Инфоурок / Другое / Статьи / Қазақ тілі сабақтарында оқушының коммуникативтік құзіреттілігін дамыту

Қазақ тілі сабақтарында оқушының коммуникативтік құзіреттілігін дамыту

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту жолдары.



Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Құзіреттілік  дегеніміз - оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда қатысымдық әдістің маңызы зор.

Коммуникативтік құзіреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек.

Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей:

•         Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар)

•         Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)

•         Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)

•         Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)

Бұл  жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алашқы баспалдағы  болып есептеледі. Себебі, оларды барлық сабақта мұғалім  мүмкіндігінше қолдана алады. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың қатысым және жазылым қарым – қатынасын қалыптастыруға, сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге, жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін көруге  болады.

Сабақ үстінде коммуникативтік құзіреттілігін дамыту мақсатында жұптық, топтық жұмысын да пайдалану жөн. Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық және жұптық  жұмыста оқушылар:

  • Өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен немесе жұбымен өз пікірін бөліседі, алмасады;

  • Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады;

  • Өз мүмкіндігін біледі;

  • Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады;

  • Назарын бақылай алады және алаңдамайды;

  • Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады;

  • Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады;

  • Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және тыныштандырады;

  • Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады;

  • Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді;

Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері:

1.Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.

4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.

5.Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді.

6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

7.Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастырады.

Меніңше, топтық жұмысын үлкен көлемді лексикалық және грамматикалық тақырыптар бойынша білімдерін бекіту, жалпылау үшін қорытынды сабақтарда қолданғаны дұрыс. Осындай қорытынды сабақта тақырып бойынша топ ішінде оқушылардың пікірлерін айтқызып, дәлелдеме жасатқызып, тақырып аясындағы проблемаларды талқылауға, жалпы лексика-грамматикалық білімдерін жүйелеуге және практикада, яғни шын өмірде қолдану жолдарын анықтау үшін жағдай жасауға болады деп ойламын.

Менің ойымша, оқушылардың тілді меңгеруде үлкен нәтижеге жетуде электрондық оқулықтардағы дайын мәтіндерді тыңдау, жаттау, аяқтау, толықтыру, мәтін мазмұны, кесте, сызбалар бойынша диалогтар құру әдістері де көп көмегін тигізеді.

Сонымен бірге мектептегі интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін де өз сабағымда жиі пайдаланамын, мысалы: шымылдық, сәйкестендіру, телеграфтық таспа, сиқырлы сандық, үлкейткіш, т.б.

Интерактивті әдіс-тәсілдер арасынан тағы бір жиі қолданатын жұмыс түрлеріне назар аударғым келеді.

«Ертегіні жалғастыр» ойыны: мұғалім ертегіні айта бастайды немесе мультфильм арқылы ертегінің басын көрсетеді («Қу қой» мультфильмінен үзінді). Ал оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бірден сөйлеммен ары қарай жалғастырады. Мысалы, мұғалім былай бастайды: «Бір қой ауыл қойларынан бөлініп кетіп қалыпты» 1 – оқушы: «Ол келе жатып түлкімен кездесіпті» десе, 2 – оқушы одан ары қарай жалғастырады: «Қарны ашқан түлкі оны қонаққа шақырыпты»... – деп ертегі жалғаса береді, ең соңғы оқушы ең соңғы оқушы ертегіні ұтқыр шешіммен аяқтауы тиіс. Және кімде-кім ертегі ішіне қызғылықты оқиға кірістіре алса, соның еңбегі жоғары бағаланады. Бұл кезеңде балалардың шығармашылығы дамуына да жағдай жасалады, бірақ кейде ертегінің мазмұнын ашу үшін негізгі сөздерді беріп қоюға болады (түлкі, қасқыр, аю, қу қой)

«Композиция» ойыны. Берілген әңгіменің композициялық құрылымы бұзылып, ондағы бөліктер жасанды түрде алмастырылған. Оқушы міндеті – композициялық бөліктері орны – орнына қойып, әңгіменің желісін бұрынғы қалпына келтіру. Балалар композициялық бөліктерді ойдағыдай құрастыра алмаған жағдайда мұғалім дұрыс мәтінді оқиды.

«Сиқырлы қалта» ойынын өткізуге болады. «Сиқырлы қалтаның» ішіне ертегінің кейіпкерлерінің суреттері салынады. Тақтаға шыққан оқушы өзі таңдаған кейіпкер туралы айтып береді (Қой ақ, мүйізді, үлкен емес. Ол ауыл қойларынан кетіп қалып, түлкімен, қасқырмен, аюмен кездескен...)


Орыс тілді мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсаты оқушылардың қарым-қатынас біліктілігін, яғни тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген. Осыған байланысты менің міндетім – мәдениетті түрде білімімен, іскерлігімен қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол арқылы жүзеге асыру. Осы жұмыстар нәтижесінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасады.

Қорыта келгенде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру - заман талабы. Сондықтан оқушыларымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты, қазақ тілінде өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында коммуникативтік құзыреттілікті дамыту ұстаздың қолында.


Әдебиеттер  тізімі:

1. «Педагогика мәселелері»- ғылыми –теориялық журнал, № 1-4, 2007

2. Ашық сабақ. Факультативті сабақтар, №5, 2009

3. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, №2, 2008

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-571469
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>