Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ тілі. 5-сынып. Ана тілінің қызметі

Қазақ тілі. 5-сынып. Ана тілінің қызметі


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


Қазақ тілі. 5-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Ана тілінің қызметі

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушыларға қазақ тілінің қоғамдық қызметі мен маңызын нақты деректер келтіре отырып түсіндіру.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ана тілді құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.

Типі: Кіріспе сабақ
Түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі энциклопедиясы».
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, әлеуметтану, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

ІІ. Кіріспе. Оқулық бойынша жұмыс.
Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тілінен айрылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтып, халық болудан қалады. Тіл ана тілі атануы үшін, ол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы керек.
Тілдің ең негізгі қызметі адамдардың бір – бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайында пікір алысу үшін қызмет етуі. Екінші қызметі – адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі. Үшінші қызметі – адам өзінің бір нәрсе туралы көз – қарасын, күйініші мен сүйінішін, жақсы көру жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 5651 тіл бар.Сөйлеушілерінің саны жағынан алғанда қазақ тілі осы тілдердің ішінде 70 – орынға ие болып тұр.


ІІІ. Кіріспе сабағын бекіту.
Пікірталас ұйымдастыру.
І топ «Қазақ тілінің кешегісі»
ІІ топ «Қазақ тілінің бүгіні»
ІІІ топ « Қазақ тілінің болашағы»
ІV . Дәптермен жұмыс.

  1. Сөздік диктант.

Бояу, жаяу, ширек, киім, күріш, әділет, домбыра, өмір, ұя, қорғасын, Түркістан, ата-ана.

  1. Көркем жазу.

Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.

V. Үй тапсырмасын беру.
«Қазақ тілінің болашағы» деген тақырыпта шығарма жазу.
VІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VІІ. Сабақтың аяқталуы:






























Қазақ тілі, 10-сынып.

Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті

ойлау арқылы түсінік қалыптастыру.

2.Оқушылардың арасында жақсы сөз жарым ырыс, адам бойына ұялатын сезімдерін дамытуға ықпал ету

3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдарын оқушылармен бірлесе отырып айқындау.

1. Психологиялық дайындық.

2. Ақпараттар жинау.

3. Сөйлеу техникасына төселу.

4. Жазбаша мәтін құрастыру. Бірақ мүмкіндігінше қағазға қарамай сөйлеуге дағдылану.

5. Шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді орынды қолдана білу.


ІІІ. Практикалық кезең.

Топ мүшелерінің өз тақырыптарын қорғау кезінде қолданған 1 мақал-мәтел немесе қанатты сөзін тақтаға жаздырып, сөз таптарына талдау жасату.

Қосымша тапсырма:

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.

Тілдік талдау жасау.













ІV. Ойашар.

Түрлі түстер тест.

Авторы М.Лютер

Оқушыларға алдын ала дайындалған түрлі түстегі кеспе қағаздар таратылады. Әрбір оқушы өзіне ұнаған түсті таңдайды.

Қазіргі сәтте қандай көңіл – күйде отырғандарын анықтау.





Негізгі түстер:

Көк – тыныштық, қанағаттанарлық.

Жасыл - өзіне сенімділік, табандылық.

Қызыл – күштілік, агрессия, қозу.

Сары – белсенділік, көңілділік, қарым-қатынасқа ұмтылу.



Көмекші түстер:

Қара, Қоңыр, Күлгін, Қызғылт – қорқыныш, қорқынышты бастан өткізу, дабыл, негізінен адам бойындағы негативті (жағымсыз) жағдайларды көрсетеді.


ІІІ.Ой толғаныс.

Оқушылар, сендерге бір күнге ғана жетерлік уақыт ішінде бір сиқырлы күш бітсе, мәселені неден бастар едің?


Қорытынды:

Сабақты қорытындылау.

Бағалау.

Бағалау парағы.



Автор
Дата добавления 12.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров159
Номер материала ДВ-520619
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх