Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ тілі, 5-сынып «Үндестік заңы »
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Қазақ тілі, 5-сынып «Үндестік заңы »

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Үндестік заңы »

(«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы негізінде жасалған сабақ үлгісі)

5-сынып. Қазақ тілі

Оқулық авторы: Г.Қосымова,Ж.Дәулетбекова


І кезең «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап,бүгінгі сабаққа дайындалып келеді (5 минутта тексеріп үлгеру керек)




«Көпір»

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеріге негіз болатын қайталау тапсырмалары


  1. С:Фонетика дегеніміз не?

Ж: Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы.

  1. С: Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Ж: Дыбыстар екігі бөлінеді: дауысты және дауыссыз.

3.С: Еріннің қатысына қарай: еріндік, езулік болып бөлінетін дыбыстың түрін атап беріңіз.

Ж:Дауысты дыбыс.

4.С: Қазақ тіліне тән дыбыстарды айтыңыз.

Ж: Ә,І,Ң,Ғ,Ү,Ұ,Қ,Һ,Ө.

5.С:Үндестік заңын қалай түсінесің?

Ж: Үндестік заңы дегеніміз сөз ішінде,сөз бен қосымша арасында ,сөз бен сөздің арасында дыбыстардың үндесіп, белгілі бір әуезбен айтылуы.

6.С:Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

Ж: Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар :ашық және қысаң болып бөлінеді.

Ондай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз осы

« Үндестік заңы» тақырыбына арналады.


ІІ кезең (жеке жұмыс,топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында

оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау:

а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут);

ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут).

Бұл кезеңде оқушыларға баға қойылмайды.

Теориясы:«Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?

қандай? Қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

ІІ кезең “Білу”
314- жаттығу.
Мәтіндегі жуан сөздерді бір бағанға,жіңішке сөздерді бір бағанға аралас сөздерді үшінші бағанға бөліп жазыңыздар.

  • І-топ жіңішке сөздер

  • ІІ-топ жуан сөздер

  • ІІІ-топ аралас сөздер

Ж:жіңішке сөздер:жер,сілкінеді,жиі,үйді,жеңіл,күннің,өзінде.

Жуан сөздер:Жапонияда,сондықтан,мұнда,ондай,аса.

Аралас сөздер:қауіпті,қызметін.


Теориясы: «Түсіну»

(неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)

ІІ кезең “Түсіну” 316- жаттығу
Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазыңыздар
.

Ітоп

Күндіз көрінетін жұлдыз қалай аталады? Бұл – аспан… ғы ең жарық жұлдыз, жарықты…. сондай, азанда – барлық жұлдыз өшкен кез…. таң шапағы…. бірге жарқырап тұрады. Ал ақшам…. көк жүзінде бар жұлдыз…. озып, тең алдымен көріне…. Бірақ бұл жұлдыз емес.
ІІ топ
Бұл – Шолпан (Ғылым тілінде Венера деп аталады), біз…. күн жүйесіндегі екінші планета. Басқа планеталар сияқты, Шолпан да өздігі.... жарық шығармай...., тек күн жарығ.... шағылдырады. Сондықтан да ол күміс.... жарқыраған шам сияқты бол.... көрінеді.
ІІІ топ
Ақ сәулелі әсемдігі... орай Шолпан... таң жұлдызы деп те атай... Шолпан мен біздің Жер... ұқсас сипаттар... көп. екеуі де көрік...: бірі – көгілжім, екіншісі – ақ күміс.

Ж:аспандағы,жарықтығы,кезде,шапағымен,ақшамда,жұлдыздар,көрінеді,

біздің,өздігінен,шығармайды,жарығын,күмістей,болып,әсемдігіне,Шолпанды,атайды,Жерге,сипаттары.

Теориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с.басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)

ІІ кезең ”Жинақтау”( топтық жұмыс)
Берілген тапсырмаларды пайдаланып, семантикалық карта толтырыңыздар.
І топ ІІ-топ
Кім сүймейді атасын, Әсемпаз болма әрнеге,
Асқар таудай көрінген. Өнерпаз болсаң әрқалан.
Бөбекке айтар батасын, Сен де бір кірпіш дүниеге,
Жаттап алған едім мен. Тетігін тап та бар қалан.


ІІІ- топ
Ағаш тамырымен,адам досымен мықты.
Кітап-білім бұлағы.
Қауіпті сәл-пәл елеген,
Құтылар таудай пәледен.

Теориясы:

«Талдау»

(1.Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.


ІІ –кезең “Талдау”
Мына жұрнақтарды пайдаланып,сөздер құраңыздар.

Төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруіне» арналған

практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады (5 минут)


Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады )

ІІ-кезең”Қолдану” (топтық жұмыс)



«Қыз қуу» ойыны ойнатылады.
1 - қатардан қыз бала, 2 - қатардан ұл бала шығады. Мысалы, қыз бала Үндестік заңы дегеніміз десе, ұл бала оны жалғастырады. Қайсысы кідіріп қалса, сол жеңілген болып саналады.

Ж:Үндестік заңы дегеніміз сөз ішінде... (және сөз бен қосымшаның,сөз бен сөздің арасында дыбыстар үндесіп,біркелкі әуезбен айтылуы.)

Практикасы

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады

ІІ-кезең “Бағалау”


Акт-ны пайдаланып,кірме сөздердің қай тілден енгенін анықтаңдар.



  • Емтихан,шайнек,мұғалім,телефон,кітап,құдірет



ІІІ кезең: Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату, яғни, оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, бағалау (Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қорытынды балл саны сәйкес бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі)


І деңгей (5 балл)

Теориясы: «Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?

қандай? қалай? нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады)


ІІІ-кезең.І-деңгей”Білу,түсіну”

  • 1-тапсырма

  • Кім тез?”ойыны(топтық жұмыс )

Шарты:Үндестік заңына бағынбайтын сөздер құрау.

Ж:жаздыгүні,қазір,жолмен,қасиетті.

Теориясы: «Түсіну»

(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)

2-тапсырма

Ойластырған сөздерді сөйлету кезеңі (сөйлем құрау)

Жаздыгүнгі оқиға көз алдына келіп тұра қалады.Қазір дүниеде екі мың жеті жүз тоқсан алты тіл қолданылады.Олар тау арасындағы тастақ жолмен жүріп келе жатты.Қазақ халқы үшін тілден қасиетті ештеңе жоқ.



ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)

Теориясы:

«Жинақтау»

(Қорытынды шығаруға бағытталған:мазмұнды

жүйеле, анықтама бер,

кесте, сызба, ребус шеш. деген сөздер тапсырма шартында болу керек).

ІІІ-кезең ІІ-деңгей“Жинақтау”.

Домино” ойынын ойнату.

Шарты: Конвертте сұрақтар мен жауаптар шашырап беріледі.Домино тәсілімен оқушылар дұрыс құрастыра білулері керек.

Мысалы:1.Буын үндестігі ғылыми тілде қалай айтылады?Сингармонизм .

2.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны тап.Тай,-гер,-паз,-кеш,-еке.

Теориясы:

«Талдау»

(1.Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.

ІІІ-кезең ІІІ кезең“Талдау”


Жүйесін тап”

К Н І Қ Т А А З П Ы А Н Л А Т Ы .

hello_html_7acb8c21.jpg

Мына дыбыстардан оқу-білім туралы мақалды тауып,үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсет.

Ж:Кітап-алтын қазына.

Ж. Кітап.







Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(ІІ кезеңдегіге қарағанда күрделі тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)

Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ құрастырыңдар:

к

ү

л

ә

ш




о

р

ы

н

б

о

р





д

и

н

а


ж

е

т

і

с

у


е

т

і

с

т

і

к





т

і

с



ж

ә

н

і

б

е

к



к

і

л

т


з

ы

м

ы

р

а

н



Қ

а

б

а

н

б

а

й

қ

а

й

ы

ң



Р

а

қ

ы

м

ж

а

н


Сөзжұмақ тапсырмалары:

1. Бұлбұл әнші.

2.Қазақстанның астанасы.

3. Күй анасы.

4.Жеті өзені бар көркем өлке.

5.Қимыл,іс-әрекетті білдіретін сөз табы.

6.Ауыз қуысындағы шайнау мүшесі.

7.Кереймен қатар аталатын хан.

8.Құлып құралы.

9. Байқоңырдан ұшады...

10. Қаракерей...

11.Биші ағаш...

12. Рейхстатқа ту тіккен батыр.

Практикасы

«Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
































Үндестік заңына байланысты ашық тест.

1 Үндестік заңы дегенді қалай түсінесің?

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2.Басақа тілден енген сөздер буын үндестігіне бағына ма?

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3.Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар бар ма?

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

4.Сенің ойыңша, күрделі сөздер буын үндестігіне бағына ма?

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  1. Буын үндестігі дегенімізді қалай түсінесің?

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

6.Дауысты дыбыстар буын құрай ала ма?

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

7Қандай сөздерде буын үндестігі сақталмайды?

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

8.Аралас буынды сөздер кірме сөздерде ғана кездеседі.Сен қалай ойлайсың?

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------9. Менің ойымша,көмектес септігінің жалғауы үндестік заңына бағынбайды.Сенің ше?--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

10.Азық-түлік сөзі үндестік заңына бағынады.Сен қалай ойлайсың?

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


















Автор
Дата добавления 04.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров312
Номер материала ДБ-008083
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх