Инфоурок Начальные классы Рабочие программыҚазақ тілі 3 сынып

Қазақ тілі 3 сынып

Скачать материал

 

Пәні: қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы:Сипаттау  мәтіні.  15-19 жаттығулар

Сабақтың мақсаты:  Мәтіннің түрлері туралы ұғымды талдау. Оқушылар-дың өзара байланыстырып сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Мәтін түрлерін бір- бірінен ажыратып, оны дұрыс құра білуге машықтандыру; Мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру, сөздік қорларын молайтудың жолдарын қарастыру; шәкірттерді өз бетінше ойлай білуге, ізденуге үйрету; ұйымшылдыққа, достыққа, білімді терең меңгертуге  ынталандыру.

  Сабақтың әдісі: аралас, топтық жұмыс.      

Көрнекілігі: АКТ, мәтін түрлері, суреттер, кестелер.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

Психологиялық сәт:  Ана тілің арың бұл,

                                     Ұятың боп тұр бетте.

                                     Өзге тілдің бәрін біл,

                                     Өз тіліңді құрметте.

ІІ. Топқа бөліну: Дауыссыз дыбыстардың түрлеріне қарай 3 топқа бөліну. 

   1 топ: Үнді: л, м, н, ң, р, й,  (у);

   2 топ: Ұяң: б,в, г, ғ, д, ж, з;

   3 топ: Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, һ,   

             Топ ережесін ұсыну.

Тәртіп сақтау;

Ой қосу;

Біреудің ойын тыңдау;

Ашуға жол бермеу;

Топты қолдап отыру.

(Жұмыс барысында тәртіп бұзған оқушыға ескерту беріліп, жақсы жауап берген оқушының жақсы бағаға ие болатынын хабардар ету.)

 Оқушыларға сұрақ қою арқылы бүгінгі тақырыптың атын табу. Ол үшін сұрақтың жауабын тауып, сол сөздің бірінші әрібін шашылған әріптердің ішінен тауып жазып отырамыз.

От басында құмған, Екі көзін жұмған. (Мысық)

Отбасы тірегі. (әке)

Қу, айлакер жырқыш аң? (түлкі)

Сүттен жасайтын тағам. (ірімшік)

Қасиетті тағам. (нан)                              

     МӘТІН

 ІІ. Білімді тексеру:

 - Қазір қандай ай? Қазір қандай мезгіл?

Күз мезгілі. Күз мезгіліне байланысты екі- үш сөйлем құрап жіберейікші.

Күз

Күз келді. Жапырақтар сарғайып жерге түсе бастады. Құстар жылы жаққа ұшып кетті.

-Мәтін деген не?

-Мәтін құрылымын ата?

-Мәтіннің басталуы,

Негізгі бөлімі,

Соңы болады.

ІІІ.Дәптермен жұмыс: Бүгінгі күнді дәптерге жазу. Көркем жазу жолдарын толтыру.

Х х

 Хат  хайуанат саяхат  шах

 ( Х дыбысы сөздің басында, ортасында да, аяғында да кездеседі).

 ІV. Мақсат қою кезеңі:

Ереже:

Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Сұрағы: Не істеді?

Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер заттың сынын білдіреді. Сұрағы: Қандай?

Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен?

                                          Мәтін түрлері 

Әңгімелеу  мәтіні

Не істеді?

 

Сипаттау мәтіні.

Қандай?

Пайымдау мәтіні.

Неліктен?

 

 Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

15-жаттығу. Әңгімелеу.

-Мәтін не туралы?

-Мәтінге қандай ат қоюға болады?

-Мәтін неше бөліктен тұрады?

-Әр бөліктің қандай жолдан басталып жазылғанына назар аудару.

-Әр бөлігіндегі сөйлемге сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін ажырату.

 

Түрлері:      Әңгімелеу                   Сипаттау                      Пайымдау.

                   Не істеді?            Қандай?                        Неліктен?

1. Сержанның күшігі жоғалып кетті. Ол қатты уайымдады.

2. Күшіктің түрі қара. Төсі ақ. Құйрығы жылмиған.

3. Күшік не үшін Сержаннан қашып кетті? Мүмкін ол күшігін ренжітіп алған шығар.

- Осы мәтіндерден әңгіме құрауға бола ма?

  Сипаттау мәтінін көшіріп жазады.

 

16-жаттығу. Суретпен жұмыс.

·        Қай суретпен әңгімелеу мәтінін құрастыруға болады? Қайсысымен сипаттау мәтінін, ал қайсысымен пайымдау мәтінін құрастыруға болады?

·        Мәтіннің үш түріне ауызша мәтін құра. Оларға ат қой.

·        Құраған мәтіндеріңді бір-бірлеріңе айтыңдар.

-         Айнаш не істеді?

-         Терезенің алдында не тұр?

-         Жандосқа анасы не айтты?

Ойын: «Бәйге»

1.     Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?

2.     Сөйлем дегеніміз не?

3.     Мәтін дегеніміз не?

4.     Сұраулы сөйлем деген не?

5.     Сөз таптары.

6.     Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

18-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айту.

Дәмді сорпа

Жағыпар мен Жапар көлге күн ұзақ қармақ салып, бірнеше шабақ ұстап алды. Оны өздерінің шелектеріне тазалап салып, астына от жағып пісірді. Сорпаға қосатын не тұз, не бұрыш жоқ. Сонда да піскен соң таза ауада рақаттанып іше бастады. Бір-біріне:

-         Сорпа дәмді болды, - десіп қояды.

Күн еңкейе бұлардың қасына қой бағып жүрген Жарылғап келді. Ол әзілдеп:

-Сорпа дәмді болсын, - деді.

- Өзі де дәмді, - деді Жағыпар

- Аттан түсіп, дәм тат, - деді Жапар.

Жарылғап атын байлап қойып, бірге отырып сорпа ішті:

-         Балықтың сорпасына еңбектерің сіңген екен, термен келген ас дәмді, сіңімді болады, - деді күліп.

Жағыпар мен Жапар біріне-бірі жымия қарасты.

·        Мәтіндегі негізгі ойды анықта.

·        Бұл мәтіннің қай түріне жатады?

VІ.Сергіту сәті:  

 VII.Қорытынды бойынша түсінгендерін бекіту: Топтық жұмыс:

 Әр топтың хатшылары өз тобына ашық хат әкеледі.  Хат ішіндегі жануарлардың аттарына сәйкес мәтін құру.

 

 

I-топ

II-топ

III-топ

Бүркіт

Ақ аю

Жолбарыс

…    …..     ….   …..

Мысалы: Бүркіт жыртқыш құс. Оның денесі ірілеу, көзі қырағы болады. Ол қанатын кең жайып ұшады.

……     ….    ….    …..

 Ақ аюдың денесі ірі, терісі ақ түсті болады. Ақ аю жыртқыш аң.

…..     …..     ….    ….

 Жолбарыстың терісінде қара жолақтар болғандықтан солай атаған. Оның тістері мен тырнақтары өткір болады.

19-жаттығу. Мәтіннің бұдан басқа тағы қандай түрлерін білесің?

                                                      Негізгі ой

 


жоспар құрылады

                                                  Мәтін                                    негізгі бөлім

 

 


Мағына жағынан байланысады

Тақырып         Азат жол

VIІІ. Қорыту.

-Мәтіннің қандай түрлері болады?

-Мәтіннің қандай бөліктері болады?

-Мәтінді құру үшін не қажет?

Үйге тапсырма: 17-жаттығу.

Бағалау: Сабақта белсенділік көрсеткен, тақтада және ауызша жаттығу жұмыстарын орындаған оқушыларды бағалап, мадақтау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі 3 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 973 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.11.2015 1994
    • DOCX 32 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Даужанова Айнур Менлибековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Даужанова Айнур Менлибековна
    Даужанова Айнур Менлибековна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 18752
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 611 человек

Мини-курс

Основы инженерной подготовки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе