Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Қазақ тілі 3 сынып диктанттар жинағы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Қазақ тілі 3 сынып диктанттар жинағы

библиотека
материалов

Қарағанды облыстық білім департаменті







Диктанттар мен тестілер жинағы





Дамуы шектелген балаларға арналған мектептің

3 сыныбына арналған





Дайындаған бастауыш сынып мұғалімі

Жұмабаева М.К.






Балқаш- 2011ж.



































Күз

Күз болды. Күн суытты. Құстар жылы жаққа ұша бастады. Ағаштың жапырақтары сарғайды. Олар желмен ұшып, жерге түсе бастады.


Менің әжем


Менің әжем бар. Ол өте шебер. Әжем әдемі ою ояды.

Әжем мені ою оюға үйретті. Мен оюдан сурет салам. Әжем мені мақтан тұтады.



Құстар


Қыс түсті.Жыл құстары жылы жаққа ұшып кетті.Кейбір құстар қыстап қалады.Орманда құстардың қорегі азайды.

Жидек, жемістер де жоқ.

Қыста жерді қалың қар басады.Күн суық болады. Құстарға жем табу қиындайды.Аязды күндері қатты тоңады.





Қояндар аралы


Таңертең ерте ояндық.. Күн ашық. Тырналар ұшып өтті.Қояндар аралдың ар жағына тығылды.Дыбысқа құлағын қайшылайды.Артқы аяқтарымен тік тұр. Жан-жаққа үрейлене көз тастайды.Алдыңғы аяқтарымен танауларын тез-тез қасып қояды.Тасыған су қояндарды осы жерге паналауға мәжбүр еткен.






Жайлау

Жайлау-қыстаудан алыс жатқан жазғы қоныс.Оның шөбі мол, суы тұнық, ауасы салқын болады. Қыстан шыққан мал жайлауда тойынады.

Адамдар сергіп қалады.Бие байлап, қымыз ішеді. Айран ұйытып, құрт жасайды. Ірімшік қайнатады.

Еліміздің әр жерінде атақты жайлаулар көп.





Жайлауда


Біздің жайлаудың аты-Ақшоқы. Ол жер жазда өте әдемі. Тау етегімен Қарасу өзені ағып өтеді. Өзен жағасында қамыс, қоға, ағаштар көп.

Мал өзен жағасында жайылып жатады. Малды Ақтөс бағады.Ақтөс өте сақ..



Тон

Тон-қазақтың ұлттық киімдерінің бірі. Оны қойдың терісінен тігеді. Теріні ең алдымен майынан арылтады.Одан соң оны ашыған айран жағып илейді. Иі қанған кезде теріні тазартып жуады. Осыдан кейін оның көк етін арнайы қырғышпен кетіріп, уқалап жұмсартады.Қой терісінен тон тіккенде терінің жүні ішіне қарайды.




Күз түсті


Міне,күз де түсті.Күн суыта бастады. Күн шығып тұрғанымен дала суық. Жаңбыр басталды.Суық жел соға бастады. Ағаштардан жапырақтар түсті. Шөптер мен гүлдер сола бастады.



Болат


Болат ерте оянады. Төсегін өзі жинайды. Болат-өте ұқыпты бала. Ол киімін, кітаптарын кешкісін дайындап қояды.Болат сабақты жақсы оқиды. Балабақшадан інісін алып келеді.




Емен


Емен- мықты ағаш. Оның діңі жуан, биік. Қабығы қалың. Бұтақтары да жуан, ұзын. Еменнің жапырақтары әдемі болады.Жаңғақтары малға жем.



Орманға саяхат


Оқушылар орманға келді. Мұғалім күзгі орманның ерекшелігін айтты. Орман іші әртүрлі түске боялған. Балалар түрлі-түсті жапырақтар жинады.Оқушылар құстардың жылы жаққа ұшқанын қызықтады.Оларға саяхат өте ұнады.



Каникул

Бүгін каникул басталды. Мен ауылға барамын. Ауылда атам мен әжем бар. Мен оларға көмектесемін. Біздің ауылда биік тау, терең өзен бар. Ауылда каникул өте қызықты өтеді.



Достар

Балалардың бәрі сабақта. Ермек ауырып үйде қалды. Жалғыз өзі зерікті.

Бүгін оған Алмас пен Нұрлан келді. Хал –жағдайын сұрады. Олар Ермекке әдемі суретті кітап әкепті. Ермектің осындай достары бар.




Ағаш

Орманның жанынан үлкен жол өтеді. Онда бір үлкен ағаш өсіп тұр еді. Бір күні бұл ағашты адамдар кесе бастады. Ағаш бір нәрсеге жарасам деп ойлады. Ойлағандай ағаштан парта жасалды. Оны мектептің бір сынып бөлмесіне қойды.




Ұн

Ағам қаптарды әкелді. Мамам қапқа бидайды салды. Қаптың аузын жіппен байлады. Атам арбаға атты жекті. Ағам қаптарды арбаға салды. Атам екеуіміз диірменге келдік. Диірменші бидайды шанаққа құйды. Науадан ұн түсе бастады. Ұн жып-жылы, аппақ, майда.


Кеш

Күн ұясына қонды. Ол тұс алаулап тұр. Сиырлар өрістен қайтты. Ерлан қара сиырды мүйізінен байлады. Ол бақшадан шырмауық жұлып әкелген еді. Сиыр шырмауықты жеді. Ерлан қаптан жем алды. Жемді сиырға берді.



Орманда

Екі бала орманға барды. Олар жеміс терді. Кенеттен орман іші қарауытып кетті. Найзағай жарқылдады. Дәл төбден бірдеңе шатыр-шұтыр етті. Күн күркіреді. Жаңбыр жауды. Балалар қатты қорықты. Олар үлкен еменнің түбіне тығылды.




Қардың пайдасы

Қар-көк шалғын, мол астық, жайқалған гүл. Қар-қалың елге, жан-жануарға береке. Қар қыстап қалатын құстарды суықтан қорғайды. Жан-жануарлар мен өсімдіктерді қатты аяздан сақтайды.

Қар-бала көңілін тасытатын мереке.



Біздің ауыл

Біздің ауылдың аты- Жаңалық.. Әкем фермада шопан. Демалыс кезінде ауылға барамын. Әкеме көмектесемін. Жазда жайлауда боламыз. Жайлаудың табиғаты өте әдемі. Жасыл дала кілем сияқты. Алыстан биік таулар көрінеді. Мен айналама қуана қараймын.




Балық аулағанда

Біз көлге бардық. Үш бала қармақпен балық аулады. Алты бала балықты аумен сүзді. Олардың ауына жиырма төрт сазан, он екі шортан түсті. Қармақпен төрт шортан, сегіз сазан ұстады. Қайтарда қырық сегіз балықты тең бөліп алдық.



Цирк

Цирк- өнердің ертеден келе жатқан түрі. Цирктің көшпелі және тұрақты түрі болады.Үнемі көшіп жүретін цирк көшпелі цирк деп аталады.

Алматыда бір тұрақты цирк бар. Онда акробаттар мен шабандоздар, күлкілі клоундар өнер көрсетеді.


Керік

Керік- жер бетіндегі ең биік жануар. Оның бойы 6 метрдей болады. Осы биіктіктің жарым-жартысы мойынға кетеді. Кіп-кішкентай қушық басында терімен қапталған екі тал мүйізі бар. Алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан ұзындау. Құйрығының ұзындығы шамамен бір метрдей. Керіктің түр-түсі қара қоңыр теңбілді сары шұбар болады.


Қамқоршы

Сәкен жаздыгүні бәрімізден бұрын тұратын. Үй шаруасына көмектесетін.Ол бізді бұлаққа алып баратын. Әуелі кішкентай қарындастарымыз Рахима, Халима, Сәлималарды жуындыратын. Содан кейін өзі жуынатын. Сәкен шаруаға ұқыпты болатын.





Тестілер


І-тоқсан

1.Мына өлең кімдікі?

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан

Іздемей-ақ табылар шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан.

а) Ыбырай

ә) Абай


2.«Жақсылыққа-жақсылық» мақалы қай әңгіменің қорытындысы.

а)Қоян мен сона

ә)Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш.


3.«Еңбек етсең, емерсің» қай әңгіменің қорытындысы

а) Қоян мен сона

ә) )Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш.


4.Мынау қай өлеңнен үзінді?

Қызықты каникул кезінде,

Асыр сап ойнадық дем алдық.

Сүйікті мектебім өзіңе

Қуанып қайтадан оралдық.


а)Кел, балалар, оқылық

ә)Қызықты каникул кезінде


5.«Сонда нан бола ма?» қай ертегіден үзінді?

а)Нан қадірі

ә)Егінші мен қасқыр


6. «Өнегелі бала өсірген әкең мен шешеңе ризамыз» қай әңгімеден үзінді.

а)Жақсы бала

ә)Өнегелі қыз




7. «Қарай гөр! Өз атасы болмаса да, күнде серуенге шығады» қай әңгімеден алынған

а)Жақсы бала

ә)Сенім


8.Қай өлеңнен үзінді?

Біздің дала –бай дала,

Алтын астық айнала.

а)Күз

ә)Алтын астық


9.Қай өлеңнен үзінді?

Қолыңды жу, тырнағыңды ал,

Мұрныңды сүрт орамалмен.

Кешігіп қалмай мектепке бар,

Алысып жүрмей балалармен.


а)Оқы, ойна!

ә)Кел, балалар, оқылық!



10. «Кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын көрдім» -қай әңгімеден үзінді?

а) Жақсы бала

ә) Балалар мен мұғалім


11. Осы жоғарыда айтылған әңгіменің авторы кім?

а) Ыбырай Алтынсарин

ә) Спандияр Көбеев

12. Қой қырқып, киіз басып, күзем алып,

Ықшамдап буып-таңды жүк сайманды.

Жығып ап үлкен үйді, күрке тігіп,

Жайлаудан ел қайтуға ыңғайланды. - өлеңінің авторы кім?

а)Шона Смаханұлы

ә)Ахмет Байтұрсынов

б) Міржақып Дулатов



ІІ-тоқсан

1.Қай ағаш күзде де, қыста да жазғы өңін өзгертпейді?

а) шырша, қарағай

ә) қайың, емен


2.Тиін қысқа қалай дайындалады?

а) денесіне май жинайды

ә) үңгіріне азық жинайды


3.Қоян қыста түсін өзгерте ме?

а) иә

ә) жоқ


4.Кірпі қысқа қалай дайындалады?

а) ініне азық жинайды

б) азық жинамайды


5. Ыбырай Алтынсарин кім?

а) алғаш мектеп ашқан адам

ә) ғалым


6. «Бақша ағаштары» әңгімесі не туралы

а) оқу-білім туралы

ә) тәрбие туралы


7. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?

а) Абай Құнанбаев

ә) Ыбырай Алтынсарин


8.Кеңес Одағының Батыры атағын алған пулеметші қыз кім?

а) Ләззат

ә) Мәншүк

9. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

а) Тоқтар Әубәкіров

ә) Юрий Гагарин

10.Мен ұйықтарда айтады,

Ертегісін, әндерін... Осы өлең жолдары кімге арналған?

а) әке

ә) әже

ІІІ- тоқсан

1. ... – қазақ даласының жарық жұлдызы еді.

а) Абай Құнанбаев

ә) Ыбырай Алтынсарин

б)Шоқан Уалиханов



2. «Бақша ағаштары» кімнің әңгімесі?

а)Абай

ә) Шоқан

б) Ыбырай



3.Баланы айдаһардың тырнағынан құтқарған қандай құс?

а)қарлығаш

ә) торғай

б) сауысқан




4. Салма аузыңа инені,

Үзбе жұлқып түймені.

Ашуланба долданып,

Жауап бергін ойланып.- қай өлеңнен үзінді?


а)Әдептілік-әдемілік

ә) Оқы, ойна

б) Қарлығаштың құйрығы неге айыр?


5 .«Бір дән маған бір жылға жетеді,- деп едің. Ал сен дәннің жартысын ғана жепсің?» - қай әңгімеден үзінді.

а)Достық қиындықта сыналады.

ә)Қанағат қарын тойғызар

б)Құстар айтысы


6. Мына әңгімелердің қайсысы бірлік, татулыққа шақырады?

а) Байлық пен ақыл

ә) Алтын балта

б)Құстар айтысы


7. «Біз ұры емеспіз, мал баққан, малмен көзімізді ашқан шаруаның балаларымыз, сондықтан білдік» -қай әңгімеден үзінді

а) Зеректік

ә) Алтын балта

б) Екі балапан

8. Мына ертегілердің қайсысы еңбек етуге шақырады?

а) Екі балапан

ә) Байлық пен ақыл

б) Құстар айтысы


9. Ыбырай Алтынсариннің шәкірті кім?

а) Спандияр Көбеев

ә) Сырбай Мәуленов

б) Абай Құнанбаев


10.Мына мақалдың қайсысы еңбек туралы?

а) Еңбек етсең, ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

ә) Оқу-инемен құдық қазғандай.


б) Кітап-білім бұлағы.

11. Шеше, шеше,

Неше кесе,

Сынды кеше? Бұл не?

а) мақал

ә)жаңылтпаш

б) жұмбақ


12.Малды төлімен сызық арқылы қос

а) түйе құлын

ә)сиыр қозы

б) қой лақ

в) ешкі бота

г) жылқы бұзау



IV- тоқсан

1.Жаз айларын ата

а) қыркүйек, қазан, қараша

ә) желтоқсан,қаңтар, ақпан

б) маусым, шілде, тамыз

в) наурыз, сәуір, мамыр


2. ... Үстіме жалп-жалп жауады,

Ақтауықтың жүніндей,

Жайнатады даланы,

Ақ жібектің жүніндей- деген үзіндіде қай жыл мезгілі суреттелген?

а) көктем

ә) жаз

б) қыс

в) күз

3. Құсқа қамқорлық жасау жөнінде айтылған мәтінді тап.

а) С.Көбеев «Түлкі мен Қырғауыл»

ә) М.Гумеров «»Көк кептер»


4.Өсімдік қандай табиғат?

а) тірі

ә) өлі

5.Жойылу қаупі бар жануарлар қандай кітапқа енгізілген?

а) жасыл

ә) қызыл


6.Құсқа тұмсық не үшін керек?

а) жем жеу үшін

ә) ұшу үшін


7.Үй құстарын ата

а) тоқылдақ, аққу

ә) әтеш, қаз


8. Орман жануарын ата

а) аю, қасқыр,

ә) ит, жылқы


  1. Мына өлең кімдікі?

Орман, міне,

Мұның да үні

Кейде жұмсақ, кейде шу.

Кейде тынық...

Кейде дауыл, гу де гу...

а) С. Сейфуллин

ә)М.Әлімбаев

10.Төрт түліктің пірін сызықпен қос


Түйе Зеңгібаба

Сиыр Шопаната

Жылқы Ойсылқара

Қой Шекшеката

Ешкі Қамбарата


11.Жануарлар бір-біріне қайырымды ма?

а) жоқ

ә) иә


12.Өлеңнің авторы кім?

Ой, балалар, балалар!

Жылы-жылы жел соқты,

Жылғалардан су ақты.

а) С.Сейфуллин

ә) І. Жансүгіров

13.Орман емшісі деп қай құсты айтамыз?

а) сауысқан

ә) тоқылдақ


14. «Түн ұйқысын төрт бөліп» -деген жолдар кім туралы айтылған?

а) ана

ә) бала

15. «Сен үлкен болсаң да, атқа мінуді білмейсің, құлап қаласың»- деген сөзді апасы кімге айтты?

а) Қалиға

ә) Жәлелге



Тесттің кілттері:

І-тоқсан ІІ-тоқсан. ІІІ-тоқсан IV-тоқсан

1.а 7.а 1.а 7.ә 1.ә 7.а 1.б 7.ә

2.а 8.ә 2.ә 8.ә 2.б 8.а 2.б 8.а

3.ә 9.а 3.а 9.а 3.а 9а 3.ә 9.а

4.ә 10.ә 4.а 10ә 4.а 10.а 4.а 10.

5.ә 11.ә 5.а 5.ә 11.ә 5.ә 11.ә

6.ә 12.ә 6.ә 6.б 12. 6.а 12.ә

13.ә

15.ә




































Қолданылған әдебиеттер:


1.Көмекші мектеп бағдарламасы- 2001ж.

2. Жалпы білім беретін мектептің «Қазақ тілі» оқулығы -2010ж.

3. «Мүмкіндігі шектелген балаларды тәрбиелеу мен түзету жұмыстары»-әдістемелік нұсқау

4.Арнаулы көмекші мектепке арналған «Ана тілі» оқулығы



































Автор
Дата добавления 29.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров222
Номер материала ДБ-060226
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх