Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Қазақ тілі. Түбір сөз және туынды сөз

Қазақ тілі. Түбір сөз және туынды сөз

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Түбір сөз бен туынды сөз туралы алған білімдерін тиянақтау.Түбір және туынды сөздерді бір –бірінен ажыратып ,сұрақ қоя білуге , сөз құрамына талдауға үйрету. Сауатты жазуға үйрету.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын , байқағыштық қабілеттерін , сөйлеу тілін дамыта отырып , өз халқының ұлттық болмысына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ана тілін сүюге, құрметтеуге , әдепті , ұқыпты болуға, Отанының патриоты болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Плакаттар ,кеспе қағаздар , тірек сызбалар, бүктемелер, суреттер.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын түрлері.

Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану
Сабақ барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушыларды түгелдеу ,

Ә) Оқушылардың сабаққа назарын аудару.

Б) Оқушы дайындығын тексеру

В) Оқушыларды топқа бөлу


ІІ. Қызығушылықты ояту.
Өткен тақырыпты қайталау барысында "Кім жылдам" ойыны.

Әр топқа 4 сұрақтан тапсырма беріледі. Оқушылар топ бойынша жауап береді. Топтың жылдамдығын және тапқырлығын анықтау
І топ:

1.Зат есім дегеніміз не?

2.Түбір сөз дегеніміз не?

3.Бастауыш деген не?

4.Тұрлаулы мүше деген не?

ІІ топ:

1.Сан есім дегеніміз не?

2.Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?

3.Сөйлемдер нешеге бөлінеді?

4.Жалаң сөйлем дегеніміз не?

ІІІ топ

1.Жуан дауыстыларға қандай әріптер жатады?

2.Сын есім дегеніміз не?

3.Жалаң сөйлем дегеніміз не?

3.Баяндауыш дегеніміз не?


ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.

16 – жаттығу. Түбір мен жұрнақты анықтау.


ІV. Сергіту сәті

V.Жаңа сабақ. Түбір сөз және туынды сөз.
Ереже:
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз. Мысалы: ерлік, татулық, жұмысшы.
«Оқымай білім жұқпас, Білімсізден өнер шықпас». Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтарыңдағы 120– беттегі 19 - жаттығуды таба қойыңдар.
Түбір сөзге тиісті жұрнақтарды қосып жаз.
Жұмыс, дос, сый, - лық
Талап, қызмет, - шы, - ші
Дойбы, ас - кер, - тық
«Көбелекті қондыр» ойыны. Онда оқушыларға гүлге жазылған түбір сөздер берілген, көбелекте жазылған жұрнақтарды түбірге қосу арқылы жаңа сөздерді құрастыру, сөйлем құрап мысал келтіру.
20- жаттығу.

Сөздерді оқы.Олардың қайсысы түбір сөз,қайсысы туынды сөз екенін айт.

Жазушы,өнер,ек,ертең,жарыс,сарғыш,іскер,ертеңгі,көңілді,іс,егін,жаз,

балапан.



21-жаттығу.

Мақалды оқып, жатқа жаз.

Білімдіден ақыл шығар,

Ақылды қарттан нақыл шығар.

22-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.Туынды сөздердің астын сыз.

Алматыдағы ең үлкен кітапхана-Ұлттық кітапхана.Кітапхананың залдары кең,жарық.Кітапханаға оқушылар, студенттер, ғалымдар,жұмысшылар келеді.Мұнда керек кітаптың бәрі бар.Кітапханада мейірімді жандар жұмыс істейді.

23-жаттығу.Жаңылтпашты жатқа аит
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында «Сөзжұмбақ» ойыны.



Т

Ү

Б

І

Р


Б

А

С

Т

А

У

Ы

Ш



Ж

Ы

Р

Ә

Н

Ш

І



Д

О

П

Б

А

Я

Н

Д

А

У

Ы

Ш

1. Сөздің ары қарай бөлінбейтін бөлігін не деп атаймыз?

2. Қимыл іс-әрекеттің иесін білдіретінсөзді не деп атаймыз?

3. Жыршы сөзінің түбірін тап?

4. Ән сөзінің туындысын тап?

5. «Балалар доп сатып алды»Осы мысалдан түбір сөзді тап?

6. Бастауыштың ісін қимылын білдіретін сөзді не деп атаймыз?


VII. Үйге тапсырма: 24- жаттығу.

VІІ. Бағалау: 2,3,4,5.




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 07.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров299
Номер материала ДВ-426504
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх