Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Қазақ тілі 4 сынып "Мағыналары қарама-қарсы сөздер"

Қазақ тілі 4 сынып "Мағыналары қарама-қарсы сөздер"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Күні:02.12.2015

Пәні:қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Мағыналары қарама-қарсы сөздер
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сөз жән еоның мағынасы туралы білімдерін тереңдете түсу. Мағынасы қарама – қарсы сөздер туралы түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сол арқылы сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеу

Типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау - жинақтау, түсіндірмелі.
Көрнекілігі: интерактивті сабақ, слайдтар, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел жазылған қағаздар
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Психологиялық дайындық.

Бүгінгі күн терезеден,

Бізге күліп тұр қарап

Сондай жақсы көңіл –күймен

Басталады бұл сабақ 1-слайд
ІІІ. Қызығушылықты ояту
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе!
Адалдықты көздесең,
Жаттап оқы көңілге!
С. Торайғыров 2-слайд

-Абай Құнанбайұлы кім?

- Қай жылы өмірге келді?

-Қандай өлеңдерін білесіңдер?

Ұлы ақын өз шығармаларында елді өркениетке жеткізер жалғыз жол — оқу-білім екенін көзі қарақты жастарға түсіндірді.

ІҮ. Қайталау-білім анасы Сөзжұмбақ шешу

  1. Заттың атын білдіретін сөз табы

  2. Заттың санын, ретін білдіретін сөз табы

  3. Заттың іс-қимылын, әрекетін білдіретін сөз табы

  4. Екі немесе бірнеше адамның сөйлесуі

  5. «Бейбітшілік» сөзіне мәндес сөз

  6. Әртүрлі айтылып, бірдей мағына беретін сөздер

  7. Бірдей айтылып, әртүрлі мағына беретін сөздер

Ү. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді антоним сөздер дейміз.Антоним сөздер де синонимдер сияқты біздің тілімізді бай, көркем, мазмұнды ете түседі. ( плакатқа антоним деп топтастыру жазу)

ҮІ. Абай атамыздың өлеңдерінен мағыналары қарама-қарсы сөздерді тауып көрейік. Мына өлеңдеріне назар аударайық

Жазғытұры

Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер,

Мейірбандық дүниеге нұрын төгер

Анамыздай жер иіп емізгенде,

Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.

Мағынасы қарама-қарсы сөздер: Аспан-жер, ана-әке



ҮІІ. Оқулықпен жұмыс:1-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің мағынасын салыстыру

Күнді, сынып жұмысын,сабақтың тақырыбын жазу

1.  Жел әкелгенді  сел әкетер.  2. Тау жақтан баяу жел соқты.  Қатты желдің екпіні қайықты аудара жаздады.  3.  Бүлдіру – оңай, түзету – қиын. 4. Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.

- Қарамен жазылған сөздер қандай мағынада айтылған екен?

Жаз

Жоғары-төмен үйрек, қаз

Ұшып тұрса сымпылдап.

Қыз-келіншектер үй тігер,

Бұрала басып былқылдап.

-Мағыналары қарама-қарсы сөздер Жоғары- төмен









Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлермін

Ер табылса жарайды қылса сұхбат.

жалған-шын, арзан-қымбат

-Мағыналары қарама-қарсы сөздерді жұптап айтуға болады

ҮІІІ.Жұппен жұмыс 2 – жаттығуКөп нүктенің орнына қарама – қарсы мағыналы сөздерді жаз.  

қатты – жұмсақ         жүру- тоқтау          кіру – шығу таяз-терең

жылы – суық             кию – шешу        кең – тар    сөйлеу-үндемеу

ІХ. 3 – жаттығу.  Қарама – қарсы мағыналы сөздерді сөз таптарына бөліп жаз.

6-слайд

Зат есім:  жаз – қыс, күн – түн.

Сын есім:  ақ – қара, түзу- қисық, ыстық – суық, ащы – тәтті.

Етістік:  айту – тыңдау, қону – ұшу, сату – алу

Сонымен, мағыналары қарама-қарсы сөздер сөз таптарынан жасалады

Х.Сергіту сәті                 

ХІ. 4-жаттығу Тақтамен жұмыс

Мәндес сөздер: Еріну-жалқаулану, есептеу- санау, қайталау-пысықтау

Қарама-қарсы сөздер: Ақырын-шапшаң, апару-әкелу, бастау-аяқтау, тоңу-жылыну

3-4 сөзбен сөйлем құрау

ХІІ. Ұлы ақын Абай ақылды, тапқырлықты қажет етеді және өте қызық ойын деп жұмбақты жақсы көріпті. Өзі де жұмбақ шығарыпты. Соның бірі мынау:
- Баяғыдан бері сегіз батыр кезек жығысып келе жатыр. Түбінде қайсысы жеңері тағы белгісіз. Сол сегіз батыр кімдер?

Шешуі: Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп,

Жақсылық, жамандықпен болар сегіз.

- Осы жұмбақтың шешіміне назар аударыңдар.
- Жұптасып тұрған сөздер туралы не айтуға болады?
- Олар қандай сөздер?

Жұмбақтар

Түнде бармын,

Күндіз жоқпын. (жұлдыз)

Асты тігілген,

Үсті сөгілген. (қап)

Жаңылтпаштар

Ақ тайлақ ақ па,

Қара тайлақ ақ па?

Мақал-сөздің мәйегі деп тегін айтылмаған.Мына мақал-мәтелдерге назар аударыңдар.


1.Дос басқа қарайды
Дұшпан аяққа қарайды.

2
. Батыр бір рет өледі.
Қорқақ мың рет өледі.


3. Жаман сөз жылатады,

Жақсы сөз жұбатады.

Мағыналары қарама-қарсы сөздер жаңылтпаштарда, жұмбақтарда, мақалдарда кездеседі. Өйткені, мақал - мәтелдер мен жұмбақтар да мағыналары қарама-қарсы сөздер салыстырмалы түрде айтылады.


ХІІІ.Қорытынды: Антоним сөзін топтастыру

Ойды бейнелі түрде жеткізу

Мақал-мәтелде

Жұмбақтарда

Жаңылтпаштарда

Сөз табынан жасалады

-Бес асыл мен бес дұшпан

-Абай атамыз халқының қамын жеген, тағдырын ойлаған адам. Бүгінгі күнде Қазақ халқының қамын жеп, қайтсек Мәңгілік Ел боламыз деп жүрген Елбасымыз кім?

-Тұңғыш Президент күні тойланды.

ХІҮ.Үйге тапсырма: 5-жаттығу, 93 бет

ХҮ. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау


Бүгінгі күн терезеден,

Бізге күліп тұр қарап

Сондай жақсы көңіл күймен

Аяқталды бұл сабақ.

 
















Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-528260

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>