Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚҰЗЫРЕТТІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚҰЗЫРЕТТІ



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚҰЗЫРЕТТІ-БАҒДАРЛЫ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

  • Печать

  • Email

Обновлено Friday, 29 November 2013 11:17

Просмотров: 5968

С.К.Ксембаева, доцент, С.Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қ.
Р.С.Алькеева, магистрант, С.Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қ.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев “Еліміздің бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады” деп және “Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі” деп педагогтар қауымына үлкен міндет жүктеп отыр.Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анық көрсетілген. 
Әлемдік тәжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл ресми құжатта әрбір оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімнің мазмұнын меңгеруге бағытталған үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақсат етілген, олар: өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін проблеманың шешімін табу құзыреттілігі; ақпараттық құзыреттілік; білімді игерумен бірге жүретін қарым-қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік.
Дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған «құзыреттілік», «құзырет» терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты бағыт ретінде біздің еліміздің білім беру жүйесіне ене бастады Құзыреттілік теориясы Г.В.Вайлер, Ю.В.Койнов, Я.И.Лефстед, Н.В.Матяш, В.В. Сериков, Дж.Равен, Р.Уайт, В.Чинапах және т.б. еңбектерінде негізделген. Білім беруді ұйымдастыруға құзыреттілік тұрғыдан келуді жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру туралы мәселелер М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Давыдов және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. 
 Білім алушылардың түйінді құзыреттіліктерді игеруі олардың нәтижелі түрде әлеуметтендірілуінің, яғни әлеуметтік рөлдерді, нормаларды және құндылықтарды игерулерінің алғы шарттарын жасайдыБілім беру мазмұны әрбір білім алушының стандартпен айқындалған мынадай түйінді құзыреттіліктер түріндегі білім беру нәтижелеріне қол жеткізуіне бағытталған: 
- проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі; 
- ақпараттық құзыреттілік;
- коммуникативтік құзыреттілік.
Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі:
- түрлі жағдайларда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;
- өз іс-әрекетіне мақсат қоя алуға, оны іске асыруға қажетті жағдайларды анықтауға, оған жету үдерістерін жоспарлы түрде ұйымдастыруға (яғни, атқарылатын міндетке барабар технологияларды әзірлеуге); 
- өзін-өзі бағалауға және өзінің іс- әрекеті мен оның нәтижелеріне баға беруге;
- түрлі жағдайларда өзі үшін қызмет және мінез-құлық нормаларын таңдауына;
- қойылған міндетке сәйкес технологияларды таңдауына мүмкіндік береді.
 Ақпараттық құзыреттілік: 
- сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
- өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға; 
- ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;
- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;
- өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.
Коммуникативтік құзыреттілік:
- нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға; 
- коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стильдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға;
- әдептілік нормаларына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге; 
- нәтижелі өзара іс-әрекетті, оның ішінде басқа мәдениет өкілдерімен, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиеленіскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға;
- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобында қатынас (коммуникация) құруға мүмкіндік береді.
Білім беру деңгейінің регламенттелген осы МЖБС-на сәйкес келетін түйінді құзыреттіліктерді меңгерудің үш деңгейі көрсетіледі.
Білім алушы білім берудің әрбір деңгейін аяқтау кезеңінде негізгі құзыреттіліктерді құрайтын берілген қызмет түрлерінің көрсетілген ең аз көлемін игергенін көрсете білуі тиіс. Білім мазмұнын өзгертудің  тұжырымдамалық негіздері біртіндеп білім ,білік және дағдылары игеруге негізделген оқу-пәндік парадигмадан ,әр оқушының құзіреттіліктер  жиынтығын білім нәтижелері ретінде игеруіне бағдарланған. Оқушы әр білім беру деңгейін аяқтағаннан кейін енгізілген құзіреттерді құрайтын, көрсетілген әрекеттер түрінің минималды жиынтығын игергенін көрсетуі тиіс. Қазақстан мектептерінің оқушылары өзгермелі өмірдің жаңа тұжырымдамалары мен үрдістерін қабылдауға дайын болуы, саналы таңдау жасауға, сондай –ақ барлық өмір бойына өмірдегі өзгермелі жағдайларға икемді болуға жәнеөз білімін көтеруге дайындығы негізгі алғышарт болып табылады. Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы проблемаларды өз бетінше шешуі мүмкіндігін қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі  құзіреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріледі.Өскелең ұрпақтың сапалы білімі еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады және оны әлемдегі бәсекеге қабілеттілікпен қамтамасыз етеді. 
Білім беру процесі мақсатты ұйымдастырылған, өзара байланысты мұғалім мен оқушы іс-әрекетін қамтиды: тұлғаға бағдарланған, құзіреттілік; іс – әркеттілік; денсаулық сақтау. Білім беру процесінде негізгі құзіреттіліктерді қалыптастыру ретінде оқушылардың жобалау, зерттеу іс-әрекеттерді ұйымдастырылады. Оқу жылының бойында оқушылар жеке немесе топ құрамында пәнаралық және пәнүстілік мазмұн базасында тұлғалық маңызды жобаны әзірлеп, іске асырады. Жобалау, зерттеу іс- әрекетінде бағалау нысаны- арнайы әзірленген талаптар мен көрсеткіштер негізінде негізгі құзіреттіліктердің қалыптасу негізі болып табылады. Ал, осы айтып жатқан құзіреттілік дегеніміз не? 
Құзыр -әмір, билік дегенді білдірсе,( қазақ түсіндірме сөздігі) Құзырет – қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындық , (қазақ түсіндірме сөздігі) , яғни біздің пайымдауымызша , білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырысты құрайды. Ал, құзыреттілік дегеніміз- оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі.Оқушылардың тұлғалық сапаларының кешенін дамытуға , білім беруден күтілетін нәтижелер.
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлығы төмендегідей анықталады: 
1. Құндылықты- бағдарлы құзыреттілік.
2. Мәдениет-танымдылық  құзыреттілік.
3. Оқу-танымдылық құзыреттілік.
4. Коммуникативті құзыреттілік.
5. Ақпараттық- технологиялық құзыреттілік.
6. Әлеуметтік- еңбек құзыреттілік.
7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік.
Осылардың ішінен комуникативті құзыреттілікті қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау және жазу технологиясын пайдалана отырып оқушылардың бойында қалай дамытуға болатынын зертеудемін.Себебі: коммуникативтік  құзыреттілік қазақ тілі мен әдебиеті сабағына етене жақын. Өйткені тілдің басты қызметі – коммуникативтік қызмет.Коммуникативтік құзыреттілік құзыреттілік адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы әлеуметтік рөлдерді орындауда , өмірдегі нақты жағдғайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.Коммуникативтік  құзыреттілік төрт түрлі аспектіден тұрады. 
Олар:
1.Жазбаша байланысу .
2. Көпшілік алдында сөз сөйлку.
3.Диалог .
4. Өнімді топтық байланысу.
 Коммуникативті құзыреттіліктің әр аспектіге байланысты 3-деңгейі бар. Оларға:
1. Жазбаша қатынас аспектісінде :  
1-деңгейде :
- қарапайым құрылымдағы жазбаша айланысудың стандартты өнімдегі формасында өз ойын рәсімдейді, үлгіле берілген мәтінді рәсімдеунормаларын сақтай отырып, қосымша графикада сұрағын баяндайды. 
2-деңгейде :
- Күрделі құрылымдағы жазбаша байланысудың стандартты өнімдері формасында өз ойын рәсімдейді , күрделі құрлымды тақырыпты баяндайды, қосымша құралдарды сауатты пайлаланады , байланысу мен мекен-жай қойған мақсатқа сәйкес жазбаша құжаттардың жанры мен құрылымын анықтайды.
3-деңгейде :
- ақпаратты өңдеу нәтижелерін шектелмеген нысандағы жазбаша өнімде ұсынады, талқылауға ұсынылған  айқындамаға қарсы немесе дәйектемесі бар мазмұндағы жазбаша құжаттарды құрады, өз іс-әрекетінің мақсатына сәйкес жазбаша байланысудың мақсаты мен мекен –жайын анықтайды. 
2.Көпшілік алдында сөз сөйлеу аспектісі бойынша деңгейлік көретілімдер.
1-деңгейде :
- Баяндаманың жоспарын дайындайды, көпшілік  алдындағы баяндаманың нормасы мен шегін сақтайды,өз баяндамасының мағыналық блоктарын ерекшелеу үшін үзілістер пайдаланады , пысықтау мен түсінуге берілген сұрақтармен жұмыс жасайды. 
2-деңгейде :
- Өз баяндамасының мағыналық  блоктарын ерекшелеу үшін вербальды құралдарды (қисындық байланыс құралдары) пайдалынады., вербальды  емес немесе көрнекі материалдарды пайдаланады, тақырыпты дамытуға берілген сұрақтармен жұмыс жүргізеді , байланысу мен мақсатты аудиторияның берілген мақсатымен жұмыс жүргізеді.
3-деңгейде :
- Байланысу міндетінде  барабар  көрнекі материалдарды өз  бетімен даярлайды және оларды сауатты пайдаланады ,өз сөзімен қисындық  және шешендік тәсілдерді , аудиториямен кері байланыс тәсілдерін  қолданады, айқындаманы жоюға байланысты сұрақтармен  жұмыс жүргізеді, іс -әрекет мақсаттары негізінде байланысу үшін  мақсат пен мақсатты аудиторияны өз бетімен анықтайды.
3. Диалог аспектісі  бойынша :
1-деңгейде :
-Монолог, диалог, пікірталаста (топ) нақты  бағалау ақпараттың негізгі мазмұнын қабылдайды, әңгімені нормаға сәйкес бастап, аяқтайды, диалог форматы мен мақсатына сәйкес сұрақтар қояды және жауап береді .
2-деңгейде :
-Монолог , диалог пікірталаста (топ) нақты бағалау ақпараттың талап етілетін мазмұнын қабылдайды, диалог аясында әріптесінің пікірін тыңдайды .
3-деңгейде :
- Монолог ,диалог , пікірталаста (топ) нақты бағалау ақпараттың мазмұнын толық қабылдайды , диалог аясындағы байланысу үзіктерін түзетеді. 
4. Өнімді топтық байланысу аспектісі .
1-деңгейде :
- оқушы топтық талқының іс-жосығына өз бетімен ілеседі ,оқушылар топтық жұмыс тапсырмаларына сәйкес жауап береді, өз ойларын ұсына отырып түсіндіреді немесе топтың өзге де  мүшелерінің идеяларын, өз қарым-қатынастарын дәйектейді.
2- деңгейде :
-Оқушылар өз бетімен топ алдына қойылған міндетке сәйкес талқылау ережелері мен сұрақтары туралы келіседі,жұмыс соңында шешім жинақтайды, топтық  жұмысты орындау аясында міндеттерді бөледі және мойындарына алады, бір-бірінің идеяларын түсіну мен пысықтау үшін сұрақтар қояды,өз идеяларын топтың өзге де мүшелерінің идеяларымен сәйкестендіреді. 
3- деңгейде:
-Оқушылар пікірталасы шиеленіскен жағдайда одан шығу тәсілдерін пайдаланады,топтың нәтижеге қол жеткізе алмау себептерін жинақтайды, қарама –қайшылықтар негіздерін анықтай отырып , айқындамаларының бірігу мен ажырау тұстарын атайды ,топтың жұмыс мақсатына қатысты ұсынылған идеаларға салыстырмалы баға береді.
Осындай 3-деңгейлік  көлемде жұмыс жүргізу  барысында оқушы бойында коммуникативтік  құзыреттілікі сапалы қалыптастыра аламыз. Мысал ретінде 7-сыныптағы қазақ тілі сабағында оқушыларға берілетін құзыретті-бағдарлы тапсырма парағын ұсынып отырмыз:Тақырыбы: Әдеп. Шылаулар
Ақпараттық ( І деңгей):
- берілген тапсырманы орындау үшін  қандай түсінігі бар екенін көрсетеді;
- берілген ақпараттың ішінен қажеттісін анықтайды;
- сөздікпен жұмыс істейді.
Ақпараттық ( ІІ деңгей):
- берілген тапсырманы орындау үшін өздігінен анықтамалық әдебиеттен ақпаратты тауып, сұрыптайды;
- берілген тапсырманы орындау үшін ізденіс жұмысын жоспарлайды.
Коммуникативтік( І деңгей)
- диалог дайындайды.
Уәж :жолдасыңаәдептуралыбаяндамажасауғакөмектес.
Міндет:
1. Берілгенмәтіндіоқып (сөздікжұмысы), түсінгеніңдікөршіңеорысшатүсіндіріпбер.
2.Берілгенмәтінбойыншасұлбажаса.
3. Сөйлемгесинтаксистікталдаужаса, сұраулығаайналдыр.
4. Мәтінненшылаулардытауып, түрінанықта
5.Тақырыпбойынша диалог құрастыр
6. Әдепжәнежантанудегендіқалайтүсінесің?
Ақпараткөздері:
1. Әдеп – адамгершілік нормалары туралы ілім. Бұл термин ежелгі грек пәлсапасында  қолданыла бастаған. Адамгершілікке жататындар : парыз, намыз, ар-ұят, мұрат, ізеттілік, борыш, жауапкершілік, сенім, дүниетаным. 
2. Оқулықтың 1-тапсырма  17-бет
3. Ол ереже бұзылса, халықтың дәстүрі де бұзылады.
4. Оқулықтың  1-тапсырма  17-бет
5. 
Шылау
Септеулік шылау Жалғаулық шылау Демеулік шылау
  
  
6. Қ. Жарықбаев, Ә.Табылдиев еңбегі бойынша әдеп туралы мағлұмат көшір. Түсінгеніңді көршіңе айтып бер. Мәтіннен шылауларды тауып, олардың түрін анықта.

Қолданылған әдебиет:
1. Алханова М.Б. «Оқушы құзыреттілігінің қалыптасуындағы портфолионы қолданудың ерекшелігі»
2. КсембаеваС.К., Алькеева Р.С. «Құзыреттілік – білім беру негізі»
3. ҚР Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
4. ҚР Білім беру стандарты



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-285102

Похожие материалы