Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Қазақ тілі 2 сынып Мәтін 2 мәтін

Қазақ тілі 2 сынып Мәтін 2 мәтін


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілі

Күні: 27.10.2015 Бекітемін:

Тақырыбы Мәтіннің құрылымы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтіннің түрлерімен таныстыру.
Мәтін түрлерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін ұғындыру. Тірек сызба арқылы мәтін құрауға үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздерді қолдану ерекшелігі арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту.
Табиғатты зерделей білуге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
әдістері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, талдау, шығармашылық – ізденушілік әдістері.
көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, тірек - сызба, оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды төрт топқа бөлу.

Топ ережесін құру.

Әр топ 2 ереже құру керек .

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

138-жаттығуды (А-4 бет, маркер беріп)

Әр оқушы өз тапсырмасынан бір бір сөйлемнен жазсын.

ІІІ. Өткен сабақты бекіту. Сұрақ – жауап:

139-Жаттығу

Сейіт пен Досан –аңшылар. Екеуінің де бүркіті және тазысы бар.Олар қыста аң аулайды.

Аңшылар кеш оралды. Қынаның жапырақтары болмайды. Құрылысшылар үй салды.

Серік пен Сәуле жазда нағашыларына барды. Нағашылары бұлардың келгеніне қатты қуанды. Балалар да мәз- мейрам.

Айнала –таулы орман, бау-бақша. Бүгін Әнуар мен Нұржан ерте тұрды.

Төлептің төрт ұлы бар.

Мынау-сары қарындаш. Жер бетіне көк қылтияды. Әжем өрмек құрады. Төле ақылды, әділ би болған.

Ақ арыстандардың табылғанына 30 жылдай уақыт болды. Олар өте сирек кездеседі. Барлығы тек хайуанаттар бақтарында өмір сүреді. Ал табиғи ортада оларға қауіп-қатер көп.

Мақта-бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады. Мақта құнарлы топырақты және ылғалды ұнатады. Ол суармалы жерде өсіріледі пісіп жетілген кезде қуашағы ашылады. Одан үлпілдек ақ мақта көрінеді.

Күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Алмас пен Дәурен аң аулады.Қыста жануарларға тамақ тауып жеу оңай емес.Жерім-байтақ, далам-кең.

- Мәтін дегеніміз қайсысы? Неге? Мәтінге қандай ат қояр еді? Неге?

Осыдан ереже құрастырайықшы
- Мәтіндегі сөйлемдердің орындарын ауыстырып айтуға бола ма?
ІV. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Мақсат қою

Ү.Жаңа білімді меңгерту.

1) Бірінші мәтін бойынша жұмыс

Жолбарыс-жыртқыш аң.

Ол негізінен Азияны мекендейді. Оның көп аулайтын аңдар-бұғы, жабайы шошқа және киік. Жолбарыс тордағы тіршілікке де оңай үйренеді. Бұл жыртқышты көптеген хайуанаттар бағынан көруге болады.

Ол үй мысығына ұқсас.

140-жаттығу

Мәтінде не туралы айтылған? Оған ат қой.

Мәтіннің неше бөліктен тұратынын айт.

Мәтіннің басы


Мәтіннің дамуы

Мәтіннің соңы

Әр бөліктің азат жолдан бастап жазылғанына назар аудар.

Неліктен басы, ортасы, соны болады деп ойлайсыңдар?

Сөздік диктант

Мая, темір, май, моншақ, мектеп.

Сергіту сәті

«Артық затты тап»

Біз әкем екеуіміз бақ ішінде қыдырып жүргенбіз.

Кенет ағаш басынан ұлпа жүнді тиін секіріп түсті. Бізден қорыққан жоқ. Адамдарға әбден үйреніп алған. Мен оның алдына қолымдағы жаңғағын тастай салдым. Тиін жаңғақты қақшып алды. Көптен бері қора сыртында екі таяқ жататын.Содан соң олжасын жақын маңдағы ағаш түбіне көме бастады.

Тиін қысқы азығын осылай жинайды екен.

142-жаттығу

Мәтінді түсініп оқы. Мәтінге жоспар құр.

Ақселеу

Диктафоннан тыңдату

Жоспар құру (жоспарды тақтаға жазу, біздің топтың шешімі)

ҮІ.Түсінгендерін тексеру.

Мәтін деген не?

- Мәтіннің қандай бөліктері болады?


ҮІІ Бекіту.

ҮІІІ Үйге тапсырма

5-жаттығу. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.бағалау.



Автор
Дата добавления 08.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров648
Номер материала ДВ-315351
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх