Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Тесты / Қазақ тілі, тест 4-сынып

Қазақ тілі, тест 4-сынып

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

1. Дұрыс тасымалданған сөзді белгіле:

А) сы – зғыш ә) сыз – ғыш б) сызғ – ыш в) сы – зғ - ыш

2. Хабарлы сөйлемді белгіле:

А) Сен де мектепке барасың ба ә) Шахтаға түскіңіз келетін шығар

Б) Мен әнші емеспін в) Әне, кеп қалды

3. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жаз:

А)Ойыншы ...ым, мысы..ым, сыйлы..ым

А) қ ә) ғ б) т в) г

4.Ы әрпі қай сөзге қойылады?

А) ...раушан ә) ...рақым б) ...лайықты в) .. рыс

5. Дара сан есімді көрсет:

А) отыз – қырық ә) тарғыл б) он сегіз в) жетпіс

6. Ұяң дауыссыздар:

А) қ,к,в,з ә) т,щ, п, у б) ғ, ж, р, к в) ғ, ж, з, д

7. Түбір деген не?

А) Жаңа сөз жасайтын бөлік ә) Жалғауы бар бөлік

Б)Қосымшалы бөлік в) сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі

8 Жалғау жалғанған сөзді белгіле

А) сусын ә) сушы б) сулық в) сумен

9 Берілген үзінді мәтіннің қай түріне жатады?

Ара – бал беретін жәндік. Ол гүл шырынымен қоректенеді. Балды омартаға жинайды.

А) пайымдау ә) әңгімелеу б) сипаттау в) мәтін емес

10. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып қой:

А) көйлек ә) көйлегі б) көйлектер в) көйлекті

11. «Бас...» сөзіне тиісті жұрнақты жалға:

А) – пен ә) – тық б) – тар в) – ы

12. Қаратпа сөзі бар сөйлемді белгіле:

А) Иә, қарағым, айтпағым бар екені рас. ә) Мұны айтқан Сәулет қой

Б) Өзенге дейін жарты сағат жүрдік в) Болат ағаштан кеме жасады.

13.Қос сөзді белгіле:

А) Сарыөзек ә) өркеш - өркеш б) бұзаубас в) әкем мен шешем

14 Біріккен сөзді белгіле:

А) белдік ә) қосаяқ б) белгі в) бесік

15 Дұрыс тасымалданған сөзді белгіле

А) балал – ық ә) а – ра б) оқул – ық в) оқымыс – ты

16. Күрделі мүшесі бар сөзді белгіле:

А) Аптада жеті күн бар. ә) Бір жылда он екі ай бар

Б) Үйірмеге он бала қатысады. В) Болат екеуі қырманға барды.

17. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қой:

- Қыз..., Әсетті көрмедің бе?

А) – ың ә) – ы б) – ыңыз в) – ым

18 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз:

Қиындықтың бәрін ... қана жеңбек

А) сән ә) ән б) еңбек в) білім

19. Жалаң сөйлемді белгіле:

А) Талдықорған ә) Сары жапырақ б) Күн шықты в) Ит өлген жер

20 Күрделі сөзді тауып белгіле:

А) қалаға келу ә) Ұзынағаш б) он бала в) қара торы






Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Тесты
Просмотров115
Номер материала ДВ-385412
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх