Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Қазақ тілі "Сын есім"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Қазақ тілі "Сын есім"

библиотека
материалов

Мектеп: «№25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММhello_html_m77276674.jpg

Мұғалім: Тишкамбаева Анар Канатовна


Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Сын есім

Мақсаты: 1. Сын есім туралы алған білімдерін жинақтап, тапсырмалар арқылы, сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріп айта және жаза білуге үйрету.

2. Байланыстыра сөйлеуге, тілін, сөздік қорларын дамыту. Ізденіске баулу, ойлану арқылы топпен жұмыс жасауға дағдыландыру.

3. Мақсатқа талпынушылыққа, ұқыптылыққа, зеректікке, мәдениеттілікке, бір – бірімен пікірлесуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: суреттер, слайд, смайликтер, эмблемалар, үлестірмелер

Сабақтың түрі: сайыс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс, сызба

Сабақтың технологиясы: ойын технологиясы

Пәнаралық байланыс: ана тілі, музыка, математика, дүниетану

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері: әр оқушы өз атына байланысты сын есім айту.

Мысалы: Әдепті Әкежан, Ақылды Ақерке т.б.

Екі түрлі кітап суреттерін тарату арқылы, екі топқа бөлу.

І топ: Білімді

ІІ топ: Алғыр

  • Сайысқа түспес бұрын, алдымен өткен тақырыптарды қайталап, білімімізді толықтырып алайық.

ІІ. Өткенді қайталау.

  • Сөз таптарын өтіп жатырмыз. Қандай сөз таптарымен таныстық?

  • Зат есім, етістік, сын есім.Зат есім деген не? Етістік деген не? Сын есім деген не?

  • Үйге берілген тапсырманы кім айтады?

  • Жұмбақтар мен мақал жазып келу, сын есімге байланысты.

  • Әр топтан мақал айтыңдаршы.

  • Осы мақалда сын есім бар ма? Қарсылас топтар жауап береді.

  • Жарайсыңдар, тақтаға қараңдаршы.

  • Ребусты шешіп көрейікші.

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\phoca_thumb_l_tauyk_kurica.jpgC:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\phoca_thumb_l_balapan_ciplenok(1).jpgC:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\phoca_thumb_l_tyrna.jpg

  • Қандай сөз шықты?

  • Талапты

  • Талапты сөзі қай сөз табына жатады?

  • Сын есім

Көркем жазу сәті:

  • Осы сөзді әдемілеп дәптерімізге жазайық.

  • Тт Тт Тт, талапты.

Сөздік жұмысы: (тақтаға бір сөйлем жазу)

Тақтада сөздер жазылған, осы сөздердің арасынан сын есімдерді тауып, бір сөзге сөйлем құрастырып жазайық.

Нан, ойыншық, әдемі, үй, әже, қызыл, жұмбақ, аппақ,қарындас, түзу, көл, жылы, дәптерлер, тіл алғыш, жуас.

  • Бір сын есімге сөйлем құрап жазу.

Әжем әдемі құрақ тікті.

  • Жақсы балалар.

ІІІ. Сайыс кезеңдері:

  • Дайын болсақ сайысымызды бастайық. Дұрыс орындығын тапсырмаларға смайликтар беріледі.

І. «Тапқыр болсаң, тауып көр» жұмбақ шешу. Сын есімдерді табу.

Жұмбақты қарсыластарға жасырады, олар жауабы мен сын есімдерді табады.

Дәптремен жұмыс

ІІ. « Кім жылдам?» жаңылтпашты жатқа жазу.

443-жаттығу.

Үшкір тұмсық

Сұр шымшық

Сордан ұшты

Құрт шымшып.

  • Бұл шымшық ауылдан да, қаладан да кездестіруге болады. Шиқ-шиқ етіп, бұтақтан-бұтаққа қонып, құрт –қоңыздарды, көбелек жұмыртқаларын еріп жейді.

  • Сын есімдердің астын ирек сызықпен сызыңдар.

ІІІ. «Сәйкесін тап» сызбамен жұмыс. 444-жаттығу.

Берілген зат есімдерге сын есімдерді байланыстыру керек. Тапсырма екі топқа беріледі.

І топ: ІІ топ:

Дәмі бойынша

Лимон Бал

Биіктігі бойынша

Емен Емен

Көлемі бойынша

Барыс Мысық



Сергіту сәті: «Қара жорға» сын есім табу.

- Барлығың жеңіске жетеміз деген үмітпен отырсыңдар. Сендерге әлі де білім мен шыдамдылық қажет. Олай болса бұл сайыста, бойымызды сергітіп алайық. Бұл әнді тыңдап, сын есімдерді де есімізге сақтай отырайық. Әуен тоқтағанда әр топ өз әндеріңнен сын есімді атайсыңдар.

ІҮ. «Ойлан, тап» ана тілінен өткен әңгіме

І топ:

Кенет төбеден қаңқылдаған қаздардың дауысы естілді. Мөлдір аспанда тізіліп, көлге ұшып барады. Мынау көрініске қызыға қараған Мұхтар құрбыларын тастап, кішкене төмпешікке шықты.-үзінді қай мәтіннен алынған? Сын еісмдерді тауып астын сызыңдар. (Қоңыр қозы. Мөлдір, кішкене)

ІІ-топ:

Мұның әжесі бір түрлі әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесін дәмді ғып, қызықтырып айтады. – үзінді қай әңгімеден алынған? (Бала Абай. Бір түрлі, дәмді.)

Ү. « Мәтін жаз » суретке қарап, әңгіме құрастыру.D:\Anar\Көрнекілік\phoca_thumb_l_egindik_pole.jpg D:\Anar\Көрнекілік\phoca_thumb_l_tan_utro.jpg

ІҮ. Қорытынды

- Сайыс түрлері аяқталды. Енді сайыстың қорытындысын шығарғанша, «Кел, ойнайық» ойынын ойнайық.Сөз құрастыру керек. Қай топ бірінші болады екен?

Бұл тапсырмада есептерді шығара отырып, жауабындағы сандарды өсу

ретімен орналастыр. Әріптерді төменгі торкөзге жазыңдар.

с

ы

н

е

с

і

м

7

15

21

36

40

63

90



3+5=7 35-20=15 12+9=21 24+12=36 10+30=40 38+25=63 45+45=90

«СЫН ЕСІМ»

  • Жарайсыңдар, балалар. Бұл ақырғы сайысымыз болатын. Сонымен біз қандай тақырыпты қайталадық?

  • Сын есім.

  • Сын есімнің сұрақтары қандай? Қандай мысал келтіруге болады?

  • Ал, енді бүгінгі сайыста қай топ жеңіске жетті екен. Ұпай сандарыңды санайық.

Ү. Бағалау: Топтардың жиған ұпай санымен жеңімпаздарды марапаттап, мадақтау қағазын беру. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.



ҮІ. Үйге тапсырма: 445-жаттығу






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-566315

Похожие материалы