Инфоурок Начальные классы КонспектыҚазақ тілі: тақырыбы "Жұрнақ пен жалғауды ажырату".

Қазақ тілі: тақырыбы "Жұрнақ пен жалғауды ажырату".

Скачать материал

«Приозерск қаласы  № 2 МББК» КММ

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілінен ашық сабақ

 

«Жұрнақ пен жалғауды

ажырату»

 

 

 

 

 

2 «в» сыныбы

Тунгатарова Ақбөпе Бейсеновна                                                                                                   

 

 

2015 жыл

Жұрнақ пен жалғауды ажырату

Сабақтың мақсаты:

      Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін кеңейту, әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы жұрнақ пен жалғауды ажырату, сөздерге дұрыс жалғау жалғауды үйрету;

      Сөздік қорын, ой-өрісін дамыту, жұрнақ пен жалғауды бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру;

      Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: талдау –жинақтау, ішінара ізденіс, көрнекілік, ойын, жұппен, жеке жұмыс, тест жұмысы.

Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, үлестірмелі қима қағаздар, ребус, оқулық, дәптер.

Типі: аралас ойын сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ. Біздің сабағымызға апайлар келіп отыр. Бүгінгі сабақта күннің шуағы ананың ыстық алақанындай сендерді аймалап, жүректеріңе мейірім мен шаттығын үйе берсін демекпін.

Күн нұрына алақанды созайын,

Жүрегіме басып ұстай қалайын.

Нәзік, әрі жылы, әрі мейірімді,

Сонда дереу болып кетер жан жағым.

Сендерге терең білім, көтеріңкі көңіл- күй тілеймін!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. 291-жаттығу.

«Қысқы еңбек» тақырыбына жазған әңгімелерін оқыту. Салған суреттерін тексеру.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі.

А) Ереже сұрау: Жұрнақ дегеніміз не? Жалғау дегеніміз не?

Ә) Ойын «Қар жинау». Шарты: Берілген сөздердегі жұрнақ пен жалғау жалғанған сөздерді топтау.

Қысқы, орындық, биші, қармен, далада, оқушы.

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

ІV. Жаңа сабақ:  Жұрнақ пен жалғауды ажырату.

Балалар, «Ертегі әлеміне саяхат» жасайық.

    Ерте ерте ертеде біз білмейтін сиқырлы бір өлкеде бір қария өмір сүріпті. Оның бағында керемет бір ағаш өсіпті. Қария сол ағашта өскен жемісті базарға апарып сатып, күнін көреді екен. Оның көршісі қызғаншақ, сараң адам екен. Бір күні көршісі қызғанып, ағашты түбінен кесіп, оны өз үйіне апарып отырғызады.

-          Сендер қалай ойлайсыңдар, ағаш өсе ме?

-          Өспейді, себебі оның түбірі жоқ.

-          Иә, балалар, себебі түбірі қарияның бағында қалып қояды.

Қария ертесі есіктің алдында ағаш жоқ екенін көріп, қатты өкінеді. Бірақ қария ағаштың түбіріне су құйып, күте бастайды. Сонда ағашқа қосымша бұтақтар өсіп, кейін қайтадан жеміс береді. Сөздің  түбірі сияқты ағаштың да түбірі де еш өзгермейді. Түбірге жалғанған қосымша бұтақтар жұрнақ пен жалғау деп аталады.

V.  Оқулықпен жұмыс. 292  - жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.

Қар деген сөзді сұрақтардың ретіне қарай өзгертіп жаз.

Қар сөзіне жалғанған қосымшалар жұрнақ па әлде жалғау ма?

Бұл сөздердің қай сөзбен байланысты екенін анықта.

Мәтінге ат қой.

VІ.  Сергіту  сәті. «Қара жорға» биі.

VII. Түсінгенін тексеру. 294-  жаттығу.

Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра. / Балықшы/

Балық -  түбір,  - шы  - жұрнақ.       Балықшы балық  аулады. Менің атам балықшы.

VIII. Бекіту кезеңі.

А) 295 - жаттығу. Түбір сөздер мен жалғауларды бір бірімен сәйкестендіріп, түбірге қосқандарың жалғау екенін дәлелде.

Наурызда, баланың, қалаға, көмірді.  

Жалғау дегеніміз не? Ережені айту.

Ә) Ойын «Кім жылдам?». Дөңгелек ішіндегі буындардан мақал құрастырып жазу.

Өнерлінің қолы алтын,         Өлеңшінің сөзі алтын.

Өнерлінің, өлеңшінің.         Сөз құрамына талдау.

Қосымшалы сөз                Түбір                         Жұрнақ            Жалғау

Өнерлінің                             өнер                      -  лі                      - нің

Өлеңшінің                           өлең                       - ші                       -нің

Б) Жеке тапсырмалар беру.  Үлестірмелерді  тарату.

В) Жұппен жұмыс: тест  орындау, бір -бірін тексеру.

IX.  Үйге тапсырма: 296 – жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзге әңгіме құра. /Татулық/

 Х.  Бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі: тақырыбы "Жұрнақ пен жалғауды ажырату"."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.01.2016 1941
    • DOCX 23.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тунгатарова Акбупе Бейсеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тунгатарова Акбупе Бейсеновна
    Тунгатарова Акбупе Бейсеновна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 49422
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1472 человека из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 794 человека

Мини-курс

Архитектура мира: от Крита до Австралии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе