл орайда білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, мемлекеттік тілді оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзіреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындаудың, оны мектеп тәжірибесіне ендірудің уақыт талабымен толық сай келуі де зерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдей түседі.

         Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас

жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзіреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктерінің бірлігінен құралады.

         Сонымен, педагогикалық-психологиялық, лингвистикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау негізінде және орыс тілді колледждердің сыныптарындағы қазақ тілін оқыту тәжірибесін саралай келе бүгінгі мемлекеттік тілдің әлеуметтік мәртебесіне қойылып отырған талап пен қазақ тілін меңгертуде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселесінің ғылыми-теориялық тұрғыдан өз деңгейінде зерттелмеуі арасындағы; сапалы білім берудегі функционалдық сауаттылықтың мәні мен функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың әдістемелік тұрғыда жүзеге асуы арасындағы; әр жас кезеңіне сай оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыруда функционалдық сауаттылықты ескерудің практикалық маңыздылығы мен оқытудың әдістемелік жүйесінің сәйкессіздігі арасындағы қайшылықтар анықталды. Осы қайшылықтардың шешімін табу міндеті қазақ тілін меңгерту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін анықтап, әдістемелік жолдарын жүйелеудің көкейкестілігін танытады.

Қорытындылай келе  осы жұмысымның ғылыми жаңалығы:

 - қазақ тілін оқыту барысындағы функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері анықталды;

 - оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қазақ тілін оқыту сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде айқындалды;

 1 курс  оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай қатысымдық-әрекеттік бағыт білім мазмұнын жетілдірудің басым бағыты ретінде тұжырымдалды;

 - мемлекеттік тілді оқыту үдерісінде функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың ұстанымдары айқындалды;

 - мемлекеттік тілдің білім мазмұны аяларға бөлініп, олардың құрамына енетін лексикалық тақырыптар жүйеленді;

 - оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың құралы ретінде тілдік минимумдарды іріктеудің талаптары айқындалып, сыныптар бойынша лексикалық және грамматикалық минимумдар анықталды;

 - оқушының өмірлік дағдыларын дамытудың ең шешуші факторы – функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға негіз болатын қазақ тілін оқытудың әдістемелік жүйесі жасалып, нәтижелері дәйектелді.

          Зерттеу нәтижелері мен пайымдауларын қазақ тілін үйретудің тиімділігін арттыруда, сабақты нәтижелі ұйымдастыруда пән мұғалімдерінің пайдалануына болады. Зерттеуге өзек болып отырған тақырыптың әдістемелік тұрғысындағы дәстүрлі тұжырымдар мен жаңаша танымдар негізінде туындаған қорытындыларын әдіскер-ғалымдар, ізденушілер мен магистранттар қолдана алады. Еңбекте ұсынылған кешенді жаттығулар, тапсырмалар, сабақ үлгілері қазақ тілі сабақтарының сапасын арттыруға көмегін тигізеді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі сабақтарында фукционалдық сауаттылықты қалыптастыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2017 661
    • DOCX 18 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухамедеева Рита Гиноталловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мухамедеева Рита Гиноталловна
    Мухамедеева Рита Гиноталловна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 135572
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Педагогические и психологические основы образования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Техники визуализации в учебном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек